Алимханова Мерей
Полис ( басқа грекше πόλις - қала) - Ежелгі Греция тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық және
саяси ұйымының ерекше формасы.
Ареопаг (көне грекше: Ἄρειος πάγος— «Арес төбесі») — Ежелгі
Афиныдағы кеңес, өкімет органы.
Афиныдағы Акропольдің солтүстік-батысындағы Арес төбесінде мәжілістері өткізілген,
сол төбенің
атымен аталған[1]. Жоғары аппеляциялық сот ретінде, яғни азаматтық және қылмыстық істерін
қараған.
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан,
яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.
Амфора (гр. ampni — екі жағынан, гр. рһеrо — алып келемін)— кең бүйірлі, тік,
қос тұтқалы, тар
алқымды құмыра.
Мұндай ыдыстарда шарап, зәйтүн майы мен су сақталған.
Агора ( ежелгі грекше ἀγορά ) — ежелгі грек қала- мемлекеттеріндегі базар алаңы, жалпы
азаматтық жиналыстар өтетін орын.
Оркестр (грек. оrсhestra – ежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң) – музыкалық
шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы.
Скена (гр. skene - шатыр) ежелгі грек театры.
Микен (Mycenae) – ежелден белгілі болған, Пелопонес (Грекия) түбегінің солтүстік-шығысындағы
көне қала.
Илиада (көне грекше: Ἰλιάς) — грек халқының жыры. Авторы Гомер болып есептеледі. Грек
әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып «Илиада» және «Одиссея» поэмалары саналады.
Антик
әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. «Илиада» және
«Одиссеяның» шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ,
сондықтан осы екі поэмаға
байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте «Гомер
мәселесі» деп қаралады.
Кносс (гр. Κνωσός, лат. Cnossus, ежелі атауы минойлық тілде — KA-NU-TI) - Криттағы ежелгі қала.