Пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/3
Дата26.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#159382
1   2   3

7-зертханалық жұмыс

Архимед заңын тексеру

1-тапсырма. Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау.

Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.

Жұмыстың барысы: 1. Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңдар.

      1. Дененің өлшенген Vд көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.

      2. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадағы салмағының) мәнін табыңдар.

      3. Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мінін есептеңдер.

      4. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.

      5. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.

      6. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.

      7. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.




Тәжірибе реті

Дененің көлемі, Vд , м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы,

Р, Н


Дененің ауадағы салмағы,

Р, Н


Дененің судағы салмағы,

Р1, Н



Ығыстырушы күш,

Ғы, Н





















2-тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Ғы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.

Құрал-жабдықтар: мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100 г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар ыдыс.

Жұмыстың барысы: 1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе-теңдік қалпына келтіріңдер.

      1. Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе-теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.

      2. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.

8-зертханалық жұмыс.

Дененің сұйыққа жүзу шарттарын анықтаңдар.

Жұмыстың мақсаты: эксперимент жүзінде дененің сұйықта жүзу шарттарын тексеру.

Тапсырма: Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтаңдар.

Құрал-жабдықтар: динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка немесе құты, тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс (мысалы, тұз қосылған су).

Жұмыстың барысы:

1. Динамометр көмегімен денеге әрекет ететін Ға ауырлық күшін өлшеңдер.



    1. Мензурканы пайдаланып, дененің көлемін Vд анықтаңдар.

    2. Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер:





      1. Ға ауырлық күші мен Ғы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.

      2. Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.

      3. Кестені толтырырыңдар.




Тәжірибе реті

Сұйық

Ға, Н

Vд , м3

Ғы, Н

Ға мен Ғы қатынасы

Батады, жүзеді немесе қалқып шығады

1.

2.

3.






















9-Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру

Жұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка), термометр, стақан, ыстық суы бар шәйнек (бүкіл сыныпқа біреу).

Жұмыс барысы:

  1. массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t1 температурасын өлшеңдер;

  2. стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t2 температурасын өлшеңдер;

  3. ыыыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер;

  4. ыстық судың t температураға дейін суығанда берген жылу мөлшерін формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін формуласымен есептеңдер.

Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:


Ыстық судың массасы, m, кг

Ыстық судың бастапқы температурасы, t, 0C

Қоспаның температурасы t, 0C

Ыстық судың берген жылу мөлшері, Q1, Дж

Суық судың массасы, m1, кг

Суық судың бастапқы температурасы, t2, 0С

Суық судың алған жылу мөлшері, Q2, Дж
























  1. ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар;

  2. тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: , мұндағы Q1 – ыстық судың берген жылу мөлшері, Q2 – суық судың алған жылу мөлшері;

  3. қорытынды жасаңдар.

10-Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау

Жұмыстың мақсаты: жылу балансының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.

Құрал-жабдықтар: таразы, термометр, калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз, шәйнек (сыныпқа біреу).

Жұмыс барысы:

  1. калориметрдің ішкі ыдысын таразыға тартып өлшеңдер; mк;

  2. оған су құйыңдар, содан кейін суы бар калориметрді өлшеңдер: ;

  3. суы бар калориметрдің ішкі ыдысын сыртқысының ішіне орналастырып, судың температурасын өлшеңдер;

  4. мұз кесегін сорғыш қағазбен алдын ала құрғатып алып, содан кейін оны суға салыңдар;

  5. суды мұз толық ерігенге дейін термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төмен температураны белгілеңдер;

  6. калориметрді қайтадан өлшеңдер және суға салынған мұздың массасын анықтаңдар;

  7. өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңдар:



mк, кг


mсу, кг


t су, 0C


t , 0C


m мұз, кг


















8) жылу балансының теңдеуінен мұздың меншікті балқу жылуын анықтаңдар, мұндағы - калориметр стақанының берген жылуы, - судың берген жылуы, - мұз ерігенде калориметрге берген жылу мөлшері, - мұздың суға берген жылу мөлшері;

9) қорытынды жасаңдар.



11-Зертханалық жұмыс
Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу

Жұмыстың мақсаты: ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрету.

Құрал жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, 2 сым резистор, кілт, өткізгіш сымдар.

Жұмыс барысы:

      1. Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар.

      2. 1-, 2- және 3- суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін кестеге жазыңдар.



      1. Қорытынды жасаңдар.




      1. Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.

      2. Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U ,U және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.

      3. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.

      4. U + U қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.

      5. Қорытынды жасаңдар.

12-Зертханалық жұмыс
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру

Құрал-жабдықтар: ток көзі, өткізгіш сымдар, қыздыру шамы. амперметр, вольтметр, кілт.

Жұмыс барысы:

      1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын есептеңдер.

      2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар (сурет).

      3. Тізбекті тұйықтаңдар.

      4. Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз. Құралдың көрсетулерін кестеге жазыңдар.

      5. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.

      6. Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

      7. Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.





I, A

U, B

R, Oм

















Тапсырма. Өлшеу нәтижелері ток күшінің кернеуге тәуелділігінің графигін

тұрғызып, сол функцияға сипаттама

беріңдер.


13-зертханалық жұмыс

Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау

Жұмыстың мақсаты: тізбектей және паралель қосу заңдарын тексеру.

Құрал-жабдықтар: ток көзі, 2 сым резистор, реостат, 3 амперметр, 3 вольтметр, өткізгіш сымдар.

Жұмыс барысы:

Тізбектей жалғау

1. Амперметрдің және вольтметрдің

шкалаларымен танысып, бір бөліктің құнын

анықтаңдар.

2.Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.

3. А1, А2 амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

4. V1, V2, V вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

5. U=U1+U2 есептеңдер.

6. Бөліктің жалпы кедергісін R=; R=R1+R2 формулалары бойынша есептеңдер.



      1. Өлшеулердің нәтижелерін кестеге түсіріңдер.




I1, A

I2, A

U1, B

U2, B

R1, Ом

R2, Ом

R, Ом

























      1. Қорытынды жасаңдар.


Паралель жалғау

1. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.

2. V1, V2 вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

3. А1, А2 , А(I1, I2, I) амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

4. I=I1+I2 есептеңдер.

5. Бөліктің жалпы кедергісін R=; R= формулалары юойынша есептеңдер.

6. Өлшеулердің нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

I1, A

I2, A

U1, B

U2, B

R1, Ом

R2, Ом

R, Ом






















7. Қорытынды жасаңдар.
14-зертханалық жұмыс

Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу

Құрал-жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт, өткізгіш сымдар, секундомер.

Жұмыстың мақсаты: электр өрісінің жұмысы мен қуатын өлшеу.

Жұмыс барысы:

1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қарап, бір бөліктің құнын анықтау.

2. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.

3. Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер.

4. Вольтметрдің көрсетуін жазыңдар.

5. Тізбекті ажыратыңдар да, қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңдер.

6. Қуатты P=IU формуласы бойынша есептеңдер.

7. A=Pt формуласы бойынша жұмысты есептеңдер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.



      1. Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.




I, A

U, B

t, c

P, Bт

А, Дж

Тұтынушы
















эл. шамы

...


Вт




      1. Қорытынды жасаңдар.

15-зертханалық жұмыс

Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу.

Ол үшін шардың белгілі бір уақытта жүріп өтетін орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз теңүдемелі қозғалыс кезінде болатындықтан, пен -ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады:





Өлшеу құралдары: өлшеіу таспа, метроном.

Құрал-жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.

Жұмысты орындау

  1. Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек (1-сурет). Науаны төменгі шетіне металл цилиндрді қоясыңдар.

  2. Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.

  3. Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышпен қзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы – үш толас).

  4. Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.

  5. Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбеулігін қзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталау керек.

  6. формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: .

  7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:




Тәжірибе нөмірі





Метрономның соғу саны





1.

2.

3.



4.

5.
















Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалай да қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей, өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.




1-сурет.

16-зертханалық жұмыс

Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: горизонталь бағытта лақтырылған дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: тұрғы, диаметрі 25 мм болат шар, шар домалайтын науа, миллиметрлік бөлігі бар сызғыш, ақ және көшірме (қара) қағаздар.

Жұмыстың орындалу реті

  1. Науаны тұғырға бекітіңдер (2-сурет). Оның имек басы горизонталь қалыпта болуына назар аударыңдар. Науаның алдына ақ қағаз жайып, оның үстіне көшірме салыңдар. Науаның бойымен домалаған шардың үстелге түскен жері ақ қағаз бетіне белгі түсіреді.

  2. Науадан домалаған шардың үстелге қандай биіктіктен түскенін және ұшу ұашықтығын өлшеңдер.

  3. формуласы бойынша шардың ұшу уақытын есептеңдер.

  4. Алынған нәтижені формуласы бойынша шардың горизонталь бағытта ұшу жылдамдыығын есептеу үшін пайдаланыңдар.

  5. Алынған нәтиженің дұрыс екенін тексеру үшін науаны шар басқа биіктіктен түсетіндей етіп орналастырыңдар. Оның ұшу қашықтығын тағы да есептеңдер. Шардың түсу нүктесін ақ қағазда белгілеңдер.

  6. Шарды науаның белгілі бір жерінен бірнеше рет домалатып жіберіп, тәжірибені қайталаңдар.

  7. Алынған нәтижені төмендегі кестеге жазыңдар:




Тәжірибе реті









,м/с

,м/с

























  1. Өлшеу дәлдігін бағалаңдар (1-зертханалық жұмыстағы ескертуге қараңдар).

2-сурет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет