Презентация БӨЖ-9: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"



Pdf көрінісі
Дата19.05.2022
өлшемі0.5 Mb.
#457748
түріПрезентация
БӨЖ-9



Презентация
БӨЖ-9: "Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы" ҚР президентінің
жарлығы 1996 жылы 27 қаңтар
Дайындаған: Қайрош А.М.
БЖД-19 қ/т 
Тексерген: Шайдуллина Ж.М.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 
«Мұнайхимия инженериясы және экология» институты
Атырау-2021


Жоспар:
Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы заңдардың мiндеттерi
Жер қойнауын және жер қойнауын
пайдалану туралы заңдардың
принциптерi
Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы заңдар
Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға,
техногендiк минералдық түзiлiмдерге,
техногендiк суларға және минералды
шикiзатқа меншiк құқығы
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
операцияларды жүргiзудiң жариялылығы
Кіріспе
1.
2.
3.
4.
5.
Қорытынды


ҚР Президентімен жер қойнауын пайдалану режимін, жер қойнауын
пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге
асыру тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың туындау,
оларды жүзеге асыру және тоқтату, жер қойнауын пайдаланушылардың
құқықтық жағдайы мен олардың тиісті операцияларды жүргізу
ерекшеліктерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және жер
қойнауын пайдалану құқығына билік ету мәселелерін және жер
қойнауы ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да қатынастарды
айқындайтын ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
кодексіне қол қойылды.
КІРІСПЕ


1.Жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы
заңдардың мiндеттерi
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы
заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының
мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау,
Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi
пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар
мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық
нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер
қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастар саласында
заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып
табылады.


2.Жер қойнауын және жер
қойнауын пайдалану туралы
заңдардың принциптерi
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен
байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге
негiзделедi:
1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды
қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз
ету;
3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн
қамтамасыз ету;
4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз
ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жариялы түрде жүргiзу;
6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды
жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;
8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы
заңнамасына сәйкес адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған
орта үшiн жер қойнауын пайдалану саласында өнiмнiң, оның
өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.


3.Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы заңдар
1. Жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi операцияларды
жүргiзгенде пайда болатын
қатынастар осы Заңмен және соған
сәйкес қабылданған басқа
нормативтiк құқықтық актiлермен
реттеледi.
Пайдалы қазбалар мен
техногендiк минералды
түзiлiмдердiң кейбiр түрлерiне
қатысты жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi операцияларды жүргiзуге
байланысты ерекшелiктер, пайдалы
қазбалардың осы түрлерi туралы
және техногендiк минералды
түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен
айқындалады.
2. Жер, су
(жерасты және
шипалы
балшықтан басқа),
орман, өсiмдiк
және жануарлар
әлемiн,
атмосфералық
ауаны пайдалану
және қорғау
жөнiндегi
қатынастар
арнайы заңдармен
реттеледi.
3. Жер қойнауын
пайдалану
құқығына
байланысты
азаматтық
құқықтық
қатынастар осы
Заң
нормаларымен
реттелмеген
болса, азаматтық
заңдар
нормаларымен
реттеледi.
4. Егер Қазақстан
Республикасының заң
актiлерiнде өзгеше
көзделмеген болса,
шетелдiк азаматтар
және заңды тұлғалар;
сондай-ақ
азаматтығы жоқ
тұлғалар жер
қойнауын пайдалану
жөнiнде Қазақстан
Республикасының
азаматтарымен және
заңды тұлғаларымен
бiрдей құқықтармен
пайдаланады және
мiндеттер атқарады.
5. Осы Заң
белгiленген
азаматтар мен
заңды тұлғалардың
құқықтары
Үкiметтiң, орталық
әрi жергiлiктi
атқарушы
органдардың және
мәслихаттардың
актiлерiмен
шектелмейдi.
Мұндай актiлердiң
заң күшi болмайды
және орындалуға
жатпайды.


4.Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендiк
минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға және
минералды шикiзатқа меншiк құқығы
1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.
2. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер
қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен).
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын
пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру
кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк
минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде
салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және
құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi.
4. Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы
қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады.
5. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе
пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол
минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға немесе
пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында
тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.


5.Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
операцияларды жүргiзудiң жариялылығы
1. Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң
функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi
органдардың құзыреттi органда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң шарттарымен
және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған келiсiм-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен
танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң
функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына, жоғары өкiлдi
органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып
табылмайды.
2. Мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi
қоғамдық бiрлестiктердiң жүргiзiлетiн немесе жоспарланатын жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға әсер етуiне қатысты
толық және дұрыс ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
тәртiппен алуға құқығы бар.


Қорытынды
Минералды шикізат, техногендік
минералдық түзілімдер мен
техногендік сулар немесе пайдалы
қазбалар меншік құқығымен жер
қойнауын пайдаланушының
иелігінде болса, ол минералды
шикізатқа, техногендік минералдіық
түзілімдерге, техногендік суларға
немесе пайдалы қазбаларға иелік
етуге, олар жөнінде Қазақстан
Республикасының заңдарында тиым
салынбаған кез-келген азаматтық
құқықтық мәмлелер жасауға қақылы.


Назарларыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет