Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет121/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
Истериялық невроз 
 
Истериялық невроздың клиникалық кӛрінісі кӛпқырлы. 
Ӛткен ғасырдың 
және осы ғасырдың басында ӛмір сҥрген авторлардың суреттемелерінде невроздардың 
истериялық ҧстамалар тҥрінде жиі кӛрінетіндігі жӛнінде айтылған. Истериялық ҧстамалар 
кӛрінісі мен ағымы бойынша эпилепсиялық ҧстамадан бірқатар ерекшеліктерімен 
ажыратылады. Олар жоғары эмоциональды айқындылықпен ерекшеленеді. Осы уақытта 
науқастар санасын жоғалтпайды, барлық рефлекстер сақталған. Олардың санасы 
тарылған, және олар ӛздері ҥшін эмоциональды мәні бар тітіргендергіштерге жауап 
береді. 
Қазіргі кезде истериялық невроздың клиникалық кӛрінісінде 
соматовегетативті бұзылыстар ҥлкен орын алады. Олар айрықша жҥрек-
қантамырлық бҧзылыстармен, асқорыту, тыныс бҧзылыстарымен кӛрінеді. 
Тыныс бҧзылысымен, ӛңеш спазмдарымен ауыр жӛтел ҧстамаларына 
байланысты науқастарды жалпы профильдік ауруханаларға орналастырып 
қоймай, оларға жиі оперативті кӛмек кӛрсетіледі.
Истериялық невроздарда қозғалыс пен сезімталдықтың бұзылуы 
байқалады. Науқастар жҥріп-тҧра алмайды (астазия-абазия), қабақ 
спазмдары, афония, аяқ-қолдың салдануы болады. Сезімталдықтың бҧзылуы 
иннервация зонасына сәйкес келмейді және қолғап, шҧлық, кҥртеше тҥрінде 


~ 195 ~ 
кӛрінеді. Науқастар жиі дененің әр бӛлімдеріндегі және ішкі мҥшелердегі 
ауру сезімдеріне шағым айтады. 
Истериялық невроз симптоматикасының айтарлықтай ерекшелігі - 
симптомдардың психогендік факторлармен байланысы, ағза жҥйесіндегі 
органикалық бҧзылыстардың жоқтығы және бҧзылыстардың сендіру, ӛзін-ӛзі 
сендіру типі бойынша пайда болуы. Басқа маңызды фактор истериялық 
мінез-қҧлықпен адамдардағы оның дамуына бейімділік болып табылады. 
Науқас С., 42 жаста, тазалықшы. Жылаңқылыққа, ҥнемі тамағындағы тҥйінге, 
спазмға, бас ауыруына, бҧлшық еттеріндегі ауру сезімдеріне, ҧйқы бҧзылысына шағым 
айтады. 
Анасы тарапынан әжесі туысқандарының айтуы бойынша қызық кісі болған, «есінен 
адасқан». Әкесі тҧйықтау, деспот кісі болған, баларына шамадан тыс талапшыл болған. 
Анасы сезімтал, ренжігіш, жанҧялық қиыншылықтарға жиі шағымданатын болған. Науқас 
әсершіл, ренжігіш, айтқанынан қайтпайды. Толқу жағдайында жиі тамағында тҥйнек, 
«бҥкіл денесінің дірілін», басында ӛткір шаншуды, аяқ-қолдары бҧлшық еттерінің 
ауратындығын байқаған. Осындай жағдай алғаш рет жеті жасында, мектептегі нашар 
тәртібі ҥшін әкесі белбеумен соққан кезде байқалған. Науқастың айтуы бойынша әкесі 
қатты қорқып кеткен. Содан соң ешқашан ҧрмаған. 16 жасынан бастап еңбекке араласқан. 
Науқас тігу шеберханасында бес жыл істеген. 27 жасында тҧрмысқа шыққан. Жолдасы 
оған қамқор болып, барлық тілектерін орындап отырған. Балалы болғаннан кейін, 
жҧмысындағылар, науқастың ойы бойынша оның жанҧялық бақытын кӛре алмаушылар, 
нашар кӛзқараспен қарайды деп, ары қарай жҧмысын жалғастыра алмаған. 
Қызметтестерінің айтуы бойынша науқас бірбеткей, тек ӛзінің қалағанын істейтін 
кӛрінеді. Ҥш жыл бҧрын жҥрек ҧстамасынан кҥйеуі қайтыс болған. Науқас қатты 
қайғырған. Жерлеу кезінде «истерика» болған. Ол зарлы дауыспен айғайлаған, бірақ 
артынан басылған. Жҧмысқа орналасуға мәжбҥр болған. Ӛткен жылы кҥйеуге екінші рет 
шыққан. Кҥйеуі арақ ішеді, бір керістен кейін тҧншығу сезімі пайда болған, сӛйлей алмай 
қалған (афония). Бҧлшықеттері ауырғандықтан әрең қозғалған. Дәрігер кӛмегіне жҥгінген. 
Психикалық жағдайы: ӛзін демонстративті ҧстайды, сыбырмен сӛйлейді, оның 
Сӛйлеуіне кедергі жасап тҧрған тамағындағы спазмды байқайды, кейде жылап
тыныштала алмайды. Жҧбайның ҥнемі ішетіндігіне, оның ӛміріне кӛңіл бӛлмейтініне 
шағым айтады. Дәрігердің кҥйеуін шақыртып, оған оның «ауруының аурылығы» жӛнінде 
тҥсіндіріп беруін, ӛзіне кӛңіл бӛлу қажеттігін айтуын сҧрайды. Ем жҥргізілгеннен кейін 
(дәрілік, психотерапиялық) және жанҧялық жағдайы жӛнделген соң науқастың жағдайы 
жақсарды.
Невроздың осы тҥрімен науқастарда истериялық бҧзылыстардың 
қайталануы кҥшейеді. Олар тек эмоциональды жарақатқа кезінде ғана емес, 
науқастар ӛз дегеніне жете алмағанда да пайда болады. Олардың тәртібінде 
демонстративтілік, эмоциональды тҧрақсыздық, керісуге бейімділік және 
истериялық невроздың тҧлғаның истериялық дамуы кӛріністеріне 
трансформациялануы ӛзіне кӛңіл аудартады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет