Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет62/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

Сыртқы қан кету бойынша зардап шегушіге алғашқы көмек 
көрсеткенде алдымен тез арада қанды тоқтату керек. ТЖ орнында 
уақытша қан тоқтатылуы мүмкін. Бұдан кейін науқасты ауруханаға 
жіберуге болады.
Қан кету артериялы, тамырлы, майда тамырлы жəне аралас болады.
Артериялы қан кетуде ағып жатқан қан ашық қызылтүс болады, 
күшті ағынмен (фонтан болып) ағады, қанның шығуы жүрек қағысы 
ритміне сəйкес болады. Өмір үшін артериялы қан кету өте қауіпті, 
өйткені зардап шегуші бірнеше минут ішінде көп қан жоғартады 
соның əсерінен өліп кетеді. Әдетте дені сау адам 10-15 пайыз 
көлемдегі қан жоғалтуды ешқандай медициналық көмексіз көтере 
алады. 20-25 % қан жоғалту өмірге қауіпті, ал 30 % қан жоғалту өлімге 
апарады.
Аяқ немесе қолдағы артериялы қан кетуде одан жоғары тұрған 
артерияны екі үлкен саусағыңызбен, бір қолыңызбен немесе 
жұдырықпен басыңыз. Мойын маңында артериядан қан кетсе
зақымданған жерден төмен жақтағы артерияны басыңыз. 7.1-суретте 
артерияның басатын нүктелері көрсетілген. 


106
 
7.1-
сурет. Қанды тоқтату үшін артерияны басу нүктелері. 
7.2-
сурет. қысып байлау:
а – байлауға дайындық; б- бірінші қысу орамы; в – қысу орамын бекіту; в – 
соңғы түрі. 


107
 
Артерияны уақытша тоқтатудың тағы бір əдісі қан тоқтатуды бұрап 
орау (7.2-сурет). Стандартты орау құралдар жоқ болса, орнына белдік, 
орамалдар, шарфтарды айналдырып бұрап қысып байлауға болады. 
Бұрау жұмсақ ет тіндерін жəне артериялық тамырды қысады жəне қан 
кетуді тоқтатады. Мүмкіндігінше қолдан жасап алған бұрап орау 
құралын стандартты құралға ауыстырыңыз. 
Бұрап орауды істеу үшін келесі ережелерді сақтау керек: 
 
аяқты көтеру; 
 
бұрап орау кимі үстінен, жұмсақ төсемелер үстінен, бірнеше 
қабатты бинттің үстінен жасалды; 
 
бұрап орау созылады; 
 
бұрап орауды жарақаттанған жерге жақын жоғары жасалады, 
өйткені қан жоқтықты жою үшін; 
 2-
3 бұрама айналымдарын жасайды; 
 
бұраманың соңғы жағы қармақша тəріздес болады; 
 
зардап шегуші киімінің көрінетін жеріне бұрама жасалған уақытты, 
күнді, минутты жазып қою керек
 
егер бұрама дұрыс байланса, қалған жағы бозарып, қан кету 
тоқталады. 
Мамандандырылған құтқарушылар бұрама жасаған уақыты жайлы 
ақпаратты зардап шегушінің маңдайына жазуды ұсынады, өйткені 
ауруханаға апарар қысқа хат түсіп қалуы мүмкін. Дəрігерлер бұрама 
жасаған дəл уақытты оны шешу үшін білуі керек. Қыста 1 сағаттан 
көп емес уақытта бұрама тұрады, ал жаздық уақытта 2 сағаттан көп 
емес уақытта тұрады. Бұраманы жасағаннан кейін 1 сағаттан соң 
босату керек, қан айналымның қалпына келуі үшін. Егер бұраманы 
уақтылы шешпесе, терінің өлуі мүмкін. Бұл зардап шегушінің өміріне 
өте қауіпті.
Егер бұрама ретінде созылмайтын материалдар, мысалы белдік 
болса, онда бұрама айналымын жасамаған дұрыс. Оның астына 
жұмсақ мата қойып бұрама жасалады. Белдік немесе басқа да 
материалдардан жасалған бұрамада ілмек жасалады. Ілмекке таяқша 
қойып айналдырады. Ілмек жұмсақ теріні тартады, тамырларды қысып 
қан кетуді тоқтатады (7.3-сурет). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет