Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет25/57
Дата25.09.2024
өлшемі2.08 Mb.
#504010
түріПрактикум
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Жұманов Атомдық физика

n

1

2

3

қабат

K

L

M

қабық (n.l)

1s

2s

2p

3s

3p

3d

ml
ms

0
↑↓

0
↑↓

+1
↑↓

0
↑↓

-1
↑↓

0
↑↓

+1
↑↓

0
↑↓

-1
↑↓

+2
↑↓

+1
↑↓

0
↑↓

-1
↑↓

-2
↑↓

Электрон саны

2

2

6

2

6

10



Толық толтырылған қабаттармен қабықтарда L=0 және S=0, демек, J=0 болады. Мысалы, 3p-қабық: қосынды кванттық сан
және бұл жалғыз мән, сондықтан L = 0. Қосын­ды кванттық сан , сондықтан S = 0. Демек, J = 0.
Бұл маңызды нәтиже: атомының L және S кванттық сан­дарын анықтағанда толған қабықтарды ескермеуге болады.
Электрондардың күйлер бойынша үлестірілуі электрондық конфигурация деп аталады. Бұл былай белгіленеді, мысалы, Na атомының электрондық конфигурациясы:


1s22s22p63s.


Электрондармен толық толтырылған қабатты (немесе қабық­ты) тұйықталған дейді. Тұйықталған қабаттың (және қабықтың) барлық үш кванттық саны (L, S, J) нөлге тең болады. Осындай қабаттардың негізгі термдері – .
Әрбір қабықтағы электрондарды эквиваленттік электрондар деп атайды, бұлардың n және l мәндері бірдей болады.
Атомдардың химиялық және бірқатар физикалық қасиет­терінің бақыланатын периодтылығы сыртқы валенттік электрон­дардың тәртібімен түсіндіріледі. Осы периодтылық атомдардың электрондық конфигурациясының белгілі периодтылығымен, соның ішінде сыртқы электрондардың конфигурациясымен байла­нысты екендігі анықталған.

  • Хунд ережелері: Бұл эквивалентті электрондар жүйесіне (бұлардың n және l кванттық сандары бірдей) қатысты, яғни бір қабықта орналасқан электрондар үшін ережелер:

  1. Берілген электрондық конфигурацияның ең кіші энергия­сына мүмкін болатын ең үлкен S спині мәні бар және осындай S жағдайында мүмкін болатын ең үлкен L мәні бар терм ие болады.

  2. Осы жағдайда, егер қабықтың толтырылуы жартысынан аз болса, онда J = |L-S|, қалған басқа жағдайларда J = L + S болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет