ҚР Әділет министрлігінде тіркелген:
31.12.2005жыл. Тіркеу№ 3412
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң
Қ А У Л Ы СЫ
Алматы қаласы 2004 жылғы 23 желтоқсан № 182
Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығы құрметіне шығарылған номиналы 20 теңгелік монетаны ақша айналысынан алу туралы
Тіркеу№ 2018
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыста жүрген ақша белгілерін реттеу мақсатында және “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының
50 жылдығы құрметіне шығарылған номиналы 20 теңгелік монеталар (бұдан әрі – “БҰҰ 50 жыл” монеталары) ақша айналысынан алынсын.
2. “БҰҰ 50 жыл” монеталарын ақша айналысынан алудың мынадай тәртібі белгіленсін:
1) 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап “БҰҰ 50 жыл” монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктер) ғана қабылдайды және айырбастайды;
2) екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағында белгіленген күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде заңды және жеке тұлғалардан “БҰҰ 50 жыл” монеталарын қабылдайды және айналыстағы банкноттарға және монеталарға айырбастайды. Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан “БҰҰ 50 жыл” монеталарын қабылдауға құқығы жоқ;
3) Ұлттық Банк филиалдары осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан “БҰҰ 50 жыл” монеталарын қабылдайды және олардың түпнұсқалылығы расталғаннан кейін айналыстағы банкноттарға және монеталарға айырбастайды.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
-
Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімше-леріне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулы оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов
Достарыңызбен бөлісу: |