ПОӘК 042- 14-5 01. 20. 5/01 -2009 №1 басылым 18. 09. 08. орнына



бет2/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.55 Mb.
#16857
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Сауда жолдары. Сауда керуендері Семей кедені арқылы өтетін: Шәуешекке Аягөз арқылы; Құлжаға, Ақсуға, Қашғарға, Жәркентке де осы жолмен Ұлы жүздің жерінің үстімен; түркістан қалаларына Балхашты айналып Қарқаралы округінің үстімен, Шу арқылы, т.с.с. . Мұнда Шәуешек пен Құлжа арқылы айналма жолмен де келетін.

XVII ғ. бірінші жартысынан бастап Ертіс өзенімен су қатынасы дамыған. И.М.Лихаревтің экспедициясы Семейден Зайсан көліне дейін сыйымдылығы мол, жалпақтабанды «зайсанка» атты қайықтармен сапарға барып қайтты. XVIII ғ. аяғында ескектер, сырықтар, желкеннің көмегімен жүзетін карбас-қайықтармен Ертіс өзенмен кен және басқа жүктерді тасымалдады.

XIX ғ. екінші жартысында аймақта өзендік кеме жүзуі үрдісі қалыптасты. Батыс Сібір патша әкімшілігінің өкілдері мен көпестер Батыс Қытай, Моңғолиямен сауданы дамытуға мүдделі болды. Омбы мен Семей арасындағы тұрақты кеме қатынасы 1862 жылдан басталып, 1899 жылдан бастап Зайсан көлі мен Қара Ертіске де кеме жүзетін болды. Кеме қатынасының қызметін Ертіс бойында негізінен астық-, тұз- және кен-өндірушілер пайдаланды.

Кен өндіру саласының аймақтың орталығына айналған Өскеменнен Барнаул мен Орталық Ресейдің металлургиялық зауыттарына әртүрлі жүктер, көбінесе кен концентраты, жіберілетін.

Семей мен Павлодардан күзде және қыста жергілікті саудагерлер арқылы сатып алынған астық Омбы мен Түмен қалаларына, одан әрі Ресейдің европалық бөлігіне және шетелдерге кемелермен жіберілетін.

Коряков, Үлкен Қалқаман, Қарасу тұзды көлдерінен өндірілген тұз өзен бойындағы айлақтарға жеткізіліп, әрі қарай кемелерге тиеліп, астық тасымалы жолымен жөнелтілетін.


Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Қазақстандағы сауданың дамуы туралы жаңа не білдіңіз?

  2. Шығыс Қазақстандағы сауданың дамуы туралы жалпы тұжырым жасаңыз.

  3. Өздеріңіздің тұратын жеріңіздегі сауданың дамуы туралы біліңіз.

Дәріс 3. Шығыс Қазақстан Ресей империясының әкімшілік территориялыық жүйесінде

XIX ғасырдың реформа кезеңіндегі Шығыс Қазақстан. XIX ғ. I-жартысында Қазақстан тарихында бетбұрысты кезең болды. Патша өкіметінің белсенді саясаты Даланың жаңа территорияларын Ресей империясының құрамына қосумен байланысты болды. Осы аймақтарда ары қарай орнығу мақсатымен патша өкіметі бірнеше әкімшілік реформалар жүргізді. Оның ең алғашқылары билеудің ерте формаларын жоюға бағытталды.

1822 жылы I Александр қабылдаған “Сібір қырғыздарының жарғысы” бойынша орталығы Тобольск болған Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрылды. Генерал-губернаторлықты құрамында Тобольск, Том және Омбы облыстары кірді. Орта жүз территориясы Сібір қырғыздарының облысы деп өзгертіліп Омбы облысының құрамына енгізілді. 1839 жылы генерал-гебернаторлықтың орталығы Омбыға ауыстырылды.

Жарғы бойыншы Сібір қырғыздарының облысы ішкі және сыртқы округтарға бөлінді. Омбы, Петропавловск, Семипалатинск, Усть-Каменогорск қалаларына жақын орналасқан аймақтардағы қазақтар ішкі округтер құрамына кірді. Сыртқы округқа Ертістің арғы жағында көшіп жүрген қазақтар кірді. 1822-1831 жылдар аралығында: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1832), Үш-Бұлақ (1833), Аман-Қарағай (1834) округтары құрылды. 40-50 жылдары Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтары ашылды. Ішкі округтар: Омск, Петропавловск, Семипалатинск және Усть-Каменогорск 1822 жылы құрылды. Округтарды аға сұлтандар басқарды. Сонымен қатар, әкімшілік, полиция және сот шоғырланған округтік приказдар (қазақша «дуан») құрылды. “Жарғы” бойынша аға сұлтан лауазымына тек қана беделді, өкімет сенімін алған Шыңғыс тұқымдары ғана үміттенді. Мұндай жағдай қазақтарды қанағаттандырмады. Осылай, Баянауыл округы құрылғанда аға сұлтан лауазымына Бопы Тәтенов тағайындалды. Алайда бұған Шоң би бастаған қазақтар наразы болып округтің ашылу салтанатында халық екі жікке бөлінді. Округ ашылды, алайда аға сұлтан лауазымына ешкім сайланбады. Екі айдан кейін аға сұлтан лауазымына Шоң Едігенов биді тағайындау туралы хат келді. Ол қарасүйектен шыққан ең бірінші аға-сұлтан болды. 1849 жылы өзінің қызметтік бабын асыра сілтегені үшін майор Құсбек Таукинді қызметінен алып тастағаннан кейін аға сұлтан лауазымына Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы сайланды. 1846 жылдың өзінде оған болашақ болыс билеушісі ретінде бірінші офицерлік шен беріліп, 342 рубль 85,5 копейка жалақы төленіп тұрды.

1838 жылдың сәуір айында император I Николай “Сібір қырғыздарын жекелей басқару жөніндегі аса жоғары бекітілген ережеге” қол қойды. Осыған орай, Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының әкімшілік-территориялық бөлінуі кезінде өзгерістер болды. Омбы облысы таратылып Тобольск губерниясына қосылды. Семей және Өскемен Том губерниясының Бийск уезіне қаратылды.

Ертістің оң жағалауына өткен қазақ руларын басқаруды оңтайландыру үшін 1854 жылы 9 мамырда «Семей облысын басқару туралы ереже» қабылданды. Том губерниясының территориясында жаңа құрылған Семей облысының құрамына енген Семей ішкі округы құрылды. Жарғы бойынша 1854 жылы 29 мамырда Том губерниясының жартысы мен Ертіс пен Балқаш көл аралығындағы далалық жерлерде Семей облысы құрылды. Оның құрамына Көкпекті, Аягөз ішкі округтарының әскери қоныстары, Семей, Өскемен, Бұқтырма бекіністері, Ертістің оң жағалауында көшіп жүрген қазақтардың жерлері енді. 1854 жылы 1 қазанда облыстың салтанатты ашылуы өтті. Қала думасы, сот, елтаңба белгіленді.

Семей қаласының бірінші әскери губернаторы болып полковник Петр Спиридонов тағайындалды. 1867-68 жылдары патша үкіметі Қазақстан территориясыда қазақтар «жаңа низам» деп атаған жаңа әкімшілік реформа жүргізді. Үш генерал губернаторлық құрылды. 1868 жылы реформа бойынша Семей облысы бұрынғыдай Батыс-Сібір губернаторлықтың құрамында қалды, ал 1891 жылы Дала генерал губернаторлығына қосылды. Оның әкімшілік орталығы Омбы қаласы болды. Семей облысының құрамына Қарқаралы, Павлодар, Зайсан, Өскемен, Семей уездері кірді.



2. Губернаторлар және қала басшылары. Қиырдағы Семей облысына төтенше жағдайларда тез қимылдайтын мықты әскери билік керек болды. Облысты Сібір казак әскері бөлімдерінің қолбасшысы болып табылатын әскери губернаторлар басқарды. Әскери губернатор лауазымына үміткерлер генерал-майорлардан алынды. Әскери губернаторларының әрқайсысы Семей облысының тарихына өз ізін қалдырды. Семей облысының бірінші әскери губернаторы палковник П.М.Спиридонов болды. А.Е.Врангельдің естеліктерінде бұл қарапайым адам болған және Ф.М.Достоевскиймен танысқаннан кейін оны ұнатып, оған көмегін аямаған. Соның арқасында айдаудағы жазушы үшін Семейдің «жоғары қоғамы үйлерінің есіктері ашылды». Достоевскийдің хаттарында Спиридонов жиі аталады.

1868 жылы әскери губернатор болып В.А.Полторацкий тағайындалды. Тамаша офицер, көптеген әскери кампаниялар мен Қырым соғысына қатысқан ол, біздің өңірге бұрында бірнеше рет келген. Аймақтағы жағдаймен жақсы таныс болды. Ресейге қосылған Орта Азиялық иеліктерге жасалған экспедициялардың сәтті өтуіне септігін тигізген. Аймақтағы жағдайды толық білуі, оның бұл лауазымға тағайындалуының ең басты себебі болған. Әскери губернатор болып 10 жылдай қызмет жасады. Оның губернаторлық кезеңі 60-70 жылдардығы реформаны енгізу кезеңіне тұспа тұс келді. Көптеген марапаттар: 1-санаттағы Әулие Станислав (1870) және 1-санаттағы Әулие Анна ордендерін (1872) алды. Оның жұбайы Любовь Констаниновна жоғары білімді және жан-жақты әйел болды. Ол Қазақстанның солтүстік-шығысына саяхат жасап, өзінің көрген білгендерін фотаға түсіріп, ғылыми журналдарда мақалалар және очерктер жариялап отырды.

А.П.Проценконың губернаторлық кезеңінде [1878-1883 ж.ж.], оның белсенді араласуымен Семей аймағында ең бірінші мұражай және көпшілікке арналған кітапхана ашылды. 1891 жылдан бастап әскери губернатор А.Ф.Карпов болды. Оның кезеңінде Заречное Слободада Семей Қырғыз православиялық миссиясы ашылды.

1898 жылы ол Семей облыстық статистикалық комитетінің хатшысы Н.Я.Коншиннің Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесін құру идеясын қолдап, 1902 жылдың сәуір айында аяқталған бұл үрдіске өзі губернатор лауазымынан кеткенге дейін оның жұмысына қолдау көрсетті. Әскери губернаторларға басқаруға берілген аймақтың тыныштығы үшін толық жауапкершілік жүктелді. Нақты қауіпті жағдайда генерал-губернаторға хабарлауға міндетті болды. Жұмыстардың жағдайын білу мақсатында губернаторлар уездерге шығып, тексеру жасап отырды және оған берілген облыс бойынша жыл сайын есеп берді. Мысалы, әскери губернатор В.А.Полтарацкийдің 1873 жылға берген есебінде халық сауаттылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. 1879 жылғы есепте генерал майор А.П.Проценко облыстағы тұрғындардың саны мен сапасы, жер өңдеу жағдайы, мал шаруашылығы, сауда, білім беру туралы мәліметтер келтіреді.

Облыстағы тұрғындардың саяси көңіл күйлерін бақылауды генерал губернаторлар полицеймеистерлер жұмысының көмегімен жүзеге асырды. Әскери губернатор Г.А. Колпаковский тұрғындар санына байланысты 1899 жылы 7 ақпанда Семей, Өскемен, Павлодар қалаларында полицей бөлімдерінің құрамын көбейту туралы Полиция департаментіне ұсыныс жасады.

Ішкі істер министрлігіне жылына екі рет жер аударылғандардың жағдайы туралы толық мәлімет жіберіліп отырылды. Қаржы мәселесін шеше отырып губернатор, Қаржы министрлігіне барлық кіріс пен шығыс, салық жинау нәтижесі туралы құжаттарды (жаңа өндіріс құрылысы, қоғамдық ғимараттар, жол жөніндегі жұмыстар және т.б.) ұсынып отырды. Облыс губернаторларының құзырына қаланың кез-келген қоғамдық мәселелерін шешу, жаңа шіркеулер, мешіттер, мектептер және т.б. салу жұмыстарына қаржы бөлу де кірді. Қырғыздардың сауатын ашу, олардың ахуалы және араларындағы азаматтық мәселелерді шешу міндеті де оларға тапсырылды.

Әскери губернаторлардың жанынан, олардың өздеріне ғана бағынышты ерекше өкілетті инспектор-шенеуніктер лауазымы тағайындалды.

Қала думасы мен қала басқармасының міндетіне қалалық шаруашылықты басқару, қаланы абаттандыруды қадағалау, тұрғындарды азық–түлікпен қамтамасыз ету, сауда мен өндірісті дамыту үшін шаралар қабылдау, тұрғындардың денсаулығын қорғауға атсалысу, оқу орындарына, мәдени орындарға көмек көрсету, үкіметке жергілікті қажеттіліктерге байланысты мәліметтер тапсыру міндеттері кірді. Он жыл шамасында қала бастығы қызметін Семейдің белгілі саудагерлер отбасынан шыққан П.Ф.Плещеев атқарды. Прокопий Плещеевтің арқасында Семейге ең бірінші электор қуаты, су құбыры келді, жеке меншік “Семипалатинский листок” газеті шыға бастады. Оның табандылығының және қаражатының арқасында әйелдер гимназиясы ашылды. Александр Невский атындағы шіркеу іске қосылды және т.б. шаралар жүзеге асырылды.

Әскери губернаторлыққа уақытша тағайындалған И.Н.Соколовский П.В.Плещеевтің Семейде ең бірінші жеке меншік газетті ашу ниетін қолдай отырып, ол туралы дала генерал губернаторы Н.Н.Сухотинге былай мінездеме береді: “Ата-тегінен беделді азамат Прокопий Феодорович Плещеев болашақ “П.Плещеев и К” сауда үйінің иесі бола тұра және комерциялық жұмыстар атқара отырып, Семейдегі ең бай адамдарының қатарына жатады. Саяси және мінез-құлық жағынан П.Плещеевтің ешқандай жағымсыз қылығы байқалмаған, жергілікті барлық қайырымдылық қоғамдарға белсенді қатысады, Плещеев тәрбие мен білімді үйден алған. Аталған мәліметтер негізінде Семейде газет шығару құқығын беруді қолдаймын, бірақ редакторлыққа тиісті білім цензі бар адамды тағайындауды ұсынамын”.

Аймақта жұмыс атқара отырып шенеуніктер оның дамына өз үлестерін қосты.



Сұрақтар

1. XIX ғасырдың өн бойында Шығыс Қазақстанда әкімшілік-территориялық құрылым қалай өзгеріп отырды?

2. Әскери губернаторлар аймақтың дамуына қандай үлес қосты?
Дәріс 4. XIХғасыр ІІ жартысындағы Шығыс Қақазқстандағы экономикалық, қоғамдық саяси және мәдени өмірі.

Қазақ халқының шаруашылық құрылымындағы өзгерістер. Отырықшылы өмір жүйесіне өтумен байланысты әлеуметтік және меншік теңсіздігі күшейді. Сырттан кәсіп іздеу етек алды. Жеткілікті малы жоқ кедейлер сырттан жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Олар қалалар, елді мекендер маңына қоныстанып, Алтай таукен округінің кеніштерінде жұмысқа жалданды. Немесе шабындық кезінде Том губерниясының шаруа қожалықтарына жалдануға үлкен топтар болып аттанды.

Осындай кәсіпшіліктің дамуы туралы оларға берілген құжаттар (уақытша паспорттар) дәлел болады. 1888 жылы осындай кәсіпшілікке 18870 құжат берілген, олардың 12731-і бірайлық, 1017-і екіайлық, 4031-і үшайлық және жартыжылдық, 1091-і бір жылдық болған. 1898 жылы осындай 25008 құжат берілген. Бұл көрсеткіштер шамамен алынған, себебі көптеген кедейлер құжатсыз жұмыс істеген.

Жалданған адамдар саны егіннің шығуына және мал шаруашылығының табыстылығына байланысты. Егер адамдар өздерін қажетті өнімдермен өмірлік маңызды заттармен қамтамасыз етсе, онда қосымша пайда табу керек болмады.

ХІХ ғ. соңында жүк тасу кәсіпшілігі дамыды. Қазақтар қашанда түйемен тасымалдауға ыңғайлы тауарларды алатын. Сонымен бірге бұл қазақтардың көшпелі салтына өте жақын болды. Тасымалмен айналысатын бай қазақтар бірнеше жұмысшы ұстайтын. Көптеген қазақтар тасымалмен өздігінен айналыса бастады. Олар орыс үлгісіндегі арбалар және ат-әбзелдер жасап жылқыларды жегінге үйретті.

Аймақтың табиғи-географиялық жағдайы бұрын онша дамымаған: ағаш кесу, шайыр қайнату сияқты және т.б. кәсіптерді жандандырды. Осы кезеңде құрылыс ағаштарының үлкен сұранысқа ие болуы - құрылыс материалдарына деген қажеттілікті күшейтті, себебі орыс халқы ғана емес, қазақтардың да отырықшылыққа көшуі үдей түсті. Қазақтар орманға кіретін билеттер алып, жазда ағаш шабумен айналысты, ал қыста соны Семей, Зайсан, Көкпекті, Өскеменге өткізді. Көптеген қазақтар өнімдерін Бұқтырма және Ертіс өзендерімен Омбыға дейін көп көлемде сал қылып ағызатын ірі орман кәсіпкерлеріне жұмысқа жалданды. Орман кәсібі тұрғындар шаруашылығында үлкен маңызға ие болды. Ол құрылыс материалдарын, қара майды, шайырды берді және орманды жердегі тұрғындардың қосымша кәсібі болды. Мұның жағымсыз жағы, әр жыл сайын көп көлемде орман ағашының шабылуы, сол себептен табиғи тепе-теңдіктің бұзылуында және климаттың өзгеруінде жатты.

2. Аңшылық, балық аулау, ара өсіру және т.б. кәсіптер. ХІХ ғ. орыс шаруаларының Ертіс жағалауына қоныстануы аң аулау, балық аулау, ара өсіру, тұз өндіру сияқты және т.б. кәсіптердің экономикалық маңызының артуына әкелді. Әсіресе, аңды бүркіт, қаршыға сияқты аушы құстармен аулау әйгілі болды. Бүркіттерді негізінен балапан кездерінде ұяларынан алатын немесе аумен ұстады, ал басқа аңшы құстарды тормен немесе жылқы қылынан жасалатын тұзақтармен ұстау әдісі қолданды. Аңшылық құстарын сол кезде сатып алуға болатын. Олар үшін көп ақша төлейтін. Мәселен, 1888 жылы Семейде бүркіт 200-300 күміс рубль болса, қыран 100-150 күміс рубль тұрған. Жылқының бағасы 8 рубль мөлшерінде болған.

Бүркітпен қоян, түлкі және қарсаққа, кейде қасқырға да шығатын. Басқа қыран құстар қаз бен үйрек аулау үшін қолданылды.

Елікті, қасқырларды төбет және тазы иттермен аулады. Мысалы, ірі аңдар – бұғы мен қасқырды атпен қуып, сойылмен ұрып өлтірді. Барлық аңшылық топтар бірнеше жүйрік аттылардан тұрды.

Кедей аңшылар жеуге жарайтын аңдарды аулады, жыртқыштарға көп шықпады. Олар аңға мылтықпен шығатын немесе қақпандар құрды. Кейде аңшылар ауланған аң терісінен өздеріне киім тікті және қалған өнімді қалалық базарларда және алып сатарларға сатты. Мысалы, Қарқаралы базарында 1888 жылы 400 түлкі терісі сатылған, біреуінің бағасы 2 рубль 50 тиыннан 5 рубльге дейін болды. Түлкіден басқа күзен, кейде аю және су құстары ауланды. Облыстың оңтүстік бөлігінде жабайы жылқы мен киіктер ауланды, етін қысқы сатылымға дайындады.

Қазақтарда аңшылық кәсіптің дамуына қатты әсер еткен оқпен атылатын қарудың тарауы болды. Орта Азия хандықтарында жасалған пілтелі мылтықтар пайдаланылды, ал кейін орыс көпестері әкелген сапалы мылтықтарды ұстады. Ол мылтықтардың бағасы өте қымбат болды, сондықтан ол тек кейбір ауқатты қазақтарда ғана болды.

Әр бұқтырмалық аңшыда бірнеше мылтықтан болды. Ірі аңға бердеңкімен, ал ұсақ аңға бытыра мылтықпен шықты. Ұзақ кәсіпке кеткен аңшылардың орманда баспаналары болды. Олар жалғыз немесе артель болып аңға шықты. Ауланған өнімді орыс көпестері сатып алып отырды.



Балық аулау. Зайсан, Марқакөл көлдерінде және Ертістің өң бойында жүргізілді. Балық аулау негізінен қазақтарда баяу дамыды. Шаруаларда онымен аз шұғылданды, себебі, барлық су ресурстары, кейбір Ертіс аңғарындағы жерлерден басқа, казак әскерлерінің иелігінде болды.

Балқаш көлі мен Шу өзенінде де балық аулаумен қазақтар айналысты.

Зайсан көлі мен Қара Ертіс өзенінің сағасы ХІХ ғасырда Сібір казак әскерінің иелігінде болды. Осы жерде «Бұқтырма әскери балық аулауы» деген қалыптасты. Балық аулау үшін алынған ақша әскер пайдасына жіберілді. Балық аулау екі кезеңде іске асырылды: көктемгісі – 15 сәуірден 15 маусым бойы және күзгісі 15 тамыздан 16 қарашаға дейін.

Балық көл және өзен балығы болып бөлінді. Балық қызыл және ақ балық болды. Қызыл балықтан бекіре, шоқыр, пілмай (шип), ақ балықтан алабұға, шортан, нәлім және аққайран ауланды.

Шаруалар балықты негізінен тау өзендерінен аулады. Балық өнімдері негізінен жергілікті қажеттілікті өтеді, кейбір бөлігі Семей облысының әр

түрлі аймақтарына, сонымен қатар Том мен Жетісу облыстарына жіберілді. Көктемде ақ балықты кептіріп, қақтады, ал қызыл балықты тұздады. Тұзды тұз дүкендерінен сатып алды, бірақ 1888 жылы мұндай дүкендер тек Өскеменде ғана қалды.

Балық аулаумен бұрыннан шұғылданғанымен казактар тұздаудың озық әдістерін білмеді. Саудаға балық майы, қара уылдырық және желім аз мөлшерде шығарылды. Дайын күйінде өнімдер ұзақ мерзімге сақталмады, сондықтан бағалылығы төмен болды.

ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында қазақтар арасанан да ірі балық кәсіпкерлері шықты. Мысалы қазақ Еламан «Николай Иванович» орыс балық кәсіпкерлерінің тәрбиеленушісі. Ол Зайсан көлінде қысқы кезенде балық аулайтын 20 жұмысшы ұстады, олар бір күнде мұз астына 150-200 ау орнататын.

ХІХ ғ. соңында Семей облысында омарта шаруашылығы дамыды, онымен негізінен көшіп келген казак және орыс шаруалары айналысты. ХІХ ғ. 90-шы ж.ж. ара өсіру Өскемен және Зайсан уездерінде қарқынды дамыды. Омарталарды Семей және Павлодар уездеріне орнату ауарайының қолайсыздығынан сәтсіздікке ұшырады. Ара өсірушілер облыстың орманды аудандарын игерді. 1900 жылы аймақта 443 омарта болды және олардан 4818 пұт бал алынды. Бал өндірілген жерлерінде алыпсатарларға өткізілді, ал негізгі өткізу орталығы Өскемен болды. Ара өсірудің дамуына аймаққа жер аударылғандардың әсері үлкен болды. Мысалы, 1894 жылы Е.Михаэлис және А.Федеров жетілдірілген омарта ойлап тапты, сол омарта Нижегород көрмесінде күміс медаль алды.

ХІХ ғ.соңы - ХХ ғ. басында Шығыс Қазақстанда тұз кәсіпшілігі дамыды. Облыста 39 тұзды көл болды. Тұз өндіру мемлекет қарамағында болмады, оны жалға алушылар өндірді. Тұз негізінен жеті көлде өндірілді: Коряков, Қарасай, Үлкен Таволжан, Кіші Таволжан, Үлкен Қалқаман, Қарабаш, Бестұз, ал қалған көлдерден тұз алу еркін деп жарияланды. Аталған көлдерден басқа да үлкенді-кішілі көлдер болды, онда тұзды қазақтар қарапайым түрмен өндірді. Тұздың жартысын өздері пайдаланды, ал қалғанын сатты немесе ұн, нан және т.б. өнімдерге айырбастады.

Семей облысы тұзбен өз көлдерінен қамтамасыз етілді. Өндірілген тұз Чернояр айлағына және Павлодар қаласына жеткізілді. Осы жерден Ертістің төменгі ағысы бойындағы Омбы, Түмен, Тобольск қалаларына және т.б. аймақтарға жеткізіліп, Сібір балық кәсіпкерлеріне сатылды. 1900 жылы жалпы құны 51950 рубль 79 тиын болатын 4827964 пұт тұз өндірілді. Павлодарда жыл сайын тұз телімдерін жеке тұлғаларға жалға беру сатылымдары ұйымдастырылатын, әр мың пұт тұзға 10-12 рубль төленді.

3. Шығыс Қазақстанда қолөнердің дамуы. Кәсіпшілікке қарағанда қолөнер Семей облысынды ХІХ ғ. соңы- ХХ ғ. басында баяу дамыды, өйткені қолөнер ауыл шаруашылығынан түпкілікті бөлініп шықпады.

1888 жылы Семей облысындағы қолөнер - шеберлерін, олардың қарамағындағы оқушылар мен жұмысшыларды қоса есептегенде 1864 адам қолөнерші болды, ол облыстың қала халқынан 5% жетті. Олардың қатарында: нан, тоқаш пісірушілер, ет сататындар, кондитерлер, тігіншілер, бөшкешілер, етікшілер, сән шеберлері, пима басушылар, тас қалаушылар, пеш салушылар, ағаш шеберлері, балташылар, жезшілер, ұсталар, ершілер, тасымалдаушылар, мал емдейтіндер, сағатшылар, күймешілер, ат әбзелдерін жасаушылар, слесарлар, тігіншілер, тер илеушілер, зергерлер және т.б. болды. Облыстағы қазақтардың 5771 қолөнерші болды.

Осы 1888 жылы казак поселкілерінде қолөнершілердің жалпы саны 621 адамға жетті.

Қазақ – ағаш ұсталарында шеберхана, арнайы құралдар болмады. Қазақ ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегін, жүк аяқтар, асадалдар, ілгіштер, екі немесе төрт дөңгелекті арбалар және т.б. көптеген заттарды жасады. Көбінесе бұл бұйымдар безендірілетін. Көптеген қазақтар орыс көшіп келушілерден ағаш өндеудің шеберліктерін үйренді. Кейбірі Семей және Өскемен қалаларында орыс ұсталарына немесе үй салушыларына оқушы болды. Мысалы, ХІХ ғ. соңында Өскеменде бастапқыда орыс шеберлерінде оқушы болған Рақымбай Кегенбаев, кейін өзі қазақ байларына ағаштан үй тұрғызып, орыс үлгісіндегі тұрмыстық бұйымдар жасады. Ол толық фабрикалық ағаш өндейтін құралдарға ие болды, тіпті токарь станогі де болды. Бірақ мұндай шеберлер көп емес еді.

Жергілікті отырықшылық орыс шаруаларымен қазақтарда ағаш өндеу қолөнері дамыды. Балшық илеумен облыстың бүкіл тұрғындары шұғылданды.

Көшіп келушілер қолөнерге бір шама өзгешіліктер әкелі. Көптеген қазақтар орыс тері илеушілерінде жұмыс жасады, теріні таза орыс тәсілімен илеп үйренді. Дөңгелекті көліктің дамуына байланысты қазақтарда орыс ат әбзелдеріне сұраныс көбейді. Ол осы саладағы істің дамуына әер етті. Ат әбзелдерін жасау ісінде бастапқыда қазақтар орыстарға жалданып жұмыс жасады, ал кейін олардың тәжәрибесін өздері үйреніп пайдаланды.

Кейбір қазақтар пима басуды орыстан үйренді. Кейіннен өздері қазақтардың және орыстардың тапсырыстарын орындады.

Өзгерістер ұсталық қолөнерде де болды. Қазақ ұсталары орыс көршілерінен орыс үлгісіндегі кейбір тұрмыстық заттарды жасап үйренді. Олар таға, орақ соқты, атты орысша тағалауды, арбаның дөңгелегіне шен темірді тартуды, бороналарға темір тіс, ағаш соқаларға темірден түрен салуды үйренді.

Қазақ қолөнершілері өз өнімдерін отырықшы қоныстардың базарларына немесе жәрмеңкелерге сатылымға мүлде аз шығарды, онда да бұлар осы елді мекендерге жақын тұратындар. Қаладан алыс тұратын қолөнершілер тек тапсырыс бойынша жұмыс жасады, тапсырысты тапсырыс берушінің үйінде тұрып, ауылында орындады.
Сұрақтар мен тапсырмалар.


  1. ХІХ ғ. Шығыс Қазақстанда қандай жаңа кәсіптер мен қолөнер дамыды?

  2. Ол немен байланысты болды?

  3. Көшіп келушілердің қазақ кәсібіне тигізген ықпалы қандай?

Дәріс 5. ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстан

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап өлке біртіндеп бүкілресейлік қоғамдық еңбек бөлінісіне еніп, бүкілресейлік және әлемдік саудаға тартылды. Ресейдің алдыңғы қатарлы экономикасының әсерімен Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп дамыды, қалалар пайда болды, темір жолдар салынды, жұмысшы табының ұлттық кадрлары пайда бола бастады.



1.Аграрлық сектор. Өлкедегі қазақ халқының негізгі бөлігі бұрынғысынша басты кәсібі мен күн көріс көзі болып келген мал шаруашылығымен айналысты. 1897 жылғы санақ бойынша Семей облысының халқының 80% мал шаруашылығымен айналысты. Мал табындарының 60% қой құрады, жалпы малдың ішінде жылқының үлес салмағы 19,4%, мүйізді ірі қара – 13,8% болды.

Дегенімен, қоныс аударушылардың ғана арасында емес, жергілікті тұрғындардың да арасында жер өңдеумен айналысатындардың саны көбейе берді. Бұған, әсіресе XIX ғасырдың аяғында Ұлы Сібір теміржол магистралінің салынуына байланысты Ресейдің орталық аудандарынан, шаруалардың қоныс аударуы ықпал етті.

Қоныс аударғандардың үлкен бөлігі Ертіс алқабы мен оның оң жақ салаларында, Белағаш даласында мекендеді. ХХ ғ. басында олар Ертістің сол жағалауына, әсіресе Қалба жотасы мен Тарбағатайдың бөктеріне қоныстанды.

Егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың саны кейбір уездерде 60% жететін, бірақ егістік жер көлемі шағын болатын. Малдан айырылып қалған немесе малы азайған, қалаға жақын тұратын қазақтар егіншілікпен айналыса бастады. Құжаттар бойынша олар жыл сайын 1-ден 10 десятинаға дейін жер өңдеді.

Жерді өңдеу үшін олар көбінесе соқа мен тіс ағаштарды пайдаланды. Астықты қолдан соққан және фабрикалық орақтармен орды, бастыру үшін айырлар, тырнауыштар, күректер қолданды. Егіншілік құралдарының көбі ұсталардың қолдан соғылған өнімі болды, тек азғантай бөлігі ғана фабрикаларда жасалды.

XIX ғ. аяғында Ресейдің зауыттарынан шыққан темір тырмаларды, дестелегіштерді, шөп машиналарын, ұшырғыштарды пайдаланды, олар әсіресе, қоныс аударғандардың арасында, жергілікті ағаштан жасалған құралдардың орнын толығымен алмастырды. Әртүрлі американдық фирмалардың «Диринг», «Мак-Кормик» және т.б. ауылшаруашылық машиналары пайда болды.

Жаңа ауылшаруашылық құрал-саймандарымен жер өңдеу тәсілдерін игеруі қазақ халқының арасында егін шаруашылығының тез таралуына әсер етті. Бидай және жем-шөп дақылдарына нарықтық сұраныстың өсуіне байланысты бидай, сұлы, арпа егістігінің көлемі ұлғайды. Күріш, бақша дақылдарының егістері кеңейеді. Қазақтар көбіне атам заманнан бері үздіксіз өсіріп келе жатқан ақбидай, қожабидай сияқты бидайдың және тарының шығымы жоғары көптеген аборигендік сорттарын еккен. Тоқырауын өзеннің бойында тұратын диханшы қаракесектер ақбидайдың «тоқырауынның бес бас бидайы» деген ерекше, бидай тарихында болмаған сортын шығарып еккен. Тоқырауын бидайының кірге салынған жүз дәнін сол кездегі ең күшті сорттар болып есептелінетін ост-индия, канада және орыс бидайларының жүз дәндерінің салмағы баса алмайтын болған. Оған кезінде белгілі орыстың агрохимик ғалымы, академик Дмитрий Николаевич Прянишниковтің өзі де таң қалған.

Кенді Алтайдың оңтүстік болыстары ең бай болып саналды. Мұнда егіншілік, мал шаруашылығы, омарташылық және т.б. әртүрлі кәсіптер (аң, балық аулау) дамыды. Бұқтырма болысында марал өсірілді.

XX ғасырдың басында мал мен егін шаруашылығы тауарлы шаруашылыққа айнала бастады да, базармен тығыз байланыста болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет