31
Спорт психологының іс-әрекетінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Психодиагностика спортшының белгілі бір спорт түріне және стресстік
жағдайларды жеңудегі тұлғалық және индивидтік
ресурстары сәйкестігін
тексеру және іріктеу. Спорт іс-әрекетінің өнімділігін арттыру және қалпына
келтіру, релаксация мақсатында әр түрлі құралдарды пайдалана отырып
түзету және психотерапиялық жұмыс жүргізу. Жаттығу іс-әрекеті барысында
сүйемелдеу. Жаттықтырушымен ынтымақтастық
және спортшы іс-әрекетін
түзету жұмыстары әдістерін онымен бірлесе әзірлеу. Спортшының
жаттықтырушысы
және
командасымен
өзара
қатынасын
реттеу.
Спортшының өмірлік қиындықтар мәселелері жөнінде жеке консультация
беру. Жарысқа әр түрлі кезеңде дайындалудың тиімділігін ынталандыру.
Жарыстар жағдайын психологиялық моделдеу:
пәндік-заттық жағдайлар
және жарыс барысындағы әлеуметтік ортаны үлгілеу (жанкүйерлер әсеріне
реакция, фобияны, сәтсіздікке ұшырау үрейін жеңу және т. б.). Психологтың
жеңіске жеткен жағдайдағы мінез-құлқы (қарапайымдылық) және жеңіліске
ұшырағанда –
стрессті жеңу бойынша жұмыс, спортшының өзін-өзі
құрметтеу және кәсіби әрі тұлғалық өсу үшін жағымды мотивацияны
ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: