Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова


§ 5. Фраземалар құрамындағы орта ғасырлық (араб, парсы) эле-



Pdf көрінісі
бет3/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Авакова фразеосемантика
Жұбаева монография, символдар Анесовой У.

§ 5. Фраземалар құрамындағы орта ғасырлық (араб, парсы) эле-
менттер ............................................................................................ 123
§ 6 Архаикалық фраземалардағы плеоназм құбылысы .............. 126
IV тарау. ФРАЗЕМАЛАРДЫҢ ТАҢБАЛЫҚ-СИМВОЛДЫҚ
СЕМАНТИКАСЫ .................................................................................... 130
§ 1. Символдағы әлемнің тілдік бейнесі ....................................... 136
§ 2. Сандық символдар семантикасы .......................................... 140
§ 3. Фраземалардағы түс символдары ........................................ 157
V тарау. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ КОННОТАЦИЯ ............................... 184
§ 1. Коннотация теориясының негіздері ....................................... 185 
§ 2. Коннотацияның функционалдық типологиясы ................... 194
§ 3. Коннотация – фраземалық мағынаның микрокомпоненті .... 201
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 215
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................ 218
1-Қосымша ................................................................................................. 226
ҚОЛДАНЫЛҒАН ФРАЗЕМАЛАРДЫҢ АЛФАВИТТІК
КӨСЕТКІШІ ........................................................................................... 226
4


СӨЗБАСЫ
М
онография қазақ тілінің лексикалық қорындағы ұлттық 
болмыспен, тарихпен, әдет-ғұрыппен, салт-санамен, мәде-
ниет пен, саяси-экономикалық және т.б. жағдайлармен 
тығыз байланысты туған тілдің бейнелі бай, сұлу, өткір, «өңменнен өтіп, 
қолқаны қозғайтын» (Ө. Айтбаев) айшықты тіркестері фразеологизм-
дер мағынасының қалыптасу деректеріне, этномәденилингвистикалық 
қалыптарына, олардың ұлттық-психологиялық және таңбалық-символдық 
ерекшеліктерінің та биғатына арналады.
Қазақ тіл білімінде фраземалар
1
құрылымдық-типологиялық, 
семан тика-морфологиялық, тақырыптық, түрлі аспектілік (этно-
линг вистикалық, мәдени-лингвистикалық және т.б.) тұрғыдан XX 
ғасырдың 40-жылдарынан бастап зерттеле бастады. Қазақ фразеоло-
гия саласының көшбасшысы І. Кеңесбаев алғаш рет жалпы түркі фра-
зеология ғылымының теориялық негізін салды. Қазіргі уақытта қазақ 
лингвистикасында фразеологизмдердің теориялық және практикалық 
мәселелері (Ә. Қайдар, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, С. Исабеков, А. Алдаше-
ва, Г. Смағұлова, С. Сәтенова т.б.), фраземалардың стильдік қызметі (М. 
Серғалиев, Г. Құсимова, Г. Боранбаева), олардың көркем шығармаларда 
қолданылуы (Ө. Айтбайұлы, Б. Шалабай, Х. Қожахметова, М. Жәнібеков), 
фразеологизмдердің мағыналық, тақырыптық тұрғыдан топтастырылуы 
(А. Елешова, Р. Жайсақова), фразеологиялық бірліктердің жеке катего-
риялары (Ф. Оразбаева, А. Байталиев, Р. Таева), фразеологизмдердегі 
диалектілік ерекшеліктер (Ш. Сарыбаев, Қ. Қалыбаева, С. Мұстафаұлы), 
фра зео логизмдердің жеке тілдер деректерімен салыстыра зерттелуі
(А.С. Аманжолов, З. Ахметжанова, Р. Валиханова, М. Әбдіғалиева,
1
Фразема термині еңбекте тіл білімінде синоним ретінде жарыса колданылып жүрген 
фразеологиялық оралым, фразеологиялық единица, фразеологиялық бірлік, тұрақты сөз 
тіркестер атауларының орнына қолданылды. Терминді алғаш рет Ресейдің фразеолог 
ғалымы Н.Ф. Алефиренко ұсынған (Теория языка. Введение в общее языкознание. 
Волгоград, 1998, 295-296 б.) Тілдің фразеологиялық бірліктерін фразеология деуден гөрі 
(себебі ғылым саласымен омонимдес болғандықтан) морфема, лексема, сема терминдеріне 
сәйкестенді-ріп фразема (фраземика ғылымы) деп атадық. 
Ардақты əкем − Əмірден Ебилдаұлы
мен аяулы анам − Роза Мұхаметқызына зор денсаулық, 
ұзак ғұмыр тілеп, бас иіп, тағзым етемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет