ПОӘК 042 14 03-064 2008 №1 басылым



бет10/11
Дата17.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#206236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шешімі:



Жоғарыда келтірілген кестенің мәліметі бойынша үсыныстың жалпы көлемі сүраныстың жалпы көлемінен артып кететініи көреміз. Сондықтан, бүйымдардың жетуі керектілігімен жалған бәлшектеп сәтатын дүкенін енгізу қажет. Төмен де бірінші көліктік есебі келтірілгөн.

Қордың таратып бөлінуінің бастапқы мүмкін болатын мәнін табу үшін қүнының өң төменгі әдісі және Вогелдің әдісі қолданылуы мүмкін.



Оңтайлылығын тексеру

Оңтайлылықтың тексерілуін жүзеге асыру үшін, тасымәлданудың бастапқы таратылуы базисті болып санәлама, яғни шешімі жиынтықтың рүқсат өтілетін шеткі нүктесінде бола ма, сонысын анықтау керек. Егер тасымалдәудың таратылуы базисті болып саналатын болса, ондә шек қойылудың әрқайсысына бір әйнымалы бәзисі сәйкес болуы қажет. Іп-сауда қоймаләры және п-бөлшектеп сататын дүкендері үшін (гп+п+1) байләныссыз шектеулерін қамтиды. Сондықтан, базистік шешімі көліктік есебінің (т+п-1) к,апазында орнәласуы тиіс. Егер тиімділіктің тексерісі мүмкін болса, ондә бүл демек, тасымалданудың таратылуы (т + п-1) бәйланыссыз айнымалыларын үстайды.

Тасымалданудың бастәпқы тәралуының оңтайлылығына тексеріс тасу үшін қазіргі нүсқасы ең арзан келе ме деген анықтәлуы жүргізіледі жәнө де егер бүл быләй болмаса, онда қазіргі таратылуына қандай өзгерістер енгізу керек, Оңтайлылықтың шешімдерін тексерудің екі әдісі бар: баспалдақты әдісі және Моди әдісі.

Баспалдақты әдісі. Бұл әдіс кезінде пайдаланбаған қапаз қүнының мәні, немесе шығындарының көлеңкелі жағы есептелінеді. Егер қүнның мәні оң болса, онда бос қапаздың қатыстырылуы тасуының жалпы қүнын өсіреді, ал бүл тиімді емес. Егер де қүннын мәні теріс болса, онда керісінше, яғни бос қапаздың пайдаланылуы, тасудың қүнын азайтады. Соңғысы тасымалдаудан алынған таратылу тиімді болып саналмайтындығын білдіреді және қазіргі толтырылмаған қапазыларын пайдалану кезінде ең жақсы шешімін алуға болады.

Енді бос тор үшін сатылы жолды құрайық. Ксте сақтау керек келесі теңестіруді тек толтырылған торлар арқылы жүргізуге болады. Бұл жағдайда 4 қадамнан тұратын айналым құруға мүмкіндік жоқ.Бізге қиынырақ жолын таңдауға тура келеді.Торға бір бұйым орналастырайық. Таза құндық нәтиже торына еңгізуден тең болады.

Бос торды толықтырған жағдайда тасмал құны 8 теңгеге өнді.Сондықтан қарастырған өзгерісті қолданбаймыз.Қалған бос торлар үшін жасырын баға осыған ұқсас жолман есептеледі.Алынған шешім бұрынғыдай базалық болып қала береді, себебі толтырылған тор саны 6 шешімді қолайлығына тексерейік.МОДИ әдісін қолданып (Р,С) (Р жалған) (О,В)(К,А) (К,В) және (Ж жалған) торларына үндеу салсақ:

С15= 5= Ш +УЗ тағы 1= 0, онда 3=5 С14 =0= Ш+УЗ; У4=0 сз4=0=из+У4 из=0 СЗ1=1=иЗ+У1 У1=1 С32=20=иЗ+У2 У2=20 С22=10= и2+У2 и2=-10

Сонымен бос торлардан жасырын құны тең.

5Ц-Сц-(и]+У!);

511=10-(0+1)= 9

512=20-(0+20)=0

513=2-(-10+1)=1! т.б.

Бірде жасырын көрсеткіш теріс емес болғандықтан шешім қолайлы.

Ең төменгі құн:

101+(4*(-20))=93ф.ст



Шешімі:

  1. 6 бұйым Р складтан С дүкеніне аударылады. 3 бұйым Р складта қалады.

  2. 4 бұйым О складтан В дүкеніне тасмалданады.

  3. К складтан 3 бұйым А дүкеніне, 4 бұйым қоймада қалады.

Қайта үлестіру қолайсыз болған жағдайда, қайта үлестіруді бірнеше рет қайталау керек.

Сонымен нақты нысанда тасмал есептерін қалай шығару керек екенін көрсеттік. Бұл әдісті тәжірбиеде қолданудың маңызы зор. Ең қолайлы жағы бұл алынған нәтиженің дұрыстығының деңгейі жоғары.Сызықтық программалаудың жеке түрі болып, тасмал есебі экономикада алатын орны зор, өнеркәсіптің түріне қарай, болашақкезеңге шешім қабылдау керек болған жағдайда.

Экономикада болып жатқан соңғы өзгерістердің бірі дайын өнім мен материалдарды қосқанымен ол өнеркәсіп компаниялары қорларды басқару және тасмалдау саясатын өзгертулері қажет.

Егер кейбір компаниялары тауарлау қоры бар болса, онда капитал, бұл тауарларда жиналған тұрып қалады.Бұл капитал компаниялар үшін жоғалылған құн, төленбеген пайыз және қолданбаған инвестициялық мүмкіндік. Сонымен қатар қорлардың болуы шығындарға соғады, себебі олардың сақталуы үшін жағдай жасау қажет, орын табу, персонал жұмысын төлеу,қорларды басқаруды жүргізу, қорларды сақтандыру қажет.

Егер компания тауарлар қорын жинайтын болса шығарылған құралдар партиясын қарастырсақ, онда құралдарды үлкен партиялармен шығару тиімдірек, бірақ бұл саясат бастапқы қорын көп жиналуына әкеледі. Қазіргі күнде көптеген компаниялардың басты мақсаты қорды басқару.болып тұр. Кейбір компанияларда қорды басқару саясаты кең таралған.Қорды басқаруды ең қарапайым үлгісі ол қордың бағасының теңдеуінде құрылған. Келтірілген үлгіде бақылау барлық жақты қамтиды.Теңдескен үлгіде қайталанған тапсырыс қордың деңгейі анықталады.

Айналым жүйесінде бекітілген уақыт арақашықтығы белгіленді.Бұл уақыт ішінде қанша әр түрлі мөлшерде өнім тапсырылады.Келтірілген үлгіде қорды басқарудың негізгі үлгілері келтіріліп отыр: негізгі үлгі және оның модефикациясы өнімнің бірлігінің мүмкін дефицитін ауыстыру үшін.

Сыртқы жеткізушімен немесе құралдарды шығарумен байланысқан қорды басқару мәселесі барлық компанияларда туады.

Қорларды басқару кез келген үлгіде қордың өзгеруі айналымдық үлгімен өзгереді. Қордың деңгейінің түсімі сұраныс үлгісімен анықталады. Кейбір нүктеде қорды толықтыру үшін қорға тапсырыс жасалады.Жеткізу уақыты деп аталатын кезең өткеннен кейін, тапсырыс жеткізіліп қор толтырылынады.Бұдан кейін қор айналымының жаңа кезеңі басталады.

Қорды басқарудың негізгі үлгісін қарастыру үшін:


  • өнімге сұраныс қалыпты немесе қалыптыға жақын.Егер қорды пайдалану коэфицнті қалыпты болса, онда қордың деңгейі қалыпты азаяды.

  • Жеткізу уақыты анық және қалыпты десек, онда тапсырысы уақыт және қордың көлемі белгілі нүктеде жасауға болады, яғни қор нөлге тең болғанда жасауға болады.

  • Қордың болмауы мүмкін емес.

  • Айналым бойынша қор өнімінің тұрақты санына бөлінеді

Айналымның бәрі бірдей. Өнімнің максимал мөлшері, қор мөлшеріне тең.Егер сыртқы жеткізушіден тапсырыс жасалынса, ол тапсырыс беруші үшін шығындарға әкеледі.Қорды сақтау үшін жағдай жасалуы керек, сондықтан бұл жерден әр түрлі шығындардың пайда болуы тұрақты және өзгермелі.бірақ келтірілген үлгі бойынша өзгермелі шығындар басты рөл атқарады.

Қордың жылдық жалпы құны=жылдық тапсырманың жалпы құны+ жалпы жылдық қорды сақтау шығындары.

Егер өнімде 0 бірлікті жылына құраса, ал тапсырыс я бірлігіне берілсе, онда жылдық тапсырыс=0/я;

Жылдық тапсырыс беру= бір тапсырыс беру құны* жылдық тапсырыс беру саны=С^*(^/^).

Қордың бір бөлігінің сақтау құны (СЬ) бекітіліп көрсетілген ретінде немесе жалпы құны пацыз ретінде есептелінеді әртүрлі компанияларда шығыстарды есептеудің әртүрлі әдістері ққолданылады, бірақ (СЬ) пайыз мөлшерін көрсетеді.

Дәріс 13. Экономикалық зерттеулерде математикалық статистиканың әдісі.


  1. Эконометриканың негізгі міндеттері.

  2. Мәліметтерді алу тәсілдері.

  3. Статистикалық мәліметтерді жинау әдісі.

  4. Статистикалық мәліметтерді өңдеу әдістері.

Гипотизаларды зерттеу экономикада жиі статистикаға сүйенеді. Бұл әдістер экономиканың негізгі бөлігі. Эконометрика- экономикалық процесстерді сандық жағынан қарастыратын ғылым. Эконометрика экономикадағы заңдылықтарды ықтималдық теориямен математикалық статистиканың көмегімен зерттейді.Экономикадағы заңдылықтар байланыстар түрінде белгіленеді.

Экономикалық зерттеудің басты элементі- ол талдау және экономикалық өзгермелерінің байланысы мындай байланыстарды зертеуді олардың функционалды болмағанымен қиындатылған, себебі, біріншіден көптеген мындай байланыстар кездейсоқ болады, екіншіден байланысқа әсер ететін барлық факторларды анықтау қиын, үшіншіден, экономистерде статистикалық бақылау мәліметтеррі шектелген.

Кез-келген экономикалық зерттеу теориямен практикалық байланысуын талаб етеді. Біз теориялық модельдерді қолданып баулыған модельдерді сипаттайды.

Статистикалық талдау негізінде әрқашан мына сұрақтар туады:


  • Қандай модельдердің жалпы түрін қолдануға болады?

  • Құрылымда қандай қателер бар және талдауға қалай әсер етеді?

  • Аномалдық белгілер кездесе ме, оларды жою керек пе?

  • Жойылған көрсеткіштер бастапқы модельге қандай әсерін тигізеді?

Бұл сұрақтарды дұрыс модель таңдау арқылы шешуге болады.

Статистикалық талдау кезінде 4 негізгі этап белгіленеді:



  1. Мәліметтерді бастапқы өңдеу, мәліметтерді керекті күйге келтіру сапасын тексеру.

  2. Алдын-ала талдау, мәліметтердің жалпы күйін анықтау үшін, алдын-ала талдау графикалық әдіспен немесе кесте құру арқылы жүргізіледі.

  3. Нәтижелік талдау, қортындыға негіз алу үшін.

  4. Нақты және қысқа қорытынды шығару

Ондай топтарға бөлу пайдалы, бірақ оны қатып қалған қағида деп санауға болмайды, себебі алдын-ала талдау нәтижесі көрсеткіштерді көрсетеді, сондай-ақ нәтижесін талдау кезінде сәйкессіздіктердің болуы мүмкін.

Талдаудың бір түрі әртүрлі талдауда қолдана беріледі. Мәселен, регрессиялық талдау, мәлімет алудың келесі әдістері бар.

Тәжірибие. Бұл жағдайда қарастырылатын жүйе зерттеушімен жасалған және онымен бақыланады.

Іріктеу бақылау онда іріктеу зерттеушімен, нақты әдістер арқылы жүргізіледі, бұл әдістерге рандомизазия жасалады.

Іріктеу кезінде бақыланатын объектің қасиеттері анықталады. Пассивтік бақылауда әр түрлі қиыншылықтар кездеседі.

Бақыланатын болашақ зерттеу. Жекеленген топ, зерттеушілермен алынған, бірнеше бақыланатын өзгермеден тұрады, олардың уақыттағы өзгерісін бақылайды.

Бақыланатын, ретроспиктивті зерттеу және объектінің бір жағынан өзгеруін, екінші жағынан шығу тарихын зерттейді.

Статистикалық талдау әдісі.

Экономикалық талдау мақсаты экономикалық объектінің табиғатын білу, сырқы өзгерістердің байланысын анықтау, бұл зерттеу мәліметтерін басқаруға және экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Ол үшін міндетке сәйкес әдіс керек, объектінің сапасын немесе сандық жағын қарастыратын .

Талдаудың әдістерін кейбір қасиеттер бойынша топқа бөлуге болады.

Ықтималды және сипаттайтын көрсеткіш әдістер болып бөлінеді: көрсеткіш әдістерде ықтимал кездеспей немесе оған мән берілмейді, келесі әдістер ықтималдық үлкен мән беріледі, ықтимал моделі, ықтимал қасиеттері , ықтимал бағалау т.б

Көрсеткіш статистикасы анық түрде ықтималдықтарды қолданбайды. Көрсеткіш статистикасы графикалық әдіс қолдану үшін мәліметтерді қолданады. Бастапқы кезде және нәтиже шығару кезде графикалық әдісті қолданудың маңызы зор. Қазіргі кездегі компьютерлік заманда графикалық әдісті пайдалынып, күрделі байланыстарға, әсіресе көп өлшемді байланыстарды талдау жасауға болады. Ықтимал статистикалық және көрсеткіш статистикасының арасында қатал айырмашылығы жоқ. Кейбір есептеулер, графикалық талдаулар ықтимал статистика негізінде жасалады.

Сандық және графикалық әдістердің арасындағы екі айырмашылық анализдің соңғы кезеңі ықтималдың талдауда соңғы нәтиже сандық сипатта болады, ал графикалық әдіс қосалқы болып саналады. Талдаудың басқа түрлерінде екі әдісте қолданылады.

Статистикалық мәліметтерді дайындау және жинау.

Экономикалық мәліметтерді жинаудың мақсаты шешім қабылдау үшін ақпарат жинау. Шешім қабылдау талдауы көкейназ және сандық экономикалық модель арқылы жүзеге асады. Сондықтан дәл осындай ақпарат жинау қажет.

Кез келген экономикалық мәлімет объект туралы сандық көрсеткіштерден құралған, ол көптеген себептердің нәтижесінде қалыптасады, олардың барлығы сыртқы бақылауға келмейді. Кейбір бақыланбайтын көрсеткіштер кездейсоқ шама қабылдайды, сонымен кездейсоқ мәлімет қалыптасады. Кездейсоқ экономикалық мәлімет стохастикалық табиғатты оған сәкес статистикалық мәліметтерді қолдануды талап етеді.

Экономикалық мәліметтерді жинаудың әр түрлі әдістері бар: сұрау жүргізу, анкета жүргізу, интервью алу арқылы ресми статистикалық мәлімет алу арқылы. Содан кейін алынған мәліметтерді байланыстырып жүйеге келтіру керек. Бұл байланыстыру жиналған мәліметтерді бір өлшем бірлікке арқылы жүзеге асады. Тіркеу қатарымен жазылған экономикалық мәліметтерге талдау жасау қиынға соғады. Статистикалық мақсатты бір мәліметтерді дұрыс қолайлы жүйеге келтіру. Бұл үшін жүйеге келтірудің келесі әдістері қолданылады: өсуі бойынша, көрсеткіштердің сәйкестігі бойынша., ара қашықтығы бойынша, жиналған мәліметтер графикалық, кестелік, диаграмалық т.б әртүрлі арқылы көрсетіледі.
Жиналған мәліметтерді талдау.

Статистикалық зеттеудің басты мақсаты мәліметтер арасындағы байланысты анықтау және оны шешім қабылданған кезде қолдану.

Статистикалық мәліметтер дегеніміз – бақыланатын мәліметтер жиындығ бір не бірнеше өзгермелердің экономикалық объекті немесе құбылыс сипатталады. Статистикалық талдау негізін ықтималдық және кездейсоқ ұғымдары құрайды.

Кездейсоқ-айнымалы – ол кездейсоқ шамалардың әсерінен белгіленген ықтималдықпен көп санның ішінен кез келгенін қабылдай алады. Ықтималдық деп – қолайлы оқиғалар жиынтығын атаймыз.Дискретті кездейсоқ және үздіксіз кездейсоқ шамасымен ажыратылады.Егер бақыланатын нәтиже жақсы сандар жиынтығы болса, онда ол шамалар дискретті.

Экономикалық модельге кездейсоқ шамаларды еңгізу он детерминациясын бұзады.
Экономикалық модельдерді тексеру.

Экономикалық модельдерді тексеру- бұл біріншіден оның нақты мәліметтермен қаншалықты үлгерімінденін тексері. Ол үшін эмпирикалық мәліметтер бойынша әр түрлі мінездемелер қолданылады,

Экономикалық мәліметтер көмегімен параметрлерді бағалау ғана емес бұрын белгілі болмаған эмперикалық заңдылықтарды анықтауға болады.

Содан кейін шығарылған заңдылықтардың негізінде сәйкес теориялық модельдерді құру.


Экономикалық талдау қорытындысын шығару.

Талдаудың қорытындысы талдаулық мақсаттарынан шығады. Міндетті талаб оның ұғынықты және нақты болуы.Бұл кезеңде мәліметтерді сандық түрінде беру ыңғайлы көркемді болу үшін графикалық түрде көрсетуге болады.

Графикалық әдіс, әсіресе ыңғайлы және маңызды сапалы жағын бағалау кезінде, бірақ қорытынды шешімдер сандық мәнде берген дұрыс.Графикалық түрден сандық түрге ауыстыру қатенің көп кетуіне әкеліп соғады.

Графикалық әдіс әсіресе ыңғайлы және маңызды сапалық шағын бағалау гнегізінде бірақ қорытынды шешімдер сандық мәнде берген дұрыс.Графикалық түрден сандық түрге ауыстыру қатенің көп кетуіне әкеледі.


Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік және ұйымдастырушылық сұрақтары.

Бағдарламалық-әдістемелік сұрақтар мен статистикалық бақылаудың мақсаты бақылау объектісі және бақылау бірлігі анықталады, және бақылау бірлігін сипаттайтын белгілер шеңері.

Ұйымдастыру сұрақтарына бақылау жұргізілетін орыны және уақыты кіреді.

Стратегиялық статистикалық бақылау объектісі зерттеуге жататын әлеуметтік құчбылыстармен процесстер жиынтығы.Бақылау бірлігі- статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігі .Мысалы, өнеркәсіпті зерттемек ойда бақылау объектісі (зерзат) ҚР-сындағы өнеркәсіп орындар, ал бақылау бірлігі ол цех бөліміне т.б.

Стратегиялық белгі- нақты қасиеті, сапасы.,айырым белгісі.

Бағдарламаны іске асыру үшін статистикалық нұсұау жасалынылады.Ол бақылауды жүргізу нұсқауларын және мәліметтерді, бланктерді құжаттарды тіркеу нұсқаулардан тұрады.Тіркеу мәліметтері ол анкеталар, табельдар, есеп қазіргі кезде электронды ақпарат кең таралған.


Статистикалық бақылау түрлері.

  1. Жиынтық белгілерінің қамтуына қарай: жаппай және жартылай.

  2. уақытына қарай: үздіксіз,ағымдағы, үзілісті, кезеңдік болып бөлінеді.

  3. Ұйымдастыруына қарай: арнайы стратегиялық бақылау және есеп беру.

  4. Мәліметтер көзіне қарай: тікелей бақылау және құжаттық бақылау,сауалнама жүргізу.

Жаппай бақылау кезінде зерттеуге жататын бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады.Ішінара бақылау егер жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала реттеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелген болса онда осы ішінара бақылау деп аталады.

Жеке ауқымдық (монографиялық) бақылау егер жеке құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта гежей тегжейлі, жан-жақты зерттелетін айқын жазу арқылы көрсетілетін болса онда бұл бақылауды монографиялық деп атаймыз.Егер зерттеу жұмыстары белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса онда ол кезеңдік және мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір рет жүргізілсе онда оны бір жолғы бақылау деп атаймыз.

Біздің қоғамымызда статистикалық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Демек есеп беру деп кәсіпорындар, ұйымдар өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгілі уақыт аралығында керекті мәселелерді статистикалық органдарына тапсырып отыруды айтамыз.Мерзімге қарай кезеңдік және жылдық болып екі түрге бөлінеді.

Мәліметтің келіп түсуіне қарай почталық және телеграфты болып екіге бөлінеді.Есеп беру жедел бақылауды іске асыру үшін қажет. Нарықтық эконмикаға өту кезінде ҚР-сы ұлттық статистика агенттігі және қаржы министрлігімен бірлесе ортырып республикамызда қолданылатын есеп беруге өзгерістер еңгізді.Және сандық сапалық жақтарын қарастырды.


Статистикалық мәліметтерді өңдеу.

Статистика ғылым ретінде жалпы әлеуметтік-экономикалық құрылыстарды қарастырды.Біріншіден статистикалық қоғамдық құбылыстармен пролцесстердің мөлшерін зерттейді, сандық жағдайын зерттей отырып сапалық жағын да қарастырады, екіншіден статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерін сандық көрсеткіштерінің өзгеруі арқылы ақпаратты көрсетеді,үшіншіден статистика қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстарын және пропорцияларын зерттейді.

Статистикалық белгілер жиынтығы әртүрлі мәңге ие болады.

Осы статистикалық өзгермелік деп атайды.Сондықтан статистика мақсаты осындай өзгермеліктерді зерттеу болып табылады.

Сонымен статистика қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процесін ондағы сапалық қарым қатынастары мен заңлықтарды сипаттау тұрғыда байланыстыра отырып оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын знрттейтін қоғамдық ғылым.

Басқа ғылымдар сияқты статистиканың өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар, ол әдістер өздерінің қолданылуына қарай үш сатыға бөлінеді, олар мыналар:



  1. Сатистикалық бақылау

  2. Жиналған мәліметтерді өңдеу

  3. Талдау және қорытынды жасау.

Статистикалық мәліметтерді өңдеу топтауды қарастырады.Топтау ол жиналған мәліметтерді өзінің қажеттері бойынша топтарға бөлу болып табылады.Статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жиналған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұстанымдар жасауды айтады.
Статистикалық ақпарат алу құралы.

Статистикалық ақпарат бастапқы статистикалық мәлімет бақылау нәтижесінде алынған, өңделген және қорытынды шығарылған статистикалық ақпарат алу және бақылау жүргізудегі күрделі болып келекді.Мында ақпарат алу сұрақ қоюдан басталады.Содан кейін статистикалық бақылау басталады.Белгілі кезеңдерден тұратын статистикалық бақылау, содан кейін талдау және қорытынды шығару сонымен ақпарат алып белгілі теориялар дәлелденеді немесе қарама қарсылықтар пайда болады.

Экономикалық теория экономикалық ақпарат алу көзі болып табылады. Экономиканы жүргізу бұл адамның қанағаттандыратын өсім шығару.осымен екі ұғым байланысты өндіру және тұтыну.Қазіргі экономикада бұл ұғымдар кеңейген , мысалы: өңдіру, кірісті реттеп тарату, кірісті пайдалану.Бақылаудың келесі түрлері белгілі:Жаппай және ішінара, бастапқы және сұрау жүргізумен алу талдау жасау және өңдеу статистикалық негізгі әдістер арқылы жүргізіледі.Қорытынды диаграмма, кесте ретінде жасалады.Кесте мен диаграмма қойылған сұраққа жауап ретінде қабылдауға болмайды, сондықтан талдау қажет.

Талдау- статистикалық әдістерді жақсы білуді талап етеді және көп субъектіні талап етеді.


Дәріс 14. Статистикалық әдіснама ерекшеліктері.

  1. Жаппай бақылау әдісі

  2. Статистикалық топтастыру әдісі

  3. Талдаудың негізгі кезеңдері


Статистикалық әдістер

Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді. Олар мыналар:



  1. статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;

  2. жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтпау, өңдеу және жинақтау;

  3. жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.

Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.

Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады.

Статистикалық бақылаудың алдында мынадай талаптар толық орындалуы тиіс:



  • Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

  • Жалпы жиынттыққа әсерін тигізетін есептерді анықтауы қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан-жақты, құыпты түрде, әрі өз уақытында тексерулуі тиіс.

  • Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын-ала жасалынған бағдарлама-әдістеме негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.

Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын қолданады. Оның біріншісі – есеп беру, екіншісі – арнайы ұйымдастырылған бақылау.

Есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұйымшалар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжатар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті орындарға тапсырып отыруды айтамыз.

Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екіге бөлінеді.



Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады

Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады.

Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді.

Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды.

Егер, жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда оны жеке ауқымды бақылау деп атайды.

Статситикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарайжалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды.

Статситикалық топтау және статистикалық кесте әдісі

Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл – статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді.

Осыған орай, статистикалық топтау бір үлгідегі, құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлінеді.

Статистикалық топтастыру мен жинақтау нәтижелері статистикалық кесте ретінде көрініс табады, ол сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет