~ 204 ~
антидепрессанттар
мен
нейролептиктерді
тағайындауға
болады.
Препараттардың
осындай
комбинациясын
реактивті
депрессиямен,
галлюцинациямен науқастарға қолдануға болады. Реактивті параноидпен
науқастарға нейролептиктер қолданады.
Реактивті психоздар емі (әсіресе созылмалы ағымдағы) бҧл кҥйді
басумен шектелмейді. Сонымен қатар жалпы әлдендіретін және
реабилитациялық шаралар қолдану қажет. Бірақ барлық компонентерді
кешенді
бірлестіру керек, яғни психофармакологиялық, жалпы әлдендіретін
және реабилитациялық шараларды ҥйлестіру керек. Осы шаралардың
маңызды элементі психотерапия болып табылады. Психотерапияның
маңызды міндеті - психожарақаттаушы
ситуацияда шападан тыс
фиксациялануды
болдырмау,
және
келесі
сатысы
ретінде
-
психожарақаттаушы ситуацияның салдарына науқастың адаптациялық
механизмін кҥшейту. Ол жанҧялық ӛмірдегі, қызметтік қатынастардағы
ӛзгерістер тҥрінде болуы мҥмкін. Қажет жағдайда дәрігердің міндетіне
науқастың әлеуметтік мәселелерін шешуге тікелей қатысу да кіреді. Кӛп
жағдайда болжамы жайлы және психожарақаттаушы ситуацияның жойылуы
психикалық денсаулықтың қалыптасуына алып келеді.
Қосымша экзогенді
немесе негативті факторлар орын алған жағдайда болжам аздап жайсыздау
болады. Бҧл жағдайда реактивті кҥйдің ағымы созылмалы сипат алуы
мҥмкін.
Реактивті психоз кҥйінен шыққан соң науқастар еңбекке қабілеттілігін
сақтайды. Тек реактивті кҥй ҧзақ, созылмалы сипат алаған адамдар бҧл
тізімге кірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: