Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет73/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
Эмоция бҧзылыстары 
 
Эмоция – (латын тілінен алғанда emotio – толқытамын) – адамның 
қоршаған орта қҧбылыстарына, және де ӛзіне деген кӛзқарасын білдіретін 
психикалық ҥрдіс. 
Психикалық қызметтер қҧрылысын қарастырғанда адамдар тек тҥйсініп, ойлап, 
еске тҥсіріп, әрекет етіп, сезініп қоймай, субъективті кҥй – ләззат алу, қуану, масаттану, 
қорқу, ашыну, ашу –ыза, таң-қалу, қайғыру, тәубаға келу, ӛкіну кҥйлерін кешетіні 
анықталды. Бҧл кҥйзеліс кез-келген психикалық актты қанықтыра тҥседі, оған 
айқындылық береді.
Эмоцияның басты қызметі, кез-келген психикалық қызмет тәрізді шындықты 
бейнелеу болып табылады. Эмоциональды қызмет нәтежесі тітіркендіргіш орналасуын, 
қасиетін, механизмін және басқа параметрлерін анықтап жатпай ақ, оның ағзаға зиян 
немесе пайдасын кӛсете отырып ағзаның оларға субьективті жылдам жауабын қамтамасыз 
етеді. Басқаша айтқанда, эмоция – бҧл кезде адам субьективті формада ӛзінің қоршаған 
ортаға қатынасын ғана емес, қоршаған ортаның ӛзіне қатынасын кҥйзелумен жҥретін 
психикалық ҥрдіс. Эмоцияның оң және теріс тҥрін бастан ӛткізе отырып, біз қоршаған 
ортаның мәнін бейнелейміз (қолайлы ма, қолайсыз ба).
Эмоциялар - сыртқы тітіркендіргіштерді әрекет мотивтеріне 
айналдыратын ерекше механизм.
Эмоцияларға байланысты бҧзылған тепе–теңдік, гомеостазды 
қалыптастыруға бағытталған қимылдық және жҥріс – тҧрыстық реакциялар 
қосылады. Осылайша эмоциялар – ӛзін-ӛзі реттеу рефлексінің шығу кӛзінде 
тҧрған ҥрдіс, ол ағзаның қалыпты функциясын қамтамасыз етеді және 
ағзаның қиын, тӛтенше жағдайлармен кҥресуіне жағдай жасайды. Бҧл 
эмоцияға әмбебап сипат береді, және осы эмоциялар адам тҧлғасының 
ядросына жақын екенін және тҧлғаны тҧтастай бейнелейтінін кӛрсетеді. 
Ӛзіндік реттелу (саморегуляция) кері байланыс принципі бойынша іске 
асады. Егер ағзаның қандай-да бір қажеттілігі қанағаттандырылған болса, 
онда оң эмоция пайда болады. Медицинада реконвалесцент эйфориясы деген 
тҥсінік қолданылады. Бҧл жедел дертті жағдайды басынан ӛткерген, қызба 
ҧстамасынан шығу жағдайындағы адамда болатын кӛтеріңкі кӛңіл-кҥй. Ауыр 
ауру сезімін бірден басу да эйфория туғызады. Оң эмоцияның қандай–да бір 
қажеттілік қанағаттандырылуы жӛніндегі сигналдан гӛрі, биологиялық 
мәнінің маңызы ӛте зор. Қажеттілікті қанағаттандыруға ағзаның жҧмсаған 
кҥші ҥшін оң эмоция тарту болып табылады. 
Эмоциялар бас миының қыртыс - қыртыс асты қҧрылымдарының 
қызметіне негізделген кҥрделі интегралды ҥрдіс. Эмоция интеграциясы 
ҥрдісінде бірінші дәрежелі рӛл гипаталамусқа қатысты - ол бас миының 
тӛменгі және жоғары жатқан бӛліктерімен ағзаның сыртқы және ішкі 
ортасымен, барлық сезімтал және атқарушы жҥйелер мен мҥшелер 
арасындағы әр тҥрлі байланыстардан тҧратын ерекше диспетчерлік пункт 


~ 126 ~ 
болып саналады. Гипотоламус қозғыштығына және ондағы симпатикалық 
және парасимпатикалық жҥйке жҥйесінің орталықтарына байланысты 
эмоция пайда болу факты және олардың сапалық ерекшеліктері тҥсіндіріледі. 
Ӛзін-ӛзі реттеу ортақ ҥрдісі шеңберінде әрекуетке тҥрткі тҥзіледі 
(субьектитивті кҥйзеліс тҥріндегі эмоциялық қозғалыс) және алдағы 
әрекеттің энергетикалық қамтамасыздалуы дайындалады (соматовегетативті 
және алмасулық ӛзгерістер формасында).
Сондықтан барлық эмоциональды реакциялар пульс ӛзгеруімен, артериялық қысым 
ӛзгеруімен, тыныс жиілігінің, мҥшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің, биохимиялық 
кӛрсеткіштердің және т.б. ӛзгеруімен жҥреді. Қорқыныш немесе ашу жағдайында, жҥрек 
қызметі кҥшейеді, пульс жиілейді, артериялық қан қысымы кӛтеріледі, газ алмасу артады, 
қандағы глюкоза мӛлшері ӛседі, жҧмыс жасап жатқан мҥшелерге, әсіресе қаңқа бҧлшық 
еттеріне қоректік заттар мен оттегінің тҥсуі жоғарылайды; бҧл кезде қанның ҧйығыштығы 
жоғарылайды, осының әсерінен кҥрес кезінде (жануарларда) қан ағуы тоқтайды. 
Филогенез кезінде эмоция - әрекетке дайындық - әрекет реакциялары неғҧрлым 
жақсы жетілген болса, жануарлар қауіпті жағдайларды аластатуға соғҧрлым бейім болып 
келеді.
Эмоцияның жҥйкелік субстраты қыртыс асты қҧрылымдар екеніне клиникалық 
фактілер дәлел бола алады. Ӛте айқын эмоциональдық ӛзгерістер патологиялық ҥрдістің 
қыртыс астында емес таламус пен гипоталамуста орналасатыны айдан анық. Клиникалық 
деректер жҥйке жҥйесінің әртҥрлі бӛліктерінің экстрипациясы және тітіркендіру арқылы 
жасалған зерттеулермен дәлелденген. Ми қызметі неғҧрлым жоғары және кҥрделі болған 
сайын эмоциялық реакциялардың қҧрылуы мен бағытында соғырлым маңызды рӛлді бас 
миының қыртысының қызметі алады. 
Адамға жалпы жануарларға тән эмоциялармен қоса жоғарғы дәрежедегі эмоциялық 
кҥйзелістер тән, олар интеллектуальдық және творчестволық қызметке – сезімдерге 
байланысты пайда болады. Интеллектуальды, өнегелік және эстетикалық сезімдерді 
бӛледі. Басым жағдайда адам эмоциялары саналы қабылданады; эмоция және оның 
белгілері саналы тҥрде тежеледі немесе жасырын болады; кез – келген эмоциялық 
кҥйзеліс сӛз арқылы шақырылуы мҥмкін. 
Эмоцияның объективті белгілеріне тәннің қалыпты кӛріністері - мимика, поза және 
оқшау қимылдар (патомимика) жатады. Осы қҧбылыстарды бірінші болып Чарльз Дарвин 
тҥпкілікті зерттеген, ол эмоцияның сыртқы кӛріністері, эмоцияның ӛзі сияқты шығу тегі 
жануарларлық екенін дәлелдеді. Жануарлар әлемінде ӛмір ҥшін кҥресте бейімделуге 
кӛмектеседі. Қорқыныш шақыратын поза, жануар ырылы жауды шошытады; ал кӛнбістік 
позасы мен мимикасы оны тыныштандырады, агрессияны тӛмендетеді; кӛздерін кең 
ашып, қастарын кӛтерумен таң қалу мимикасы бағдарлық реакцияны жеңілдетеді. 
Адамдарда бҧл реакциялар адамзаттың әлеуметтік мәніне қарай, тәрбиеге байланысты 
ӛзгеріске ҧшыраған және санамен бақыланады, бірақ эмоциялардың физиологиялық 
механизмі ӛзгермейді. Егер адам кҥшпен столды ҧрса, онда ол еріксіз тістенеді және тісін 
қайрайды. Жылау, кҥлу және басқа мимикалық әрекеттер туғаннан пайда болады, олар әр 
адамда бірдей және кішкене балалар да мҧны жеңіл тҥрде тҥсінеді. Мимика және 
пантомимика адамдардың қатынас қҧралы болып табылады /эмоциональдық деңгейдегі 
қатынас/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет