268
де (М. Әлімбаев, Д.Досжанов т. б.), өзге жұртшылық өкілдері
де айтып келеді. Әрине, бұл сындардың ішінде көрсетілген
фактілердің бәрі бірдей диалектизм еместері де, орынды
қолданылғандары да бар. Сондықтан мақсат – көркем текстегі
бейтаныс элементтің бәрін диалектизм деп тізіп алу емес.
Сірә, қазақ әдеби тілінің даму барысында, әсіресе көркем
әдебиетінің сөз қолданысында
диалектілер тартысы неме-
се әдеби тілде жергілікті элементтердің қаптап кету қаупі
өзге түркі тілдеріндегідей айтарлықтай орын алған емес.
Сондықтан «қазақ тілі – монолит (біртұтас, біртекті) тіл, қазақ
тілінің тірек диалектісі анық емес» деген сияқты таным (кон-
цепция) ұсынылып келді. Соңғы 20-30 жыл ішінде көркем
шығармаларда жергілікті сөздер мен көне, сирек элементтердің
еркінірек, молдау көріне бастауы осы концепцияға қарсы кел-
гендей сезілгені аян.
Сөз жоқ, жалпы көпшілікке ортақ емес,
қолданылу аясы
шектеулі сөздер мен тұлға-тәсілдерді ешбір себепсіз тоғытып
жұмсау принципінде әдеби нормаға, оның ішінде ұлттық
көркем сөз нормасына қайшы екендігі даусыз,
бірақ текстегі
бейтаныс элементтердің қолданылу себептерін, уәжді-уәж-
сіздігін, қажеттілік дәрежесін,
лексика қазынасын байыту
мүмкіндігін т.т. жан-жақты түгел есепке алған күнде ғана «исі»
диалектизмнен қашудың жөн еместігі және әңгіменің бір ұшы
жазушы шеберлігіне (автор идеясына қызмет еттіре білу сипа-
тына) тікелей қатысты екендігі байқалады. Демек, бұл жерде
норма проблемасы стилистика мәселелерімен ұштастырыла
қаралуға тиіс.
Көркем әдебиет тілінде диалектизмдердің, кәсіби сөздердің
немесе басқа да тосын қолданыстардың орын алуын сөз еткен-
де, оларды әрдайым нормадан ауытқу, тіл мәдениетін бұзу деп
тануға болмайды. Бүгінгі қазақ көркем сөзінің тіл мәдениетін
сақтау дегенде, біздіңше, ең алдымен сөзді дәл қолданбау, яғни
сөзді орнымен дұрыс жұмсай алмау, қажетсіз кірме сөздерді
енгізу, әдеби норма сыртында
тұрған элементтерді ешбір
зәруліксіз текске енгізуді айту керек.
Сөйтіп, ауызекі сөйлеу тілі қазынасын кеңінен пайдалану
– көркем әдебиеттің өзге стильдерде жоқ ерекшелігі. Демек,
269
сөйлеу тіліне тән элементтер, олардың ішінде диалектизм-
дер образ жасауға, ең негізгісі диалогтер құруға, сол арқылы
шығармаға ұлттық, типтік сипат беруге қатысады. Бұл әрекет
орыс көркем әдебиеті тілінде өткен ғасырдың 30-40-жылда-
рында басталса, қазақ көркем сөзінде проза жанрында бірте-
бірте бой көрсетті деп түюге болады.
Лексикалық норманы сөз етуде көркем текстегі
көне сөздер
Достарыңызбен бөлісу: