Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет44/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Әңгімелесу әдісі – зерттелетін мәселені толықтыру үшін 
қолданылатын қосымша әдіс. Әңгімелесу зерттеу міндеттеріне 
байланысты жоспарлы түрде ұйымдастырылуы қажет және 
шаблонды- стандартты сипатта болмай, ол әрқашанда неғұрлым 
басқа объективтік әдістермен байланысты жүргізілуі тиіс. 
Әңгімелесу – сөздік қарым-қатынас арқылы психологиялық 
ақпарат алу, вербалдық коммуникация негізінде алғашқы 
мәліметтер жинау әдісі. Ол психодиагностикалық әдістерден 
формасына, ұйымдастыру сипатына қарай айырмашылығы бар 
әдіс. Әңгімелесу әдісінің кең тараған түрлерінің бірі -интервью. 


82 
Интервью–адаммен тікелей байланыста анықталған жоспар 
бойынша жүргізілетін тілдесу, сұхбат алу. Формасына қарай 
түрлері: 
- еркін (нақты сұрақтар қойылмағанмен, жалпы жоспар 
бойынша, жалпы сипатта, еркін тактикамен әңгімелесу); 
- стандартты (әңгімелесу барысы жалпы жоспарлы, сұрақ-
жауаптар вариантымен қойылуы және қатаң стратегия мен 
тактика); 
- жартылай стандартты (қатаң стратегия, еркін тактика). 
Диагностикалық мақсатта көпшілік уақытта стандартты 
интервью қолданылады. Себебі қажетті ақпаратты анықтауға 
мүмкіндігі мол деп есептейді. Мақсатына қарай интервью 
диагностикалық 
және 
клиникалық 
болып 
бөлінеді. 
Диагностикалық интервью-жалпы мазмұндық ақпарат алу 
әдістемесі. Клиникалық интервью - адамның ішкі жан күйзелісін, 
жанжалдар мен мінез-құлқының ішкі мотивтерін түсіну үшін 
қолданылатын терапиялық әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуді 
тікелей, жанама, жобалық деп, үш түрде өткізуге болады. 
Анкета (жазбаша сауалнама) әдісін көпшіліктің пікірі мен 
көзқарасын білу үшін қолдана отырып, арнаулы дайындалған 
сұрақтар 
арқылы 
әлеуметтік-психологиялық 
ақпараттар 
көмегімен зерттеу әдісі. Анкета бұл сауалнама әдісі.Сауалнама 
мақсаты: сыналушылардан объективті және субъективтік ақпарат 
алу.Психологиялық зерттеулерде қолданылатын сауалнама екі 
түрге бөлінеді: 
1. «бетпе-бет» белгілі бір жоба бойынша жүргізілетін сұхбат; 
2. сырттай сауалнама алу - өз бетінше арналған анкеталар. 
Сұхбат 
стандартты 
және 
стандартты 
емес 
болып 
бөлінеді.Стандартты сұхбаттың амалдары мен олардың реті 
алдын-ала анықталады, олар барлық сыналушылар үшін бірдей. 
Ал, стандартты емес сұхбатта сауалдар өзгертіліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет