«Психолингвистика» пәнінен магистранттың өзіндік жұмысын жүргізу
Пән бойынша магистранттың өзіндік жұмысын (МӨЖ), оқу ізденіс жұмысын (ОІЖ), ғылыми-ізденіс жұмысын (ҒІЖ) айыра білу қажет, МӨЖ әрбір тақырыпта қарастырылады, оқу жоспар шегінде жүргізіледі, пәнді меңгерудегі міндетті элемент болып табылады.
Магистранттың оқу ізденіс жұмысы жеке тақырып бойынша ұйымдастырылады, сондықтан ол терең меңгеруді талап етеді, ол бойынша лабораториялық сабақтар қойылған, магистрант ғылыми ізденіссін жалғастыра алады, эксперементтер жүргізу және түрлі нұсқаларын қарастыру арқылы. «Семантикалық синтаксис негіздері» пәні бойынша – бұл эссе, баяндама жазба, тақырып бойынша реферат, презентация дайындалуы мүмкін.
МӨЖ нәтижесі көп жағдайда дұрыс жоспарланумен анықталады.
МӨЖ материалдары пәнді өз бетінше меңгерумен және үй жұмысын орындауға бағытталады.
ОБМӨЖ – аудиториялық сабақта оқытушының көмегімен материалды меңгеру (Office House). МӨЖ және ОМӨЖ тапсырмалары практикалық сабақта жүргізіледі, сондықтан барлық оқу материалдары SYLLABUS -та ұсынылған.
МӨЖ және ОМӨЖ –ді жүргізу және қабылдау түрлерін пән тақырыбына сәйкес оқытушы білім алушының қабылетін ескере отырын өзі белгіледі. Қең тараған түрлері:
Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) жазу.
Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет).
Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.
Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).
Іскерлік ойын –Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
Айқындап жағдайды үйрену нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
Тесттер тақырып соңында магистранттардың білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.
Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
Есеп шығару әрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.
Есептер құрастыру лекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |