Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет84/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   119
Авакова фразеосемантика

ды «кімге соқтығарын білмеді, біреуге тиісуге ілік іздеді», көз сүрінер қара 
жоқ «жанды не жансыз зат тұлғасы, нобайы көзге көрінбеді», қара үзді 
«көзін жоғалтты, құртты», қарасы батты «көзімді жоғалтайын, құриын», 
қара басы «жеке бас, тек өзі, өзі ғана», қара құс «шүйде жалғасқан сырт 
мойын», қара күш «адам бойындағы мол қуат, зор дүлей күш», қара терге 
түсті «қатты терледі, сел-сел болды», қарайып қалды «тосаңсып, тосырқап 
қалды, үйреншікті дағдыдан айырылып қалды, икемсізденді» т.б. 

Адамның психикалық ерекшеліктерін, моральдық қалпын, ойлану, 
сөйлеу қабілетін, іс-әрекетін, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасын, 
тән қажеттіліктерін білдіретін фраземалар: жүрегі қарайды «ниеті 
бұзылды, жамандық ойлады», өкпесі қара қазандай «реніші таудай, көңілі 
қатты қалған», қара ой «ызасы келді, күйінді», басы қаралы «кісісі өлген, 
азалы, қайғылы», күні қараң «халдерің мүшкіл, күндер жоқ, жағдайларың 
қиын», қара көже «қатықсыз көже», қара нан майға пісірмеген нанқара 
шай «сүт, қаймақ қатып ағартпаған шай» т.б.

Жалпылық ұғымдарға байланысты фраземалар: қара күйе «жала 
айып», қара жала «нақақ айып, жала», қара таңба «жаман ат», қара қайғы 
«қаза өлім» т.б. 

Қоғамдық тұрміс-тіршілікке, адамның әлеуметтік жағдайына байла-
нысты фраземалар: қара түн «қасіретті, қайғылы» қаралы хабар «қайғылы 
хабар жаршысы», қара сирақ «тақыр кедей, жарлы-жақыбай», қара қағаз 
«майдандағы жауынгерлердің мерт болғандығын хабарлайтын қағаз, хат» т.б. 

Тұрмыс-салт әдет-ғұрып, наным-сенімге байланысты қара сөзінің 
қатысуымен жасалған фраземалар: қара шаңырақ «кенже ұлға мирас бо-
лып берілген отау» қара орман «қалың, ну», қаралы үй «азаматы өлген, аза-
лы үй», қаралы жаулық «ері, жанашыры қайтыс болған әйел», қаралы көш 
«кісісі өлген, қайғылы, азалы көш», қаралы ауыл «адамы қайтыс болып аза 
тұтып отырған ауыл» т.б.


165
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
165

Алғыс-қарғыс мәнді фраземалар: жүзі қара «ұятсыз, арсыз, қара 
бет», қараң өшкір «құры, көзің жоғалсын», қара мал «сиыр, жылқы, түйе», 
алдына қара салмады «жарыста алдына мал түсіріп көрседі» т.б. 

Сауыт-сайман, қару-жарақ және зергерлік өнерге байланысты фра-
земалар: қара мылтық «күміс әшекейсіз», қара садақ «үлкен садақ», қара 
маржан «асыл тастың түріне байланысты» т.б.
Қазақ тіліндегі қара сөзінің лексикалану үрдісімен қатар кейбір тір-
кестерде қолданылатын аталмыш семаның кірме сөздік табиғатын дәлел-
дейтін тілдік дәйектемелер де бар. Сөз төркінін зерттеуші Ә. Нұр мағамбетов 
қара басу фраземасының этимологиясы жөнінде мынандай пікір айтады: 
«Қара басу – түсіндірме сөздіктегі мағынасы «албасты басты, құдай ұрды, 
жолы болмады, оңбады». Сырт көзге түркі тілдерінің сөзі әрі екі түбірдің 
тіркесінен туған сияқты... Дәл осындай тіркес қырғыз тілінде де кездеседі: 
қара басу «жын басу» мағынасында түсіндірілген.
Біздің жобалауымызша, тіркес қалпында қабылдап отырған бұл сөздің 
төркіні араб тілі және бір ғана сөз сияқты. Араб тілінде: ғаребасат – 1. шы-
мырлау, шатысу; 2. шатақ, шытырман.
Егер осы деректі дұрыс деп ұқсақ, «қарабасу» сөзінің шын мағынасы 
– шырмалу, шатысу. Кім біледі, түркі тілдерінен араб тілдеріне ауысып, 
оларда сәл өзгеше мағына иеленуі де ғажап емес» [Ә. Нұрмағамбетов, 
1994; 162 б.].
Әрине бұл ғылыми гипотеза ғана. Қара сөзі туралы алтаисти-ка 
ғылымында да көзқарастар жоқ емес. Ресей түркітанушысы И.В. Кормушин 
қара сөзінің семантикасына талдау жасай келіп, бурят тілінде – хара, қалмақ 
тілінде – хар, монғол тілінде – хар сөздерінің түс, қара қоңыр, балшық (хара 
болох кір болу«), қарсыз жер, құрғақ жер, майсыз ет, ешнәрсе қосылмаған 
нан, сүт, қарапайым қара халық, қара байыр, жауыз, рух, физикалық күш, 
тек, артық, мейірімсіз, бақытсыз, жынды, ерекше, қайырымсыз, бірбеткей, 
жағымсыз, қорқынышты, қызғаныш, көре алмаушылық, өсек-өтірік, 
көлеңке мағыналарында қолданылатынын айта келіп, бұл мағыналардың 
кейбіреуінің тұнғыс-маньчжур, евенек, негидаль, орок тілдерінде де 
аталмыш семалардың көпшілігінің тілде қолданылатынын айта кетеді»
[И.Г. Добродомов, 1997; 598 б.].
Тарихи сөзжасамның теориялық негіздерін қазақ тіл білімінде ғы-
лыми тұрғыдан талдаған ғалым А. Салқынбай, ірі-қара, қара мал де-
ген тіркестердегі қара сөзінің мағынасы фин тілінде «скот» (мал) деген 
мағы наны беретінін айтады [А. Салқынбай, 1999; 264 б.]. Қара сөзінің 
басқа тілдерде де қолданылу мүмкіншілігін кірме сөз ретінде емес, ортақ 
лексикалық ұғым ретінде танимыз.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «ақ» сөзінің негізгі жеті мағынасы 
берілген [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 126 б.]:
1. Қардың, сүттің, бордың түсіндей (қара түске қарама-қарсы);
2. Адамның, малдың, құстың т.б. жан-жануарлардың түсі;
3. Өсімдіктің түрі;


Авакова Р.А. Фразеосемантика
166
4. Сөйл. Әк;
5. Совет үкіметіне қарсы күрескен дұшпан тобы;
6. Дойбының, шахматтың фигуралары;
7. Адал, кінәсіз, жазықсыз;
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦) 
берілген.
Ақ фраземасының таңбалық-символдық мағынасы. Жиналған лексико-
графиялық деректер бойынша ақ сөзінің 12 мағынасы анықталды. Оны 
төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады: 
6-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет