Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет5/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Авакова фразеосемантика
Жұбаева монография, символдар Анесовой У.
І тарау
ФРАЗЕОЛОГИЯ: 
ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ТАБИҒАТЫ


§ 1. Фразеологиялық жүйенің тіл қабаттарындағы орны 
Фразеологияның нысанасы ретінде тілдің барлық деңгейлеріндегі 
(қабаттарындағы) тілдік бірліктер емес, сөздердің тұрақты тіркестерін 
құрайтын, «ешкімнің еркіне көнбейтін», «өзінен-өзі тіркесіп қойған», 
«дайын құрылыс материалы» болып табылатын құрамы жағынан тұрақты 
тіркестер танылады.
Фразеология термині тіл білімінде екі түрлі қолданысқа ие: бірі-
шіден, фразеология – белгілі бір тілдің сөздік құрамында орныққан
фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі, қазынасы; екіншіден – фразео-
логизмдерді зерттейтін ғылым саласы. Фразео логизмдердің тілдік бірлік 
ретіндегі сипатын олардың құрамындағы сыңарлардың өте тұрақтылығы 
мен біртұтасып келіп, бірбүтін мағынаны білдіруі, қолданысқа әрдайым 
даяр қалпында жұмсалуы танытады. Олар «тұрақтылық», «тұтастылық», 
«тиянақтылық», «түйдектілік», «бөлек бітімділік», «бейнелілік» сияқты 
релеванттық белгілермен сипатталатын тұрақты сөз тіркестер ғана емес, 
қандай да бір күрделі ұғымды, идеяны, ойды мазмұнды көркем бейне-
мен атайтын, қоғамдық-әлеуметтік, тұрмыстық-шаруашылықтық, діни 
т.б. экстралингвистикалық факторлар негізінде пайда болып, тілдің 
ішкі заңдылықтарына сай қалыптасып, тұрақтанатын, ойдың сан алу-
ан эмоционалдық-экспрессивтік реңкін көрнекі де бейнелі етіп жеткізуге 
қабілетті күрделі тілдік құрылымдар саналады. Фразеологизмдер тілдік 
бірлік ретінде образды-атауыштық, образды-метафоралық, ауыспалы-
идиомдық мағыналарда жұмсалып, әр қилы эмоционалдық-экспрессивтік 
және окказионалдық-мағы налық реңкілер арқалайды. Олардың бейне-
лілігінде және метафоралы ауыспалы қолданыстарында, компонент-
тер құрамында, жалпы ұғымдық тұтастығында халықтың күн-көрісі, 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
12
тұрмыс-тіршілігінің мазмұндық белгілерінің жинағынан тұратын мәдени 
ақпараттық ішкі құрылым болады.
Алайда, фразеологизмдер тілдік жүйенің қай қабатына жатады, оның 
орны қандай, басқа тілдік қабаттармен онтологиялық және генетикалық 
қатынастарды қалай құрады? – деген сұрақтардың туындауы орынды.
Бұл сұрақтардың шешімін тілдің фразеологиялық құрамын зерттеудің 
мақсаттары мен әдістері айқындайды.
ХХ ғасырдың 30-жылдарының өзінде атақты ғалым Е.Д. Поливанов 
фразеология саласын ерекше лингвистикалық пән ретінде оның ны-
санасы мен міндеттерін белгілеп, төмендегідей пікір айтқан болатын:
«Я позволю себе употребить термин «фразеология» для обозначения осо-
бой дисциплины (наряду с фонетикой, морфологией, синтаксисом и ... 
лексикой), занимающей по отношению к лексике то же положение, ка-
кое синтаксис занимает по отношению к морфологии» [Е.Д. Поливанов, 
1928; 20 б.].
Сол кездердің өзінде Е.Д. Поливанов жалпы типтік тіркестер емес, 
ерекше, арнайы мағына беретін тіркестерді зерттейтін синтаксиспен, 
нақты сөздердің ерекше, арнайы мағынасын зерттейтін лексикамен бай-
ланысты сала – тіл туралы ғылымның қажеттігі туралы айтқан болатын. 
Фразеология тіл білімінің фонетика, морфология және т.б. деңгейлерімен 
бірдей, «терезесі тең» болашақтағы тіл ғылымындағы ерекше сала ретінде 
орнығатынын алғаш рет айтқан Е.Д. Поливанов болатын. 
Фразеология саласының ғылымдағы бүгінгі жетістіктері мен арна-
лары, қалыптасқан бағыттары мен теориялары да ғылыми дәйектеменің 
дұрыстығының дәлелі болмақ.
Тіл белгілі бір құрылымы мен қызметі бар, біртұтас жүйелі құбылыс 
ретінде өмір сүреді. Жүйенің элементтері бір-бірімен өзара қарым-
қатынаста, байланыста, бірлікте өмір сүреді. «Жүйесіз нәрсені жадыңда 
сақтау қиын. Егер тілде жүйе болмаса, егер олар бір-бірімен байланыс-
сыз, ретке келтірілмеген, ұйымдаспаған, бөлшектері бүтінге бірікпеген, 
бытыраңқы элементтер күйінде болса, онда тіл адам санасында сақталмаған 
болар еді, қатынас құралы, пікір алысудың құралы болып қызмет етуге де 
жарамас еді. Тілде жүйелілік қасиет бар» [К. Аханов, 1993; 67 б.].
Тіл қабаттарын әр түрлі бірліктердің әдістемесін (методикасын) зерттеу 
деп қана қарастырмай, оның құрылымын ұйымдастыратын жүйе ретінде 
тану қажет. Тілдің төменгі қабаттағы бірлігінің бірте-бірте одан жоғары 
қабаттағы бірлікке өту үрдісі төменгі қабаттағы элементтердің (тілдің 
синхрондық тұрғысынан) синтагматикалық қасиеттерінің жүзеге асу 
комбинацияларының нәтижесі болып табылады. Мәселен, фонема комби-
нациясы морфеманың дыбыстық жамылғышын түзесе, морфемалар комби-
нациясы сөз жасайды, ал сөздер комбинациясы сөйлем құрайды.
Фонема, морфема, сөз және сөйлемнің иерархиялық қаты настарында, 
біріншіден, өзіндік типологиялық модельдерге негізделген (кез келген 


13
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
13
тілде сөздердің бір-бірімен тіркесімділік қабілеті жалпы тілдік қордағы 
сөздермен салыстырғанда шектеулі) еркін сөз тіркестері тіл бірліктерінің 
қабаттарынан тыс қалады, екіншіден, тіл қабаттары жүйесінде тұрақты 
тіркестердің орны белгісіз. Еркін сөз тіркестері мен тұрақты тіркестер тіл 
қабаттарының ішінде негізгі деңгейлермен қатар, өзіне тән тілдік бірліктері 
бар аралық деңгейлік «мәртебелі» ерекше жүйе құрай алатыны белгілі. Бұл 
тіркестер тілдің лексикалық және синтаксистік жүйелерінің арасындағы 
ерекше деңгейаралық жүйе болып табылады.
Тіл жүйесінің лексикалық және синтаксистік қабаттары аралығындағы 
еркін тіркестер (синтаксистік конструкциялар) мен тұрақты тіркестер 
(фраземалар) ерекше тілдік бірліктер болып табылады. Тілдік бірліктердің 
ерекше мәртебесіне ие фраземалардың сөздерден де, сөз тіркестерінен де 
өзіндік айырмашылықтары бар.
Осы тұрғыдан М. Балақаев қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің 
табиғатына тоқтала келіп, жеке сөздердің тура мағынасына сәйкес ұғымда 
жұмсалмаған, сол тобымен өзгеше мағынада жұмсалған тіркестер (үрейін 
ұшыру – қатты қорқу, есінен тандыру – есін шығару) мен ...құс ұшты, 
балапан ұшты, қарға ұшты, самолет ұшты тіркестерін тең қоюға бол-
майтын тұрақты тіркестер кездеседі... Тұрақты тіркестердегі сөздердің 
өзара байланысу амалдары мен синтаксистік байланысу формалары 
қазақ тілінің осы күнгі грамматикалық нормаларынан алшақ кетпейді. 
Бірақ олардың синтаксистік құрылысы «сіресіп» қатып қалған болады да, 
қызметі мен мағынасы мүлдем өзгереді, – деген ғылыми тұжырым айта-
ды [М. Балақаев, Т. Қордабаев, 1971; 32-33 бб.].
Тіл бірліктері бір-бірімен тығыз иерархиялық байланыста болады (ол 
қабаттардың деңгейаралық байланысы 1-сызбада көрсетілген). Сызбада 
лексикалық және синтаксистік қабаттың арасында деңгейаралық байла-
нысты құрайтын фразеологиялық жүйе мен сөз тіркестері жүйесінің орны 
көрсетілген. Сөз тіркестері жүйесі негізінде жасалған фразеологиялық 
бірліктер әрі лексикологияның, әрі синтаксистің зерттеу нысаны бола 
алады.
Фраземалар синтаксиспен, оның ішінде сөйлем мүшелері мен де, 
сөйлемнің түрлерімен де тығыз байланысты. Сөз тіркесі типінде жасалған 
фразеологизмдер, сөйлем түрінде жасалған фразеологизмдер туралы чу-
ваш фраземасын зерттеген ғалым М.Ф. Чернов «Современный чувашский 
язык. Слово, фразеоло-гизм и свободное сочетание слов» (Чебаксары, 1988) 
еңбегінде жан-жақты қарастырылған. Фраземалар өзінің табиғаты жағынан 
екі жақтылық құбылысы, бір жағынан, оның дара сөзге ұқсастығы, екінші 
жағынан, еркін тіркеске ұқсас болып келуінен көрінеді.
Фраземаларға тән басты белгілер мен қасиеттерді саралай келіп, тіл 
теориясының маманы К. Аханов былай дейді: «Фразеологиялық оралым-
ның (біздің метатілде «фразема») белгілері екі бағытта қызмет атқарады. 
Оны сөзбен жақындастыратын белгі, еркін тіркестен ажыратылатын белгі 
ретінде, ал фразеологиялық оралымды сөзден ажырататын белгі, оны еркін 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
14
тіркеспен жақындастыратын белгі ретінде қызмет ете алады» [К. Аханов, 
1993; 67 б.].
15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет