Программа по специальности «5В050300 психология»


Ерте балалық шақтағы баланың физикалық және психикалық



Pdf көрінісі
бет56/231
Дата20.09.2022
өлшемі1.92 Mb.
#460974
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   231
ПСИХОЛОГИЯ бак.

Ерте балалық шақтағы баланың физикалық және психикалық 
дамуы
Ерте балалық шақ сипаттамасы. Ерте балалық шақтағы психиканың 
даму шарттарының жалпы сипаттамасы. Баланың мектепке дейінгі жастағы 
дамуының психологиялық ерекшеліктері. Ерте жас қызметінің жетекші түрі. 
«үш жас дағдарысы» түсінігі. Затты-манипулятивті іс-әрекет ерте балалық 
шақтағы психикалық қалыптасудың жетекші факторы ретінде. Ерте балалық 
шақтағы негізгі заңдылықтар және заттармен әрекеттерінің қалыптасу 
кезеңдері. Ерте балалық шақтағы ойын іс-әрекетінің психологиялық 
сипаттамасы. Ерте жастағы эмоциялардың және жоғарғы сезімдердің даму 
ерекшеліктері. Ерте жастағы психикалық процестердің қалыптасуларының 
негізгі заңдылықтары. Ерте балалық шақтағы ойын іс-әрекетінің 
психологиялық сипаттамасы. Ерте жастағы баланың алғашқы тұлғалық 
формалары. Ерте балалық шақтағы сөйлеудің қалыптасуы мен қарым-
қатынас. Көрнекі-әрекеттік ойлау. Бала сөйлеуінің автономды рөлі. 
Психологиядағы бала сөйлеуінің теориялары (Ж.Пиаже, А.Валлон, 
В.Штерн).
 
Мектепке дейінгі жастағы психикалық дамудың жалпы 
сипаттамасы


60 
Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық процестердің қалыптасуының 
негізгі заңдылықтары.
 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының 
негізгі факторлары. Іс-әрекеттің жетекші түрі. Дамудың әлеуметтік жағдайы.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы. Сезімдердің қалыптасуы. Баланың 
жаңа іс-әрекетке қосылуы (тазалық, оқу мен еңбектің элементтері). Баланың мектепке психологиялық 
дайындық мәселесі. Мектепке дейінгі кезеңнің соңындағы балалардың анатомо-физиологиялық 
ерекшеліктері. Баланың психикалық дамуына сенсорлық процестердің мақсатты қалыптасуының маңызы 
(А.В.Запорожец, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер). Сөздікті меңгеру және сөздің грамматикалық ретінің 
қалыптасуы, сөздің негізгі қызметтерінің қалыптасуы. Алты жасар баланың жеті жасар баладан 
айырмашылығы. Мектепке дейінгі баланың мектепке оқуға дайындығын анықтайтын психологиялық және 
мінез-құлықтық ерекшеліктер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет