Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет134/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Шизоидты психопатия. 
Шизоидты психопатиямен адамдар тҧйықтығымен, қарым-қатынасқа 
тҥспеушілігімен ерекшеленеді, айналасындағылармен контактқа тҥсуі ӛте 
қиын. Бҧлар бала кезінде жиі ҥй жағдайында жалғыз, тыныш, байсалды 
ойындарды ойнағанды ҧнатады, ешқашан ӛз кҥйзелістерімен ата-анасымен 
бӛліспейді, қҧрбыларымен тіл табыса алмайды. Кейіннен жағдайлар мәжбҥр 
еткенде ғана достық қатынас қҧрады, бірақ контакт формальді сипатта 
болады. Аса сезімталдық немесе эмоциялық суықтық қасиеттерінің бірінің 
басым болуына байланысты экспансивті және сенситивті шизоидтар деп 
ажыратылады. Сенситивті шизоидтар - тым ӛкпелегіш, кек ҧстанғыш, 
сезімтал және ӛз тарапына бағытталған әділетсіздікті ҧзақ уайымдап жҥреді. 
Экспансивті шизоидтар, керісінше, айналасындағы адамдарға қатысты 
эмоциональді «анесетезия» элементтерімен ерекшеленеді. Олар ешкімнің 
сӛзіне қҧлақ аспайды, ӛзінің кӛзқарасы дҧрыс деп есептейді және қарым-
қатынаста ӛзін суық және жоғары ҧстайды. Мамандық қатынаста қҧрғақ 
және ресми қатынаспен ерекшеленеді. Негізгі мінез сипаты айналадағыларға 
немқҧрайлық болып табылады, бҧл әсіресе жақын адамдарына қатысты 
жағдайда анық кӛрініс береді (ата-анасы, туыстары және т.б.). 
Науқас К., 28 жаста, физик. Әкесі тарапынан әжесі психикалық аурумен зардап 
шегіп, психиатриялық ауруханада қайтыс болған. Әкесі тұйық, көп сөйлемейтін адам, 
қазір жанұясынан бөлек тұрады. Шешесі ақ көңіл, жарқын адам, мамандығы музыкант. 
Науқас мерзімінде жанұяда бірінші бала болып дүниеге келген. Жүктілік кезінде 
ешқандай ауытқу болмаған. Бала кезінде тұйық, жайбасар болған. Тәрбиешілер оның 
ұқыпсыздығын, немқұрайлығын атап айтқан. Ауру киім ауыстыратын бөлмеде жартылай 
шешініп, отырып қалатын болған, әрқашан асқа кешігіп келетін және ебедейсіз болған. 
Бір орында отырып ойнайтын, тыныш ойындарды ұнататын. Мектепке дейінгі уақытта 
оқуды және есеп шығаруды білген. Мектепке 7 жасынан барған, жақсы оқыған. Дене 
тәрбиесі пәнін ұнатпаған, себебі икемсіз болған. Науқастың жүрісі икемсіз болған
сыныптастары оны мазақ еткен. 11 жасында физика пәніне аса әуестенген. Бос 
уақытының барлығын кітапханада, үйірмелерде өткізген. Бірнеше рет ересектерге физика 
пәнінен білімін көрсетіп, таңдандырған. Оқуында болған кез - келген жағымсыз 
жағдайларға уайымдайтын болған. Бір күні сирек кездесетін сөздік кітабын жоғалтып 
алғаны үшін бірнеше сағат бойы жылаған және ұзақ уақыт бойы көңіл-күйі түсіп жүрген. 
Осы кезде әке-шешесінің айырылысқанына мүлдем уайымдамаған. Бұл жөнінде естіген 
сәтте науқас біраз ұнжырғасы түсіп, аз уақыт өткен соң қолын бір сермеп, кезектегі 
олимпиадаға дайындала бастаған. 7 сыныпта физика-математикалық мектепке ауысқан. 
Жақсы оқыған. Сыныптастарымен қарым-қатынасы нашар болған, себебі, оны 
«мақтаншақ және мансапқұмар» деп санаған. Өзінің секірмелі жүрісінен ұялатын болған, 
әсіресе қыз балалардың көздерінде күшейіп кететін болған. Мектепті алтын белгіге 
бітіріп, институтқа түскен. Бірнеше уақыт бойы жатаханада тұрған, бірақ көп ұзамай 


~ 213 ~ 
үйіне қайтып келген. Жатақханадағы шуға үйрене алмаған, ешкіммен тіл табыса алмаған, 
ақшаны дұрыс жұмсай білмеген және т.б. себептер болған. Институтта екі 
курстастарымен достасқан, олармен жақсы араласақан, бірақ студенттік жиындарға 
қатысудан мүлдем бас тартқан. Институт бітірген соң аспирантураға қабылданып
кандидаттық диссертация қорғаған. ҒЗИ-на келіп жұмысқа орналасқан, қазір де сол жерде 
қызметте. Әріптестерімен қатынасы ұстамды, қызметке ғана байланысты. Осыдан екі жыл 
бұрын бір қызбен танысып, ұзақ уақыт көңіл білдіріп жүрген, бірақ үйленуге ұсыныс 
жасай алмаған. Үйлену ғылыми жұмысқа кедергі жасайды деп есептеген. Соңғы кездері 
екі ғылыми эксперименттің үзілуіне байланысты ұйқысы бұзылған, басы ауырып, көңіл- 
күйі төмендеген. Анасына демалып, емделгісі келетінін айтып, анасының ақылымен 
психиатрға көрінген.
Соматикалық жағдайы: дене бітімі астеникалық, дене салмағы аздап төмен, тері 
жабындысы бозғылт. Ішкі мүшелерінде патология жоқ.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық зақымдануы белгілері жоқ, 
краниограмма және көз түбін зерттегенде өзгеріс жоқ. 
Психикалық жағдайыбағдары жан-жақты дұрыс. Бөлімше ішінде жүрісі секірмелі, 
қолын кең ашып, сермеп жүреді. Қозғалысы жылдам, икемсіз. Әңгімелесуге құлықсыз. 
Сұраққа асықпай, біртекті, дәл жауап береді. Сөйлесу кезінде жұмсарып, ашыла бастайды. 
Көптеген невротикалық шағымдар айтады. Көңіл-күйі төмен. Өзінің жағдайын соңғы 
кездегі жұмысындағы сәтсіздіктермен байланыстырады. Бөлімшеде тек «саналы 
науқастармен» қарым-қатынас ұстайды. Кітап оқиды. Шахмат ойнайды. Көңіл күйі 
қалыптасып келе жатыр. Өзін жоғары бағалайды, өзіне айтылған сынды көтермейді. 
Интеллекті жоғары. Жақсы интеллектуальды қабілеті бірқатар тәжірибелік қарапайым 
мәселелерді игере алмаушылықпен, жеке ситуацияларды бағалаудағы пассивтілікпен, 
бірбеткейлікпен ұштасады. Продуктивті психопатологиялық симтоматика байқалмайды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет