Продолжительность строительства и задел в строительстве предприятий, зданий и сооружений. Часть I



Дата17.06.2016
өлшемі353.27 Kb.
#143385

ҚР ҚН 1.03-01-2013

СН РК 1.03-01-2013


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАР

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КӘСІПОРЫН, ҒИМАРАТ ПЕН ИМАРАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БІТЕМЕ. I – БӨЛІМ
ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЗАДЕЛ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ПРЕДПРИЯТИЙ, ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ. ЧАСТЬ I

Енгізілген күні 2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Берілген нормалар жаңа кәсіпорындар құрылысының және қолданыстағы кәсіпорындар кеңейтілуінің максималды рұқсат етілетін ұзақтығын, олардың кезектерін, экономиканың барлық салаларының өндірістік тағайындалудағы құрылыстар мен ғимараттарды (бұдан әрі - нысандарды), іске қосу кешендерін, сондай-ақ күрделі құрылысты жоспарлау, техникалық-экономикалық негіздемелерді (есептеулерді) және құрылысты ұйымдастыру жобаларын (ҚҰЖ) әзірлеу кезінде күрделі құрылысқа инвестициялардың (күрделі қаржы жұмсалымдарының), құрылыс кезеңдері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының таратылуын анықтау үшін тағайындалған.

1.2 Құрылыстағы дайындама нормалары құрылыс ұзақтығының белгіленген нормаларының сақталуын қамтамассыз ететін көлемде құрылыс-монтаж жұмыстарын өндіру үшін қажетті қаржылық қаражат үлесінің минималды рұқсат етілетін мәндерін анықтау үшін тағайындалған.

1.3 Құрылыстың ұзақтығы мен мерзімдері, сондай-ақ жаңа нысандарды салудағы, қолданыстағы нысандарды, сондай-ақ нормаларда қамтып көрсетілмеген ерекшеліктерге ие ірі әрі күрделі кәсіпорындар мен құрылыстарды кеңейту және қайта құрудағы дайындамалар есептік әдістерді пайдалану арқылы арнайы техникалық шарттарға сәйкес, сондай-ақ құрылысты ұйымдастырудың әзірленген жобалары бойынша анықталады.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Берілген нормаларды қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 ж. 16 шілдесіндегі № 242-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы.

2010 жылдың 17 қарашасындағы №1202 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

ҚР ҚН 1.01-01-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер

ҚР ҚНжЕ 1.01-32-2005*  Құрылыс терминологиясы.

____________________________________________________________________________

Ресми басылым

ҚР ҚНжЕ  1.01-05-2008  Құрылыс терминологиясы. Құрылыс технологиясы және оны ұйымдастыру.

ҚР ҚНжЕ 1.03.06-2004 Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың салынуын ұйымдастыру.

ҚР ҚНжЕ  2.04-01-2010 Қүрылысы климатологиясы және геофизикасы.

ҚР ҚНжЕ  2.03-30-2006 Сейсмикалық аудандардағы құрылыс.
ЕСКЕРТПЕ  Берілген нормаларды пайдаланған кезде ағымдағы жылға жыл сайын шығарылатын ақпараттық тізбелер мен көрсеткіштер және ағымдағы жылда жарияланған ай сайын шығарылатын сәйкес бюллетеньдер мен көрсеткіштер бойынша сілтемелік нормативтік құжаттардың әрекетін тексерген жөнді.

Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда берілген Ережелерді пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжаттарды басшылыққа алған жөн.

Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз күші жойылса, онда оған сілтеме берілген ереженің осы сілтемені қамтымайтын бөлігі қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Берілген нормаларда сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

3.1 Құрылыс ұзақтығы: Құрылыс алаңындағы жұмыс басталуынан кәсіпорын қуаттарының, оның кезектерінің, іске қосу кешендері мен жеке нысандардың жобамен қарастырылған жұмыстар құрамының толық орындалуымен әрекетке енгізілуіне дейінгі уақыт кезеңі

3.2 Құрылыс жобасы: Құрылысты, аумақтың инженерлік дайындалуын, және көріктендіру нысандарын поститулизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған көлемдік-жоспарлық, құрылмалық, технологиялық инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге шешімдерді құрайтын жобалық (жоба-сметалық) құжаттама.

3.3 Құрылыс (құрылыс қызметі): Жаңа нысандарды (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) тұрғызу және/немесе қолданыстағы нысандарды өзгерту, онымен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (демонтаждау), құрылыс құрылмаларын, бұйымдарын және материалдарын жасау (өндіру) және жеткізу, іске қосу-жөндеу жұмыстарын өткізу, құрылысты жабдықпен, машиналармен және механизмдермен қамтамассыз ету, сондай-ақ аяқталмаған құрылыстарды тоқтатып қою және нысандарды поститулизациялау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес тағайындалудағы негізгі қорларды құру қызметі.

3.4 Құрылыстық бас жоспар: Құрылыс алаңының ұйымдастырылуын реттемелейтін құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ) бөлігі. Құрылыстық өндіріс – кез келген климаттық аймақтарда барлық типті ғимараттарды тұрғызу және қайта құру, техникалық қайта қаруландыру, күрделі жөндеу кезіндегі даярлық және негізгі құрылыс-монтаждық және арнайы құрылыстық жұмыстар кешенінің орындалуы.

3.5 Құрылыс алаңы: Құрылыстық ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу үдерісінде пайдаланылатын құрылыстарды, сондай-ақ машиналарды, материалдарды, құрылмаларды, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелер мен коммуникацияларды орналастыруға арналған белгіленген тәртіпте бөлінетін өндірістік аумақ.

3.6 Дайындама: Негізгі қорларды әрекетке жоспарлы енгізуді және бір қалыпты құрылыстық өндірісті қамтамассыз ету мақсатында жоспарланатын кезеңдердің келесілерін өтетін іске қосу нысандары мен кешендерінде нақтылы орындалуы тиіс қуат, күрделі қаржы жұмсалымдарының көлемі және құрылыстық-монтаждық жұмыстар көлемі бойынша аяқталмаған құрылыс көлемі.

3.7 Күрделі қаржы жұмсалымдарының көлемі бойынша дайындама: Ауыспалы құрылыстарда жоспарланатын кезеңнің аяғына дейін игерілуі тиіс нысандардың сметалық көлеміне кіретін құрылыс-монтаждау жұмыстар мен басқа шығындардың құны.

3.8 Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі бойынша дайындама: Ауыспалы құрылыстарда жоспарланатын кезеңнің аяғына дейін орындалуы тиіс монтаждау жұмыстарымен күрделі қаржы жұмсалымдарының көлемі бойынша дайындама бөлігі.

3.9 Құрылыс: Табиғи немесе жасанды кеңістікті шекараларға ие жасанды түрде құрылған көлемді, жазықтықты және сызықты (жерүсті, қора-қопсы және (немесе) жерасты, суасты) нысан және ол өндірістік үдерістерді орындау, материалдық құнды заттарды орналастыру және сақтау немесе адамдардың, жүктердің уақытша болу (тасымалдау), сондай-ақ жабдық пен коммуникацияларды орналастыру (төсеу, өткізу) үшін тағайындалған. Құрылыс сонымен қатар шығармашылық-эстетикалық, декоративті-қолданбалы немесе мемориалдық тағайындалуға ие болуы мүмкін.

3.10 Екі тағайындалудағы құрылыс: Әлеуетті қуатты нысандардағы апаттардың салдарынан туындайтын қауіптерден, сондай-ақ зақымдаудың заманауи құралдарының әсерінен адамдарды, техника мен мүлікті жасырып қалуға арналған өндірістік, қоғамдық, коммуналдық-тұрмыстық немесе көліктік тағайындалудағы инженерлік құрылыс.

3.11 Ғимарат: Атқарымдық тағайындалудан тәуелді, адамдардың тұруы немесе болуы, өндірістік үдерістерді орындау, сондай-ақ материалдық құнды заттарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылатын, міндетті жерүсті тұйықталған көлемді құрайтын салмақ түсетін және қоршайтын құрылмалардан тұратын жасанды құрылым. Ғимарат жерасты бөлікке ие болуы мүмкін.

3.12 Уақытша ғимараттар мен құрылыстар: Құрылыс, ұйым жұмыскерлеріне қызмет көрсету және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін қажетті арнайы тұрғызылатын немесе құрылыс кезеңіне уақытша бейімделетін (тұрақты) ғимараттар (тұрғылықты, мәдени-тұрмыстық және т.б.) мен құрылыстар (өндірістік немесе қосымша тағайындалудағы).

3.13 Өндірістік ғимараттар: Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістерді орналастыруға және адамдардың еңбегі мен технологиялық жабдықты пайдалану үшін қажетті шарттарды қамтамассыз етуге арналған ғимараттар.

3.14 Өнеркәсіптік ғимараттар: Технологиялық, энергетикалық және т.б. жабдықты орналастыруға және технологиялық үдерісті жүзеге асыру және дайын өнімді шығару жағдайларын жасауға арналған өндірістік ғимараттар.

3.15 Өнеркәсіптік құрылыстар: Өндірістік үдерісте белгілі бір функцияларды орындайтын немесе технологиялық жабдықтан, коммуникациялардан және т.б. болатын жүктемелерді қабылдау үшін тағайындалған құрылыстар.

3.16 Өнеркәсіптік түйін: Ортақ нысандары бар кәсіпорындар тобы.

3.17 Құрылыс кезегі: Пайдалануға енгізілгенде жобамен қарастырылатын өнім шығарылуы мен қызметтердің көрсетілуін қамтамассыз ететін ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылар тобынан тұратын құрылыс бөлігі. Бір немесе бірнеше іске қосу кешендерін қамтуы мүмкін.

3.18 Іске қосу кешені: Нысан құрылысы толықтай аяқталғанға дейін пайдалануға қабылдануы мүмкін құрылыс нысанының (құрылыстың немесе оның кезегінің бөлігі болып табылатын нысандар тобының немесе олардың бөліктерінің) аяқталған бөлігі.

4 МАҚСАТТАР ЖӘНЕ АТҚАРЫМДЫҚ ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары
4.1.1 Құрылыс норматифтік талаптардың мақсаттары – кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салудағы құрылыс пен дайындама ұзақтығын анықтау кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағы немесе оның белгілі бір климаттық, геологиялық және басқа табиғи жағдайлары бар бірқатар өңірлері үшін ортақ міндетті нормативтік ережелерді орнату.

 

4.2 Атқарымдық талаптар


 4.2.1 Құрылыс нормаларында белгіленген құрылыстағы құрылыс пен дайындама мерзімдері:

- кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың уақытылы салынуын;

- пайдаланудың есептік жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың және олардың жүйелерінің сенімділігін, құрылыс құрылмалары мен негіздердің беріктігі мен орнықтылығын;

- жер сілкінулері, опырылымдар, көшкіндер кезінде және қауіпті табиғи әсерлердің басқа есептік жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың орнықтылығын және адамдардың қауіпсіздігін;

- өрт кездерінде және өзге есептік апаттық жағдайларда ғимараттар мен құрылыстардың орнықтылығын және адамдардың қауіпсіздігін;

- санитарлық, экологиялық және өзге нормаларды ескере отырып, түрлі тағайындалудағы ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылмалы сипаттамалары мен параметрлерін қамтамассыз етуі тиіс;

 4.2.2 Нормаларда міндетті ережелер орнатылады, олар төменделерді қамтиды:

- өнеркәсіптің түрлі салаларындағы нысандар құрылысының ұзақтығына қойылатын талаптар;

- құрылыстың ерекше климаттық және басқа жағдайларында (таулы аймақтарында, ауа температурасының үлгілік шарттарымен салыстырғандағы жоғарлатумен немесе төмендетумен және т.с.с.) тұрғызылатын нысандар құрылысының ұзақтығына қойылатын талаптар;

- күрделі инженерлік-геологиялық және басқа жағдайларда тұрғызылатын нысандар құрылысының ұзақтығына қойылатын талаптар;

- сейсмикалық қауіпті аудандарда тұрғызылатын нысандар құрылысының ұзақтығына қойылатын талаптар;



- индустриалды дайындалымдағы құрылмалардан тұрғызылатын нысандар құрылысының ұзақтығына қойылатын талаптар.


5 АТҚАРЫМДЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1 Нысандар құрылысының күрделі қаржы жұмсауларымен, жоба-сметалық құжаттамамен, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарымен қамсыздандырылуын берілген нормалармен белгіленген мәндерден аспайтын құрылыстың шарттық (келісімшарттық) мерзімдерінің сақталуын қарастыратын көлемдер мен мерзімде жүзеге асырған жөн.

5.2 Нормалар жеке сынауларды, кешендік сынап көруді және қажетті іске қосу-жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ құрылыстағы дайындама көрсеткіштерін қоса алғанда, жабдықты монтаждаудың, даярлық кезеңінің, ғимараттар мен құрылыстар салынуының жалпы кезеңінің ұзақтығын белгілейді.

5.3 Нормаларда құрылыс-монтаждау жұмыстары негізгі құрылыс машиналарымен екі ауысымда, ал қалған жұмыстар орташа есеппен алғанда 1,5 ауысымда жүргізілетіндігі ескерілген. Барлық жұмыстарды екі ауысымда немесе үш ауысымда орындаған кезде, құрылыс ұзақтығы сәйкесінше 0,9 және 0,8 коэффициенттерін енгізу арқылы қысқартылады.

5.4 Іске қосу кешендеріне арналған нормалар кестесінде келесілер көрсетілген: сызық үстінде кешендер құрылысының ұзақтығы, сызық астында – олардың салынуының басталуының және аяқталуының реттік айлары.

«Жабдық монтажы» графасында келесілер көрсетілген: сызық үстінде – жабдық монтажының ұзақтығы, сызық астында – оның орындалуының басталуының және аяқталуының реттік айлары.

Жабдықты кешенді сынап көруге және іске қосу-жөндеу жұмыстарына бөлінетін уақыт оның монтаждауы аяқталу айынан нысанның пайдалануға тапсыруға ұсынылуына дейінгі кезеңмен анықталады.

5.5 Тоқсандар (айлар) бойынша құрылыс дайындамасының нормаларында үдемелі қорытындыдағы, сметалық құннан %-дағы көрсеткіштері келтірілген: сызық үстінде – күрделі қаржы жұмсаулары бойынша, сызық астында – құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша.

Нысан құрылысындағы дайындама нормалары ретінде келесі көрсеткіштер келтірілген:

- Кқұрылыс нысанының дайындығы;

- В – негізгі қорлардың әрекетке аралық енгізілуі;

- З – дайындама.

5.6 Нысан дайындығының көрсеткіші  К құрылыс басталуынан n-ші тоқсанның (айдың) аяғына дейін нысан бойынша игерілуі тиіс құрылыстың (құрылыс-монтаждау жұмыстарының) сметалық құнының нысан құрылысының толық сметалық құнына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнына) қатынасымен анықталады.

Негізгі қорларды (немесе құрылыс кезегін) әрекетке аралық енгізу көрсеткіші В енгізілетін іске қосу кешендері бойынша негізгі қорлар құнының нысанның немесе оның кезегінің құрылысының толық сметалық құнына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнына) қатынасымен анықталады.

Күрделі қаржы жұмсаулары (құрылыс-монтаждау жұмыстары) бойынша дайындама көрсеткіші З құрылыс нысанының дайындығы мен негізгі қорлардың әрекетке аралық енгізу көрсеткіштері арасындағы айырма ретінде анықталады.

5.7 Нысандардың құрылыс ұзақтығының нормаларының құрамы ҚР ҚНжЕ 1.03.06 сәйкес белгіленетін алаң ішілік даярлау жұмыстарының орындалуы басталған күннен нысанды пайдалануға енгізу күніне дейінгі кезеңді қамтиды. Нысан құрылысының басталу күні құрылыс ұйымының бухгалтерлік есебінің бастапқы құжаттамасы негізінде тапсырыс беруші мен мердігер арасында жасалған актімен рәсімделеді. Жабдықты монтаждау бойынша жұмыстарды бастау және аяқтау бас мердігермен, қосалқы мердігерлік ұйымдармен және тапсырыс берушімен жасалатын жеке актілермен рәсімделеді.

5.8 Технологиялық тұрғыда өзара байланған, бірақ берілген ҚН-да нормаларға ие емес ғимараттар мен құрылыстар кешенін салудың жалпы ұзақтығын кешеннің негізгі немесе тұрғызылудағы ең көп еңбек қажет ететін нысаны (мысалы, бас корпус) бойынша анықтаған жөн. Қалған барлық ғимараттар мен құрылыстар кешеннің осы нысанының салыну мерзімдерінің аясында параллельді тұрығызылуы тиіс.

5.9 Жобасына негізгі өндірістің атқарымдық тағайындалуына әсер етпейтін ілеспелі нысандар қосымша енгізілген нысан құрылысының жалпы ұзақтығы құрылыстағы дайындамаларды негізделген қайта тарату мүмкіндігі бар негізгі нысанға арналған нормаға сәйкес белгіленеді.

5.10  Қуаты (немесе өзге көрсеткіші) нормаларда келтірілген мәндерден өзгешеленетін және олардың арасындағы интервалда болатын нысандар құрылысының ұзақтығы интерполяциямен, ал нормалардың максималды немесе минималды мәндерінен тыс болса – экстраполяциямен анықталады. Нысанды сипаттайтын екі немесе одан да көп көрсеткіштер болған жағдайда интерполяция мен экстраполяция өнімді шығару бойынша (қызметтерді көрсету бойынша) нысанның негізгі көрсеткішіне сүйеніп жүргізіледі.

5.11 Құрылысты ығыстырылған жағдайларда жүргізген кезде, мысалы, тығыз қалалық құрылыс салу кезінде, нормаларда көрсетілген құрылыс ұзақтығының сақталуын қамтамассыз ететін арнайы ұйымдастырушылық-технологиялық іс-шараларды қолдану қажет.

5.12 Нысан құрылысының ұзақтығын анықтау кезінде қосымша:

- даярлау кезеңінде нысан құрылысының көліктік және инженерлік қамсыздандыруы үшін қажетті алаңнан тыс ғимараттар мен құрылыстарды салуға;

- салынып жатқан нысандар іргетасының астына жасанды негіздерді дайындау бойынша алаң ішілік арнайы жұмыстарды (тереңнен су төмендету және дренаж, тығындық қоршаулар, топырақты бекіту немесе ауыстыру, негіздердің шөгуін, топырақтардың иірім қаупін, карсттық құбылыстарды жою бойынша іс-шараларды өткізу және т.с.с.) орындауға;

- көшкіндерге қарсы іс-шараларды өткізуге, топырақтың, бағаналар (олардың ұзындығы 6 м артық болған кезде) негізіндегі іргетас құрылғысының бөртуін болдырмауға;

- аумақты сырттан әкелінетін топырақпен қалыптастыру кезіндегі жоспарлауға, сондай-ақ орманды түйістіруге;

- құрылыс алаңында ғимараттарды демонтаждауға немесе бұзуға (көшіруге) жұмсалатын уақыт ескеріледі.

5.13 Нысандардың құрылыс ұзақтығының нормаларына құрылыс салу үшін бөлінген аумақта орналасқан құрылыстардан тұрғындар мен ұйымдарды көшіруге жұмсалатын уақыт кірмейді және қосамша ескерілмейді.

5.14 Ұзақтылық нормаларында құрылыс индустриясының кәсіпорындарын, жиынтықтау базаларын және құрылысшыларға арналған мәдени-тұрмыстық және баспаналық тағайындалудағы ғимараттар кешенін салуға жұмсалатын уақыт қарастырылмаған, оны қосымша есепке алған жөн

5.15 Сәйкес нормалардың талаптарына сәйкес технологиялық үзілістерді енгізу қажеттілігінің есебінен нормаларда өндіріс жағдайларына және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу технологиясына әсер ететін құрылыстың ерекше жағдайлары, табиғи-климаттық факторлар, сондай-ақ құрылыстың келесі ерекше жағдайлары ескерілмеген: 

-күрделі ығыстырылған телім, қаладағы тығыз құрылыс салынуы;

-теңіз деңгейінен 1500 м және одан артық биіктігі бар таулы аймақтарда нысандарды тұрғызу;

-шөлді және жартылай шөлді және 27º С жоғары маусымның орташа температурасымен және 300 мм аз жылдық жауын-шашын мөлшерімен сипатталатын аудандарда нысандарды тұрғызу;

-сейсмикалығы 7 балл және одан жоғары аудандарда нысандарды тұрғызу.

Құрылыс ұзақтығын анықтау кезінде қосымша берілген факторлар мен жағдайларды есепке алған жөн.

5.16 Құрылыс ұзақтығының нормаларымен нормалары төмендегі құрылмалық шешімдер мен құрылыс әдістерін ескерумен әзірленген нысандарды қоспағанда, жиынтықты жеткізілімдегі жеңіл металлды құрылмалардан салынатын нысандарды, жиынтықты-блокты тәсілмен қаруландырылатын нысандарды салу ұзақтығы ескерілмеген.

5.17 ТЭН (ТЭЕ) әзірлеу және құрылысты жоспарлау үшін жобалаудың негізгі кезеңінің алдында болатын, бірақ қандай да бір нысанның тұрғызылуының көп еңбекті қажет етуіне, сәйкесінше құрылыстың ұзақтығына тікелей әсер ететін қандай да бір бастапқы мәліметтер мен көрсеткіштер негізіндегі есептік әдіс пайдаланылуы мүмкін.

5.18 Норма кестелерінде келтірілмеген нысандарды жаңадан салу және қолданыстағыларын кеңейту кезінде, сондай-ақ ТЭН (ТЭЕ) әзірленбесе немесе оларда көрсетілген бөлім болмаса және тек нысан құрылысының директивтік мерзімдері ғана көзделсе, құрылыс ұзақтығы Қазақстан Республикасындағы немесе шетелдегі құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен оның технологияларының озық әдістерінің қолданылуымен құрастырылған аналог-нысандар бойынша немесе көлем, қуат, алаңдар, тағайындалуы, ұқсам көлемдік-жоспарлық және құрылмалық шешімдер көрсеткіштері бойынша жақын, сметалық құнға шамамен тең нысандар бойынша құрылысты ұйымдастыру жобаларында анықталуы тиіс.

6 ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС

 

6.1 Электр энергетикасы

 

6.1.1 Нормалармен өнеркәсіптік-жылыту жылу электр орталықтары (ЖЭО), мемлекеттік аудандық электр станциялары (жылу электр станциялары) (МАЭС/ЖЭС), газ турбиналы және бу-газды электр станциялары (ГТС және БГС), аудандық қазандықтар, электр қосалқы станциялар, электр берілістің жоғары вольтті желілері (ЖЖ), ауыл шаруашылығының және басқа салалардың электрмен жабдықтау нысандары құрылысының ұзақтығы мен дайындамасы орнатылады.



6.1.3 Жылу энергетикалық жүктемелердің жоспарлы өсімінің орнын толтыру, берілген нысанның немесе ауданның даму жобасында электр энергетикасы нысандарының келесі энергоблоктарын пайдалануға енгізудің мерзімдерін (интервалдарын) ескертеді. Бұл нұсқада құрылыстың дайындамасы және жалпы ұзақтығы жұмыс жобасымен орнатылады.

6.1.4 Жылу электр станциясының негізгі нысандарының құрылысы басталғанға дейін:

- құрылыстың өндірістік қамтамассыз ету құрылыстары – бетонды-ерітінді түйіндерінің және арматуралық құрылмалардың, көліктік кешеннің, бас мердігерлік ұйымдағы техника жөндеу шеберханаларының, жол жабындарын өндіру зауытының, электр монтаждау, жылу монтаждау, желдету, және арнайы жұмыстарды өткізуге арналған бірінші кезекті базалық ғимараттардың, сондай-ақ іске қосу қазандығының құрылысы;

- құрылыстың негізгі кезеңінің бірінші шағында жұмыскерлердің және олардың жанұя мүшелерінің қажетті санының орналасуын, олардың мәдени-тұрмыстық тұрғыдағы қажеттіліктерін қамтамассыз ететін ғимараттары және құрылыстары бар баспаналық ауқымның бірінші кезегі аяқталуы тиіс.

6.1.5 Электр берілістің әуе желілерін жабдықтау кезінде кернеуі 0,4-тен 750 кВ дейінгі мәнді құрайтын, әр түрлі тіреулерде тұрғызылатын жоғары вольтты желілер (ЖЖ) құрылыс пен дайындаманың ұзақтығын нормалауға жатқызылады.

6.1.6 Өзендер, каналдар, автокөлік және темір жолдар, электр беріліс және байланыс желілері және т.с.с. түріндегі бөгеттер арқылы жоғары вольтты желілердің өтпелерін биіктігі 50 м және одан артық арнайы бағаналарда салған кезде құрылыстың соммалық ұзақтығы келесідей орнатылады:

биіктігі келесідей бағаналарда, м:

- 50-ден 80м дейін – 9 ай;

- 81-ден 120м. дейін - 16 ай;

- 120м. артық - 24 ай.

6.1.7 Жоғары вольтты желілердің электрлік қосалқы станциялармен және арнайы өтпелермен жиынтықты құрылысының ұзақтығы құрылыс кешені нысандарының бірінің ұзақтығының максималды нормасы бойынша анықталады. Дайындама нормалары құрылысты ұйымдастыру жобасында қарастырылады және жеке нысандардың пайдалануға енгізілу уақытын ескере отырып тағайындалады.

6.1.8 Іске қосу кешендері бар (бірінші және одан кейінгі барлық трансформаторлар туралы айтылады) электр қосалқы станцияларын тұрғызған кезде қажетті құрылыс жұмыстарының орындалуы қосылады. Кейінгі іске қосу кешендері (трансформаторлары) бойынша электр монтаждау жұмыстарын базалық қосалқы станция жұмысын тоқтатусыз орындау қажет.

Берілген өңірдің электр энергиясына деген қажеттіліктің жоспарлы өсімі кейінгі трансформаторлардың іске қосылуының уақыттық интервалдарын алдын ала анықтайды. Бұл жағдайда кейінгі іске қосушылық трансформаторлық кешендерін іске қосу мерзімдері 0,6-ға тең түзетуші коэффициентімен бірінші іске қосушы нысанның нормалары бойынша анықталады.



6.1.9 Синхронды өтемдеуіштері бар қосалқы станцияларды іске қосу мерзімдері нысан немесе синхронды өтемдеуіш құрылысы ұзақтығының максималды нормасы бойынша реттемеленеді. Синхронды өтемдеуіштерді іске қосу мерзімдері келесідей анықталады:

- КС-15000-4 ай;

- КСВ-50000-11-7 ай;

- КСВ-100000-11-10 ай.

6.1.10 Жолы ауыл шаруашылық жазықтары арқылы өтетін, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 4 айдан жоғары электр берілістің жоғары вольтты желілері (кернеуі 6-20 кВ, сондай-ақ 220 кВ және одан артық) үшін берілген нормалардың талаптарын салыстыру бойынша өсірілетін дақылдардың вегетациялық кезеңінің ұзақтығына арттыруға болады.

6.1.11 Нормалармен жылу тораптарының жерасты төселуі суға қаныққан жерлердегі өтілмейтін каналдарда қарастырылады. Басқа тәсілдерді пайдаланған кезде және өзге жағдайларда құрылыс ұзақтығы келесі коэффициенттердің қолданылуымен түзетіледі:

- құрғақ топырақ жағдайларындағы өтілмейтін каналдардағы төсеу және суға қаныққан жерлердегі каналсыз төсеу кезінде — 0,95;

- құрғақ топырақ жағдайларындағы каналсыз жабдықтау кезінде - 0,88;

- жер бетінен түрлі биіктіктегі тіреулерде - 0,85.

6.1.12 Диаметрі 1400 мм және сызықтық өлшемдері 15 км жоғары жылумен жабдықтау тораптары тек транзиттік магистральдық желілер үшін қолданылады. Нормалармен транзиттік жылу магистралінің іске қосылуын қамтамассыз ететін құрылыстардың барлық магистральдық кешенінің құрылысы есепке алынады.

6.1.13 Жылумен жабдықтау торабының 6.1.12 п. келтірілген нормалар жер бетінен түрлі биіктіктегі тіреулерде желілерді төсеуге есептелінген. Бағыттас дренажы бар коллекторларда (тоннельдерде) жылу коммуникацияларын төсеу кезінде нормаларға 1,2 коэффициенті қолданылады; дренаждың орнатылуынсыз - 1,1.

6.1.14 Жол жабындарының бұзылуы немесе реставрациясы бар қаланың тұрмысқа жайлы көшелерінде жылу трассаларын жабдықтау кезінде нормаларға 1,2 түзетуші коэффициенті қолданылады.

6.1.15 Төсеудің түрлі тәсілдерінің іске асырылуы бар жылу тораптары құрылысының ұзақтығы К коэффициентінің пайдаланылуымен анықталады, ол келесі формула бойынша есептелінеді:

К= (K1a1 + К2а2 + .... + Кiаi)/L,

мұндағы: a1, а2, аi – жылу торабы телімдерінің ұзындығы;

K1, К2, Кi, - төсеудің сәйкес тәсілдеріне арналған коэффициенттер;

L – жылу торабының жалпы ұзындығы.

6.1.16 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.1 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.2 Мұнай шығаратын өнеркәсіп
6.2.1 Нормалармен мұнай шығаратын кешендер нысандарының, сондай-ақ мұнай кәсібін жайластыру үшін қажетті жеке құрылыстардың құрылыс ұзақтығы мен дайындамасы белгіленеді.

6.2.2 Нормалар құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жиынтықты-блокты әдістің қолданылуын реттемелейді.



6.2.3 Кен орнын жайластыру кешендерінің (нысандарының), пайдаланылатын ұңғымалардан мұнайды (газды) жинау және тасымалдау пунктерінің, қабатты қысымды ұстап тұру механизмінің құрылыс ұзақтығы технологиялық сұлбаның (жобаның) негізінде қабылданған кен орнын әзірлеу жоспарына сәйкес нормаланады.

6.2.4 Кен орнын жайластыру үшін келесілер қажет:

а) кен орнының аумағында орналасқан, оңаша, сонымен қатар бұталы әрекет ететін ұңғымалар ауыздарының жайластырылуын қамтитын мұнайды (газды) жинақтау және тасымалдаудың өнеркәсіптік кешені, шығарылатын мұнай-газ жинаушы құбырлар, өлшеу қондырғылары, айырушы қондырғылар, қабатты суларды түсіруге мүмкіндік беретін басушы сорғылық мұнай станциялары, мұнайлық және газлифттік газдың тасымалдануын, сондай-ақ газдың қабаттарға жүктелуін, түрлі тектес химиялық реагенттерді жеткізу блоктары, таратушы тарақтардың түйіндері;

б) жинаудың орталық пунктінде (ЖОП) орналасқан мұнайды (газды) және суды дайындаудың өнеркәсіптік түйіні: ұңғымалар өнімін алдын-ала қайта өңдеу және мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ), жинақтаушы резервуарлық парктер, мұнай мөлшерін есепке алу есептегіштері, мұнайды (газды) қайта айдауға арналған сорғылық және газдық-компрессорлық станциялар, кептіру және газды күкіртті сутек қоспаларынан тазалау пунктері, технологиялық коммуникациялар, шырақтық жүйе.

Кен орындарының ерекшеліктері технологиялық жүйелердің жиынтықталуына әсер етеді, бұл үлгілік кешендерден өзгешеленуге соқытыруы мүмкін.

6.2.5 Мұнай шығаратын кешен құрамына келесілер кіреді:

- байланыс, дабылдама және электрмен жабдықтау кешендері;

- қоректенудің электр желісі бар трасформаторлық қосалқы станциялар;

- өндірістік телефон (радио) байланысы;

- жылумен жабдықтауды қамтамассыз ететін нысандар: қазандықтар, жылу коммуникациялары және т.с.с.;

- сумен қамсыздандыру нысандары және кәріз жүйесі: тоғандар мен тазартушы құрылыстар, су таратқыштар, су берудің сорғы станциялары, коллекторлар және т.с.с.;

- көпірлі жолаушы өтпелері бар автокөліктік жолдар;

- қосымша сипаттағы пунктер (әкімшілік-тұрмыстық нысандар, өрт пунктері, диспетчерлік пунктер, зерттеу зертханалары, операторлықтар және т.б.);

в) жөндеу-техникалық базалар: мұнай-газ шығаратын басқармаларды өндірістік қамсыздандыру базалары (МГШБ ӨҚБ), бұрғылау жұмыстарын жүргізуді басқару (БЖБ ӨҚБ), барлаушы бұрғылауды жүргізуді басқару (БББ ӨҚБ), технологиялық көлікті, доңғалақты, шынжыр табан және арнайы техниканы ұйымдастыру (ТТБ ӨҚБ), тампондау жұмыстарын ұйымдастыру базалары, өндірістік-технологиялық қызмет көрсету және жабдықты құрамдау (ӨТҚ және ЖҚБ), мұнай берілісін жоғарлатуды және ұңғымалардың күрделі жөндеуін басқару (МЖ және ҰКЖБ) базалары, құбырлық және кәсіпшілік-геофизикалық базалар.

6.2.6 Берілген тізбеге сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және жылумен жабдықтау, автожолдар, электрмен қамсыздандыру нысандары, байланыс және дабылдама, ұшу-қону жолақтары, тікұшақ алаңдары, және т.б. нысандар қосылмаған. Олардың құрылыс ұзақтығы берілген нормалардың сәйкес бөлімдері бойынша орнатылады және мұнай өнеркәсібін жайластырудың барлық кешенінің құрылыс ұзақтығына соммаланады.

6.2.7 Магистральдық құбырлы шаруашылықтың барлық құрамдаушы бөліктер құрылысының нормативтік ұзақтығы ұқсастық бойынша мұнай шығаратын саланың өзге нысандарымен анықталуы мүмкін.

6.2.8 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.8 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.


6.3 Мұнай өңдеу өнеркәсібі

 

6.3.1 Мұнай өңдеу өнеркәсібі нысандарының құрылысының нормативтік ұзақтығы өндірістік нысанды (қондырғыны) және жалпы зауыттық шаруашылықтың бөлімшелерін: қажетті көлемдегі аралық резервуарлар кешенін; мұнай бөлгішті; тұрмыстық ғимараттарды; сутартқыш және кәріз коммуникацияларын; жер үсті тіреулерге орнатылған өнеркәсіптік құбырларды тұрғызуға жұмсалатын уақытты құрайды.

6.3.2 Нормаларға аспаптар мен жабдықты, технологиялық жүйелерді, сыйымдылықты және коммуникациялық нысандарды дайындауға және монтажды бітіру және нысанды тұрғызуды аяқтау арасындағы интервалда екі кезеңде өткізілетін кешенді сынауға жұмсалатын уақыт қосылады:

- біріншісіөндірістік жүйелердің, технологиялық аппараттардың, ыдыстардың, механизмдердің, машиналардың, бақылау-өлшеу жүйелерінің, автоматика мен коммуникация жабдығының барлық кешенін кезең-кезеңмен және одан әрі жалпы сынау.

- екіншісіпеш жабдығын кептіру, аппараттық жабдық жүйелерін, дербес түйіндерді және жалпы кешенді, өндірістерді, цехтарды және өндіріс блоктарын сынап көру және жөндеу.

6.3.3 Өлшемі 3 м жоғары, ұзындығы 30 м артық, массасы 30 т асатын, аппараттарды жұмыс қалпына орнату орнына тікелей жақын жерде жасалатын және осы аймақтағы барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының тоқтатылуын талап ететін (еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының шарттары бойынша) стандарттан тыс аппараттарды қосымша жасалуына және толық жиналуына жұмсалатын уақыт құрылысты ұйымдастыру жобасымен анықталады және барлық кәсіпорынның құрылыс ұзақтығына соммаланады, бірақ 3 айдан артық болуы тиіс.

6.3.4 Кәсіпорындардың, нысандардың, сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың жиынтықты-блоктық әдіспен салу ұзақтығының нормалары блоктық атқарылымда жобаланатын және жиынтықты жеткізіліммен қамтамассыз етілген нысандар үшін орнатылған.

6.3.5 Нормаларда келесілер ескерілген:

- құрамдаушы түйіндердің монтаждау жүйелеріне ірілендіретін жинақталуы, алаңмен тікелей жақын жерде орналасатын және құрылыстың соммалық ұзақтығына әсер етпейтін арнайы жабдықталған алаңдарда (телімдерде) құрылыс-монтаждау бөлімшелерінің алдын-ала және негізгі құрылыс операцияларымен параллельді жүзеге асырылады;

- агрегаттардың ірілендіретін жинақтау алаңынан доңғалақты автомобильді көлікпен жеткізілуі және олардың жұмыс қалпына крандармен монтаждалуы.

6.3.6 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.3 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.


6.4 Газ өнеркәсібі

 

6.4.1 Газ өнеркәсібінің кешендеріне, мұнай өңдеу саласы мен магистральды құбырлы жүйелерге ұқсас, нысандарды тұрғызудың нормативтік ұзақтылығы таралады.

6.4.2 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.4 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.


6.5 Көмір өнеркәсібі (қатпарлысын қоса алғанда)

 

6.5.1 Құрылыстың және сәйкес дайындаманың нормативтік ұзақтығы арнайы титулдық тізімдер бойынша тұрғызылатын байытатын кәсіпорындар үшін реттемеленген.

6.5.2 Көмір байыту комбинаттарын кезектермен немесе іске қосу телімдерімен тұрғызған кезде бірінші кезең құрылысының ұзақтығы дәл осындай қуаты бар ұқсас байытатын өндіріс үшін бірдей болып орнатылады.

6.5.3 Нақты байытатын кәсіпорындар үшін, және кейінгі іске қосу нысандары үшін құрылыстың және сәйкес дайындаманың мерзімдері құрылысты ұйымдастыру жобасымен анықталады.

6.5.4 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.5 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.


6.6 Қара металлургия
6.6.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.6 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.7 Түсті металлургия
6.7.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.7 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.8 Химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп
6.8.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.8 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.9 Машина жасау
6.9.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.9 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.10 Құрылыс және құрылыс құрылмалары мен бөлшектерінің өнеркәсібі

 

6.10.1 Құрылыс механизмдерін техникалық қамсыздандыру және жөндеу нысандары құрылысының нормативтік ұзақтығы, бірдей соммалық қуат – құрылыс машиналары мен автомобильдік техниканың қызмет көрсетілетін бірліктерінің саны кезінде, құрылыс техникасы мен автомобильдік көлікті қоса алғанда, қамсыздандырудың аралас номенклатурасы бар бөлімшелерге таралады.

6.10.2 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.10 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.

6.11 Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
6.11.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.11 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.12 Жеңіл өнеркәсіп
6.12.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.12 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.13 Азық-түлік өнеркәсібі
6.13.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.13 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.14 Ет және сүт өнеркәсібі
6.14.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.14 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.15 Балық өнеркәсібі
6.15.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.15 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.16 Ұн тарту-жармалық және құрама жем өнеркәсібі
6.16.1 Өнеркәсіптің берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.16 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.
6.17 Су шаруашылығы құрылысы
6.17.1 Нормалар су шаруашылығы нысандары, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау нысандары және жер өңдеу жүйелері, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің өзге нысандары құрылысының ұзақтығын реттемелейді.

6.17.2 Жер өңдеу жүйелерін салу кезінде құрылыстың жалпы ұзақтығында олардың кешендік сыннан өткізу және суландыру жүйесінің оның барлық көлемі бойынша сынама суаруы және бір уақытта барлық күріш чектер жүйесінің батырылуы бар іске қосу-жөндеу бойынша жұмыстар ұзақтығы ескеріледі.

6.17.3 Нормаларда, нысанның өндірістік және әлеуметтік аяларын кеңейтуге арналған жері өңделетін телімнің тәуелсіз нысандарына жататын жолдарды есептемегенде, жер өңдеу жүйесінің құрамына қосылған жолдардың ғана құрылысы ескеріледі.

6.17.4 Нормаларда егу жерлеріндегі жұмыстарды жүргізу үшін тоқсандар және жылдар бойынша таралатын ұзақтылық пен күрделі қаржы жұмсаулары ескерілмейді, олар құрылысты ұйымдастыру жобасымен белгіленуі тиіс.

6.17.5 Құрылыс ұзақтығының нормаларында гидро құрылыс арқылы топырақ үю дамбалары, арна құрылыстары және жаға бекітулері, жер өңдеуге арналған су қоймаларының бөгеттері бойынша (сумен қамсыздандырылу деңгейінен тәуелсіз) бірінші тасқынның өтуі ескерілмейді.

6.17.6 Нормаларда су шаруашылығы нысандары салынуының ерекше жағдайлары (геологиялық және гидрогеологиялық) ескерілмейді, бұл ретте құрылыс ұзақтығы құрылысты ұйымдастыру жобасымен анықталуы тиіс:

- қорыстардың, тасты топырақтың және көшкіндерге бейім топырақтың, профильдік көлемдегі жер жұмыстарының 25% артығының болуы;

- топырақта коллектордың жобалық түбінің деңгейіне қатысты немесе одан жоғары су деңгейжиегінің, сондай-ақ жеке жобалар бойынша салынатын сел арналарының болуы;

- құны басқа жобалар бойынша салынып жатқан су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың құнынан 30% жоғары арнайы жұмыстар үшін (силикаттау, цементтелген шымылдық, тіреулі негіз және т.б.).

6.17.7 Су шаруашылығы нысандарына арналған нормаларда құрылыс ұзақтығы құрылысты ұйымдастыру жобасында келесі жағдайлардағы қажетті негіздеу болған кезде 20% дейін артады:

а) суарылу (күріш суарылуын қоса алғанда), суландыру және кептіру жүйелерін салуға:

қорыстардың, тасты топырақтың және көшкіндерге бейім топырақтың көлемі үшін профильдік көлемдегі жер жұмыстарының 25% астамы;

егер жеке құрылыстарды салу және сүзгілеуге қарсы жұмыстарды өткізу жүйе бойынша жұмыстар құнынан смета бойынша 40% артық болса;

б) топырақтағы су деңгейжиегі жобалық түп деңгейінде немесе одан жоғары кезіндегі сел арналары және жеке ірі коллекторлар бойынша;

г) каналдар бойынша, жер жұмыстарының құнынан 40% жоғарыны құрайтын қорыстардағы, тасты және көшкін құбылысымен зақымданған топырақтардағы жұмыс құны кезінде;

е) егер негізді жабдықтауға (шымылдықты цементтеу, тіреулі негіз, силикаттандыру және т.с.с.) арналған арнайы жұмыстарға жұмсалатын шығындардан нысан құнынан 30% арту болса, гидротехникалық жеке (үлгілік емес) ірі нысандар бойынша және су қоймалары (арналары) бойынша;

ж) суландырушы жүйелерді және қорғауға арналған топырақ үю дамбалары бар кептіру жүйелерін салу кезінде және теңіз қасы ойпаттары мен өзен алқаптарындағы сорғымен тартып шығару станцияларымен;

з) климаттық аймақтағы құрылыс кезінде, мұнда есептік қысқы кезең 140-тан артық күнді құрайды;

к) нысандарды 3 және 4 санаттағы бедерлердің қиылысуына ие жерлерде салған кезде.

6.17.8 Су шаруашылығы нысандарының құрылыс ұзақтығының нормаларына – арналық, жағаны нығайтушы құрылыстар, топырақ үю дамбалары, жер өңдеушілік тағайындалудағы су қоймалары мен бөгеттері бойынша - бірінші тасқынның өткізілуі және бөгеттер мен су қоймаларының қалыпты жобалық деңгейжиекке дейін толтырылуы қосылмаған және қосылуы тиіс. Бұл кезеңнің ұзақтығы құрылысты ұйымдастыру жобасымен анықталады.

6.17.9 Нормалармен су іздерінде суландыру жүйелерін салу кезіндегі топырақтарды тұрақтандыру кезеңі ескерілмеген. Оның ұзақтығы құрылысты ұйымдастыру жобасымен анықталады және нормаларға қосылады.

6.17.10 Берілген түрі бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.17 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.


6.18 Әуе көлігі
6.18.1 Нормалар, тәуліктегі орташа температура 5°С және одан жоғары кезінде, қарапайым тәсілмен цементтік-бетонды жабындарды жасауға және бір жыл ішіндегі жұмыс күндерінің есептік санына сүйеніп, аэродромдық жабындар мен аэропорттар үшін 4 аймақ үшін (1- жылына 100 есептік жұмыс күніне дейін; 2- жылына 125 есептік жұмыс күніне дейін; 3- жылына 150 есептік жұмыс күніне дейін; 4- жылына 150 есептік жұмыс күнінен артық) құрылыс ұзақтығын белгілейді.

6.18.2 Егер аэропорттың іске қосу кешені ішінара жиынтықпен жобаланса, онда мұндай кешеннің құрылыс ұзақтығын берілген кешенде жоспарланған нысандардың біреуінің максималды ұзақтығы бойынша есептеу қажет.

6.18.3 Ұшу-қону жолақтарының (ҰҚЖ) құрылыс ұзақтығы құрылысты ұйымдастыру жобасына сәйкес анықталуы тиіс, егер жер жұмыстарының көлемі келесі мәндерден асып түссе:

А класындағы аэродромдар үшін 1500 мың. м3;

Б класындағы аэродромдар үшін 1200 мың. м3;

В класындағы аэродромдар үшін 600 мың. м3.

6.18.4 А, Б, В класындағы аэродромдардың нормаларында ҰҚЖ құрылысы кезінде сырғитын қорама қалыпқа ие машиналар жиынтығының пайдаланылуымен бетоннан жасылған бір қабатты жабындар құрылғысы қарастырылған. Рельстердің жиынтығы бар бетон төсеуші машиналар қолданылған жағдайда 1,1 коэффициентін пайдалану қажет.

6.18.5 Егер А және Б класындағы аэродромдарында бетон жабындары 2 қабатқа ие болса, онда келесі коэффициенттер пайдаланылады:

1,2 – сырғитын қорама қалыпқа ие машиналарын қолданған кезде;

1,3 – рельстік жиынтығы бар бетон төсеуші машиналарды қолданған кезде.



6.18.6 Берілген түр бойынша құрылыс ұзақтығының нормалары ҚР ЕЖ 1.04-25-2013 А.1.18 кестесіндегі А қосымшасында келтірілген.

ӘОЖ 614.844+654.924.5 МСЖ 91.120.99
Негізгі сөздер: құрылыс ұзақтығының нормалары, кәсіпорын құрылысындағы іс ірігесі, ғимараттар, мекемелер, құрылыс матераилдары, нормативті құжаттар, құрылыс нормалары, құрылыс объектісі, күрделі құрылыс,құрылыстық –монтаждау жұмыстары




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет