Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет135/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Психастениялық психопатия 
Психастениялық тҧлға ядросы ҥрейшілдік және ӛз-ӛзіне сенімсіздік 
болып табылады. Мҧндай науқастарға бала кезінен ҧялшақтық, әсершілдік, 
не істесе де дҧрыстығына кҥмәндану тән. Мектепте тақтаға шығып сабақ 
айтқанда оқығанын ҧмытып қаламын ба деп қорқады, ал қонақта, қателік 
жіберемін бе деп артық сӛйлеуге қорқады. Есейгенде олар барлығына ҥнемі 
кҥмәнданады, ӛзіне, іс-әрекетінің дҧрыстығына сенбейді, адамдармен
қатынаста жасқаншақ, сенімсіз. Оларға тәуекелшілдік, спонтанды әрекет тән 
емес. Бір қадам жасар алдында, олар кӛп қиналып, ойланып бағалайды, оның 
дҧрыстығына кҥдіктенеді. 
Науқас М., 40 жаста, инженер. Тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Әкесінің мінезі жұмсақ 
болған, қызын жақсы көрген. Ол 5 жасқа келгенде қайтыс болған. Анасы сабырлы, 
сенімжі, ерікті кісі, қазіргі уақытта зейнетте, қызымен бірге тұрады. Анасының жүктілігі 
және босануы қалыпты болған. Кішкентай кезінде науқас қозғалғыш, ашық болған. 
Балабақшаға барған. Тәрбиешілер баланы үркек, анасы кешіккен жағдайда қатты 
уайымдап, жылап мазасызданатын болған дейді. 5 жасында аула итінен қатты қорыққан; 
ұзақ уақыт бойы ит көрсе бірнеше сағат бойы жылап, көмекке шақыратын болған.
Мектепке 7 жасынан барған. Жақсы оқыған, тәртіпті, ұқыпты болған. Мұғалімдер 
басқа оқушыларға оны үлгі еткен. Шешесі музыка мектебіне беріп, болашағына көп мән 
берген және оның консерваторияға түсуін армандаған. Жоғары кластарда үлгерімі 
нашарлаған. Тақтаға шығып сабақ айтуға қатты ұялған. Кейде жаттап алған материалды 
кластастары «мақтаншақ» деп ойлайды деп айтпаған. Бірнеше сағат бойы фортепианода 
күнделікті ойнап, емтиханға дайындалған. Емтихан алдында қатты уайымдап, түнімен 


~ 214 ~ 
ұйықтамай, қатты қорқып, ақырында емтиханға бармаған. Анасының өтінішімен, осы 
музыкалық мектептің ақырғы емтиханын тапсырды. Бірақ консерваторияға түсуге бас 
тартты. Жиі өзінің толымсыздығы жөніндегі ойларға шомыған. 
Үлкен қиындықпен техникалық институтқа түсті. Әр емтихан алдында көп 
уайымдаған. Емтиханнан құлап қалмау үшін, таңертең оң аяғымен тұрып, институтқа тек 
жұп санды транспортпен барған, тек бір киімді ғана киген.
20 жасында тұрмысқа шыққан. Екі жыл өткен соң ұл туған. 1-ші жылы баласы жиі 
ауырған. Ауырғанына қатты мазасызданған. Үнемі емдеу мекемелеріне, мамандарға 
көрсеткен. Балада ешқандай патологиялық өзгерістер болмаған, бірақ ол баласын ауыр 
науқас деп есептеген. Физикалық жүктемелерден сақтандырған, дене тәрбиесінен 
босаттырып алған және бір нәрсеге ұшырайды деп қатты мазасызданатын. Жұмысында 
оған ұқыпты және жауапты қызметкер ретінде өте маңызды және нақтылықты қажет 
ететін жұмыстарды беріп отырған. Соңғы жылдары әдеттегі жұмыстарын жасау қиынға 
түскен: жұмысында кеш, ұзақ отыратын болған, өз есебін бірнеше рет қайта тексеретін 
болған.
Осы жылдың май айында баласы әскерге кетіп, қоштасқан кезде қиналып 
айырылысқан. Егер одан хат кешіксе, өзіне орын таппай, баласы бір нәрсеге ұшырап 
қалды ма деп, туыстарына айтып мазасызданған. Әскери бөлімге 3 рет телефон соғып, 
жағдайын сұраған. Соңғы жылдары науқастың еңбекке қабілеті төмендеген, ұйқысы 
бұзылған. Үнемі баласы туралы ойлар қинайды. Осы шағымдарымен стационарға жатып 
емделуге келді. 
Соматикалық жағдайы: дене бітімі астеникалық, дене салмағы аздап төмен. Ішкі 
мүшелерінде өзгеріс жоқ. 
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық бұзылысы жоқ. Краниограмма 
және көз түбінде патологиялық белгі жоқ. 
Психикалық жағдайы: науқастың бағдары жан-жақты дұрыс. Сұхбаттасуға 
құнықсыз. Бара-бара үйренісіп алған соң әртүрлі шағымдарын айтып, баласын еске алады. 
Науқастың айтуынша: «үнемі баласы бірденеге ұшырап: аварияға түсіп, жарақаттанып, 
әлде әскери дайындық кезінде өліп қалды ма» деп уайымдайды, осы ойларының 
негізсіздігін біле тұра, оларды жеңе алмайтындығын айтады. Көңіл- күйі түсіңкі, 
тұнжырап отырады. Интеллекті сақталған. Қабылдау бұзылыстары байқалмайды. Науқас 
өз жағдайына сын көзбен қарайды. «Тыныштандырғыш ем» жүргізуді өтінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет