ПОӘК 042-14-5-08. 01. 20. 05/03- 2008 №1 басылым 02. 09. 2008



бет1/3
Дата12.06.2016
өлшемі237 Kb.
#128994
  1   2   3

ПОӘК 042-14-5-08.01.20.05/03- 2008

№ 1 басылым 02.09.2008

беттің і







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



4 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-14-5-08.01.20.05/03- 2008


ОӘК

Оқытушыға арналған “Саясаттану” пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы


Редакция №




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Саясаттану»

Барлық мамандыққа арналған



ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2008




1. ӘЗІРЛЕГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ__________ Екібаев.Р.Ж.«Философия»

кафедрасының оқытушысы 01.09.2008ж.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. «Философия» кафедрасы отырысында

02.09.2008жыл, № хаттама


Кафедра меңгерушісі ____________________ /ф.ғ.к Мұқатаева.А.А./

2.2.Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

05..09. 2008 ж. № хаттама
Төраға ______________ /Колмогорова.Г.Б./

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсыныған.


8.09. 2008 ж. № хаттама
ОӘК төрағасы, бірінші проректор ______________/Молдажанова А.А./


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (немесе “ ” 2008ж. № басылым орынына енгізілді )

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



ГЛОССАРИЙ

Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Инновация-жаңалық енгізу

Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.

Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.

Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

2. Дәрістер

1.Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері

1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.

2.Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.

3.Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы.
Жоғарғы оқу орындарында студенттердің саясаттануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт болды. Саясаттану пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны Жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді.

Саясаттанудың қарастыратын мәселелерін анықтау үшін алдымен «әлеуметтік» сөзінің анықтамасы грек-латын тілдерінен «socitias» және «logos» яғни қоғам туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз.

Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді.Адамзат тарихында саясат негізі қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын саяси- әлеуметтік құбылыстар, саяси процесстер менсаяси ішкі, сыртқы, халықаралық мемлекеттік т.б. қатынастар тұрғысынан қарастырады.

Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады.

Демек саясаттану пәні қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның саяси әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы саяси әлеуметтік қатынастарды қарастырады.

Саяси - әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саяси-мәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады.

Қоғамның саяси құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған.

Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Саясаттанудың негізгі категориясы «саяси немесе саясат» ұғымы. Бұл ұғымдарға «саяси жүйе», «саяси құрылым», «саяси институт», «саяси топ», «саяси әрекет» т.б.

жиынтығы бойынша зерттеулер жасайды.

Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында жеке пән болып қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпиикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді.

ХХ ғасырда бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

Саясаттану пәні екі топты зерттеуді эмпирикалық және бихевиористік жүзеге асырады. Зерттеу негізі – саясат туралы. Оның бірнеше әдіс-тәсілдері бар.

1.Салыстырмалы әдіс- саяси құбылыстарды салыстыру арқылы,

2.Жүйелеу әдісі-күрделі құрылымдарды қарап, әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін байланыстылығын қарастырады.

3.Социологиялық әдіс-саясатты қоғам өмірінің барлық салаларына байланыстылығын анықтайды.

4.Тарихи тәсілі-саяси оқиғалар мен процестердің уақыт мезгілін еске ала отырып жүйелеу.

5.Нормативтік әдіс- табиғи құқықты іске асыруға бағытталған әдістерді айтамыз.

Саясаттанудың өзіндік түрлі қызметтері де бар. Олар: бағалау, реттеушілік, жетілдіру, болжау.

Саясаттағы «парадигма» ұғымы зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Ол ұғымның енген уақыты ХХ ғ. 20-жылдарында. (американ тарихшысы-Г.Кун.) парадигма түрлері:

1.Теологиялық парадигма-ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді.

2.Натуралистік парадигма-ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

3.Әлеуметтік парадигма-саясатың табиғаты мен пайда болуын факторлар арқылы түсіндіреді.

4.Тиімді-сыни парадигма- саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді.

Саясаттану біршама ғылымдармен Тарих, философия, этика т.б. ғылымдармен өте тығыз байланысты.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Саясат дене не, ол қашан пайда болды?

2.Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма?

3.Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері мен қызметі қандай?

4.Саясаттанудың әдіс-тәсілдері мен парадигмалары.


2.Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі қызметтері

1.Саяси ғылымның әр тарихи кезеңдерде дамуы мен құлдық, ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы.

2.Жаңа заман және марксистік саяси идеялар.

3. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.

4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.
Қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдыққұрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда болған жоқ. Саясаттың даму тарихын зерделегенде тағы бір есте болатын жайт- қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған не деген сұрақ туады.Сол мәселелерді қарастыратын болсақ........

1.Құлдық дәуірдегі саяси ойлардың дамуы мен пайда болуы адамзат қоғамы сияқты ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймады. Олардың дамуы әр кезеңде әр қилы болды. Соның ішінде Батыс мәдениетінің шоқтығы биік.Себебі ол жоғар өркениеттіліктің үлгісін көрсетті.

Шығыс елдеріндегі жоғарғы билік шектелместен монархтың, халиф, хан, патша, сұлтан, король, император т.с.с. қолында болды. Яғни билеуші халық алдында емес құдай алдында ғана есеп берді. Билік орнатылған тәртіптің, шындықтың, әділеттіктің, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелді.

Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Соның бірі Аристотель және Платон.

Платон (б.з.б. 427-347жж.) Шын есімі-Аристокл. 200 жуық еңбектері бар. Сократ мектебінен өткен. Платнның айтуынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіруі және үй салуы керек.

Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Себебі қоғамдағы қарама-қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деген уәжді айтты. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді.Олар: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания.



Аристотель болса (б.з.б. 384-322жж) Платонның ізін жалғастырушы болды. Бала оқытып, көп ізденген ғалым. Өз зерттеулерінде Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Олда жеке меншікке қарсы болды. Қоғамның тұрақтылығын жақтады.

Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдарда саясат мәселелері былайша әңгімеленеді. Ол кез феодалдық кезең. У-ХУІғғ. Созылған уақыт. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі болған кез. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйектердің қоғамдағы басқарушы рөлі басым айтылады.

Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді құдай берді. Христиан дініне көп еңбек сіңірген саяси ойшылдің бірі- А.Августин (354-430жж) Христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады.

Оның ізін жалғастырушы Ф.Аквинский (1225-1274жж) ол өзін Аристотельдің көзқарастарына бағыттады. Адам жалғыз өзі саяси тірі жәндік. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндіреді. Сондықтан патшалық билікке бағыну керек. Яғни аспанда құдай, жерде Рим папасы.

ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда болды Жас буржуазияны жақтаушылар католик шірекуінің озбырлығын әшкерелеп, адам құқығы мен ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасын саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл «гуманизм» деп аталды. Ал тарихи кезеңнің саяси өмірінде «қайта өрлеу дәуірі» деп аталды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс –реформацияның тұрғысынан сынға алды.

Қайта өрлеу дәуіінің өкілі Н.Макиавелли (1469-1527 жж) Өз шығармаларында діни көзқарасқа қарсы бола отырып, шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет ерікті болғанда ғана қуатты, абыройлы бола алады. Елдің бірлігі мен мемлекеттің қол астындағы адамдардың бірілігі де соған (мемлекетке) байланысты Мәселені саяси мақсат тұрғысынан қарастырады.

Жаңа замандағы саяси ойларда «саясат» мәселесі былайша тұжырымдалады. ХУ ғ. Буржуазиялық революция Англияда болды. Ол капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Сол заманның саяси ойшылы Томас Гоббс (1588-1679 жж). Оның ойынша мемлекет қоғамдық келісімнің негінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды Ол монархиялық мемлекеті ұнатты. Ал Франция ғалымы Шарль Луи Монтескье (1689-1775 жж) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырады. Саяси бостандық кез-келген жағдайға әсер етеді. Ал мемлекет азаматтарды өміоге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Келесі саясатты өзінше тұжырымдаған ғалым Жан Жак Руссо (1712-1778 жж) Еркіндік пен теңдіктің туын көтерген ғалым болды. Тікелей халық билігін көтерді. Депутат халық қызметшісі болуы керек.

Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған неміс классигі, философы Иммануил Кант (1724-1804 жж). Оның әлеуметтік-саяси көзқарастары әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі, қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асырады. Сондықтан қоғамдық өмірде тонау, қорлық, зорлық пен зомбылық, күштеу болмауы керек дегенді айтты.

ХУІІІ ғ.аяғы-ХІХғ. Бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Біріншісі-капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы, екнішісі-Анлгия мен Францияда және Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері.

Марксистік саяси идеялар былайша баяндалады. ХІХғ. 1-ші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Ондай пікіріді айтқан Карл Маркс (1818-1883 жж). Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді.Олар социалистік революция теориясын дамытты.

Қазақ даласындағы саяси ойшылдар : «қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай» дей келе,мемлекетті адамдар өз қажетіне жақсы жолмен құруы керектігін, бірлесу арқылы қоғамдық жолмен жақсылап өмірді қанағаттандыруы адамзаттың өзінде. Мұндай айтылғандарды Батыстың кейінгі саясат зерттеушілері орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Кез-келген қазақ даласының ғұламасын алмайық олардың саясат және халықтың саяси өмірі мен саяси билік туралы айтпағы қазақ халқының рухани мұрасында. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды.

«Біріңді қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос» , - деп ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды Өз халқының мүддесі үшін күресте достық, татуластық бірлік керектігіне назар аударды.

Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғ.аяғы-ХХғ. Басында пайда болған алғашқы интеллигенттік топ та зор ықпал етті.



ХХ ғасырдағы саяси ілімде – ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. ХХғ. Батыс елдерінде «солидаризм» ілімі өріс алды. Ондай ілімінің негізін салушы Л.Дюги (1859-1928 жж) әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі керек. Келесі бір ұғым «элитаризм». Элита деген сөз ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағына береді. Ол ұғымдарды енгізген италяндық саясаттанушылар Г.Моска (1856-1941 жж), В.Парето (1848-1923 жж). Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды. Оған қабілеті жетпейді. Сондықтан олар үшін таңдаулы адамдар тобы керек. ХХ ғасырдағы тағы бір саясат мәселесімен айналысушы Макс Вебер (1864-1920 жж). Ол плюрализм идеясын енгізді. Қоғамның барлық саласындағы идеологиялық мүдделер мен діни сананың араларындағы қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты.

Сонымен саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының тарихы-адамзат тарихының бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы үшін қажет. Оны оқып-білу-қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуының септігін тигізері сөзсіз.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?

2.Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не айтасыз?

3.Жаңа заман және қазіргі заманның саяси көзқарастары саясат туралы қандай пікірлерді айтады?

4.Қазақ даласындағы саяси ойшылдардың саясат туралы пікірлері нені меңзейді?

5.ХХ ғасырдың саяси көзқарасы саясат туралы нендей пікірлерді баяндайды


3.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет