Қр парламенті Мәжілісінің 2014 жылғы 29 қазандағы пленарлық отырысында Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың



Дата30.06.2016
өлшемі47.39 Kb.
#167276



ҚР Парламенті Мәжілісінің 2014 жылғы 29 қазандағы пленарлық отырысында Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» баяндамасы




Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауыңызға «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер туралы» Заң жобасы енгізіліп отыр.

2014-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі және 2014 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша іс жүзіндегі түсімдерге сүйене отырып, есептеулерді нақтылау республикалық бюджетті нақтылау үшін негіз болып табылады.

Бұл ретте, алдымдағы баяндаушы айтып кеткендей, негізгі міндет экономикаға қолайсыз факторлардың әсер етуі және бюджетке түсетін түсімдердің тиісті төмендеуі нәтижесінде бұзылған бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бюджет кірістерінің өзгеруін фактор бойынша толық талдау таратып берілген материалдарда берілген.

Бюджеттің кіріс бөлігіндегі шығындарды жабу үшін
259,5 млрд. теңгеге шығыстарды қысқарту және тапшылықты 164,2 млрд. теңгеге ұлғайту жүргізілді, оның

63,1 млрд. теңгесі – өткен жылдың қалдықтарын тарту.

Шығыстарды негізінен қысқарту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

- 61,8 млрд. теңге сомасында мемлекеттің міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстар бойынша үнемдеу (Үкіметтің резерві және үкіметтік борышқа қызмет көрсету);

- 68,5 млрд. теңге сомасында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша іс жүзінде үнемдеу және бюджет қаражатын алушылар контингентінің өзгеруі;

- жылдың қорытындысы бойынша күтілетін игермеу – 93,5 млрд. теңге;

- 35,8 млрд. теңге сомасында елдегі ағымдағы экономикалық ахуалға сүйене отырып, басталған және анағұрлым басымдыларын аяқтау мақсатында жобалар мен жекелеген іс-шараларды неғұрлым кейінгі мерзімдерге ауыстыру.

Азайтылатын шығыстардың жалпы сомасынан жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер
46,3 млрд. теңгені құрайды (19,8 млрд. теңге ағымдағы және
26,5 млрд. теңге дамуға). Өз кезегінде 1 қазанға жергілікті бюджеттердің трансферттерді жалпы игермеуі
22,5 млрд. теңгені, ал бюджет қаражатының қалдықтары – 236,4 млрд. теңгені құрады.

Тиісінше өңірлердің резервтері бар, ал қалыптасқан жағдайларда өңірлік экономиканы қолдау және халықты жұмыспен қамту мақсатында жергілікті бюджеттерден инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру үлесін ұлғайту дұрыс болар еді.

Мемлекеттің еңбекақы, зейнетақылар және жәрдемақылар төлеу жөніндегі әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады, ал нақтыланған бюджетке енгізілген әлеуметтік блок бойынша өзгерістер де үнемдеуге, күтілетін игермеуге немесе зейнетақылар мен атаулы әлеуметтік көмек, стипендия және басқа да әлеуметтік төлемақылар алушылар санының өзгеруіне байланысты.

Әкімшілер бөлігінде азайтылатын шығыстардың көлемі жөніндегі ақпарат таныстыруға таратылып берілген материалдарда көрсетілген.

Шығыстарды оңтайландырумен бірге, жоба жылды неғұрлым сапалы аяқтауға, елдің инфрақұрылымдық дамуына басымдық бере отырып ішкі экономикалық белсенділікті қолдауға, ақпараттық қауіпсіздікті қоса ЭКСПО-2017 шеңберінде дайындық жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге жүктемені төмендетуге бағытталған 55 млрд. теңге сомасындағы қаражатты қайта бөлуді көздейді.

Сондай-ақ, нақтылаудың маңызды мақсатының бірі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономикалық қауіпсіздікті, тұрақтылықты және экономиканы ынталандыруды қамтамасыз етуге бағытталатын Ұлттық қордан 325 млрд. теңге сомасында нысаналы трансфертті тарту болып табылады, атап айтқанда:

1. банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ қаржыландыруға 250 млрд. теңге сомада;

2. арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) инфрақұрылым объектілерін салуға аумақтарға 50 млрд. теңге сомада:



- «Ұлттық мұнай химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағы 24,5 млрд. теңге сомада;

- «Қорғас Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы


24,5 млрд. теңге сомада;

- Астана қаласының индустриялдық аймағы («Астана – Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы) 1 млрд. теңге сомада бағытталатын болады.

3. Индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жобаларын қаржыландыруға 25 млрд. теңге сомасында.

Осылай, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің өзгеруін ескере отырып, нақтыланған бюджет параметрлері келесі көлемде айқындалды.

Түсімдер - 98,7 млрд. теңгеге азайта отырып,
6 107,4 млрд. теңге
.

Шығыстар - нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 65,5 млрд. теңге ұлғайта отырып, 7 190,3 млрд. теңге.

Даму бюджетінің үлесі 19,6%-дан 22,5%-ға дейін ұлғайтылды, осылайша қолайсыз жағдайларда Үкіметтің циклдыққа қарсы шаралары қамтамасыз етіледі.

Бюджет тапшылығы 1 082,8 млрд. теңгені немесе
ЖІӨ-ге 2,6% құрайды.

Сонымен қатар, нақтыланған бюджет жобасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды іске асыру үшін Бюджет кодексінің 111 бабына сәйкес жасалған бюджетті түзетуді ескереді.


Құрметті депутаттар!

Ағымдағы жылғы бюджетті нақтылаудың негізгі бағыттары осындай.

Жұмыс топтарында талқылау барысында біз бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, әрбір әкімшінің шығыстарын азайту жайлы және қабылданатын шешімдердің ағымдағы жылға ғана емес, сондай-ақ келесі кезеңдерге де әсері туралы нақтылап айтатын боламыз.

Ағымдағы жылғы нақтылау 2015-2017 жылдардың бюджетіне айтарлықтай әсерін тигізеді, олардың шығыстарын да оңтайландыру жоспарланып отыр.



2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасының нақты шығыстарын қысқарту бойынша Үкіметтің ұсыныстары жақын арада Сіздердің қарауыңызға ұсынылатын болады.
Назарларыңызға рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет