141
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
141
есімдермен
келетін жалқы есімдерге, 1-10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90,
100, 1000 сандарымен келетін кісі аттарына тоқтала келіп, ол есімдердің
көбінесе ер кісілерге берілетін, ал санмен әйелдер есімінің кездеспейтінін
айтады [Т.Ж. Жанузаков, 1971; 196 б.].
Қазақ фразеологиясының аса ірі маманы, ғалым-түркітанушы келіп,
«... тұрақты сөз тіркестерінің біраз бөлігі ... сан есімдер төңірегіне топта-
лып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу
себебі халықтың ежелгі дәуіріндегі ұғым-түсініктермен, салт-санасымен
ұштасып жатыр. ... үш, жеті, тоғыз, қырыз сөздері
өзінің сан-мөлшерлік
қызметін көп жағдайда жойып алу сыры бөлегірек. Олар белгілі бір нәрсе,
құбылыстардың символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені
халықтың ескі наным, түсініктерінен туған. Бірақ бертін келе бұл ұғым-
түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге болады» [І.К. Кеңес-
баев, 1977; 612 б.].
Сөз қадірін білген халқымыз өзінің ардақты би-шешендерін ардақтай
білген. Қазақтың ел қалаған үш биінің бірі Қазыбек бидің көңілін сұрай
келген Бұхар жырауға бірден онға дейінгі санның мағынасын айтып берші
депті. Сонда да:
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз – егесіп өткен ел жаман.
Үш дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатыңа жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз – серкесіз қой бастаған жаман.
Тоғыз дегеніңіз – толысып өскенің.
Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз –
депті.
Осы жолдардың әрқайсысы қазіргі күнде нақыл, өсиет сөз түрінде
халық тілінде қолданылады.
Көне жазба ескерткіштер деректері мен қазіргі түркі тілдері материал-
дары сан құдіреті архаикалық, көне дәстүрлерді сақтағанын және олардың
көпшілігінде ерекше символиканың таңбасы барлығын дәлелдейді.
Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдердің табиғатына ғылыми тал-
дау жасаған ғалым Г.Қ.
Рысбаева, кейбір сан есімдер ұйытқы болатынын
да айтып кеткен. Мәселен, киелі сан есімдер қатарын бір санынан ба-
стай отырып, автор ол санның «құдай, алла, жаратушы ием» сөздерімен
тіркесіп келетінін айтады [Г. Рысбаева, 2000; 95 б.]. Бір құдірет – он
сегіз мың ғаламды жаратушы жалғыз Алла, бүкіл дүниені, адамзат пен
тіршілікті жаратушы жалғыз – құдай немесе алла болса, бір саны жалғыз
сөзімен мағыналас келуі, әрине, түсінікті. Мысалы:
бір құдайдың ұрғаны,
бір құдайдан тілегенім, бір құдай біледі, бір алла өзің жар бола көр!, бір
аллаға тәуекел және т.б.
Авакова Р.А. Фразеосемантика
142
Бір саны
соматизмдермен тіркесіп соңғы, қорытынды деген мағына
береді. Мысалы: бір ауыз сөз «соңғы сөз», бір ауыз сөзге келмеді «үндемеді»,
бір беткей «айтқанынан қайтпайтын (адам)», бір ауыздан «түгел, тегіс»
және т.б.
Бір санымен тікесіп келетін заттың, нәрсенің мөлшерінің, арасының аз,
жақын екенін білдіретін тіркестер қазақ тілінде бірталай. Мысалы: бір уыс
«бір рет тамақ жасауға жететін арпа, бидай, тары» т.б., бір асым (ет), бір
аттам «өте жақын жер», біржапырақ «азғантай, аз», бір жұтым «бір ұрттап
жұтарлық», бір киер «оқта-текте бір киетін», бір атым насыбай, бір ауыз
сөз, бір буда ақша, бір қайнатым шай, бір қауым ел, бір тал сақал, бір аяқ ас,
бір тай мата, бір ұрттам су, бір тұтам «1. бір сығым; 2. өте қысқа», бір түйір
«аз, кішкентай ғана», бір тілім «бір ғана кесіп алған», бір үзім «жарым-
жарты бөлшек», бір шайнам «тіске басарлық», бір шөкім (бұлт) «азғана,
кішкентай» және т.б.
Бұл тіркестердің басым көпшілігі «аз, кішкентай» мағынасында
жұмсалғанымен, олар синонимдік қатар құра алмайды. Мысалы: Аспан-
да бір шөкім бұлт жоқ (Ә. Кекілбаев); Кәріптен
тымағының маңдайына
қыстырған бір жапырақ қағазды алып берді (Ә. Әбішев). Екі мысалдағы
мөлшер тіркестер «аз, кішкентай» мағынасында жұмсалса да, олардың
прагматикалық қызметі әр түрлі. Бір санымен келген фраземалардың
тіркесімділік қасиеті өте шектеулі екеніне жоғарыда келтірілген мысалдар
дәлел.
Екі сан есімі үндіевропа тілдерінде «кез келген қарама-қарсылықты, ақ
пен қара, әйел мен еркек дегенді білдіреді» [М.М. Маковский, 1995; 110
б.]. Қазіргі тілде сақталған екі дүние: бұл дүние – фәни о дүние – бақи;
екі мәңгілік: ай және күн және т.б. ұғымдар да
қарама-қарсылықтың
заңдылықтарына мысал бола алады.
Екі сөзінен туындаған түркі тілдеріндегі егіз сөзі туралы атақты
түркітанушы ғалым И.Г. Добродомов былай дейді: «В соответствии с на-
званным противоречием («мужское и женское») именем екиз или же име-
нем с этим компонентом у современных тюркских народов нарекают близ-
неца-младенца мужского пола, родившегося с близнецом женского пола»,
– дейді [113, с. 629]. Қазақ фразеологиялық қорында дос егіз, дұшпан сегіз;
егіз қозыдай; екінің бірі, егіздің сыңары т.б. фраземалары сақталған.
Мұндай қарама-қарсылық фразеологизмдер бойында қазақ тілінде де
кездеседі. Мәселен: екі дүние – діни ұғымда екі дүние бар деп есептеген.
Бірі – тірліктегі кез, бұл – жалған дүние, екіншісі – адам өлгеннен кейінгі
кез, бұл – шын дүние. Мысалы:
Дін де
осы шын ойласаң, тағат та осы,
Екі дүние бұл тасбиқ – хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы
(Абай).