1
Сүйектің қызыл кемігі кесіндісі
2
Бояуы: эозин – азурмен ІІ. х400.
3
Бояу ерекшелігі: Бейтарап бояғыштар екі бояғыш қоспасынан турады: негізгі (азур 2) жəне
қышқыл (эозин). Қышқыл бояғыштарды қабылдайтын құрылымдар эозинмен боялған; барлық
жасушалардың ядролары 2 азурымен боялған
4Құрылысы
1)
синусоидты капилляр,
2)
əр түрлі даму сатысындағы эритропоэз жəне лейкопоэз жасушалары,
3)
мегакариоциттер,
4)
сүйек трабекулалары
Сүйек қызыл кемігінің құрылысы Гемопоэтикалық жəне сромалықкомпоненттермиелоидты тінді
қалыптастырады.
Стромалық компонентті: ретикулоциттер, ретикулинді талшықтар, остеогенді,
адвентицияжасушалары эндотелиоцит, адипоциттер мен макрофагтар түзеді.
ретикулоциттер – өсінділері арқылы ретикулинді талшықтармен бірлесіп тор түзіп (тор қуысында
гемопоэтикалық жасушалар орналасқан) тірек, сүйемелдеу функциясын атқарады. Негізгі заттың
компоненті III-ші типті коллагенді, ГАГ-дарды, проэластинді микрофибриллярлы ақуызды
секрециялайды, өсу факторларын бөледі;
остеогенді жасушалар – преостеобласт, остеобласттар өсу факторларын бөледі, (қанөндірілу эндостқа
жақын аймақтақарқынды жүреді);
адвентиция (тамырдың сыртқы беткейінде) жасушалары – гемопоэтикалық факторлар əсерінен
жиырылуға қабілетті, жиырылу кезінде тамырларға қан элементтері өтеді;
эндотелиоцит (тамырдың ішкі қуысын жабады) жасушасы - IV типті коллагенді, гемопоэтикалық
факторларды синтездейді. Антигенді қасиеті бар фибронектин ақуызын бөледі, субстратқа жəне
жасушалардың бір-біріне жабысуынқамтамасыз ететін;
адипоциттер - сүйек кемігінің тұрақты элементтері болып табылады;
макрофагтар - интерлейкин, простогландин, интерферонды бөледі, өсінділері арқылы синус
қабырғасына өтіп, қаннан темір қосылысты ұстап қалып (гемоглобиннің геминді бөлік құрамына
кіреді) жетіліп жатқан эритроциттерге береді. Бұзылған, толық жетілмеген жасушалар мен жасуша
қалдықтарын қалдықтарын фагоцитоздайды.
Достарыңызбен бөлісу: |