Орындаған: Омарова Гүлсезім Физ-Инф мамандығының студенті Қабылдаған: Нысан Г. М.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Физика, математика және цифрлық технологиялар институты
Алматы 2022
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың 14 түрі қалыптасқан:
1) Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс
2) Көрнекілік арқылы оқыту әдісі
3) Практикалық жұмыстар арқылы оқыту әдісі
4) Проблемалық ізденулер әдісі
5) Эндуктивтік әдіс (жалқыдан жалпыға)
6) Дедуктивтік әдіс (жалпыдан жалқыға)
7) Эвристикалық әдіс
8) Программалап оқыту әдісі
9) Модельдік оқыту әдісі
10) Интерактивті оқыту әдісі
11) Демонстрация әдісі
12) Репродуктивтік әдіс
13) Жаттықтырушы әдіс
14) Қайта жаңғырту әдісі
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ - Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
- Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
- Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді.
- Монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді.
- Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
- Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді.
- Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |