Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет32/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Коррекциялық-педагогикалық процестің құрылымдық компоненттерін атаңыз.
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеудегі диагностикалау, моноторинг жұмыстарының мәнін ашыңыз.
3. Арнаулы (коррекциялық) мектептеріне арналған оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының құрылу ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз.
4. Цензалы білім беру арнаулы мектептердің қай түрінде жүргізіледі? Цензалы білім беруге сипаттама беріңіз.
§ 17. МҮМКШДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ
1. Мектепке дейінгі арнаулы білім беру мекемелері
2. Арнаулы мектептердің құрылу ерекшеліктері
3. Арнаулы мектептердің сипаттамасы
4. Жаңа түріндегі коррекциялық-педагогикалық қолдау ұйымдары

ҚР-да арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесін құру процесі ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарда басталды. Басты міндеті балаларды арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне іріктеу, оларды негізі толымдау болып табылады.


Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімі. (ҚР БҒМ 29.10.2003 ж. №787 «Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімін, арнайы білім алуды қажет ететіндерге білім беру ұйымдарында қажетті орындар санын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген).
Осыған сай төмендегідей арнайы білім беру ұйымдары төменгідей анықталған:
а) арнайы мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдары;
б) арнайы білім беру ұйымдары (мектептер);
в) бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім берудің түзету ұйымдары;
г) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру ұйымдары.
Арнаулы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жүйесін құруда зерттеушілердің бастауымен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қағидалары, әдістері мен тәсілдері, кемшілікті коррекциялау мен алдын алу жұмыстары белгіленіп, мектепке дейінгі арнаулы білім берудің жүйесі құрылды.
1970-ші жылдардың басында балабақшалар, мектепке дейінгі балалар үйлері, жалпы балабақшалар жанындағы мектепке дейінгі арнаулы топтардағы дифференсацияланған жүйе жеткілікті түрде дами бастады.
Дамудағы жетекші кемшілікке байланысты балаларды арнаулы мекемемелерге топтастыру жұмысы былайша орындала бастады:

  • есту қабілеті бұзылған балалар (естімейтін және нашар еститін балалар);

  • көру қабілеті зақымдалған балалар (зағип және нашар көретін балалар, қылилық және амблиопиясы кемшілігі анықталған балалар); -

  • сөйлеу тілі бұзылған балалар; ой-өрісінде жетіспеушілігі бар балалар; -

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.

Жалпы балақашалармен салыстырғанда арнаулы топтардағы балалар санының толымы 15 тәрбиеленушіден аспайды.
Мектепке дейінгі арнаулы мекемелердегі штаттың құрамына арнайы педагогтар (сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, логопед) мен косымша медицина қызметкерлері қабылданады.
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің арнайы ұйымдарында қажетті орындар саны анықталған:
2. Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларга арналған балабақшада: 3 жасқа дейін - 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары - 12 баладан артык емес.
3. Естімейтін (саңырау) балаларға арналған балабақшада.З жасқа дейін - 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары - 12 баладан артық емес.
4. Көру қабілеті терең зақымдалған балаларға арналған балабақшада: бір топта - 10 баладан артық емес.
5. Нашар көретін амблиопияга шалдыққан, қыли көзді балаларға арналған: 3 жасқа дейін - 10 баладан артык емес; 3 жастан жоғары емес; 3 жастан жоғары - 15 баладан артық емес.
6. Тірек-қозғалыс аппаратты бұзылған балаларға арналған балабақшада-3 жасқа дейін - 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары -12 баладан артық емес.
7. Ойлау қабілеті бұзылган (ақылы кем) балаларға арналған балабақшада: 3 жасқа дейін - 6 баладан артық емес; 3 жастан жоғары - Ю
баладан артық емес.
8. Терең немесе күрделі кемістіктері бар балаларға арналған балабақишда: 3 жастан жоғары - 8 баладан артық емес.
Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың толық дамуына қажетті жағдайлар жасалуда. Балабақша 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың оқытылуын, тәрбиеленуін, күтімін және сауықтандырылуын қамтамасыз етеді. Оқыту және тәрбиелеу арнайы түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
7-ден кейін балалар арнайы мектепте білімін жалғастыруға болады. Білім алу қажеттіліктері ерекше мектеп жасындағы балалар арнайы білім беру стандарттарына сәйкес әртүрлі білім беру мекемелерінде немесе үйлерінде оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет