Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет45/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Социометрия – белгілі бір топта жеке адамдар арасындағы 
қарым–қатынасын және топтағы психологиялық жағдайын 
анықтауға арналған әдіс.Бұл әлеуметтік психологиялық зерттеу 
әдісі, оны алғаш енгізген американ психологы Дж.Морено. 
Психодиагностикада адам туралы ақпарат білудегі тағы бір 
тәсілі-контент анализ немесе адам іс-әрекеті арқылы құжаттар 
мен заттарды сандық және сапалық талдау әдісі. Құжаттық 
талдау түрлері – хат, өмірбаян, күнделіктер, фотосуреттер, кино 


83 
және бейне таспалар, шығармашылық туындылар және т.б. Бұл 
әдіс алғаш рет өткен ғасырдың 20 жылдары бұқаралық-байланыс 
материалдарын талдауда қолданылды.Контент анализдің негізгі 
іс-әрекеті сапалық ақпараттық тілдік есепке ауысумен 
байланысты. Осы мақсатта екі түрлі бірлік болады: мазмұндық 
немесе сапалық талдау және сандық талдау бірлігі. Қарапайым 
контент анализде қарапайым есептеудегі мағыналық бірлік бірте-
бірте күрделі сандық тәсілге (корреляциялық техника және 
факторлық талдау) ауысады. 
Бұл әдістің дамуының жаңа кезеңі –компьютерлендіру. 
АҚШ-та түрлі құжаттарды арнайы стандартталған бағдарлама 
бойынша талдауда қолданылады және тез арада, үлкен көлемдегі 
ақпарат алынады. 
Психологиялық диагностикада контент анализ зерттеу 
нәтижелерін талдауда қосымша әдіс ретінде жиі қолданылады. 
Контент-анализді мына әдістемелерден көреміз: жобалық 
әдістемелердің нәтижелерін талдауда; (мысалы, ТАТ,Роршах 
әдістемесі, сөйлемді аяқтау т.б.) интервью, әңгіме мазмұны, 
ауызша және жазбаша зерттеу қорытындылары, анкеталық 
сұрақтар және т.б. 
Қазіргі кезеңде адамды зерттеумен қатар, көмекші құрал 
ретінде коррекциялық әдістер кеңінен қолдануда. Мысалы, 
аутотренинг және топтық тренингтер жеке адамға немесе 
топта адамның мүмкіншіліктерінің өсуіне ықпал етіп қана 
қоймай, қиын жағдайларда, эмоциялық күйзелістерде көмектесу 
мақсатында және қарым-қатынас, білім, іскерлікке үйретуде түрлі 
жаттығуларды қолдану әдістері.Аутогендік жаттығулар әдісінің 
пайда болуы неміс психотерапевті И.Г.Шульц есімімен 
байланысты. Аутогендік жаттығу – психогигена мен 
психопрофилактиканың және адамның түрлі жағдайдағы күйін 
басқару, 
түзету, 
тәрбиелеудегі 
амалдар. 
Аутогендік 
жаттығуларда жүйке жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш 
негізгі жолы қолданылатындығы жайлы психотерапевт 
Л.Л.Примак жазған. 
Бірінші жолы қаңқаның бұлшық еттері мен демалу 
тонусының орталық жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен 
байланысты.Жүйке жүйесі мен тонус арасындағы байланыс 
бұлшық еттердің тонусын саналы өзгерту арқылы психикалық 
белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның 


84 
сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты 
түрде ұстап тұрумен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне 
байланысты тонус та көтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық 
заңдылық аутогендік жаттығулардың барлық жүйесінің негізіне 
жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық еттерін 
толық босатуды алдын-ала үйрену керек. 
Жүйке жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері 
мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі 
– бұл адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші 
белсенді құрал. 
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің 
үшінші жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сөздің 
реттеуші және бағдарлаушы рөлімен байланысты болады. Ішкі 
сөздің бұл қасиеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс 
кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта ертеден 
қолданылуда. Аутотренинг жаттығулары адамның резервтік 
мүмкіндіктерінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар 
мидың бағдарлаушы механизмдерінің қызметін тұрақты дамытып 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет