97
жəне онымен қоса жұмысын қарқындатады. Бұдан басқа, іске
қосылатын брикет алғашқы минуттарда тыныс алу үшін қажетті оттек
шығаруды қамтамасыз етеді.
Тыныс алу қапшығы РП-4 бөліп шығаратын тыныс шығарған газды
қоспа мен оттек үшін қойма қызметін атқарады. Онда РП-4-ге жəне
артық қысым қақпағына қосылатын фланец орналасқан.
Тыныс алу
жүйесінен соңында артық ауаны шығарады, сонымен қатар тыныс алу
қапшығында су астында керекті газ көлемін ұстайды. Дорба
газтұмшаны сақтау жəне тасу үшін арналған. Оқшаулаушы
газтұмшаның бет бөлігі жеткілікті термоқорғаныс құрамындарын
қамтамасыз етпейді жəне онымен
жұмыс жасағанда қорғаныс
костюмінің капюшонын киюді ұсынады.
РП-4-те оттек қоры оқшауланған газтұмшада ауыр физикалық
жасауда 45 минут көлемінде, орта жұмыста – 70 минут, ал
тынышталған жағдайдағы жеңіл жұмыста – 3 сағатқа дейін жұмыс
жасауға мүмкіндік береді. Оқшаулағыш газтұмшада РП-4
ауыстыра
отырып үздіксіз жұмыс жасау 8 сағатқа созыла алады. Қайта жұмыс
жасау 12 сағаттық демалыстан соң ғана рұқсат етіледі, газтұмшаны
мерзімді пайдалану – күнделікті 3-4 сағаттан 2 апта бойы.
Достарыңызбен бөлісу: