Тарихқа тағзым оқушылар өз тарихына байланысты жалпылама шолу жасайды
Көрнекілігі
Презентация, интербелсенді тақта, тарихтың ұлы ғұламалары, видеороликтер
Үлестірмелі материалдар
Ойын-платформасы, суреттер және т.б.
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары
Сынып сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі; Кіріспе, Сабақтың ортасы,Соңы, Қорытынды.
Кезеңі/ уақыты
Тапсырма
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин)
Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу
Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады. «Гүлмен тілек» әдісі арқылы сыныпқа жағымды ахуал тудырады.
Сыныпты топқа фигуралар арқылы бөледі.
Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Кезекші жоқ оқушыларды атайды.
Бүгінгі сабақ бойынша бір – екі оқушы тілегін білдіреді.
КІРІСПЕ
(7 мин)
І.Қызығушылықты ояту
«1минуттағы ой» әдісі
«Ел» сөзі ұсынылады.
Жаңа материалға қызығушылықты арттыру мақсатында «4 сурет, 1сөз» әдісі қолданылады.
Яғни, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Тарих қойнауында». Оқу мақсаттары хабарланады
Оқушылар осы сөзге сәйкес синоним сөздерді 1 минут ішінде жазады.
Суреттерде тарихта іздері қалған ұлы ғұламалар мен билер бейнеленген және өткенімізде қалған соғыс уақыттары бейнеленген. Демек, жауабы тарих.
Сабақтың ортасы
(15 мин)
ІІ. Мағынаны тану
1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Мәтін не туралы?
Мәтінге қандай ат қоюға болар еді?
Елбасының «Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген қанатты сөзі бар. Ендеше, бабаларымыздың жарқын істерін насихаттау бесігіміздің бүтін, жеріміздің тұтас, тіл мен діліміздің, түптеп келгенде, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуының басты кепілі. Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру елдің тәуелсіздігін қастерлеуді үйрету үдерісінің бастау бұлағы – отбасы. Демек, жас өскінді ұлан-байтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшы, ақылдың амалымен сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан ата-бабаларымыздың өміршең үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең абыройлы міндетіміз болып қала бермек. Жеті атасын білмеген жетесіз деген мәтел бар халқымызда. Бұрынғы даналарымыз түп тамырымызды білудің дініміздің мықты болуының кепіліне балағаны күмәнсіз. Күні кешегі ұлт шежіресін ұмыттырғысы келгендердің пиғылын нақты ұғынсақ, есігімізден сығалаған жаһандық үдерісінің болуы мүмкін сын-қатерлерін сауапты бағамдай алмақпыз.
Т. Дескриптор білім алушы
Мәтінді тыңдайды, тақырып қояды.
Тарих сөзіне кластер құрастырады.
Мәтін мазмұны бойынша 1 жуан сұрақ құрастырады.
Мәтін мазмұны бойынша 1 жіңішке сұрақ құрастырады.
Мәтінді тыңдайды.
Біздің алтын тарихымызда көптеген ұлы адамдар соның ішінде ел қорғаған, жер қорғаған батырларымыз, әділдігімен ел басқарған хан-патшаларымыз, орақ тілді би-шешендеріміз тағы да басқа ұлы тұлғаларымыз бар. Біз, жастар және болашақ ұрпақ түп тарихымызды ұмытпауымыз керек. Бұл – парыз.
(10 мин)
Тапсырма: Қандай оқиға екенін тап?
Видеоролик көрсетеді, сондағы оқиғаның атын айтады.