Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


ЖИТС (жҥре пайда болған иммунды тапшылық синдромы)



Pdf көрінісі
бет174/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

ЖИТС (жҥре пайда болған иммунды тапшылық синдромы) 
кезіндегі психикалық бҧзылыстар. ЖИТС-тің клиникалық кӛрінісінде осы 
дерттің басқа да кӛріністерімен қатар диагностика, емдеу және жҥргізу 
тактикасы ҥшін маңызды болып табылатын психикалық бҧзылыстардың 
ерекше орны бар. 
ЖИТС-пен науқастардың преморбидтік тҧлғалық ерекшеліктері жиі 
психопатиялық айрықшалықпен сипатталады, олардың ішінде жиі 
истериялық тҧлға ерекшеліктері байқалады (мәнерлілікпен, мимикасы мен 
жесттарының театральдылығымен). Әртҥрлі сексуальды бҧрмаланыстар 
байқалады. ЖИТС-ті жҧқтыру факті жӛніндегі ақпаратты әдетте науқастар 
сәйкес бағаламайды, айқын реактивті психопатологиялық кҥйлер 
бақыланбаған. 
ЖИТСпен науқастанудың алғашқы кезеңдерінде инфекцияның 
соматикалық кӛріністерінің пайда болуымен қатар, зейін жинақтау, есте 
сақтаудың 
қиындауы 
және 
эмоциональды 
тҧрақсыздық 
сияқты 
бҧзылыстармен неврастения тәрізді синдром жиі байқалады. 
Ал ауру дамуының соңғы сатыларында амнестикалық бҧзылыстар 
айқынырақ бола бастайды. Бҧл фиксациялық амнезияны еске тҥсіреді, ӛткен 
ӛмірінің оқиғаларына қатысты ес сақталған, ӛзіне сын кӛзқарас тӛмендеген, 
ӛз мҥмкіндіктері мен жеке басын асыра бағалауға тенденциямен аса бағалы 
идеялар пайда болады. Ойлау байымдылыққа бейімделеді. Эмоциональды 
ҧстамсыздық байқалады. 
Клиникалық психопатологиялық кӛрінісі динамизммен, психикалық 
жағдайының уақытша жақсаруы кезеңдерімен ерекшеленеді, бірақ аурудың 
дамуы мен ҥдеуіне байланысты психикалық бҧзылыстар айқын 
психоорганикалық синдром дәрежесіне дейін жетеді. 
Этиологиясы және патогенезі. 
 
Инфекциялық психоз кезіндегі клиникалық кӛріністер науқастың жеке 
ерекшеліктеріне, оның экзогендік зияндылықтарға жауап беру қабілетіне 
байланысты. 
Әртҥрлі инфекциялық аурулар кезінде психикалық бҧзылыстардың 
патогенезі бірдей емес.Жедел инфекция кезінде нейрондардың дегенеративті 


~ 267 ~ 
ӛзгерістерімен жҥретін психикалық энцефалопатия кӛрінісі байқалады: 
созылмалы инфекциялар кезінде гемо - және ликвородинамика 
бҧзылыстарымен жҥретін қантамырлар патологиясының маңызы зор. 
И.В. Давыдовтың инфекциялар жӛніндегі жалпыпатологиялық іліміне 
сҥйеніп инфекциялық психоздардың негізгі патогенетикалық заңдылықтарын 
тҥсінуге болады. Осы ілім бойынша инфекциялық ҥрдістің табиғаттағы әрбір 
қҧбылыс тәрізді белгілі сатысы бар және ағымы циклды болады; оның жеке 
сатыларының клинико–анатомиялық синдромдары ағзаның иммунологиялық 
жағдайының алмасуымен байланысты. 
Инфекция дамуының шыңында ағзаның спецификалық емес сипаттағы 
(қызба, астения және т.б.) жалпы типті реакциялар тҥріндегі аса 
сезімталдығы байқалады, олар инфекция типіне, ағзаның нақты 
ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір психопатологиялық синдромдармен, 
осы синдромдардың әрқайсысына тән даму қарқынымен, пайда болу мерзімі 
мен ҧзақтығына байланысты кӛрініс береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет