Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет64/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Сенімділік – объектіге қатысты өлшеу процедурасының 
орнықтылығы. Тестің сенімділігін тексеру жолдары: 
1.Қолданылатын тестің сенімділігі жайлы мәліметтер бар ма 
сол жағдайды анықтау. Қандай диагностикалық жағдайда, қандай 
популяцияда тексеру жүргізіледі соны білу. Егер тексеру болмаса 
қайтадан тексеруді жүргізу. 
2.Егер де сыналушыларды тексеру тест мағынасы мен оны 
өңдеу мүмкіндігіне ие болса, онда тест барлық тандау бойынша 
қайта жүргізу керек, бүтін тест пен оның жеке пункттері үшін 
коэффициенттерді есептеу.Алынған коэффициенттерді талдау 
жағдайы мына сұрақтарға негіз болады: берілген тест интервалды 
шкаланы бере ала ма, уакыт бойынша өлшенетін қасиет 
қаншалықты орнықты, тест қандай бөлікте сенімді болады деген 
сұрақтарды шешеді. 
3.Егер де мүмкіндік аз болса, онда қайталауды тек жеке 
таңдауға жүргізу керек. Ал, тестің тұрақтылығы үшін және оның 
ішкі келісімін бағалау үшін рангілеу немесе торлы корреляцияны 
есептеу керек.
Тест 
шкалаларының 
статистикалық 
табиғаты 

психодиагностикада қолданылатын өлшеу тестері кысқаша 
бірізділікті құрайтын тапсырмалар негізінде құрылады, оларды 
орындау нәтижесінде сыналушылар алынған көрсеткіштердің 
біржақты сандық интерпретациясын жасайды. Мысалы, 
интеллектуалды тестерді интерпретациялау жеке тапсырмалардан 
тұрады: "дұрыс шешім", "қате шешім", "жауаптың болмауы" 
сияқты нәтижелерді интерпретациялайды. Тест бойынша 
қосынды балл "кілттің" көмегімен есептелінеді: кілт әрбір бөлім 
бойынша қортындының сандық мәнін тағайындайды.


113 
Психологиялық тестердің валидтілік және сенімділік 
мәселесі дифференциялды психометриядағы негізгі мәселелердің 
бірі және теориялық аппаратының даму деңгейімен байланысты. 
10.2. Психологиялық диагноз түрлері 
 
Балалар психологиясын зерттеуде диагностикалық сандық 
және сапалық жақтары байланысты, бір-бірін толтырып отырады. 
Мұндай байланыс топтық стандартталған және жеке тұлғаның 
стандартталмаған әдістер қорытындалары оқыту процесінде 
есепке алынады. Мұнда, жалпы логика сақталады. Ол алғашқы 
психодиагностикалық белгілердің комплексті талдауы арқылы 
диагноз қою. 
Психологиялық диагноз психологиялық диагностикада басты 
түсінік бола тұра аз өңделген сала. Барлық психологтар оны қолданса 
да диагноз қою үшін қажетті психологиялық ақпарат пен специфика 
болмысы туралы бірегей ақпарат жоқ. Әрі қарай психологтың диагноз 
қою қызметін кеңейту үшін және психологтардың кәсіби әзірлігін 
жетілдіруде бұл түсінікті зерттеп, жан – жақты қарастыруға 
байланысты. Диагноз термині ең бірінші әскери саладан келді, сосын 
медицинада қолданды, алғашқыда психологиялық бұзылыстар немесе 
нормадан 
ауытқушылықтарды 
белгілеу 
үшін 
қолданылды. 
Медициналық тұрғыдан психологиялық диагноз мақсаты белгісізден 
осы 
уақытқа 
дейінгі 
нақты 
адамның 
физиологиялық 
сипаттамаларынан анықталған өзгерістерге байланысты диагноз қою 
болды. Психологиялық диагноз көптеген адамның қызметі мен 
өміріне енуіне байланысты «психологиялық диагноз» терминін 
кеңірек түсінуге және қалыпты психикалық феномендерден 
ауытқушылығын нақты саралау қажет. 
Л.С. Выготский бүгінгі күнде де қолданылып жүрген 
психологиялық диагноздың 3 деңгейін анықтады:
1.Симптомдық немесе эмпирикалық диагноз.Белгілі бір 
психикалық ерекшеліктер немесе белгілер негізінде практикалық 
қорытынды шығарылады. Мұндай диагноз ғылыми болып 
есептелмейді, себебі симптомдар кәсіби шеберлікпен анықталмайды. 
Симптомдық диагнозды зерттеуші жанындағы барлық адамдарға 
қоюға болады. Симптомдық диагноз қоюдың негізгі тәсілдерінің бірі 
бақылау және өздік бақылау болып табылады. 


114 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет