Психотерапия жалпы және дербес болып екіге бөлінеді



Дата19.05.2022
өлшемі52.11 Kb.
#457640
Дәрістер жинағы


  1. КІРІСПЕ

Психотерапия – адам психикасына психотерапиялық құралдардың көмегімен, біртұтас түрдегі емдік әсер ету нәтижесінде өзіне өзі көңіл-күйіне және қоршаған ортаға қатынасы-ның өзгеруі, сондай-ақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшесіне әсер етуі.
Психотерапия жалпы және дербес болып екіге бөлінеді.
Жалпы психотерапия – астарында, мынадай шаралар түсіндіріледі. Жас ерекшеліктері-не байланысты даму процесін жетілдіру, мұның өзін өз-өзімен тұлғаның даму барысын үйлестіру және психикалық бұзылыстардың жойылуына әсерін тигізуі.
Дербес психотерапия – жеткіншек жастарға бейімделген медициналық және психика-лық құрал, сонымен қатар, үлкендермен жұмыс істегенде қолданылады.
Клиникалық психотерапия – нақты жағдайларға байланысты тапсырмаға баланың жасына байланысты жүзеге асырылады.
Пән психологтардың психотерапевтік білімдерін және талаптарын, сонымен қатар, клиентке қойылатын талаптарды қарастырады.
Бұл мәселелер жайлы білім әр психолог үшін қажет, өйткені психотерапевттік талап-тардың орындалмауы жеке тұлғаның қалыпты дамуына әсерін тигізуі және түрлі аурулар-ға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан, психотерапия барлық педагог-психолог мамандар даярлайтын оқу орындарында міндетті түрде оқылатын пән болып табылады.
Пәннің міндеті – қазіргі уақытта психотерапияның алдында үлкен міндеттер тұр.
Психологиялық кеңес беруге оқыту адамға кәсіби психологиялық көмек берудің формасы ретінде психолог – маман даярлау қажетті болып табылады.
Оқу пәнінің міндеттері – білімгерлерді психотерапия саласының негізгі бағыттарымен таныстыру,психологиялық мәселенің кең спекторында бейімделу және клиентке психоло-гиялық көмекке қарай сауал қалыптасуына көмектесу, клиентпен психологиялық контакт орнату және психотерапия процесінде оны қолдау.
2. Білімгерлерге келесі нәрселермен таныс болуы тиіс:
2.1.Білімгер таныс болуы керек:
- Болашақ мұғалім қызметінің объектісі, пәні туралы;
- Осы заманғы қоғамдағы педагогтың әлеуметтік орны туралы;
-Негізгі педагогикалық сипаттардың мәні туралы (жеке тұлға,мұғалім,тәрбие,оқу мен білім беру)
2.2.Білімгер білуі тиіс:
-тәжірибелік іскерліктерді меңгеру, мектептің тұтас оқу-тәрбие үрдістерін болжай білуді меңгеру;
-сынып жетекшісінің тәрбиеге қатысты жұмыстарын бақылау кезінде педагогикалық білімді шығармашылықпен пайдалану;
-өздерінің болашақ мамандықтарының әлеуметтік мәнін және мазмұнын терең түсіну.
2.3.Білімгер істей алуы керек:
-мектептің жұмысына көрсету;
-оқушылармен қарым-қатынас орнату, оқушылар аудиториясы алдында сөз сөйлей білу;
-өз бетінше оқуға, ғылыми-зерттеу, қоғамдық қызметке саналылықпен әрі белсенді түрде қатысу.

  1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Пәннің мақсаты: психотерапияны оқыту адамға кәсіби психологиялық көмек берудің формасы ретінде психолог – маман даярлау қажетті болып табылады. Пәннің оқыту мақсаты білімгерлерді психотерапевтік беру практикасына кәсіби даярлау.
Пәннің міндеттері:

  • білімгерлерге психотерапевтік теориялық картасын беру, яғни соның шеңберінде кеңес берудің өзіндік тәжірбиесін бір уақытта түсіну;

  • негізгі психотехникалық ойлауды қалыптастыру;

  • білімгерлерді психологиялық кеңес беру саласындағы негізгі бағыттармен таныстыру.


    1. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері


Курстың пререквезиті: Психотерапия пәні жалпы психология, философия, физиология, жас ерекшеліктер психологиясы, психология тарихы пәндеріне сүйенеді.
Курстың постреквизиті: Осы пәннен алған білімдер білімгерлерге болашақта өте жақсы маман болып шығуға көмек көрсетеді.
4.Курстың мазмұны
Курстың пәні және оның талдау әдісі тек қана сырттан бақылаушының объективті «ғылыми» көзқарасымен игерілу ғана емес, сонымен қатар, тұлғалық іс-тәжірибе негізінде бастан өткеруі керек. Сондықтан, оқу формасының психотехникалық болуы керек, яғни әрбір тыңдаушыға білімді меңгерудің пайда болу процесіне қызықтыратын мүмкіншілікті қамтамасыз етеді.
Нақты бұл қызығушылық оқып жатқандардың бір реалды психологиялық кеңес берудің куәсі болып қалыптасуын немесе топтық тренингтің куәсі болуын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге, білімгерлерге осы демонстрациялық кеңес беру уақытында өзін клиентпен немесе психотерапевт – консультантпен теңестіруге нұсқау беріледі. Яғни, келесі бір репликаны ойлап шығару, психотерапевттік процеске қатысушылардың сезімдер әлеміне эмпатиялық тұрғыда кіруге тырысуы керек. Оқытушы білім мен тәжірибе арасында ынталы шығармашылық байланыс жасауға тырысуы керек. Әрбір білімгер сабақ үстінде тәжірибелері теориялық тұрғыда ұғынулары керек.
4.1 Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары мен тапсырмаларының тізімі:
4.2 Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыптық-құрылымдық жоспары
Практикалық күнтізбелік-тақырыптың жоспары.



Күні

Модуль атауы және практикалық сабақтың тақырыптары.

Реферат тапсырмалар, жаттығулар және әдеби-әдістемелік деректер номерлері.

Сабақты өткізу түрлері .

Бақылау түрі

Білімгерлердің білімі мен біліктілігі

1.


Психотерапия жайлы жалпы түсінік.

1,2,3,4,5,6,

Топтық пікірталас

Сұрақ жауап

Психотерапия жайлы жалпы түсінік.

2.


Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдері. Локус

1,2,3,4,5,6,

Ұжым-дық тренинг

Таблица-лар

Теориялық білімдерін қалыптастыру және бекіту.

3.


Психотерапияны өткізудің принциптері.

3,4,5,6,

Баяндама

Тірек сызбалар

Психотерапия-ны өткізудің принциптеріне сипаттама.

4.


Анализ техникасы.

1,2,3,4,5,6,

Диспут 

Кесте сызбалар

Анализ техника-сына толық сипаттама беру.

5.


Клиенттің өз проблемаларын шығару және көрсету жолдары.

1,2,3,4,5,6,

Дөңгелек үстел

Сұрақ жауап

Клиенттің өз проблемаларын шығару және көрсету жолда-рына түсінік.

6.


Кнапптың ұсынған әдістері.

1,2,3,4,5,6,

Конференция

Сұрақ жауап

Кнапптың ұс-ынған әдістері жайлы түсінік.

7.


Труакс, Кархаф ұсынған талаптар.

1,2,3,4,5,6,

Топтық талдау

Сұрақ жауап

Труакс, Кар-хаф ұсынған талаптарын талдау.

8


Клиентпен жұмыс жасаудың үлгісін дайындау.

4,5,6,


Тірек сызбалар

Клиентпен жұ-мыс жасаудың үлгісін дайын-дау.

9


Гештальт-терапияның негізгі ұғымдары.

2,3,5,7

Топтық талдау

Сұрақ жауап

Гештальт-тера-пияның негізгі ұғымдарына толық мағлұ-мат беру.

10


Когнитивті психотера-пияның техникалары.

4,5,6,

Топтық талдау

Сұрақ жауап

Когнитивтік психотерапия-ның техника-ларына түсінік.

11


Жанұялық психотерапия туралы түсінік.

1,2,3,4,5,6,

Топтық пікірталас

Сұрақ жауап

Психотерапия жайлы жалпы түсінік.

12


Псиоходиагностика (жанұға диагноз қою).

3,4,5,6,

Ұжым-дық тренинг

Таблица-лар

Теориялық білімдерін қалыптастыру және бекіту.

13


Сихогимнастика бағдарламасы.

1,2,3,4,5,6,

Баяндама

Тірек сызбалар

Психотерапия-ны өткізудің принциптеріне сипаттама.

14


Жанұдағы үйлесісіздіктің психотерапевтік механизмін түйсіну.

1,2,3,4,5,6,

Диспут 

Кесте сызбалар

Анализ техника-сына толық сипаттама беру.

15


Өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру.

1,2,3,4,5,6,

Топтық пікірталас

Сұрақ жауап

Психотерапия жайлы жалпы түсінік.

2.1. Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспары.


№ 1 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: «Психотерапия» жайлы жалпы түсінік.
Мақсаты: Пәннің мақсаты мен міндетін ашып түсіндіру. Пәннің өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Жоспары: 1. Психотерапия пәніне түсінік.
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
3. Психотерапияны жүргізудің стратегиялары.
«Психотерапия» термині гректің екі сөзінен алынған. Қазақша аудармасы psyche-жан, therapeia – қарау, емдеу, яғни «жанды емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» терминін алғаш ғылымға 1872 жылы енгізген Д. Тьюк болды. Ол өзінің «Иллюстрации влияния разума на тело» еңбегінде ашып көрсетіп, ХІХ ғасырдың соңына таман белгілі бола бастады. Тар мағынада «психотерапия» терминін алып қарастыратын болсақ, (медициналық модель ретінде) ол жеке тұлғаның эмоциясы, талқылауларына, өзіндік танымына вербалды және вербалсыз құралдар арқылы емдеу. Көп жағдайда психикалық, жүйке жүйелік және психосоматикалық ауруларға психотерапиялық емдеу түрлері қолданылады. Бірақ ғылымда психотерапияның психологиялық модель жиі қолданылып жүр. Ол практик психологтың іс әрекет бағыты болып есептеледі. Психотерапия сау адамға түрлі психологиялық көмек көрсету. Практикалық психолог клиникалық психотерапевт қолданылып жүрген әдістерді пайдаланады. Олардың арасындағы айырмашылық мақсатқа деген ұмтылушылықтың түрліше болуы. Психотерапевттің ең маңызды міндеттерінің қатарына жеке тұлғаның ауру белгілерінен арылту немесе жеңілдету емес, оның өмірінің дамуы мен дұрыс жолда құрылуын көрсетеді. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы өздерінің қабылдаған Декларациясында: «Денсаулық дегеніміз бұл аурулардың болмауы мен физикалық жетіспеушіліктер емес, жалпы физикалық, ақыл ойының және әлеуметтік сезімдерінің жағдайының дұрыстығы» деп көрсеткен. Психотерапия терминін кең мағынада қолдану керектігі жайлы 1990 жылы Страсбург қаласында европалық психотерапия ассоциациясы декларацияны қабылдады. Бұл декларацияда:

  • психотерапия гуманитарлық пәндердің ішіндегі негізгі пән болып табылады. Бұл іс әрекет бос және еркін түрде жүретін мамандық.

  • психотерапиялық білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты қажет етеді.

  • психотерапияда түрлі психотерапевттік әдістер кепіл бола алады. 

  • психотерапиялық әдістер жайлы білім интегралды болуы шарт: онда теориясы, жеке психотерапевттік тәжірибесі және супервизор көмегімен практикасы, сонымен қатар, өзге де әдістемелер туралы түсінігі болуы керек.

  • мұндай білім алу түрлі гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардан алдын –ала дайындықтарды қажет етеді.

Соңғы жылдарда клиникалық – бейімделген психотерапия, ауруларды жеңілдету мақсатында жүреді. Жекелік бейімделген психотерапия тұлғаның әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынасын және жекелік өмірін өзгертуге көмектесу үшін пайдаланады.
Клиникалық – бейімделген психотерапияда дәстүрлі әдістер пайдаланады. Мысалы: гипноз, аутогендік жаттығулар, түрлі сендірулер пайдаланады. Психотерапияның негізі адамның «Менін» динамикалық әлемде өзгеруін өзгерту мүмкіндігінде жатыр. Медициналық емес психотерапияда түрлі бағыттар мен психотерапевттік әдістердің мазмұнын біріктіретін келесідей міндеттері көрсетіледі:

  • клиенттің психологиялық мәселесін зерттеу және оны шешуге көмек көрсету.

  • жеке тұлғаның субъективті өзіндік сезімдерін жақсарту және психикалық денсаулығын нығайту.

  • жеке тұлғаның тұлға аралық қарым-қатынасында тиімді тәсілдерін, заңдылықтарын зерттеу.

  • клиенттің ішкі эмоционалдық бұзылыстары және мінез құлық өзгерістері негізінде өзін- өзі түсіну мен өзін- өзі зерттеу барысында түзету жұмыстарын жүргізеді.

  • процесс барысында шығармашылық деңгейінің көтерілуіне, өмірі барысында жетістікке жету және бақыт сезімдерін сезіну.

Психотерапевттік іс-әрекеттің негізгі мақсаты пациентке өзінің өмірінде қажетті өзгерістер енгізуге көмектесу. Психотерапиядағы консультанттың міндеті – түрліше жағдайлары, мәселелері пайда болғанда, клиентке оны шешуге көмектесу: түсіндіру, кеңес беру, сезімін көрінуіне көмектесу, клиенттің мінез-құлығын өзгерту, ол өзін көре алатындай бола алуы тиіс, қолдау көрсету, жұбату және т.б. жұмыстарын жүргізу.
Психотерапевттік қадамды екі топқа бөлуге болады:

  1. Мәселеге бағдарлану – пациенттің мәселесі бағытталу міндетті болып саналады. Егер пациент мұны қаламаса мұны психотерапевттік іс-әрекетке қарама-қайшылық болып табылады. Бұл тиімді болып саналмайды.

  2. Клиентке бағдарлану – бұл керісінше терапия барысында клиент терапия уақытын және нені әңгімелеу керек екендігін өзі шешеді. Егер де клиент өз мәселесін айтпаса бұл терапияға қарама-қарсылық емес, клиенттің заңды құқығы, ол өзі нені қалайды соны әңгімелейді.

Психотерапияны жүргізудің стратегиялары:

  • психотерапевттік процестің кезеңдері.

  • алғаш кеңес беру кезіндегі принциптер мен психотерапиялық негізгі техникалары.

  • психотерапиялық жұмыстарда вербалды және вербалды емес құралдарды пайдалану.

  • психотерапиялық кеңес беруде метафорларды пайдалану.

  • психотерапевт консультанттың жеке басына қойылатын талаптар.

  • психотерапевттің (консультанттың) этикасы.

Негізгі әдебиеттер тізімі.
1. Р. Гринсон. Практика и техника психоанализа. – Новочеркаск, 1994 г.
2. Х. Дикман. Методы в аналитической психологии. – М.: О.О.О. «Ц.Г.Л.» «Р.О.Н.», 2002г.
3. С.Н. Зимовец. Психоаналитическое консультирование. – Конспект семинара. – Алматы: Дарын, 2002 г.
4. Айви А.,Айви М.Б., Саймек-Даунинг Л. Консультирование и психотерапия. Сочетание методов, теории и практики. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер тізімі.
1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
3. З. Фрейд. Применение толкования сновидений при психоанализе// З. Фрейд.
О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
4. З. Фрейд. Советы врачу при психоаналитическом лечении. З. Фрейд. О психоанализе. 
С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
5. Л. Хегай. Методы и техника психоанализа. – Конспект семинара. – Алматы: Дарын, 
2001 г.
№ 2. Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдері.
Мақсаты: Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдерінің қызметін реттеп көрсету.
Психотерапияны өткізудің негізгі кезеңдерін анықтау.
Жоспары: 1. Психотерапияның алғашқы кезеңі.
2. Психотерапияның ортаңғы кезеңі.
3. Психотерапияның соңғы кезеңі.
Психотерапияның алғашқы кезеңі.
1. Психотерапияның алғашқы кезеңінде клиенттің мотивациясы мен көмек қажеттіліктерін анықтап алудан басталады. Терапевт пен клиент арасындағы дұрыс қарым қатынас орнатуға көп көңіл бөледі, психотерапиялық қарым қатынас принципіңің негізіне сүйенеді.
Терапевтке келген клиент мотивация түрлерін бөліп қарастыруға болады:

  1. Бағытты пациент. Кеңесшісінің, ата анасының ықпалдарымен бағытталып келеді. Негізінде алғашқы кездесу қиын жағдайда өтеді. Пациентті «құрбанмен» салыстыруға болады. Оларды көбіне емдеу сәтсіз өтеді. Алғашқы кездесудің өзінде аса маңызды техникалар қолдану қажет. Себебі пациенттің пассивті күйінен активті күйіне жеткізу керек. (мысалы, пациент келесі кездесуді өзі белгілеуі керек). Бұндай пациенттердің қоршаған ортасына баға беруден қашу керек, мүмкін болса оныңжақындарына терапиядан өтуіне кеңес беру қажет.

  2. Қызғаншақ пациенттер. Олар алғашқы сұхбаттасудан өткен, бірақ онда біраз қиындықтар туған. Мұндай талдаушыларға қарсы бірнеше талаптарды беріп, сұрақтарды қояды. Олар бірден ренжігіш келеді. Олар өздерінің терапиядағы талаптары мен жұмыс жасау тілектерінің арасындағы айырмашылықтарды байқайды. Әңгіме барысында өз сенімділігінен, бақылаушылығынан айырылады. Ауру тарихын драмалық деп түсініп, көптеген фантазияларға беріледі. Олар агрессивті және бағаға бейім болады. Оларға берілетін мінездеме фрустрациясы мен жамандығы төмен деңгейде. Өз сенімсіздігі бола тұрып терапияға тез келісуі.

  3. Мотиві жоқ пациент. Бұл типтегілер жоғарыдағыларға қарама қарсы тип. Бұлар пассивті, стереотипті мінез құлығын, өз мәселелері жайлы дұрыс түсінбейтін пациенттер. Олар психикалық ауру болатынын түсінбейді. Олардың терапияға келген мақсатын табу өте қиын.

  4. Білімді пациенттер (психотерапиялық білімі барлар). Психотерапия жайлы жақсы ақпараттандырылған және өз өзімен дұрыс жұмыс жасай білетіндер. Ерекше мінездемемесі: эмоциясы тұрақты. Мұндай клиенттерді психотерапияға қуана қарсы алады.

Психотерапияның алдында түрлі диагностикалы процедуралар қолданылады. Психотерапиялық мектептердің клиент мәселесін шешуден көп тәжірибелері бар. Мысал ретінде олардың клиент туралы ақпарат жинауын айтсақ болады.

  1. Демографиялық мәліметтері: (жынысы, жасы, жұмысы, отбасы жағдайы).

  2. Мәселесінің шығу тарихы ол мәселемен клиент қашан ұшырасты және ол кезде қандай жағдай болып еді.

  3. Сол жағдайға байланысты немесе басқа жағдайға байланысты психиатриалық және психологиялық көмек алып көрдіңіз бе?

  4. Денсаулығы: (ауру, денсаулығына байланысты маңызды мәселелер бар ма, ата ананың және отбасының оның денсаулығына қарауы, түстің және тәбеттің бұзылуы бола ма, дәрі дәрмек қолданасыз ба).

  5. Білімі мен айналысатын жұмыс түрлері, сонымен бірге сыныптастарымен, мектептегі мұғалімдерімен қарым қатынасы, ұжыммен байланысы.

  6. Әлеуметтік дамуы (өмірдегі маңызды жаңдайы, ерте кездегіні еске түсіру, күн тәртібі, жұмысы, қарым қатынасы, әуестігі және сенімі).

  7. Отбасы мүшелері, отбасы жағдайы қарама қарсы жыныстағыларға деген қарым қатынасы, секс. Өткен кездегі және қазіргі кездегі ата анасы туралы мәліметтері. Олардың клиентпен байланысы.

Екінші кезең қарым қатынасты орнатуға арналады. Психотерапевттік процеске қатысушылар бірлестікке келісімдерін береді, психотерапевт терапияның моделін көрсетеді. Клиенттің психотерапевтке дәрігер рөлі ұсынуы жиі кездеседі, өйткені ол өзіне дұрыс ақпарат алуды және жағымды кеңес алуды қажет етеді. Бұл кезеңнің маңызды сәті ол өзара байланыста жауапкершілікті болу. Психотерапияның сәтті болуы ол клиенттің жұмыс барысына белсенді қатысуы мен нәтижесін алу үшін жауапкершілікте болуына байланысты. Егер клиент процеске дұрыс кірісіп жұмыс істеуге ұмтылып, мәселені ашуға тырысса, психотерапевт оның сезімін дұрыс түсініп жұмыстың келесі кезеңіне өтуге тырысады.
Үшінші кезеңде мақсатын анықтау мен альтернативті жөндеуге тырысады. Психотерапевт психотерапияның бағдарламаларымен, оның негіздері мен компоненттерімен таныстырады. Психотерапевттің бағдарламаны таңдауы оның дайындығы мен клиенттің мәселе сипатымен анықталады. Клиент таңдалған бағыт туралы мәлімет алып, оның қиындықтары, қобалжуларды, клиент ретіндегі өзінің рөлін, мақсатын таңдауға қатысады. Клиенттің белсенді қатысуы маңызды болып табылады. Жұмыс оны зерттеуден басталады. Кейінгілері жағдай жайлы, болған жай бөліктерін, оның негізін және шығу тарихын сұрастырады, бұл клиенттің қарсылығына әкелуі мүмкін. Зерттеу клиенттің санасыз түрдегі эмоциясының шығуымен аяқталуы мүмкін. Сезімдерінің көрінуі клиенттің өзіне жеңілдік әкеледі де, өзінің өткен қиын сезімін айтып береді.
Төртінші кезеңде алдыға қойған мақсаттармен жұмыс істеуге ұмтылады. Психотерапевт теория жүзінде психологиялық шындықты көре отырып, әдістерді таңдаумен айналысады. Мәселе сипаттамасын әдістерді таңдау арқылы айқындап береді. Психотерапевттік жұмыстың бағдарламасын таңдау ол клиенттің жеке тұлғасының мәселені шешуіне байланысты болады.
Бесінші кезеңде өзі туралы жаңа түсініктер алғаннан кейін өзінің мінез құлқында ішкі өзгерістер болу үшін алдына мақсат қояды. Осы кезеңде мінез құлық үлгілерінде жаңа өзгерістер пайда болады, алға өмір сүруге ұмтылыс қабілеті пайда болады.
Алтыншы кезең психотерапияның аяқталуы – түрлі факторлар арасынан жеткен жетістіктері: өзгеріске деген қажеттілік, емдеу себебі, психотерапиялық өзгерістер мен терапияның бағасы т.б. Емдеуді аяқтау туралы шешімді қабылдамас бұрын алынған нәтиженің сапасын және сипаттама сынын анықтау керек. Психотерапевт психотерапия басындағы клиенттен оны мазалап жүрген ауру белгілері жойылғандығын, өзін жақсы сезінетіні жайлы сұрастырады. Кейбір психотерапевттер нақтылау тізімін белгілеп беруді ұсынады, ол мәселені сипаттап береді. Мысалы:

  • психотерапия барысында мен өзіме көп нәрсені алдым және өзімді қанағаттанарлық деп сезінемін.

  • мен психотерапияны қалдырып кетуді ойлап жүрмін.

  • менің достарым мен отбасым менің психотерапияға қатысуымды қаламайды.

  • мен (немесе менің психотерапевтім) психотерапияны сыртқы жағдайға байланысты жалғастыра алмаймыз.

  • менің және психотерапевт екеуміздің бірлесіп жұмыс атқара алмаймыз.

  • мен бұл психотерапевттен аларымды алдым деп есептеймін.

  • мен психотерапевттен өзіме қажеттісінен де көп нәрсе алдым деп ойлаймын, енді ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ.

  • менің психотерапевттім маған терапияны тоқтату жайын айтты.

  • менің уақытым жоқ немесе ақшам жоқ.

Негізігі әдебиеттер:
1. А.М. Кудиярова. Азбука психоанализа. – Алматы, Дарын, 2003 г.
2. В.М. Лейбин. Классический психоанализ: история, теория, практика. – Воронеж, 2001г.
3. С.О. Раевский. Практика психоанализа. – Конспект семинара. – Алматы: Дарын, 2002 г.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
№ 3. Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Психотерапияны өткізудің принциптері.
Мақсаты: Психотерапияны өткізудің принциптерін көрсету. Құрылысын, режимдерін айқындау.
Жоспары: 1. Бірінші интервью туралы түсінік.
2. Бірінші интервьюді өткізудің әдістері мен құрылымы.
1. Клиентпен бірінші кездесуде ең басты мәселе аналитик пен анализант арасындағы қарым қатынас мәселесі. Клиент аналитикке сенімді көзқараспен қарау үшін аналитик клиентке шын жүректен көмектескісі келетінін сезіндіру керек. Сонымен қатар, клиент өзін бос ұстау үшін, сөзбен контактіге кіру үшін оған жағымды жағдайлар жасау керек (жылы жүзбен қарсы алу, вербалды және вербалсыз яғни, мимика, пантомимика арқылы). Диагностикалық жағынан ең басты мәселенің бірі клиенттің проблемасын анықтау. Проблема клиенттің айтып берген әңгімелерін анализдеу, оларға сөзбен қарым қатынас жасау негізінде құрастырылады. Сол арқылы, терапия структурасы жоспарланады. Терапияның мақсаты клиентке өз проблемасын шешу үшін арнайы жағдайлар жасау.
Бірінші интервьюдің терапевтикалық маңызы аналитиктің клиенттің проблемасына көңіл бөлетіндігін сезіндіру. Бұл жағдайда клиентке психологиялық көмек алу үшін және де өзінің кризистік жағдайда екенін ескерту керек. Негізінен аналитиктің басты мақсаты клиентке түсінушілікпен қарау.
2. Бірінші интервьюді өткізу әдісі негізінен 3 кезеңнен тұрады: анализдің басы, ортасы және соңы.
І. Анализдің басы
1. Өзін таныстыру.
2. Ашық сұрақтарды қолдану.
3. Өте мұқият тыңдау, қайталау, анықтау.
4. Клиенттің шағымдарын жинақтау, белгілеу.
5. Клиенттің белсенділігін бақылап, жоспарлап отыру.
ІІ. Анализдің ортасы
1. Тікелей бақылауды қолдану.
2. Жаңа тақырыптарды бастауға қорықпау.
3. Жаңа тақырыптарды ашық сұрақтардан бастау.
4. Жабық сұрақтарды тақырыптың соңында қолдану.
5. Егер клиент дұрыс бағдардан ауытқу жасаса, жинақтауды көбірек пайдалану.
6. Жаңа информацияға көңіл бөлу.
7. Жаргондар мен терминдерді көп қолдану.
8. Өзіңіздің пікіріңізді білдіру үшін алғашқы интерпретацияны қолдану.
9. Егер клиенттің айтқан мәлімдемелерінде қарама қарсы түсініктер көп кездессе, конфрантация әдісін қолдану.
10. Клиенттің эмоцияға стимул беру үшін сезімдерін бейнелендіру және қайтару.

    • « Предыдущая

    • 1

    • Страница 2

  1. 11. Клиенттің бұрынғы сезінгенін қазіргі эмоциясынан көру.

  2. ІІІ. Анализдің соңы

  3. 1. Әңгіменің мазмұнын жинақтау.

  4. 2. Керекті қажеттіліктерін (потребности) тыңдауға дайын екеніңізді көрсету.

  5. 3. Болған жағдайдың клиентке әсерін анықтау. 

  6. 4. Профессионалды ұсыныс беру.

  7. 5. Келесі әрекеттеріңіз жайлы ақылдасу.


  8. Негізгі әдебиеттер тізімі.

  9. 1. Р. Гринсон. Практика и техника психоанализа. – Новочеркаск, 1994 г.

  10. 2. Х. Дикман. Методы в аналитической психологии. – М.: О.О.О. «Ц.Г.Л.» «Р.О.Н.», 2002г.


  11. Қосымша әдебиеттер тізімі.

  12. 1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

  13. 2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.


  14. № 4. Практикалық сабақ.

  15. Тақырыбы: Анализ техникалар.

  16. Мақсаты: Терапиялық техникалармен таныстыру және оларды қолданудың жолдарын көрсету.

  17. Жоспары: 1. Мадақтау және қайталау.

  18. 2. Сұрақ және анықтау.

  19. 3. Конфронтация және интерпретация.

  20. К.В. Ягнюк көптеген кеңес берушілер мен психотерапевттердің теориялық бағдарламасына қарамастан, терапиялық техникалардың бірнеше типологиясын жасады.

  21. Психотерапевттік техника консультант жағынан нақты бір аралық немесе қорытынды кеңес берудің мақсатына бағытталған.

  22. Мадақтау - әңгіме барысындағы клиенттің өз тарихын айтқан кезде минималды құрал болып келеді. Мадақтауға бекітуді жатқызамыз. Бекіту клиенттің өз ашылуын демонстрациялайды. Клиент айтқан жайларды түсіну жіне мақұлдау.

  23. Қайталау клиенттің айтқан нәрселерін қайталау немесе оның жеткізген пікірлерінің элементтерін суреттеу. Өз айтқанын клиент консультанттың қайталап беруі, ол клиент кеңес беруші мені түсінуге тырысады деген сенім пайда болады. Сонымен қатар, кеңес беруші өзінің айтқан нәрселерінің арасынан айтпаған жайлары есіне түседі және жанама пікірлер айтылады.

  24. Сұрақ - клиент тәжірибесін зерттеу немесе нақтылау, бір жайды айтқызу не сөйлетуге, қызықтыратын ақпарат алу құралы болып есептеледі. Психологиялық кеңес беру әдебиеттерінде ашық және жанама сұрақтар бар.

  25. Жабық сұрақтар - консультантпен бірге клиент нақты мәселелерді шешеді. Жабық сұрақ қысқа жауаптан немесе консультанттың мақұлдауынан тұрады. Көп жағдайда бұл сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

  26. Ашық сұрақ - әңгімелесу барысында клиенттің зейінін өзінің айтқан жағдайларының белгілі бір бөлігін анықтау мүмкіндігіне қарай қойылады. Ашық сұрақ әңгімелесушінің сол жағдайдағы көзқарасын ашық білдіруіне көмектеседі. Ашық сұрақты зерттеу бағытында қолданып, бұл бағытта клиент өзін еркін сезінеді. Ашық сұрақтар көп жағдайда «не», «неге», «қалай» деген сұраулы сөз тізбегі арқылы басталып, ақпарат жинауға қызмет етеді. Бұл сұрақтар клиенттен толық жауапты талап етеді және де бұл сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап қату қиынға соғады.

  27. Қысқа сұрақ - бұл клиенттің өз тарихын айтуына, әңгіме барысын басқа арнаға бұруға үнемді тәсіл болып табылады. Жалпы әңгіме барысынан қысқы сұрақ қою жақсы құрал болып есептеледі. «Не болды», «ал, не үшін», «не мақсатпен» деген сұрақтар қойып, оған клиент сол бағыт бойынша әңгімені жалғастырады.

  28. Дұрыс құрылған сұрақтар тізбесі арқылы консультант клиенттің мәселелерін ашып алуына болады. Оның эмоционалды қарым қатынасын, мәселенің қайнар көзін сезінуіне болады. Сондықтан, осы техникамен қарулану консультацияны алғаш бастаған консультанттың маңызды міндеттерінің біріне жатады.

  29. Анықтау – клиенттің айтқан әңгімесінің мазмұнын қысқаша және анық түрде айтылуы. Анықтау клиент пен консультанттың бір бірін дұрыс түсіністігі. Анықтау мақсаты сонымен бірге, клиенттің өзінің ішкі әлемін айқын түсінуіне, сонымен бірге сыртқы ортамен қарым қатынас мәселесін анықтауға көмектеседі.

  30. Конфронтация – бұл клиенттің маневрларға қарсы тұру қорғаны немесе өзгеріске қарсы реакциясы. Конфронтация клиент зейінінің неге қарсы екені жайлы психикасының бөлшектерінің арасындағы қарама қайшылық.

  31. Интерпретация – клиенттің тәжірибесіңің байланысының түрлі элементтері болып табылады. Интерпретация бұл қосымша ескертпелер мен жаңа түсіндірулерді немесе сыртқы және ішкі уайымдаулар мен түрлі идеялардың, эмоционалдық өзгерістердің арасындағы байланыс. Сонымен бірге, интерпретация клиенттің тәжірибесінің бөліктері арасындағы түрлі байланыс болып табылады.

  32. Ортақ пікірге келу (суммирование) – клиенттің айтқан әңгімесінің арасынан қысқа түсіндірулерді алып, соның негізінде соңғы нәтижеге нақтыланады.

  33. Сезімдердің көрінуі – клиенттің эмоциясы вербалды және вербалды емес түрде көрінеді. Сезімдердің көрінуі ойдан арылу және жеңілдену үшін пайдаланады. Сезімдердің көрінуі сезімдердің айтылуының тура жолы іспеттес, ол толық қарым қатынасқа түсуге көмектеседі. Сол сәтте клиент өзі әңгіменің жағдайын өзінің өн бойынан өткенін сезінеді. Бұл техника көп қолданылады. Сезімнің көрінуін бірнеше сөз тіркесімен бірге қолданылады. Мысалы: «Егер мен дұрыс түсінсем, сіз», «Сол жағдай кезінде сіз ашулы ма едіңіз» т.б. Алғаш бастаған консультанттардың бір кемшілігі клиент сезімдерін көрсетіп жатқан кезде күтіп отыру жиі кездеседі.

  34. Ақпараттандыру – клиенттің сұрақтарына еркін түрде жауап беру немесе өзінің жеке пікірін білдіру, клиентке жағдайы жайлы түсіндірме түрінде ақпарат беру.

  35. Кеңес - өз жағдайын негізге ала отырып, клиентке нені жасау керек, нені жасамау керек екені жайлы түсіндіру мақсатында өзінің жеке пікірін білдіру.

  36. Парадоксалды реакция – парадокс пен әзіл психотерапиядағы көп пайдаланатын құралдардың бірі болып есептеледі.

  37. Кері байланыс – бұл клиенттің тәртібін суреттеу. Бұл оның тәртібі жайлы өзгелер қалай қабылдайтыны жайлы мәлімет алу. Кері байланыс сонымен бірге, клиенттің өз тәртібін түзету жөнінде ойлануына жағдай жасайды.

  38. Жағымды кері байланыстың критерийлері:

  39. 1. Кері байланыс суреттеулі және бағалаусыз. Клиенттің тәртібін суреттеу оның өзінің еркін таңдауына әсер береді. Бағалаудан қашу клиенттің қажеттілікке деген қорғанысын төмендету.

  40. 2. Зерттеу барысында клиенттің тәртібі туралы нақты ақпарат алу.

  41. 3. Кері байланыс бағытында клиент қандай тәртіппен жүргісі келсе, соны таңдату. Бақылаудан тыс жерлерде қателіктеріне сілтеме жүргізу.

  42. 4. Кері байланыс клиенттің реакциясы көрінгенде жайлы болып келеді.

  43. Өзін-өзі ашу – клиентпен жүргізілетін өзіндік тәжірибе, онда клиент өзі жайлы, өз өмірі жайлы ақпарат беріп оны қалай өзгерту жайлы өз қиялын қосады.


  44. Негізгі әдебиеттер тізімі:

  45. 1. Дж. Сандлер, К. Дэр, А. Холдер. Пациент и психоаналитик: Основы психоаналитичес- 

  46. кого процесса. – Воронеж, 1993 г.

  47. 2. З. Фрейд. Введение в психоанализ. – М., 1989 г.

  48. 3. И.Г. Малкина-Пых. Справочник практического психолога.


  49. Қосымша әдебиеттер тізімі.

  50. 1. З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.

  51. 2. З. Фрейд. О психотерапии \\ З. Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алетейя, 1999 г.ч


  52. №5 Практикалық сабақ.

  53. Тақырыбы: Психотерапиялық жұмыстың вербалды және вербалсыз құралдары

  54. Мақсаты: Психотерапиялық жұмыстың вербалды және вербалсыз құралдарымен 

  55. таныстыру және маңызын көрсету.

  56. Жоспары: 1. Вербалды және вербалсыз құрал туралы түсінік.

  57. 2. Шамамен үлкейту, еске түсіру.

  58. 3. Өзгерту.

  59. Әр мектепте невротикалық мінез-құлқының көрінуінің басты себебін сиапттауа әр түрлі метафора қолданылады. Кез-келген психотерпияның түрінде мінез-құлықпен клиенттің ойлау құрылымының қатты шайқалуы анықталды. Әрбр психотрепиялық мек-теп, өзінің метафорасын құрастыру барысында спецификалық тіл, психологиялық кеңес-тің ерекше картасын өңдеп шығарады.

  60. Психологияда жаңа кеңістікке кіру клиентке толық эффектті ішкі дүниелердің құрылымындағы тәсілдерді береді. Мәселенің шешілуі-психотераевт пен клиенттің қарым-қатынасындағы тіл ретінде жүреді. Сондықтан психотерапиялардың маңызды шарттарына психотерапиялық метафораға кіру болып табылады. Сонымен қатар тілдің сезімдерін айту үшін псхотерапевтпен түсінісу керек. Жалпы адамдардың бейбітшілік ойы бар екенің сөйлеген сөзінен білуге болады. Сонымен қатар, онымен сол тілде сөйлей алуға да болады. Сезімтал психотерапевт клиентпен сөйлескенде оның басты маңызды сөздерін қолданады.

  61. Дж.Гриндер және Р.Бендлер «психотерапевтикалық дұрыс еместік» деген түсінік құрастырып шығарды. Психологиялық дұрыс еместік-бұл грамматикалық және синтаксис-тік жағынан дұрыс сөйлеу, сонымен қатар субъекті нақтылықтың нәтижесіз тәсілін қабыл-дауы мен ұғынуы. Психологиялық дұрыс еместіктің 3 басты типі бар:

  62. Генерализация- бұл нақты тәжірибенің жалпылауы және оның басқа ұқсас ситуацияға таралуы, әмбебап квантификаторлар «әрқашан», «ешқашан», «ешкім» «барлық», «әрбір» және т.б. қолданудың көрінуі.

  63. Қалдырып кету- бұл информацияны тексеру процесі. Онда адам зейінінен бір нәрсені, алып тастайды. Жай қалдыру сөйлемде объекте бағытталу жоқ болғанда көрінеді. 

  64. Бұрмалау- информацияны субъект ретінде асыра сілтеу, қабылдауға бағыну және жеке өзі басқару әрекетін жасау. Осылайша адам өзінде бар жағдайын консервілейді, өзгертуден бас тартады және өзінің ісіне жауап береді. Вербалды емес қарым-қатынастарының бір түрі-көзқарас. Көзқарас техникасы барлық адамдардың ерекшелігінің, мінез-құлқының қыр-сырын көрсетеді. Көзге қарап, алдында отырған адамдардың не істегісі келіп тұрға-нын байқауға болады. Мысалы: егер, клиент бірдеңе айтқысы келсе, не айтып тұрған кезде ол көзге тік қарайды. Әр адамарға, әр жағдайларға көзқарас техникасының параметрі. Көзқарас фиксациясы клиенттің еске түсіргенін аңғартуға болады. Қарым-қатынас кеңісті-гі де- вербалды емес қарым-қатынас техникасына жатады. (бөлме өлшемі, оның жабдық-талуы, ориентация және психотерапевт пен клиент ортасы). Қолданылып жатқан техника-ларға байланысты психотерапевт жұмысының 3 кезеңге бөлуге болады.

  65. 1. Тәжірибе құрылысының эффекивті емес, себебін анықтаудан тұрады. Клиенттің фантазиясы мен инфанелді қабылдануынан, психиагностикалық психология жүреді.

  66. 2. Когнитивті терапия жақын келеді, НЛП (нейролингвистикалық программалау) Ол үйреншікті емес ойдың зерттелуі мен түзетудің арқасында жүреді.

  67. 3. Вербалды емес репрезентациялық тәжірибенің, әртүрлі моральдық сенсорлық шектеулер арқасына жүреді. Көбіне, 8 терапияға, гештальттерапия, нейролингвистикалық программалау.


  68. Негізгі әдебиеттер тізімі:

  69. 1. А.М.Куярова, аАзбука психоанализа-Алматы, Дарын, 2003 жыл

  70. 2. В.М.Лейбин. Классический психоанализ: история, теория, практика.-Воронеж, 2001г.

  71. 3. С.О.Раевский. Практика психоанализа.-Конспект семинара-Алматы. Дарын 2002г.


  72. Қосымша әдебиеттер тізімі:

  73. 1. З.Фрейд. О психоанализе С.Пб.лтя 1999г.

  74. 2. З.Фрейд. О психотераии З.Фрейд О психоанализа Сп.б:Алтейя 1999г.


  75. №6 Практикалық сабақ.

  76. Тақырыбы: Психотерапиядағы позияцилар және арақашықтық сақтау түрлері

  77. Мақсаты:Психотерапиядағы позияцилар және арақашықтық сақтау түрлері негізгі приниптерін ашу, маңызын түсіндіру

  78. Жоспары: 1. Ассоциация.

  79. 2. Бетпе-бет.

  80. 3. Ашық және жабық позалар.

  81. Ассоциация - латын сөзі «байланыс, ұқсасық» деген мағынаны білдіреді. Психикалық құбылыстардың байланыстылығын бір нәрсені қабылдауда екіншіні елестету.

  82. Ассоциацияның негізгі үш түрі бар:

  83. 1. Уақыт бойынша ассоциация.

  84. 2. Қарама-қарсылық бойынша ассоциация.

  85. 3. Ұқсастық бойынша ассоциация.

  86. Психоанализде жиі ассоциацияның тестері қолданылады. Аналитиктің ең басты қолданылатын ережесі анализанттың қобалжығанына, айтып жатқан сөздеріне, эмоциялық көріністеріне, мағынасыз әңгімесіне шыдау контенировние деп аталады. Консультант сақ-тайтын ереженің бірін анализантке нақты кеңес бере алмайтындығын іс-әрекетпен байла-нысты. Дегенмен кеңестері, ұсыныстары болған жағдайда тек өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік бар. Аналитиктің жұмыс кезіндегі қателіктері.

  87. 1. Гиперализация-тәжірибені жалпылау, үлкейту және оны басқа жағдайға тарату.

  88. 2. Зейінділікпен түсіну (тыңдау, бірақ естімеу, өзгерту (искожение)) мәліметтері қате қабылдау. Аналитик пен пациенттің арасындағы қарым-қатынас жасау арқылы әңгімелесуі - диалог.

  89. Диалогты өткізгенде вербалсыз техниканы да қолданады.

  90. 1. Позиция және дистанция 1,5-2м

  91. а) Бетпе-бет

  92. б) Ашық және жабық позалар

  93. в) Бет әлпеттің көрінісі

  94. г) Күлімсіреу, жылылық, ашық білдіруі, анализаттың көп себепсіз күлімсіреуі- аналитикпен қоштауды, мақұлдауды күтіп тұрғаны, аналитиктің қиналып күлімсірегені, пациенттің жақтырмағаны. Анализанттың күлімсірегені-қобалжу деп түсіндіріледі. Ана-лизант қасын көтеріп күлімсіресе-аналитикке тез бағынғандығы. Аналитик қасын түсіріп күлімсіресе, өзін анализанттан жоғары сезінуін білдіреді. Қасыңыз қосылып тұрса, анали-зант сіз оны жақтырмай отыр деп сезінеді. Адамдарың қасының қатты қысылып жабылып тұрғандығы өзін-өзі жоғары бағалайтындығы және агрессияны білдіреді.

  1. Визуалды контакт. Көз адамның жан дүниесінің айнасы, сондықтан көзқарас психоанализде – санасыз жағдайларды зерттеудегі плацедоэфект жөндеуші, коррекция (мысалы, дәрі және т.б. көмекті керек етуде өзін -өзі соған сендіру). Психоастаник -өзін -өзі қара жаман нәрселерге сендіру ойлары.

  2. Баспен изеу.

  3. Сөйлеген сөздерінің дауыс деңгейінің күштілігі , интонациясы, тоны.

  4. Паузалармен үндемеу әдісін қолданады. Апстенция – паузаны сақтап қалу әдісі.

Аналитикалық әдістердің тәсілдері:

    1. Психоанализ процедурасының инструкциясы.

    2. Мәлімет жинақтау және мазмұнын ашу үшін сұрақтар.

    3. Реконструкция(қайта құру). Кейбір жағдайлардың көріністерін анықтау , белгілеу және түсіндіру. Жалпы материяға коментарий беру.

    4. Конфронтация .

    5. Интерпритацияға дайындау.

    6. Интерпритация –күйзеліс жағдайларының себебін корсету, нақтылау.

Интерпритацияны психоаналитик беру үшін алдын-ала өзі де дайындалады.
Бетпе- бет. Көбіне қолданылады . Бетпе –бет позициясы, консультант креслосы мен клиенттің бөлмеде орналасуы – бұл диалогқа шақыру. Бұл позициялар консультанттың қарым –қатынасқа түсінуіне куәландырады. Креслоны сәл, бұрып, арақашықтықты ашуға: бірақ 1,5 -2 м аспауы керек. Креслоға жатып немесе артқа отырушылармен әңгіме барысында үздіксіз ұстап отыру қиын.Жақсы консультант клиенттің жағдайын жасап , оған дұрыс көзбен қарайды.
Ашық поза.Консультаттың және оның клиенттің қабылдауының ашықтығын көрсетеді. Жабық болса, кодтыңнемесе аяқтың айқастырылуы әңгімеге аз араласуын көрсетеді. Ашық позаны бүкіл сеанс бойы отыру мүмкін емес , оны тек денені бос ұстап, қысылмай еркін отыруға қажет етеді.
Бет-әлпет көрінісі. Ең маңызды адамдардың көрінісі.Осы бет-әлпет көрінісіне қарап адамдардың көңіл күйін, оның қалай отырғанын (қысылып, қысылмай) байқауға әбден мүмкін . Осы бет-әлпетке қарай отырыпта адамдардың диагнозын қоюға болады. Оның қасы, күлгенін байқау өте маңызды.
Визуалды контакт-көз.Көз жан дүниенің йнасы болғандықтан, көз арқылы адамдардың күйін байқауға да психотеропевтің шеберлігін көрсетеді. Көзге қарап та клиенттің қалай отырғанын аңғаруға болады.Мысалы: егер ол тік көз алмай отырса,ол әңгімені беріліп айтып отырғандығы.
Бас изеу –клиентке өзінің әңгімеге араласып отыпғандығын көрсету. Бас изеу клиенттің мақұлдауын да білдіреді. Егер бас изелмесе , клиентті түсінбей қалғанын аңғартады.
Тон, темы, дауыс- дауыс маңызды құралдың бірі болып табылады. Адам әңгімесінде дауыс ырғағының өзгертіп отыруыоның әңгімедегі болып жатқан оқиғадағы өзін қалай сезінгенін көрсетеді. Сонымен қатар дауыстан тез және жай айтқаны да терапиялық жұмысқа маңызды.
Вербалды емес техниканың Киносы келесі түрін көрсетеді:

  1. Қайталау және растау,

  2. Терістеу және шатастыру,

  3. Күшею және акцентирование,

  4. Бақылау және регуляция

Психотерапия – адам психикасына психотерапиялық құралдардың көмегімен, біртұтас түрдегі емдік әсер ету нәтижесінде өзіне - өзі көңіл- күйіне және қоршаған ортаға қатынасының өзгеруі ,сондаақ ауру нышандарын жою мақсатында оның барлық мүшсіне әсер етуі.
Психотерапия жалпы және дербес болып екіге бөлінеді:
Жалпы психотерапия-астарында, мынадай шаралар түсіндіріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты даму процесінің жетілуі, мұның өзін өз-өзімен түлғаның даму барысын үйлестіру және психикалық бұзылыстардың жойылуына әсерін тигізуі.
Дербес психтерапия-жеткіншек жастарға бейімделген медициналық және психикалық құрал сонымен қатар үлкендермен жұмыс істегенде қолданылады.
Клиникалық психотерапия- нақты жағдайларға байланысты тапсырмаға баланың жасына байланысты жүзеге асырылады.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Р.Грисон. Практика и техника псхоанализа. – Новочеркасск, 1994 г.
2. Х.Дикман. Методы в аналитической психологии. – М.:О.О.О.«Ц.Г.Л.»«»Р.О.Н.», 2002 г.
3. С.Н.Зимовец. Психоаналитическое консультирование. – Конпект семинара. –Алматы: Дарын, 2001г.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. З. Фрейд. Советы врачу при психоаналитическом лечении. З. Фрейд. О психоанализе.
С.Пб.: Алетейя, 1999 г.
2. Л. Хегай. Методы и техника психоанализа. – Конспект семинара. – Алматы: Дарын,
2001 г.
№7 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Консультанттың тұлғалық қасиеттері.
Мақсаты: Консультанттың тұлғалық қасиеттерімен таныстыру және оларды өмірде қолдана білуге үйрету
Жоспары: 1. Кеңес берушінің негізгі қасиеттері.
2. Психоперапевттің кәсіби сапалары
Консультанттың тұлғалық қасиеттері өзінің еңбегінің негізгі құралы болып табыла-ды. Оның мақсаттылығы мен тұрақтылығы кеңес беру тиімділігінің маңызы болып табы-лады.
Кеңес беру сапаларының бірнешеуін атасақ: өзіне адамдардың көңілін көптеп ауда-ру, өзін қай ортада болса да еркін сезіне білу, эмпатияяға қабілетті және басқа да сыртқы қабілеттері. Бұл сапалары көбіне туғаннан пайда болмайды, бірақ оның шегі жақсы жаста болады. Оның нәтижесі консультантта кейіннен байқалады. Егер консультантқа адамдар-мен қарым-қатынасқа түсу үлкен қуаныш әкелсе, ол жақсылық тілеуші болып табылады, онда ол автоматты түрде өзіне адамдарды тарта бастайды.
Жеке тұлғалық әсер етуден қалай қашу кереу? Одан толықтай арыла алу мүмкін емес, бірақ оларды саналы түрде ескеруге болады.Міне сондықтан психотерапевттік мек-тептер талапкерлердің психоанализ курсынан өздері өткенін қалайды. Өйткені өзінің жекелік түсініп және олардан арылу мүмкіндіктерін білу үшін, болмаса кеңес беру кезінде саналы түрде бұл комплекстен арылуға болады. Консультанттың өзі кәсіби психотера-певттен психоанализ курсынан өтуі тиіс. Ол оның өзі жайлы пікірлері туралы жақсы білуіне көмектеседі.
Консультант жеткен жетістіктері туралы ғана қуанбау керек, сол өмірдің жүріп жатқан процесіне де қуана білу керек. Өмір мен жұмыстан алған қанағат сезімін мотивтеп және әр қадамымызды салмақтау бізге не береді. Бұлар біздің өмірімізді анықтамауы керек.
Консультант біреуге деген қызығушылық өзі үшін емес, солар үшін екенін түсінуі керек. Кәсіби кеңес беру мәселесін шешу кеңес берушінің кәсіби сапаларының тиімділі-гін көрсетеді. К.Роджерс ерте кезде өзінің еңбектерінде болжам туралы пікірлер айтты. Ол психотерапевттің кәсіби-жекелік сапалары жайлы ақпарат берді.

  • психотерапевт ашық және әр жағдайға назар аударып қарай білуі керек, яғни клиентті оның сыйластығына қарамай кім болса да, не істеп, не айтса да оны қабылдай білуі керек.

  • психотерапевт кеңес беру барысында өз сезімдерін тежей білуі шарт, оның вербальды немесе вербалды емес құралдары клиенттің ашылуына әсер беріп, оның ары қарай жүруіне әкелуі керек.

  • психотерапевт өз жұмысында әділ және ашық бола білуі қажет.

  • ол клиентке эмпатия көрсете білуі керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. А.М.Куярова, аАзбука психоанализа-Алматы, Дарын, 2003 жыл
2. В.М.Лейбин. Классический психоанализ: история, теория, практика.-Воронеж, 2001г.
3. С.О.Раевский. Практика психоанализа.-Конспект семинара-Алматы. Дарын 2002г.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. З.Фрейд. О психоанализе С.Пб.лтя 1999г.
2. З.Фрейд. О психотераии З.Фрейд О психоанализа Сп.б:Алтейя 1999г.
№8 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Психотерапевтің ұстанатын этикалық принцептері.
Мақсаты: Психотерапевтің ұстанатын этикалық принцептерін айқындау.
Жоспары: 1.Жауапкершілік.
2.Құпия сақтау.
3.Клиентке деген қарым- қатынас.
Психотерапия –кәсіби этикалық принциптердің рөлі маңызды. Бұл психотерапев-тикалық процесте жауапкершілік пен құқықтық нормаларда кең қарастыруға мүмкіндік береді.
Жауапкершілік – психотерапевт процестің ұйымдасу тәртібін нәтижелерді өңдеу-ді өз мойнына алады. Оның жұмысы клиенттің қызығушылығы мен жеке мәселелерін талдаудан басталады. Ең маңыздысы клиенттің қызығушылығын дұрыс түсіне білу. Мыса-лы: клиент позитивті жағдайда болып - өзіне жұбатуды қажет етуі мүмкін. Егер клиент жағдайын психотерапевт дұрыс түсіне білмесе терапияның алға жылжуына қиындық кел-тіреді. Клиент өзінің қажеттіліктерінен тек кішкене қанағаттану алады болды.
Болмаса, екінші жағдай клиент қарсыласады. Бұл жердегі жауапкершіліктің барлы-ғы психотерапевтің мойнында. Психотерапияның басынан клиент терапияның алға жыл-жуы тек өзіне байланысты екенін білуі шарт және бұл қиын жолды психотерапевтің қолдауымен білімі, тәжірибесіне сүйеніп өтетінін ұғынуы керек.
Арнайы жағдайда когнитивті жауапкершілік керек. Бұл норма түсінігіне психотера-певтің өзінің білімі мен көмек беру шекарасын білуі қажет. Мысалы, нақты психатретика-лық диагноз қойып және түзету жұмыстарын жүргізу үшін психиатр қажет болады. Бола-шақ мамандар арнайы дайындықтан өтуі керек. Бұл шығармашылық ізденісті қажет етеді.
Жауапкершіліктің конгнитиві ерекше назарды қажет етеді. Мұнда психотерапевт өзінің білімі, біліктілігі кәсіби шеберлігі және апараттық конфеденциалды болуына жауап береді. Арнайы дайындықсыз, яғни медициналық психологиялық білімі болмаса, ол психотерапевтикалық процесті жүргізуге маман ретінде қатыса алмайды.
Психотерапевтің сертификаты –оның тәжірибе жүргізуге құқығы барын дәлелдейді. Психотерапевт маманының жалпы психология, әлеуметтік психология, жас ерекшелік психология, педагогикалық психология, медициналық психология, патопсихологиялық, психодиагностикалық білімі міндетті түрде болуы керек. Теориялық дайындық психотерапевттен кәсіби дағды мен іскерлікті талап етеді. Сонымен қатар белгілі бір жекелік сипаттарға ие болуы керек. Алдымен психотерапевт өзінің мәселелерін дұрыс шеш білуі керек, ол жұмыстың алға жүруіне септігін тигізеді, тәжірибе іскерлік қажет және өзінің мінездемесі өзінің проблемасын шеше білу шеберлігі болса, жұмысты орындауға кері әсерін тигізбейді.
Құпиялылық психотерапевттің екінші маңызды принципі болу керек. Клиент қызығу-шылықтарын сақтау, оның бар сырын бүкіл сеанс барысында құпияда ұстауы керек. Психоте-рапевт кәсіби қарым-қатынас орната білуі керек. Ол өз клиентінің жағдайы туралы ақпаратты ешкімге айтпауы керек. Баласын көмекке әкелген ата-ана болса да жұмыстың барысымен таныстырмау керек. Алдымен психотерапевт өз клиентінің құқығын сыйлап, құпиялылықтың негізі болады. Құпия сақтау психотерапевтке сенімділікті тудырады.
Сонымен қатар құпиялылықтың өз шегі терапия басында клиентке ескерту керек. Егер клиент терапевтке өз өміріндегі қауіпті жағдайды немесе денсаулығындағы жайды, болмаса жанындағыларға болар қауіпті айтса, онда ол оның алдын-алуы тиіс. Бұл өзге адамдардың араласуымен немес ақпаратты айтумен іске асады. Мысалы, психотерапевт баланың үйден күту немес өзін өлтіру туралы ақпар алатын болса, мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Клиенттің мәселесі жөнінде әріптестерімен пікір алмасу жұмыстың алғашқы сатысында жүреді.
Клиентке деген қарым-қатынасы. Психотерапевт клиент қандай болса оны сондай екен деп қабылдауы керек. Сонда оны солай қабылдаған жеңіл болады. Психотерапевт міндетіне тек күнә ауырлығы болмаса клиентті ақтау, кеңес беру ғана жатпайды, сонымен бірге клиенттің тұлғалық өсуіне көмек көрсету. Бұл кезде клиенттен бөлек психотерапия барысын таңдауы керек. Адам ретінде не кәсіп иесі ретінде психотерапевттің өзінің құндылығы болады. Психотерапевт алдымен клиент өз-өзінің қажеттіліктері мен мінез-құлығына жауапкершілік алғанына ұмтылады.
Негізгі дебиеттер тізімі:

  1. Дж.Сандлер, К.Дэр, А.Холдер. Пациент и психоаналитик: Основы психоаналитического процесса. – Ворнеж, 1993г.

  2. З.Фрейд. Введение в психоанализ. – М.,1989г.

  3. И.Г.Малкина-Пых. Справочник практического психолога

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. З.Фрейд. Советы врачу при психоаналитическом лечении. З.Фрейд. О психоанализе.

СПб.: Алатейя,1999г.

  1. Л.Хегай. Методы и техника психоанализа. –Конспект семинара. – Алматы: Дарын,2001г.

№9 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Гештальт-терапия.
Мақсаты: Білімгерлерге гештальт-терапиядағы пайдаланатын техникаларды түсіндіру,
меңгерту.
Жоспары:
1.Гештальт-терапия бағыты туралы сипаттама.
2. Гештальт-терапиядағы процедуралар
3. Гештальт-терапияда қолданылатын техникалар
Гештальт-терапия (немісше Gestalt-бейне (образ), форма, құрылым+грекше therapeia емдеу) -әдісін американ психотерапевті және психологы Фредри Перлз ұсынған болатын. Гештальт-терапия – бұл адамның ұғымын кеңейту мақсатында адам өзін жақсы түсініп, қабылдауға және сыртқы өмірмен жақсы қарымөқатынас орнатуға, өмірдің мәнін түсінуге көмектесетін психотерапия бағыты. Гештальт психология – XX ғ. басында пайда болған психологиялық ой бағыты.
Гештальт психологияның теориялық жаңалығын психотерапия тәжірибесінде XXғ. 40жылдары әйгілі психоаналитик Фриц қолдаған болатын. Ол кездері ол өзінің жеке психотерапия жүйесін құруды ойлады. Гештальт терапияның жалпы теориясы келесі ережелерге негізделеді.
Адамның мінез-құлқы гештальт-терапияның теориясына сәйкес гештальттің қалыптасу және бұзылу принциптеріне бағытталады. Керекті қажеттілік организмде пайда болып, басымды орын алады – фоннан фигура шығады. Ары қарай организм сыртқы ортадан бұл қажеттілікті қанағаттандыратын объект іздейді. Мысалға, адам қарны ашқанын сезсе тамақ іздейді. Объектпен қатынас қажеттігін қанағаттандырады-гештальт бітеді және бұзылады.
Қатынас (контакт) – организм ауасыз кеңістікте өмір сүре алмайды. Адамзат баласы басқа адамдардан тыс ортада дами алмайды. Басты қажеттіліктердің бәрі қоршаған ортамен қатынаста ғана қанағаттана алады. Сана (ұғыну)- организмнің ішінде және қоршаған ортада не болып жатқаны туралы мәліметтік. Сана – организмнің қажеттілігі жайлы шынайы ақпарат беріп отырады.Осында және енді организмде болып жатқан нәрселердің бәрі яғни, қабылдау, әрекет, ой, өткен немесе болашақ туралы фантазия осы шаққа кіреді.
Жауапкершілік – нақты жауапкершілік ұғынумен байланысты. Адам қаншалықты нақтылықты түсінсе, соншалықты ол өз өміріне, өз тілектеріне , әрекетіне жауап беруге қабілетті.
Гештальт-терапияның басты мақсаты - өзін-өзі толық ұғынуға жету: өз сезімін, қажеттіліктерін, тілектерін , дене процестерін, сыртқы ортаны. Гештальт-терапия мінез-құлықты жедел өзгеріске ұшыратуды немесе симптомдарды тез жоюды бағыттамайды. Өйткені симптомдарды жойып немесе мінез-құлықты толық ұғынусыз өзгерту тұрақты нәтиже бермейді, болмаса ескі мәселенің үстіне жаңа бір мәселеге алып келеді.
Гештальт-терапия нәтижесінде адам өз мінез-құлқын саналы таңдауға қабілетті болады, былайша айтқанда өз аяғына өзі тұруға қабілетті.
Гештальт-терапия жеке және топпен де жүргізіле береді. Егер Гештальт-терапия топпен жүргізілсе, онда психотерапевт қатысушылардың біреуімен ғана жұмыс жасайды, ал қалғандары оған эмоционалдық сүйеу көрсетіп отырады, ал кейбір жағдайда кері байланысты қамтиды.
Гештальт-терапияның негізгі ұғымдарына: фигура, фон, осы шақты ұғыну және шоғырлану, қарама-қарсылық, қорғаушы функциялар және ержету.
Гештальт-терапияның негізгі процедурасына мыналар жатады:

    • сананы (ұғымды) кеңейту

    • қарама-қайшылық интеграциясы

    • сезімді күшейту

    • арманымызбен жұмыс (фантазия және түс көру)

    • өзіне жауапкершілік алу

    • кедергіні жеңу.

1-техника.Сананы дамыту
1-жаттығу
Бірнеше минут ішінде дәл осы шақта не ұғынып, не сезіп отырғандығыңыз жайлы фраза жазыңыз. Әр сөйлемді «қазір», «дәл осы кезде», «осында және қазір» деп бастау керек.
2-жаттығу.
Көптеген феномендер болмас еді егер де оның қарсы ұғымы болмағанда.
Бір-бірінсіз бола алмайтын қарама-қарсы жауаптарды ойланыңыз.
3-жаттығу.
Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге , ал үстелде отыруға болады. Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше? Полмен паталокты аударыңыз. Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз. Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз.
4-жаттығу.
Елестеткенде не болар еді егер де азанда сіз төсектен тұрмай қалдыңыз, ия деген жауаптың орнына жоқ деп айтсаңыз? 10 см-ге бойыңыз ұзынырақ болса? Көлеміңіз төмен болса? Әйел емес еркек немесе керісінше болсаңыз?
Егер гештальт-терапия топ арасында жүргізілсе:
5-жаттығу.
Шартты түрде санаңыздағы әлемді 3 зонаға бөліңіз:

  1. сыртқы әлем

    • тәніздің ішкі әлемі (ортаңғы аймақ)

    • сезіміңіздің, ойыңыздың, фантазияыңыздың әлемі

Жұбыңызды таңдаңыз. Бетпе-бет отырыңыздар. Денелеріңізді бос ұстаңыздар. Санаңыздың сыртқы әлемімен кезекпен бөлісіп отырыңыздар. Сезіміңізді мына сөзден бастаңыз : «Қазір мен ұғынамын, нені...» сөзіңізді айналадағы заттардың әсерінен (свет, иіс т.б.) болған сезімдермен аяқтаңыз.5-8 минут сөйлеңіз. Енді жұбыңызды таңдаңыз.
Келесі тәніңізге байланысты сезімдерді айтыңыз. Әңгімеңізді мына сөздерден бастаңыз: «Қазір мен ұғынамын, нені...» сөзіңізді тәніңізді байланысты сезімдермен аяқтаңыз.(аузыңыз кебу, т.б.) Сезіміңізді 2-3 минуттай әңгімелеңіз. Енді жұбыңызды таңдаңыз.
Өзіңіздің ойыңыздың, фантазияыңыздың әлеміне қосылыңыз. Әңгімеңізді мына сөздерден бастаңыз: «Қазір мен ұғынамын ...» - әңгімеңізді ойыңыздағы сезімдермен аяқтаңыз. 5-8 минут сөйлеп, жұбыңызды тыңдаңыз.
Әсерлеріңізді жұбыңызбен бөлісіңіз.Қайтадан кезекпен сана (ұғыну) процесіне қосылыңыз.Бұл жолы зонадан зонаға «өтіңіз».
Соңында жұбыңызды ұғынуға тырысыңыз. Сізді ұғынуға оған жағдай жасаңыз
6-жаттығу. «Суреттеу»
Барлық қатысушылар жұп-жұптан, бір-біріне қарама-қарсы отырады. Тренер қатысушылардың әрқайсысына кез-келген затбереді. Бұл заттар қайшы, бөтелке, ваза, банка т.б. болуы мүмкін. Қатысушылардың әр қайсысын өзінің жұбына осы заттарды бағалаймай ақ суреттеп беруді сұрайды. Мысалы консервіленген банканы былай суреттеуге болады: «Бұл зат цилиндр тәрізді, жазулар жазылған этикеткасы бар.
Этикеткада жазылған жазулар қоңыр және қызыл түстермен жазылған».
Қатысушылардың міндеті – қолындағы 1 затты толық суреттеу. Осындай жаттығуды жасай адамдар алғашқы көрген заттарын жаңаша түрде көре бастайды. Бұндай өзгеріс күнделікті өмірде басқа адамдарды қабылдау кезінде де болады.
Соңында тренер барлық қатысушыларды дөңгелек үстелге отырғызып, пікір алмасады.
Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Перлз.Ф, Гудмен.П, Хефферлин.Р Практикум по гештальттерапии.М.,1995

  2. Роджерс К.Взгляд на психотерапию. Становление человека. М.,1994

  3. Рудестам Н. Групповая психотерапия. М.,1999

Қосымша әдебиеттер тізімі:
Айви.А, Айви М.Б., Саймек – Даунинг Л Консультирование и психотерапия.Сочетание методов, теории и практики. М.,2000
З.Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алатейя,1999г.
З.Фрейд. О психотерапии // З.Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алатейя,1999г.
№10 Практикалық сабақ,
Тақырыбы: Когнитивтік психотерапия
Мақсаты: Когнитивтік психотерапияның маңызын, атқаратын қызметін, ерекшеліктерін, құрылымын айқындау.
Жоспары: 1. Когнитивтік психотерапия туралы түсінік.
2.Рационалды-эмотивті терапия.
Когнитивтік психология психотерапияның әдісі болып табылады. Оның негізін салушы Аарон Бек болды. Бұл әдістің сапасы ретінде тұтас мінез-құлықында пайда болған негізгі эмоцияны табу болып табылады. Сонымен бірге психикасының бұзылысының пайда болған (алғашқы депрессиялық жағдай) өз-өзін тануының дұрыс құрылмауынан деп түсіндіреді. «Мен өзімді қалай деп есептеймін?», «Болашақ өмірімде мені не күтіп отыр? », «Менің қоршаған ортам қандай?» деген сұрақтарға пациент адекватты емес түрде жауап береді. Мысалы, депрессиялық ауруға шалдыққан адам өзін ештеңеге қажетсізбін деп сезініп және болашақта мен тек қиындықтар күтіп отыр деп есептейді. Мұндай бағалау шындыққа сай келмейді, пациент болашақта болатын қиындықтардан қашқақтайды және өзін тексереді деп қорқады. Осы жағжайжа когнитивті психология пациент алдына мынадай мақсаи қояды: өзін және өзгелерді дұрыс түсіну, дұрыс тануға үйрету, ауру жағдайын анықтау, оны тәжірибе жүзінен іс жүзіне іске асыру. Бұл процедура 3 кезеңнен тұрады.
1.Логикалық талдау – пациент аффектілі жағдай кезінде пайда болған мәселелерін
әңгімелесу барысында қателіктерін тауып талдайды.
2.Эмпирикалық талдау – клиент өзі өзгелерді қалай қабылдайды пайдаланған
элементтерді талдаудан тұрады.
3.Прагматикалық талдау - өзінің жеке іс-әрекетіне оптималды түрде тану
жүргізіледі.
Клиникада депрессиялық аурулардың көбеюіне байланысты бұл әдістің қолдану аясы кең етек алды.
Рационалды-эмотивті терапия – когнитивті терапияның бір түрі. Оның негізін салушы Альберт Эллис болды. Оның негізі невроз ауруына шалдыққан пациенттерге иррационалды талдау жүргізу.Философиялық тұрғыда қарағанда әр адам өз тағдырына жауапты екенін білеміз.
Неізгі әдебиеттер тізімі:

    1. Р.Грипсон. Практика и техника психоанализа. – Новочеркаск,1994г

    2. Х.Дикман.Методы в аналитической психологии. – М.:О.О.О. «Ц.Г.Л» «Р.О.Н»,2002г.

    3. С.Н.Зимовец. Психоаналитическое консультирование. – Конспект семинара. – Алматы:Дарын,2002г.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. З.Фрейд. О психотерапии // З.Фрейд. О психоанализе. С.Пб.: Алатейя,1999г

  2. .Л.Хегай .Методы т техника психоанализа. – Конспект сеимнара.- Алматы:Дарын,2001г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет