Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет197/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ 
Егер базалық класс конструкторында параметрлерді көрсету талап етілсе, ол туынды 
класс конструкторындағы инициализация тізімінде нақты түрде шақырылуы керек (бұл 
соңғы үш конструкторда көрсетілген).
Меншіктеу операциясы да мұраланбайды, сондықтан оны да 
daemon
класында нақты түрде анықтап алу керек. Функция-операцияның жазылуы-
на назар аударыңыз: оның тұлғасында базалық кластан меншіктеу функция-
операциясын нақты түрде шақыру қолданылған. Шақыру синтаксисін жақсы 


221
елестету үшін 
operator 
түйінді сөзін операция белгісімен бірге функция-
операцияның атауы ретінде түсінуге болады.
Базалық класс функциясын шақыру əрекеті базалық класс функцияларынан 
код үзінділерін туынды класс функцияларына көшіруге қарағанда басымырақ 
болып саналады. Код көлемін азайтумен қатар, осы арқылы программаны 
өзгерту жеңілдігіне қол жеткізуге болады: өзгерістерді программаның бір ғана 
нүктесіне енгізу қажет, бұл мүмкін болатын кателіктер санын азайтады.
Төменде деструкторлардың мұралану ережелері көрсетілген:
Деструкторлар мұраланбайды жəне программалаушы туынды класта
деструкторды сипаттамаған болса, онда ол келісім бойынша құрылады жəне 
барлық базалық кластардың деструкторларын шақырады.
□ Конструкторларға қарағанда, туынды класс деструкторын жазу кезінде 
оның құрамында базалық класс деструкторларын нақты түрде шақыру та-
лап етілмейді, өйткені бұл автоматты түрде орындалады.
□ Бірнеше деңгейден тұратын кластар иерархиясы үшін деструктор-
лар конструкторлардың шақырылу реттілігіне қатаң түрде қарама-қарсы 
тəртіппен шақырылады: алдымен класс деструкторы, содан кейін класс 
элементтерінің деструкторлары, олардың соңынан базалық класс деструкто-
ры шақырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет