Бұл қызмет бойынша 8595 сұхбаткерден сауалнама алынды. Орташа алғанда, 8421 кәсіпкердің 4,4%-ы экономикалық тергеу қызметіне (бұрынғы қаржы полициясы) кез болады.
Кәсіпкерлер арасында экономикалық тергеу қызметі туралы хабардарлық 71% деңгейінде. Бизнес кесігінде жағдай әр түрлі: шағын және орта бизнес аз дәрежеде, ірі бизнес көп дәрежеде біледі.
61-кесте. Бизнес-ортада экономикалық тергеулер қызметі туралы хабардарлық, N=8595, % ақпарат алғандар.
|
Шағын
|
Орта
|
Ірі
|
Барлығы
|
Салық қызметтерін тұтынушылар
|
69
|
76
|
79
|
71
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар
|
72
|
69
|
77
|
71
|
Орташа
|
70
|
73
|
78
|
71
|
Экономикалық тергеу қызметінің Сізді қызықтыратын сұрақтарды түсіндіру бойынша жұмысына жалпы қанағаттанушылық 10 балдық шәкіл бойынша: 7,45 балл.
Экономикалық тергеу қызметтері
|
16) Заңнаманы, қызықтыратын мәселелерді түсіндіру, N=2013 + 2806
|
7,5
(кедендік қызмет алушылар -7,1; салықтық қызмет алушылар - 7,8)
|
55,9
(кедендік қызмет алушылар: 49; салықтық қызмет алушылар: 62,8)
|
17) Экономикалық қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды іске асыру, N=3257 + 4315
|
7,7
(кедендік қызмет алушылар: 7,5; салықтық қызмет алушылар: 7,8)
|
60,9
(кедендік қызмет алушылар - 57,3; салықтық қызмет алушылар - 64,5)
|
62-кесте. Бизнес-ортада экономикалық қызметті түсіндіру бойынша қызметке қанағаттанушылық, 10 балдық шәкіл бойынша балл.
|
Салық қызметтерін тұтынушылар
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар
|
Орташа
|
10 балдық шәкіл бойынша қанағаттанушылық
|
7,8
|
7,1
|
7,45
|
8-10 балл берген сұхбаткерлердің % бойынша қанағаттанушылығы
|
62,8%
|
49,0%
|
55,9%
|
Бірақ тұтынушылардың салықтық қызметке қанағаттанушылығы (7,9), кедендік қызметтерге қанағаттанушылықтан (7,1) жоғары.
Шаралардың тиімділігі орташа алғанда 7.7 балға бағаланады, бұл 60 пайыздық тиімділікке сәйкес келеді, яғни профилактикаға бөлінетін бюджет шығындары шамамен 40%-ға тең.
63-кесте. Экономикалық қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар тиімділігі, 10 балдық шәкіл бойынша.
|
Салық қызметтерін тұтынушылар
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар
|
Орташа
|
10 балдық шәкіл бойынша қанағаттанушылық
|
7,8
|
7,5
|
7,7
|
8-10 балдары бар сұхбаткерлер қанағаттанушылығының %-ы
|
64,5%
|
57,3%
|
60,9%
|
Кедендік брокер, Алматы: «Экономикалық қылмыстардың, оның ішінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар «пайдасымен бөліспейтіндерге» немесе «қолдаушысы жоқтарға» арналған. Басқаша айтқанда, ештеңе жасап жатқан жоқ. сСыбайлас жемқорлық бойынша барлық жұмыс – бұл жалған әрі көз бояу».
Экономикалық тергеу қызметінің кедендік қызмет тұтынушыларымен кездесуі алдағы тергеумен жиі байланысты (экономикалық қызмет 32,5%, салықтық 12,6%), оларға тергеу себебі түсініктірек (экономикалық қызмет 71,6%, 45,5% салықтық).
64-кесте. Қызметке кез болу, % сұхбаткерлер
|
Экономикалық тергеу қызметіне кез болғандар,
Nсал=3945, Nкед=3984
|
Алдағы тергеуге байланысты болды,
Nсал=200, Nкед=340
|
Тергеу себебі түсінікті болды,
Nсал=67, Nкед=88
|
Салық қызметтерін тұтынушылар
|
4,4%
|
12,6%
|
45,5%
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар
|
4,5%
|
32,5%
|
71,6%
|
Орташа
|
4,4%
|
22,6%
|
58,6%
|
Ірі және орта бизнес ЭТҚ-мен көбінесе салық мәселелері бойынша, шағын және орта – кедендік мәселелер бойынша кезігеді. Кез-келген жағдайда, орта бизнес жалпы осы қызметтердің назарына жиірек ілігеді.
65-кесте. Бизнес кесігінде қызметке кез болу, % сұхбаткерлер
|
Шағын (1-50 адам)
N=6123
|
Орта (51-250 адам)
N=1834
|
Ірі (250 адамнан астам)
N=464
|
Барлығы
N=8421
|
Салық қызметтерін тұтынушылар, N=3945
|
3,6
|
7,4
|
8,9
|
4,4
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар, N=4476
|
4,2
|
5,5
|
2,7
|
4,5
|
Орташа, N=8421
|
3,9
|
6,4
|
5,8
|
4,4
|
Сұраққа жауап берген сұхбаткерлердің 18%-ы бұл алдағы тергеумен байланысты деп жауап берді: кедендік қызмет тұтынушыларында 23,8%, салықтық қызмет тұтынушыларында – 13,1%.
Өңірлер бойынша салық қызметкерлерінің тұтынушыларынан ЭТҚ-мен Астана қаласы (9,9% - әр бір оныншы!), Алматы (7,1%), Ақтөбе (7,7%) және Маңғыстау (6,4%) облыстарының тұрғындары көп кезігетіндігін көрсетті, орташа мәні 4.4%.
110-диаграмма. Экономикалық тергеу қызметімен кезігуге мәжбүр болғандар, салық қызметтерінің тұтынушылары, %
Кедендік қызмет тұтынушыларының ішінен ЭТҚ-мен Атырау облысында (26,7% - әр бір төртінші!), Ақтөбе (18,7%), Батыс-Қазақстан (11,5%), Маңғыстау (11,4%), Астана қаласы (7%) көп кездеседі, орташа мәні 4,5%.
111-диаграмма. Экономикалық тергеу қызметімен кезігуге мәжбүр болғандар, кедендік қызметтердің тұтынушылары, %
112-диаграмма. Тергеу кезінде тап болған проблемалар, салық қызметін тұтынушылар (Nнал=104), кедендік қызмет тұтынушылары (Nтам=60), көрсетілген санды көрсеткендердің %-ы.
Диаграммадан көріп отырғандай, кеден қызметтерін тұтынушылар салық қызметін тұтынушылармен салыстырғанда нақты проблемаларды жиірек қозғайды. Ең жиі кездесетін проблема – тексерушілер тарапынан орын алатын біржақты қатынас (38.3%), психологиялық қысым көрсету (35,6%), мерзімдерді созу (33%), қателер, біліксіздік ( 30%- ға жуық). Салық қызметін тұтынушылар үшін негізгі проблема мерзімдерді созу болып табылады (14,4%), орынсыз талаптар (12,5%) және психологиялық қысым көрсету (11,5%). Олар да, және басқалар да тексерушілердің дөрекілігі туралы айтады, 4% және 10,5%).
Салық бұзушылықтарды тексеру бизнестің көлеміне байланысты әртүрлі жүргізіледі: мысалы, салық заңын алуан түрлі түсіндірудің орын алуын орта бизнестегілер жиірек белгілейді (15%), мерзімдерді кешеуілдету, біржақты қатынас, психологиялық қысымды шағын және орта бизнестенгілер белгілейді. Ірі бизнес тексеру рәсімінің түсініксіздігін, сонымен бірге қызметкерлер тарапынан дөрекілікті атап көрсетеді. Басқа себептер санатында мыналар аталады: «сотқа жауап беру кезінде тиісті 4 сағаттан апртық ұстады, менің уақытыммен санаспады, келдім және отырып күттім, ал олардың қолдары бос емес», «контрагент жауапқа тартылды, ал біз олардың кесірінен зиян шектік», «бизнестен, жұмыстан алаңдатылдық».
Кеден қызметін тұтынушыларды тексеру мынаны көрсетеді: шағын бизнес көбінесе ақпаратқа қолжетпестік себепті тексеру рәсімі туралы хабарсыз 30,3%) немесе оның түсініксіздігінен (26,5%), сонымен қатар тексеру заңдылығының сақталмауынан (14,7%), ал орта бизнес бұл себептерді атамайды, ол коммерциялық, банк немесе салық құпиясының сақталуына (33,3%), тексерушілер тарапынан дөрекілікке наразылық білдіреді (30,4%).
Шағымдану
Сұраққа жауап берген салық қызметінің 102 тұтынушысының 7%-ы зерттеу нәтижелеріне шағымданды, шағын және орта кәсіпкерлер де осындай пікірде; кеден қызметінің 77 тұтынушының 10,4%-ы зерттеу нәтижелеріне шағымданды, бұл көбінесе орта емес, шағын бизнестің өкілдері болды. Ірі бизнес нәтижелерге шағымданған жоқ.
66-кесте. Бизнес көлемі бойынша нәтижелерге шағымдану
|
Шағын, N=101
|
Орта, N=70
|
Ірі,
N=8
|
Орта, N=179
|
Салық қызметтерін тұтынушылар, N=102
|
6,6
|
8,1
|
0,0
|
6,9
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар, N=77
|
15,0
|
3,0
|
0,0
|
10,4
|
Экономикалық тергеу қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық (қызметті таныстық бойынша немесе заңсыз сыйақы беру арқылы алу) туралы сұрақ қойылған жоқ, алайда қызмет жұмысын жақсарту бойынша пікірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қажеттілігіне байланысты жауаптар көп. «Сонымен қатар, осы қызметке біліктілікті, адалдықты, айқындықты тілеймін», «Өздері пара алуды тоқтатсын», «Сыбайлас жемқорлықпен айналысатын қызметкерлер аз болсын», «сыбайлас жемқорлықпен айналысатын қызметкерлерді жою қажет».
Шағымдану туралы сұраққа жауап бергендер саны өте аз (179 сұхбаткер), бұл экономикалық тергеу қызметіне кез болғандарджың (379 адам) жартысын ғана құрайды. Сонда сұраққа жауап бергендердің ішінде шағым бергендер саны 8%, ал ЭТҚ ұшырағандар ішінде бұл 3,7%-ды құрайды.
Бизнес көлемі бойынша салық қызметін тұтынушылар ішінде қызметкерлердің іс-әрекеттеріне/ әрекетсіздіктеріне орта бизнес шағымданды, ал кеден қызметін тұтынушылар арасында – шағын бизнес шағымданды.
Уақыт шығындары
Тергеу жиі кенеттен басталады. Осы цифрлар 4-5 күнді көрсеткеніне қарамастан, іс жүзінде тергеу жүргізу туралы сол күні немесе бір күн бұрын ескерткен жағдайлар да болған. Мұндай жағдайлар Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана қаласында болған.
67-кесте. Тергеу туралы ескерту және тергеу ұзақтығы.
|
Тергеу туралы ескерту
|
Тергеу ұзақтығы (1-ші айда 21 жұмыс күні)
|
Салық қызметтерін тұтынушылар
|
3,9 күн бұрын
|
1,7 ай (37 күн)
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар
|
5,4 күн бұрын
|
4,4 ай (93 күн)
|
Тергеу жүргізу ұзақтығы кеден қызметін тұтынушылар үшін ең ұзақ (93 күн), слық қызметі тұтынушылар үшін бұл 37 күнді құрайды. Кеден қызметі тұтынушыларына 100-173 күн (Алматы қаласы, Ақтөбе облысы) терегу жүргізілген кездер де болды, алайда кейбір жағдайларда бір аптамен де шектелген (Алматы облысы). Кейбір салық қызметтерінің тұтынушыларына 122-252 күн (Ақтөбе және Жамбыл облыстары) тергеу жүргізілген.
Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс сапасы туралы пікір
68-кесте. Экономикалық тергеу қызметі жұмысының сапасын бағалау
Сіз қызметті қалай бағаладыңыз
|
Салық қызметтерін тұтынушылар
|
Кеден қызметтерін тұтынушылар
|
Орташа
|
Сенім деңгейі
|
7,7
|
7,2
|
7,4
|
Адалдық
|
7,8
|
7,3
|
7,5
|
Біліктілік
|
8,1
|
7,5
|
7,8
|
Әдептілік
|
7,9
|
7,3
|
7,6
|
Айқындық, ашықтық
|
7,6
|
7,0
|
7,3
|
Бағалау дейгейлері – 10 балды жүйемен есептегенде орташа 7.3-7.8 шегінде. Салықтық тексерулер барлық параметрлер бойынша кедендік тексерулерге қарағанда жоғарырақ бағаланады. Кеден органдары қызметін тұтынушылардың тексерулерінің ашықтығы мен айқындығы өте төмен бағаланады – 7 балл, сенім білдіру деңгейі өте төмен – 7.2, адалдық және сыпайылық – 7.3 балл. Эекономикалық тексеру қызметкерлерінің біліктілігін салық қызметін тұтынушылар салық қызметін тұтынушыларға қарағанда жоғарырақ бағалайды – 8.1 - 7.5.
Қызмет туралы пікір:
Салық қызметін тұтынушылар экономикалық тексерулерге шағымданады:
«Сенім арту өте қиын», «Сылбыр жұмыс істейді. Қылмысты ашқанша, бәрі кеш болып қалады», «Осы құрылымдар тарапынан негізсіз тексерулердің болуы», «Қаржы полициясына сенім жоқ», «Егер олар жұмысты жақсы істесе, сыбайлас жемқорлық болмас еді», «Қаржы полициясы қайта құрылғанын білемін, енді ашықтығын, айқындығын, адалдығын, сонымен қатар осы ұйымның тиімділігін көбірек көрсек», «Олар өте дөрекі, асқақ мінезді», жағымды пікірлер де кездеседі: «Қылмыс істерді ашады, демек жақсы жұмыс істейді.
Алайда кеден қызметін тұтынушылардың экономикалық тексерулер қызметі туралы мінездемелері аса қатал: «Қызметкерлер шетінен көргенсіз, жемқорлар», «қызметкерлер тек өздерінің жеке мүдделері мақсатында біліксіз әрекет етеді: пара алу, пара беру», «Жемқорлық өте жоғары қызмет», «жемқорлықты жою қажет, бұл біздің еліміздің келбетін жариялайтын болады», «барлық жерде жемқорлық болуына қарағанда, олар өз міндеттерін дұрыс атқара алмай жүр деп ойлаймын», «қаржы полициясы жемқорлық тұрғысында айтарлықтай тиімді жұмыс істемейді», «Мен бұл қызметке сенбеймін » (жауаптар өте көп), «Бұл қызмет, туысқандарымның айтуынша, сенім тудырмайды, адамдармен әдепсіз және негізссіз сөйлеседі», «Тексеру жүргізу барысында, қызметкерге қалай сенуге болады, оның адал екендігін қалай білуге болады?», «Оларды қалай атасаң да, ешнәрсе көмектеспейді (Қаржыпол немесе ЭТҚ)».
Сұхбаткерлердің қызмет сапасын жақсарту бойынша тілектері
Көбінесе экономикалық тексерулер бойынша жұмыстың айқындығы мен ашықтығын арттыруға тілектер білдірілді:
«Қаржы полициясының жұмысы халыққа қолжетімді болуы қажет», «Егер ақпаратқа қол жетімді болса, жұмыс ашық және айқын болуы қажет», «Жұмыстың ашықтық деңгейін халық көріп отыруы қажет», «Дәл осы органдар халық үшін ашық және айқын болулары қажет», «Жұмыс айқын болуы қажет», «Өз жұмысы туралы көп ақпарат беріп отыру қажет», «Тексеру рәсімі туралы ақпарат халыққа теледидар арқылы қолжетімді болуы қажет», «қаржы полициясының жұмысы барлық адамдарға ашық және қол жетімді болуы қажет. Сонда сенім де пайда болады».
Сенім білдіруді ұлғайту үшін осы айқындықты арттырудың әр түрлі әдістері ұсынылады:
«көрсетілетін қызметтердің айқындығы және ашықтығы, кәсіпкерге қызметті білікті жеткізу, кітапшалар, әдістемелік ұсынымдар және т.б. шығару», «халыққа, кәсіпкерлерге көбірек ақпарат тарату қажет және ақпараттық стендтерді көбейту қажет». Өткізілетін іс-шаралардың айқындығы, қорытындыларының кең жұртшылыққа жариялығы», «Жұмыс нәтижелерін газеттерде, теледидарда, БАҚ-да халыққа жария ету», «семинарлар, вебинарлар өткізу, кәсіпкерлермен және тұрғындармен алыс ауылдар және аудандарға барып кездесулер өткізу», «сенімге ие болу үшін, осы қызметтегілер кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізулері қажет», «Тұрғындарды ашылған қылмыстық істер туралы ақпараттандырып отыруды көбейтуді ұсынамын.», «ақпараттық кездесулер өткізу, аудандарды аралап кеңес берулер өткізіп отыру», «Сенім телефондарының санын көбейту қажет», «Экономикалық қызмет атқарған жұмысы туралы БАҚ-да көбірек ақпарат беріп отыруы қажет».
Сонымен бірге құзыреттерді, адамгершілік қасиеттерді арттыру ұсынылады:
«Тексеру әдістерін, жұмыс жүргізуді жақсарту», «Біліктілік деңгейін арттыру», «адалдық қажет» (өте көп аталады), «әділ болу қажет», «экономикалық, қаржылық қылмыстарды ашу қажет», «қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру», «Қызметкерлер сыпайы болуы қажет», «аса білікті және адал болулары қажет», «адалдық қажет, қатесіз жұмыс болуы», «Сонымен бірге осы қызметке біліктілік, адалдық, айқындықты тілеймін», «Өздері пара алғанды доғарсын», «Сыбайлас жемқор қызметкерлер азайсын», «Сыбайлас жемқор қызметкерлер жұмыстан шеттетілсін», «Ашкөз қызметкерлер шеттетілсін», «Қызметкерлер адал болулары қажет, әйтпесе олар ақшаға әбден құныққан», «Ақша жинаумен емес, өз жұмыстарымен айналыссын», «көбірек айқындық, ашықтық және жемқорлықлықсыз жұмыс қажет, қарапайым халықты қорқытып ақша алмасын», «айқын және заң бойынша жұмыс істеу қажет, жемқорлық жойылсын!». «Парақорлыққа жол берілмесін!»-деген жауаптар өте көп.
Заңдылықты күшейту ұсынылады:
«Тексерудің заңдылығын сақтау қажет», «біреудің орнына ауыстырып қоюды болдырмау қажет», «кейде олар шектен тыс белсенділік көрсетеді, ал заң алдында бәрі тең жауапты», «тексеру кезінде түсініксіз нәрселер көп болды», «тексеру кезінде заң шеңберінен шығуға жол берілді».
Сұхбаткерлердің техникалық мәселелер бойынша ұсыныстары бар:
«Осы сайт бойынша жақсы сайт жасау қажет», «Техникалық базамен жарақтандыруды жақсарту»,
Қорытындылар
Орташа алғанда экономикалық тексерулер қызметі (бұрынғы қаржы полициясы) туралы хабардарлық деңгейі 70%. Бұл шамамен 30% тұтынушылар ол туралы ешнәрсе білмейтінін, әсіресе бұл шағын бизнес ортасындағы салық қызметін тұтынушылар арасында және орта бизнесте – кеден қызметін тұтынушылар арасында екенін білдіреді.
Экономикалық тексеру қызметімен кәсіпкерлердің 4,4%-ы тікелей ұшырап отырады. Тексеру кезінде кәсіпкерлердің бәріне бірддей тексеру себебі түсінікті бола бермейді, әсіресе бұл салық қызметін тұтынушыларға тән. Тексеруге, жиірек, көбінесе кеден мәселелері бойынша, әсіресе, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары көбірек ілігеді (кәсіпкерлердің 11-27%-ы).
«Экономикалық тексерулер» қызметіне қанағаттанушылық орташа есеппен 7,5 пайызды құрайды. Бұл барлық қызмет көрсетулер ішіндегі ең төмен сан. Салық қызметін тұтынушыларға бағытталған экономикалық тексерулер (7,8), кедендік қызметті тұтынушыларға бағытталған тексерулерге (7,1) қарағанда біршама жоғары бағаланған.
Салық қызметін тұтынушылар бойынша тексерулердің орташа ұзақтығы – 37 күн, кеден қызметін тұтынушылар бойынша – 93 дня. Тексеру туралы ескертіп білдіру айтарлықтай қысқа – 4-5 күн, кей жағдайларда бір күннен кем.
Экономикалық тексерулер қызметі, шамасы, салық және кеден қызметтерімен жағдаяттардың қиындығын көрсетеді, өйткені салық қызметін тұтынушылар 48% жағдайда тексеру барысында проблемалар туындамағанын айтады,ал кеден қызметін тұтынушылар сыпайылық танытып тек 30.5% -деп көрсетеді. Кедендік тексерулер бойынша негізгі проблема – біржақты қатынас, психологиялық қысым, мерзімдерді кешеуілдету, жаңылыс ескертулер жасау (осы себептерді көрсетушілер 30-дан 40% дейін), ал салықтық тексерулер бойынша осы себептерді көрсетушілер үлесі 15%-дан да аспайды.
Шамамен әрбір тоғызыншы адам тексерулердің нәтижелеріне шағымданады (10,4% кеден қызметін тұтынушылар және 6,9% салық қызметін тұтынушылар).
Экономикалық қылмыстың алдын алу шараларының тиімділігі 7,7 балмен бағаланады, қызметке сенім білдіру деңгейі – 7,4 балл, адалдық– 7,5 балл, айқындық деңгейі – 7,3 балл. Бұл осы қызметтің жұмысына бөлінетін қаражаттың орасан зор ысырабын білдіретін өте төмен көрсеткіштер. Кедендік қызметті тұтынушыларды тексеру бойынша көрсеткіштер тіпті апатты дәрежеде төмен. Сірә, шынайы ашықтық бойынша жеңіл шараларды қолданумен қатар, қызмет бабын теріс пайдалануға және құрамды ауыстыруға жол беретін қызметкерлерді жұмыстан шеттету сияқты қатаң шараларды да қолдану қажет шығар.
Достарыңызбен бөлісу: |