Радиация және олардың түрлері: - Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз. Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.
- Галактикалық ғарыш сәулелерінің құрамында протон ағымдары (85%), альфа-бөлшегі, яғни гелий (13-14%), электрондар және гамма - кванттары бар. Сол сәуле бөлшектерінде энергия өте жоғары. Жердің радиациялық белдеуі сыртқы және ішкі зоналардан тұрады. Ішкі зонасында 40 Мэвтен астам энергиясы бар электрондардан тұрады. Бұл энергия атмосфера қабатынан өткеннен соң Жер бетінде байқалады.
- Күннің ғарыштық сәулелерінің құрамында протондар және альфа- бөлшегі бар.
- Ғарыштық сәулелері және жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді. Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді.
- Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т. б. Бұлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма - кванттық және корпускулярлық болып сәулеленеді.
- Изотоптар деп бірдей қасиеттерімен, бірақ атомдық салмақтары әр түрлі химиялық элементтерді айтады (грекше – изос – бірдей, тең; топос – орын). Мысалы, уран 235 және уран 238 – изотоптар.
- Изотоптар ядрода нейтрондар санының әр түрлі болуына байланысты өзара айырмашылығы бар атомдар. Оларда пратондардың саны бірдей.
Радиация Зияны: - Табиғи сәулелену кейбір химиялық құрылымдар мен сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиеттерінің құрылымдарына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын мутацияға келтіреді.
- Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы, ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам ауру түрлері пайда болғандығы анықталады. Солардың ішінде мысалы ергежейлілік, гемофилья, дальтонизм, ақыл-ой еңбегі сонымен қатар тіршілік ету қабілеттілігі әлсірейді, өмір сүру мерзімі азаяды және т.б.
- Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивті сипатталады, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: |