2013 ж. 2 мамырдағы №183
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің аумақтық органдары
және ведомстволық бағынысты ұйымдары
баспасөз қызметтерінің баспасөз ақпарат
құралдарымен жұмысты ұйымдастыруына
әдістемелік ұсынымды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары баспасөз қызметтерінің жұмысын жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары баспасөз қызметтерінің баспасөз ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыруына әдістемелік ұсыным бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бастықтары ақпараттық-имидждік жұмысты жүргізу кезінде қоса берілген әдістемелік ұсынымды басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы «2» мамырдағы
№ 183 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары
баспасөз қызметтерінің баспасөз ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыруына әдістемелік ұсыным
Осы әдістемелік ұсыным ашық ғылыми-теориялық негіздерді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) баспасөз қызметі жұмысының практикалық тәжірибесі негізінде әзірленді, Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары баспасөз қызметтері қызметкерлерінің күнделікті кәсіби қызметінде пайдалануға арналған.
1. Жалпы ереже
1. Осы әдістемелік ұсынымда пайдаланылатын негізгі түсініктер:
1) анонс – бұл баспасөзге арналған хабарлама. Онда баспасөз қызметінде жарық көруге тиісті алдағы күні болатын оқиғаның ерекшелігі назарға жеткізіледі. Онда дәйексөз болмауы тиіс және ол екі-үш абзацтан аспауы тиіс. Баспасөзге арналған хабарлама кім? не? қашан? қайда? деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Ол қандай да бір іс-шара баспасөзді қызықтыратындай, бірақ оның жарық көруіне кедергі келтірмейтін ақпараттан тұруы тиіс. Хабарлама таратқаннан соң телефон арқылы хабарласуды ұмытпау қажет және іс-шара туралы тағы бір мәрте ескерту керек.
2) баспасөз парағы – бұл шығарылған баспасөз парағын ұйымдастыру туралы жаңалықты өзінде ұстайтын БАҚ-қа арналған ақпараттық хабарлама, журналистердің баяндалған тақырыпқа деген қызығушылығы мен баспасөз парағы негізіндегі жарияланымдардың БАҚ-та көрініс табуы есебінен оларға жіберілген қандай да бір мәселе бойынша оның қағидатын баяндау.
3) Ақпараттық себеп – өзінің маңыздылығымен немесе ерекшелігімен журналистерді қызықтыратын және қоғамдық резонанс тудыратын оқиға. Ақпараттық себепті тудыру ақпараттың ақпараттық ортасына енгізу үшін пайдаланылады, ол сол немесе өзге мәселе бойынша қоғамдық пікірге ықпал етуі тиіс.
4) аккредиттеу – бұл процесс, оның нәтижесінде қандай да бір іс-шараны жариялауға шақырылған БАҚ және журналистің Т.А.Ә. ресми расталады.
5) баспасөз-конференциясы - ресми тұлғалардың өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру мақсатында өткізген БАҚ-қа арналған іс-шарасы, мақсаты БАҚ-қа оқиға, құбылыс, жоба туралы фактографиялық ақпарат беру және журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап беру. Шамамен 1 сағат ішінде өтеді.
6) брифинг – ресми тұлғалардың баспасөз ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі, онда белгілі бір мәселе бойынша ресми көзқарас қысқаша баяндалады. Осындай іс-шара болған оқиғаға қажетті түсініктеме беруді БАҚ-тың назарына жеткізуге, қоғамдық пікірге ықпал етуге мүмкіндік береді.
7) дөңгелек үстел – ашық талқылау немесе қатысушылардың белгіленген тәртіпте айтқан қандай да бір мәселелерді жариялау нысаны; кеңестер, қатысушылардың қандайда бір мәселені тең құқылы талқылауы. Дөңгелек үстел өткізу талқыланып отырған мәселеге қатысты ойлар мен пікірлерді қорытындылауға негізделген. Көбінесе, дөңгелек үстел ақпараттық-насихаттау рөлін атқарады.
8) баспасөз туры – бұл уақыты ұзартылған (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) баспасөз қызметі жоспарлаған іс-шара, ол БАҚ-та объективті журналистік жарияланым алу мақсатында жүргізіледі. Жұртшылықты бөлімше қызметімен, сондай-ақ бөлімше тікелей қатысқан кез-келген маңызды оқиғамен БАҚ арқылы таныстыру қажеттілігі баспасөз турын өткізуге себеп болуы мүмкін.
9) интернет – пиар – Министрлік бөлімшелерінің қызметі туралы қолайлы қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында заманауи байланыс арналары мен интернеттің коммуникативтік мүмкіндіктерін пайдалану арқылы БАҚ өкілдерімен және азаматтармен өзара тиімді байланыс орнату.
10) әлеуметтік желі – әлеуметтік өзара қарым-қатынастарды құруға, бейнелеуге және ұйымдастыруға арналған платформа, онлайн сервис немесе веб-сайт, оны көзбен шолу әлеуметтік баған болып табылады.
2. Анонс пен баспасөз парағын ресімдеу қағидасы
1-параграф. Баспасөз парақтарын жасау қағидасы
2. Баспасөз парағын жасаған кезде ақпараттық себептер болуы қажет.
3. Материалдың құрылу қағидаты – «төңкерілген пирамида» түрінде болады: бірінші абзацта (лид) барлық негізгі ақпарат қысқаша сипат алуы және жеке қорытынды ойды аяқтауы тиіс. Осы абзацта Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге? Қалай? деген сұрақтарға жауаптар қамтылуы тиіс. Бірінші абзац 2-3 сөйлемнен тұрады. Қалған абзацтарда мән-жайлар, нақтылаулар, түсініктемелер, дәйексөздер, деректер, күні, сандар және т.б болуы керек. Мән-жайларды мән-мағынасының кему деңгейіне қарай жеке абзацта (бір абзацта бір мән-жай) кезек-кезек орналасуы тиіс (1-суретті қараңыз).
1-сурет. Материалдардың «төңкерілген пирамида» қағидаты бойынша құрылуы.
4. Баспасөз парағының тақырыбы мағыналы және ақпарат беріп тұруы тиіс; қысқа түрде, тұспалсыз және бүкпесіз, барлық жаңалықты айтып беруі немесе оның негізгі ойын бейнелеуі тиіс.
5. Материалда шамамен мына ақпарат болуы тиіс:
оқиға түсінігін жоққа шығару маңызды оқиғаның (бұрын болған жағдай) жалпы сипаттамасы;
оқиға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыратын салдары мен өзгерістердің сипаттамасы;
олардың қатысуынсыз оқиғаның болуы мүмкін емес немесе ұйымның нақты атауын, лауазымдарды, қызметкерлердің аты-жөндері мен тегін қоса алғанда өзінің мәнін жоғалтатын бас қатысушылардың тізбесі;
оқиғаның болуына себепші немесе оның негізгі өрбуіне әсер ететін басты қатысушылардың іс-әрекеттері;
оқиға болған немесе болатын күн (уақыты);
оқиға әсер етуі мүмкін адамдардың (адамдар санатының) тізбесі, егер әсер ететін болса қалай;
спикерлердің түсініктемелерінен дәйексөздер, олардың аты-жөндері, тегі, лауазымы, егер қажет болса, адамға сарапшы ретінде сөз сөйлеуге негіздеме беретін мәртебесі, тәжірибесі, білімі туралы қысқаша сипаттама.
6. Баспасөз парағының стилистикасы деректер бағасы мен сезімнен жоғары тұратын бейтарап беру мәнерін білдіреді. Мәтінде тыныс белгілері (сұрақ, леп белгілері) немесе ауыз толтырып айтылған эпитеттер өте көп қойылмауы тиіс. Егер мәтінде мұндай ауыз толтыртып айтылатын эпитеттерді жазбауға болмаса, онда мұндай эпитеттерді деректермен нақтылы мысал келтірген дұрыс. Сұрақ немесе леп белгісін, сондай-ақ ауыз толтырып айтылатын эпитеттерді тікелей дәйексөздерде жазуға болады. Өз бағасын міндеттеуге, эмоциональды және стилистикалық мәнерлі сөздерді және көркем бейнелерді, сондай-ақ арнайы терминдерді теріс пайдалануға болмайды. Тіл өте жеңіл, түсінікті, күрделі сөйлем мен сөз оралымы болмауы тиіс.
7. Материалдың негізгі мәтіні (оқиғаның мән-жайы, нақтылығы) деректерден, цифрден, түсініктемелерден және т.б тұрады. Бэкграунд (бұрын болған жағдай, негізі), қосымша ақпарат, сұрақ тарихы және т.б. болуы мүмкін. Іске қатысы жоқ ақпаратты өткізудің қажеті жоқ. Баспасөз парағы бір оқиғаға арналуы тиіс.
8. Баспасөз парағының мәтінінде келтірілген сандық көрсеткішке (санға) бірыңғай тәсіл пайдаланылуы тиіс: егер көрсеткіш абсолютті цифрмен (миллион, теңге, киловат, және т.б.) берілсе, онда оларды абсолютті көрсеткіштермен салыстыру керек. Көрсеткіштерді салыстырған кезде қатысты және абсолютті (үлесінде немесе пайызда) шамасының үйлесімі мүмкін емес. Бір баспасөз парағының мәтініндегі әртүрлі сандық көрсеткіштер қатысты шамада да, абсолютті (яғни сан және пайыз түрінде) шамада да өткені дұрыс. Абсолютті сандық көрсеткіштерді бірдей өлшем бірлікте өткізу қажет.
9. Баспасөз парағының көлемі А4 форматтағы бір бетке жуық болады. Ондағы сөз тіркесі 12-13 сөзден аспауы керек, әйтпесе сөйлем күрделі болады. Сондай-ақ абзацтарды 6-дан көп жолға шұбалтпау керек.
2-параграф. Анонстар мен баспасөз парақтарын медиа-тарату
10. Министрлік республикалық және өңірлік журналистік пулды құрды. Журналистік пул тәуліктің кез-келген уақытында баспасөз қызметтері берген ақпаратты халықтың назарына жеткізеді. Журналистермен орнатылған тығыз байланыс ТЖ-ны жою бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты жедел ақпараттандыруға мүмкіндік береді, ол БАҚ-пен және жұртшылықпен жұмысыңыздың буыны болып табылады. Алдағы уақытта болатын іс-шаралар туралы барлық баспасөз парақтары мен анонстарды (зор әлеуметтік маңызы бар оқиғалар немесе республикалық кең қоғамдық резонанс алған ТЖ кезінде) өңірлік пул журналистеріне электрондық пошта арқылы тарату қажет. Бұдан өзге ақпарат ведомстволық сайтта орналастырылады.
3. Брифинг пен баспасөз-конференциясына дайындық және оларды өткізу
1-параграф. Баспасөз-конференцияларын, брифингтерді және басқа іс-шараларды өткізу технологиясы
11. Тарату материалдарын, яғни анонсты, баспасөз парағын кәсіби дайындау, ресми өкілдер үшін кесте (кюветкалар, бейдждер) жасау;
12. Басшыны немесе осы іс-шараға төрағалық етуші адамды тағайындау. Бөлімшелер басшыларынан сапалы материал дайындауға қажетті ақпаратты сұрату, олар өз кезегінде оны уақытында жіберуі қажет;
13. Өтетін іс-шара туралы анонсты ведомстволық web-сайтқа орналастыру, сондай-ақ тақырыпқа байланысты қандай БАҚ-тың қатысқаны дұрыс болса, сол БАҚ-ты хабардар ету. Әдетте, ол анонсты (бұрын дайындалған медиа-тарату бойынша) электрондық поштамен немесе факспен тарату арқылы істеледі.
14. Баспасөз-конференциясына баратын БАҚ өкілдеріне алдын-ала аккредиттеу жүргізу;
15. Өткізілетін іс-шараға оны өткізудің тиісті себебіне байланысты жағдай жасау. Залды дайындау, кюветкаларды қою, қажет болған жағдайда бейнепроекциялық, жарық беру және т.б. жабдықтар, сондай-ақ фото-, бейнеаппаратура орналастыру.
16. Қонақтармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу, оларды алдын ала дайындалған тізім бойынша тіркеу;
17. Бағдарлама басталар алдында алдын ала жазылған іс-шараның тақырыбы бойынша негізгі ақпарат баяндалған баспасөз парағын журналистерге беру;
18. Баяндамашыны таныстыратын, баспасөз-конференциясының өту барысын регламенттейтін жүргізушіні белгілеу, әдетте ол баспасөз қызметінің қызметкері;
19. Қарапайым тілде және нақты түрде айтып, бастаманы ұстану қажет.
20. Іс-шара соңында ол туралы ақпарат тиісті фотомен сүйемелдеу арқылы web-сайтқа орналастырылады.
2-параграф. «Баспасөз туры» түсінігі және оны өткізу қағидасы
21. Баспасөз турына дайындық процессі бірнеше кезеңнен тұрады:
1) Баспасөз турын өткізу мақсаттарының нақты тұжырымдау;
2) Баспасөз турын өткізу уақыты мен күнін анықтау, сондай-ақ оны ұйымдастыруға жауап беретін адамдарды тағайындау;
3) Журналистер қарайтын объектілерді анықтау, сондай-ақ барлық қажетті түсініктерді беретін мамандарды тағайындау;
4) Баспасөз турының маршрутын таңдау және әрбір жоспарланған тоқтайтын орындарда іс-шара өткізуге жауапты адамдарды анықтау;
5) Шақырылатын журналистер тізімін анықтау;
6) Барлық алдағы тармақтарды есепке ала отырып, баспасөз турының бағдарламасын жасау;
7) Анонсты БАҚ-та тарату;
8) Баспасөз турына қатысушылардың соңғы тізімін нақтылау (бас тартқан журналистер оның өтуі туралы осындай материалдарды тартуға мүдделі болуы мүмкін);
9) Баспасөз парағын дайындау.
22. Баспасөз турының басты басымдықтарының бірі оның бейресми сипаты болып табылады, яғни журналистерге берілген қандай да бір оқиғаны ішінен көру, тіпті оған қатысу мүмкіндігі. Бұл өз кезегінде БАҚ-та бейтарап жарияланымдардың пайда болуы ықтималдығына алып келеді.
23. Баспасөз турының бағдарламасында жоғарыда аталғаннан басқа мына тармақтар кіреді:
1. Журналистермен кездесу және оларды орналастыру (қажет болған жағдайда көлікпен жүруін, қонақ үйде орынды броньдауды қоса алғанда және т.б.);
2. Тамақтануы;
3. Басқа қалалардан келген журналистер үшін мәдени бағдарламалар;
4. Журналистердің басшылықпен соңғы кездесуімен олардың кетуі.
4. Баспасөз қызметінің интернет кеңістігіндегі жұмысының ерекшеліктері
1-параграф. Жалпы ереже
24. Интернет коммуникацияның дәстүрлі емес құралы және арнасы болып табылады, ол орталықтандырылған ұйымдастырушылық құрылымның болмауын сипаттайды. Дәлірек айтқанда, бұл желіде цензураның болмағанын және ақпаратты кездейсоқ тұрпатта оларда таратуды ескертеді. Интернет топтың іс-әрекет механизмі арқылы ұқсас қасиеттеріне ие: сол және басқа жағдайда ешкім басқара алмайтын құрылым мен «кездейсоқ орта» іске асыратын әртүрлі техникалық феномен бар.
25. Сондай-ақ бұл арна ақпаратты тарату жылдамдығымен сипатталады. Желі басылымдары, кейін баспа басылымдары да ақпараттық сайтта пайда болған хабарламаны лезде таратты. Осылайша интернеттің осы ерекшелігі сауатты жазылған және жіберілген хабарлама өздігінен таралуы, оны қолдауға айтарлықтай шығынды талап етпеуі үшін қолайлы орта тудырады.
26. Интернеттегі коммуникация интерактивті. Бұл тараптар арасындағы белсенді өзара әрекеттесу мүмкіндігін түсіндіреді. Сондай-ақ интерактивтілік кері байланыс орнатуға, қалыптасқан жағдайды барабар талдауға және қажет болған жағдайда оған уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді.
2-параграф. Баспасөз қызметінің интернет кеңістіктегі жұмысының әдістері
27. Ведомстволық веб-сайт құру және оны тұрақты ақпараттық сүйемелдеу маңызды имидждік және коммуникативтік функцияны атқарады. Ақпаратты жиі жаңарту азаматтарды бөлімше қызметі туралы он-лайн режимінде жедел ақпараттандыруға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ журналистерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, олар орналастыратын материалдары негізінде сұхбат өткізу, репортаж ұйымдастыру, кең көлемде мақалалар жазу және т.б. үшін өз қысқа жазбаларын жазады немесе ақпараттық себепті табады.
28. Сондай-ақ кері байланыс орнату маңызды, олар «Сұрақ-жауап» айдарын жасауды және модерациялауды түсіндіреді, олардың көмегі арқылы ведомстволық веб-сайтқа кірген әрбір адам оны қызықтырған сұрақты қоя алады және оған уақытында жауап беретініне сенімді бола алады.
29. Сондай-ақ ұсынылған мәселе бойынша интерактивті дауыс беру модулі қажетті коммуникациялық элемент болып табылады, ол кезең-кезеңмен ауысып отырады.
3-параграф. Интернетте PR-іс-шараларды ұйымдастыру
30. Бұл бөлімшенің қызметі туралы журналистер арасындағы үздік жарияланым байқауы, өткізіліп отырған іс-шараны интернет-трансляциялау, сондай-ақ он-лайн режиміндегі баспасөз конференциясы болуы мүмкін.
4-параграф. Әлеуметтік желі
31. Әлеуметтік желілерге тән ерекшеліктер:
1) ақпарат алмасу үшін спектордың іс жүзіндегі толық мүмкіндіктерін ұсыну (фото+бейне+ блоктар сервисі +микроблоктар сервисі+хабарлама+ чат+тұрған орнын белгілеу мүмкіндігі және т.б.);
2) жарияланатын және жартылай жарияланатын бейіндер жасау, онда шын мәніндегі Т.А.Ә. және өзің туралы барынша ақпаратты көрсету талап етіледі;
3) өз бейіні шеңберінде ішіндегілерді басқару, мүшеліктің әртүрлі режимдері бар пайдаланушылар тобын жасау, мүмкіндігі, веб-синдикация, қосымшалар мен басқаларды пайдалану мүмкіндіктері қосымша болуы мүмкін.
32. Жоғарыда аталған сипаттамалардың арқасында соңғы уақытта әлеуметтік желілерде бөлімшелердің аккаунттарын жасау және оларды енгізу мәні жағынан коммуникацияның ерекше құралы болуда.
33. Еліміздегі аса белгілі әлеуметтік желілер: vkontakte.ru, facebook, twitter және МойМир.
34. Осы әлеуметтік желілерге тек басшылықпен келісілген ақпаратты, фото және бейнематериалдарды ғана қою керек. Әлеуметтік желілердің артықшылығы жұртшылықты және БАҚ өкілдерін жедел ақпараттандыру, түсініктемелер мен «лайк» түріндегі барынша жедел кері байланыс алу мүмкіндігі.
35. Көпшілік әлеуметтік желілердің пішімі онда қысқаша ақпарат және ақпараты көп, әсерлі фотосуреттер мен бейнематериалдар орналастыруға ыңғайлы, аса толық ақпарат алу үшін пайдаланушыларды (хэштегтерді, сөздерді немесе # торы бар сөз тіркестерін пайдалану арқылы, олар Twitter талқылаулар мен басқа де құбылыстарды белгілеуге қызмет етеді және белгілі бір тақырып бойынша барлық хабарламаларды табу үшін қажет) ведомстволық веб-сайтқа сілтеме бойынша бағыттауға болады.
5. Баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысының құқықтық негіздері
36. Баспасөз қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар бастықтарының бұйрықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ баспасөз қызметі туралы ережені басшылыққа алады.
37. Баспасөз қызметі өз қызметін жүзеге асыру кезінде ақпараттың ашық болу қағидасын ұстанады, ол бөлімше қызметі туралы мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңда белгіленген құпия мәліметтерді, сондай-ақ персоналды деректер мен азаматтардың жеке өмірі туралы ақпаратты қоспағанда ақпараттың жедел және жиі жариялануы мен оны журналистерге беруді сипаттайды.
38. Бақылаусыз жағдайлардың туындамауы үшін БАҚ-қа берілген барлық ақпарат бөлімше басшысымен келісілуі тиіс. Жауапты қызметкерлер бірыңғай ұстанымда сөз сөйлеуі тиіс, бір және сол мәселе бойынша олардың айтқандарында айырмашылық болмауы тиіс. Құрылымдық және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын оқыту және олардың машықтарын жетілдіру үшін осы саладағы құзыретті тұлғаларды, сондай-ақ жұмыс істейтін журналистерді шақыру арқылы тұрақты түрде олармен тиісті семинарлар өткізу қажет.
6. Бөлімше атына жіберілген сыни материалдарға қарсы пікір білдіру
39. Жалған немесе бұрмаланған ақпарат шыққан жағдайда:
осы факті туралы Министрліктің баспасөз қызметіне хабарлау;
дереу болған факті туралы толық, ашық жазылған және ақпаратты қамтитын, БАҚ-та бұрмаланған түрде жарияланған бөлімшенің бірінші басшысы бекіткен теріске шығару мәліметін дайындау;
осы теріске шығару мәліметін бұрмаланған және объективті емес ақпарат жарық көрген БАҚ-та орналастыру немесе жалған ақпарат таратқан журналистің өз тарапынан теріске шығару жарияланымы бойынша шаралар қабылдау;
журналист пен редакция келіспеген жағдайда теріске шығару ақпаратын олардың тарапынан Қазақстан Республикасының Заңын, моральдық-этникалық нормаларды бұзған жағдайда дайындалған теріске шығару ақпаратын басқа БАҚ-тарда тарату, ведомстволық сайтта және әлеуметтік желілер аккаунтарында жариялау;
факті бойынша түсініктемені қамтитын, журналистер тарапынан сыни реакциялар тудыратын ашық жазылған жарияланымдардың кезең-кезеңмен және жиі жарық көруін қамтамасыз ету, сондай-ақ ол бойынша БАҚ-та толық және объективті ақпаратты жедел жіберу;
журналистердің сыни реакция тудыратын басқа қарама-қайшы бағаны қамтитын материалдардың, атап айтқанда сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жүйе ардагерлері, басқа журналистер пікірінің жарыққа шығуын қамтамасыз ету.
40) Осы жұмысты фактіге қоғамдық қызығушылық тудырудың барлық кезеңі, сондай-ақ содан кейін біраз уақыт бойы жүргізу керек.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары баспасөз қызметтерінің баспасөз ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыруына әдістемелік ұсынымға
қосымша
БАҚ-тың әртүрлі түрінің негізгі жанрлары
1. Баспа басылымдары
Мақала – журналистиканың негізгі жанрларының бірі, алға қойылған тұжырымдаманы, ойды растайтын, айтарлықтай құбылыстарды пайымдау және талдау (немесе құбылыстар топтары), аргументтеп жинақтау және қорытынды шығару. Автор мақалада деректер мен құбылыстарға мағыналы талдау жасайды, жеке жәйттерді жалпы оқиғадан бөлек қарайды, өз ұстанымын деректер жүйесі арқылы аргументтейді және қалыптастырады.
Қысқа жазба - ақпараттық жанр, қысқа хабарлама, онда қандай да бір дерек баяндалады немесе нақты сұрақ қойылады. Негізгі белгілері: ықшамды түрде баяндалған, жоғары жеделдік. Оқырмандардың не? қайда? қашан? деген сұрақтарына жауап береді. Оқиғаға талдау жасамайды, яғни неге? деген сұраққа жауап бермейді. Қысқа жазбада қоғамдық өмірдегі нақты деректерде бейнеленген жаңалық, қоғамдық мәні бар жаңа дерек болуы тиіс.
Очерк – көркем-публицистикалық жанр, онда адам тұжырымдамасының немесе қоғамдық өмірдің белгілі аспектілерін шешуге арналған іс жүзіндегі бейненің логикалық-рационалды және эмоционалды-образды тәсілі.
Сұхбат –журналисттің әлеуметтік мәні бар жеке тұлғалармен өзекті мәселелер жөніндегі әңгімесін сараптайтын публицистика жанры.
Сұхбат түрлері
Ақпараттық сұхбат – жаңалықтар үшін материалдар жинауға арналған динамикалық сұхбат.
Жедел сұхбат - өте қысқа нұсқада берілген ақпараттық сұхбат түрі, қандай да бір нақты, көлемі тар мәселе бойынша әртүрлі пікірлер жинауға бағытталған, онда бекітілген сұрақтар ғана қойылады. Мәселен, блиц-сауалнама немесе көшедегі сауалнама.
Тергеу сұхбат мәселені немесе оқиғаны терең, толығырақ зерттеу үшін жүргізіледі. Ол көп уақытты, нақты мақсаттың қойылуын, қарым-қатынастың жазбаша нысанын сауатты меңгеруді талап етеді.
Портрет сұхбат өзін қоғамдық өмірде көрсете білген және ауқымды жарияланым көзайымын тартатын бір батырға арналған.
Әңгіме (диалог) – сұхбаттың түрі, журналист бірлескен шығармашылықтың арқасында әңгімелесіп отырған адаммен тең болады, бұл ретте журналисттің шығармашылық абыройы мен үлкен кәсіби тәжірибесі міндетті шарт болып табылады.
БАҚ-тағы шолу – жарияланымның, басылымның, теле және радиобағдарламалардың әдеби, шығармашылық қызметінің ерекшеліктерін зерттеу немесе олардың мазмұны, нысаны туралы ұсыным беру мақсатында аудиторияның жарияланымдармен танысу тәсілі
2. Теледидар
Сюжет – көрермендер үшін іс жүзінде болып жатқан және дәріптеудің белгіленген қағидасы бойынша бенекамераға түсірілген және телеарналарда көрсетілген бірқатар оқиғалар (кадрлардың бірізділігі).
Репортаж – оқиға орнынан келген хабарлама. Осы жанрдың ерекшелігі оқиғаны жедел, әділ (баға бермей) жариялау, бұл ретте репортер оқиғаны көрген адам немесе суреттеме қатысушысы болып табылатыны айтылады.
Репортаж түрлері
Оқиға репортажы – қоғамдық мәні бар оқиғаны жедел түрде бейнелейді, ол хронология кезеңділігі бойынша жазылады. Оқиға репортажының негізгі белгілеріне жеделдікті, өзектілікті, іс-әрекет орны мен нақты уақытын көрсетуді жатқызуға болады, оның есебінен «қатысу әсері» жасалады.
Талдау (проблемалы) репортажы – оқиғаны талдау, фактілерді салыстыру, олардың байланысын зерттеу, себептері мен салдарын зерделеу. Автордың қосымша фактілерге, цифрлерге, басқа оқиғаларға жүгінуге құқығы бар.
Танымдық-тақырыптық репортаж - өзінің функционалдық бағыты бойынша арнайы және тергеу деп бөлуге болады. Бірінші орынға қызықты өмірден алынған оқиға шығады, бастысы жедел себеп емес, әлеумет өмірінің жаңа және белгісіз жақтарын ашу және тану. Тергеу репортажында репортердің танымдық процесс кезіндегі оқиғаға басты басымдық жасалады, «бақылауды қосу» әдісі пайдаланылады. Репортер болып жатқан оқиғаның мәнін түсіну үшін кәсібін ауыстырады.
Түсініктеме репортаж – оқиғаны толық жариялауға емес,оған жеке-жеке түсініктеме беруге бағытталған. Бұл ретте кең көлемдегі түсініктеме, фактіні толығырақ түсіндіру, ілеспе түсінік беру, фактіні егжей-тегжейлі түсіндіру, мамандардың түсініктемелері фактіге кәсіби маман, құзыретті адам түсініктеме береді; полярлы түсініктеме – талқылау – фактіні әртүрлі мамандардың түсіндіруі.
Арнайы репортаж –қандай да бір өзекті немесе қоғамдық мәні бар оқиға туралы ашық нысанда, қажетті толық мәліметті жедел хабарлайтын журналистиканың ақпараттық жанры, тілші көрген адам немесе оның қатысушы болып табылады. Ол бұрын болған ұқсас оқиғалармен ұштас болуы мүмкін. Арнайы репортаж әр типті болады. Бір жағынан жедел репортаждың айтарлықтай мәнді әзірленген тақырыбы, оның мақсаты материалға терең мән мен келешек беру болып табылады. Екінші жағынан бұл қандай да бір адамға немесе уақытша қоршауға алынған байланысты емес жобаға арналған сюжет болуы мүмкін.
Арнайы жоба – ауқымды, оларды бір бағдарлама аясында жарыққа шығару мүмкін емес оқиғаларға арналған. Ол өзекті тақырыптарға арнайы репортаждар топтамасын көрсетеді, авторға өзінің бірегей стильін, және жеке сол немесе өзге мәселеге, оқиғаға немесе құбылысқа көзқарасын беруге мүмкіндік береді.
_____________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |