Практикалық жұмыс №4 Тақырып: «Бетон және темірбетон жұмыстарын орындауға арналған машиналар және жабдықтар, Нақты жұмыс жағдайына жабдықтарды тандау, Бетоноараластырғыш өнімділігін анықтау» Жоспар



бет4/6
Дата17.04.2024
өлшемі1.45 Mb.
#499086
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
5fan ru Бетон қоспалары мен сылақтарын дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар. Араластырғыш машиналардың қызметі мен құрамы. Араластырғыш машиналардың жіктелуі

Бетон сораптары мына белгілері бойынша жіктеледі:
а) жұмыс режиміне қарай: қоспаны периодты және үздіксіз жеткізіп беруі;
б) жетек типіне қарай: гидравликалық немесе механикалық;
в) ауысымдылығына қарай: стационарлы, жылжымалы.
Қоспаны периодты түрде беретін бетон сораптары бір немесе екі одно- и цилиндрлі болады. Гидравликалық жетекті екі цилиндрлі поршеньді бетон сораптары кеңінен қолданылады.

Үздіксіз жұмыс жасайтын бетон сораптары (шлангалы немесе перистальтикалық).
Перистальтика (грек тілінен аударғанда peristaltikos – қапсырушы, сығушы – жазық түтікшелі органдардың ішіндегі затты сыртқа шығар ауызға жылжуына ықпал ететін толқын тәрізді сығылуы.
Мұндай сораптарда бетон қоспасын бункерден сорып, қоспаны бетон жеткізушіге салу кезіндегі жұмыс процесі қатаң бетке орналастырылған иілімді шланг үстімен жұлдызшалар арқылы жүріп өтетін роликті домалату барысында онда пайда болатын серпімді деформация есебінен жүзеге асырылады.
Бұл жерде бетон қоспасы шланганың үстінен жылжымалы ролик жүріп өткеннен кейін шланганың серпімді қайта орнына келуі кезінде сорылады да, бетон жеткізушіге шланганың сығылу толқыны арқылы итеріліп түсіріледі.
Артықшылықтары: орындау және қызмет көрсету қарапайымдылығы, энергия шығынының аздығы (қоспа бірқалыпты беріледі).
Кемшіліктері: қоспа құрамы мен жылжымалылығына қойылатын талаптардың жоғарылығы; қысымның төмендігі, жеткізу алыстығының шектеулігі; жұмыс камерасы бөлігіндегі иілімді шланганың қызмет көрсету мерзімінің аздығы (2-3 мың/м3–тан кейін ауыстырып отыру керек).
Қолданылу облысы: жіңішке бетон қоспаларын және жабындардың бетон жамылғыларын орнату үшін қажетті гравийлі толықтырғышты бетон қоспаларын айдауға арналған. Жеткізу жылдамдығы n125 мм шлангамен бойымен 3,5 МПа қысымда 39 м-ге дейін биіктікке 60 м3/сағ. Бетон қоспасын төсеу орнына тасымалдау бекітпелермен бекітілген болат тұрбалардан жасалған бетон жеткізгіш бойымен жүзеге асырылады.
Бетон сораптары тарату жебелерімен жабдықталған тіркемелер мен автомобильдерге орнатылады. Жебе бетон жеткізгіш пен ақырғы тарату шлангасының тірегі қызметін атқарады. Олар жалпы ұзындығы 40 м-ге дейін, 2 немесе одан да көп звенолардан тұратын жиналмалы, телескопты, шарнирлі-бөлшектелінген болады. Шарнирлі-бөлшектелінген қарапайым және маневрлі келеді. Әртүрлі бұрышта жазыла алады (бұл бетон жеткізгішті қайта монтаждауға және ақырғы шланганы жебенің жұмыс жасау аймағының кез-келген нүктесіне бағыттауға мүмкіндік береді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет