Құрамы мен құрылысы Бөлім: 2a атомдар. Молекулалар. Заттар Педагогтің Т. А.Ә.



Дата29.10.2023
өлшемі302.31 Kb.
#481893
түріСабақ
Атомның құрамы мен құрылысы


Сабақтың тақырыбы: Атомның құрамы мен құрылысы

Бөлім:

7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Орынова Амина Абуовна

Күні:




Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Атомның құрамы мен құрылысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.2.5 - протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу
7.1.2.6 - алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;

Сабақтың мақсаты

Протон, нейтрон мен электрон атауларын білу, олардың өлшемі мен атомдағы орналасу орындарын ажырата алады
Атом құрылысын протондар, нейтрондар мен электрондар (тек бірінші 20 элемент) тұрғысынан біледі.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі
5 минут

Амандасу
Ұйымдастыру
Сабақ барысымен таныстыру
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
Оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру үшін таңбалары көрсетілген химиялық элементтерді атау ұсынылады.

Элемент таңбасы

Элемент атауы

C

Көміртек

Mg

Магний

S

Күкірт

Si

Кремний

Fe

Темір

Au

Алтын




Сәлемдесу. Өздерін ретке келтіру
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қаламдарын дайындыққа келтіру

Химиялық элементті тауып көрсетіп, атайды



Дескриптор: Білім алушы
- химиялық элементті атайды – 1 балл

Оқулық, дәптер, периодтық жүйе




Тақырыпты ашу үшін шарстерженьді модельдер арқылы судың, сутектің, көміртегі диоксидінің молекуласын құрастырады.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.

Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады






Шарстерженьді модельдер, ермексаз және сіріңке таяқшасы

Оқулық, дәптер



Жаңа сабақ
15 минут

Мұғалімнің түсіндірмесі. 1911 жылы ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды.
Ядро құрамына протондар және нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіреді.
Атомдағы пртондар мен нейтрондардың қосындысы массалық саны деп аталады.
Атом құрамына кіретін бөлшектер
Протон p+ - элементтің реттік нөміріне тең
Нейтрон n0-
Электрон e-- электрондар саны элементтің реттік нөміріне тең
Нейтрондар санын анықтау үшін:
N=Ar – Z
Ar – химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы
Z – оның реттік нөмірі (протон саны)
N – нейтрон саны
(6p+; 6n0)6e-
(15p+; 16n0)15e-


«Roqed» қосымшасы арқылы «Атомдар мен молекулалардың айырмашылығы» және «Атом құрылысы» тақырыбында анимация көрсетіледі.







Презентация

«Roqed» қосымшасы



Бекіту тапсырмасы
19 минут

3 минут


1-тапсырма. Жұптық жұмыс. (3 түрлі 6 атомның жұптасуы арқылы оқушылар ұяшықтан шарларды таңдайды)
Берілген суретті зерделей отырып, қандай элементтердің атом құрылысы көрсетілгенін анықтап, химиялық элементтердің таңбаларын және бөлшектердің атын және белгіленуін жазыңыз.

А. Көміртек (С) В. Азот (N)

Бөлшектің белгісі

Бөлшектің атауы

Таңбасы




нейтрон

n0




протон

p+




электрон


e-
Қ Б: мұғалімнің бағалауы


2-тапсырма. Жеке жұмыс
Бос орынды толтырыңыз.
№20 реттік номерлі элемент атомының 20 электрондары, 20 протондары, 20 нейтрондары бар.
Реттік №17 болатын химиялық элементтің атомының ядро заряды 17-ге тең. Оның атомында 18 нейтрон бар.
ҚБ: бірін-бірі бағалау
3-тапсырма.
Элементтердің атомдарындағы протон, нейтрон, электрон сандарын, аталуын анықтаңыз:

Химиялық элемент таңбасы

Аталуы

Протон саны

Нейтрон саны

Электрон саны

B

Бор

5

6

5

F

Фтор

9

10

9

Al

Алюминий

13

14

13

S

күкірт

16

16

16

ҚБ: өзін-өзі бағалау
Кері байланыс: «Атом» ойыны
Сұрақтар:
1. Оң зарядталған бөлшек
2. Теріс зарядталған бөлшек.
3. Электр-бейтарап бөлшек, заряды жоқ бөлшек.




Дескриптор: Білім алушы
- суреттен атом құрылысы бойынша элементті анықтап, таңбасын көрсетеді – 1 балл
- бөлшектің атын атайды – 1 балл
- бөлшектің таңбасын көрсетеді – 1 балл

Дескриптор: Білім алушы
-атом құрамын жазады – 2 балл
Дескриптор: Білім алушы
- элементтердің атауын, атом құрылысын анықтайды –
4 балл


Үлестірме қағаздар



Периодтық жүйе
Үлестірме қағаздар

3 минут

Рефлексия «Мен үшін бүгінгі сабақ...»

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

1. Қызық

1. Жұмыс істедім

1. Тақырыпты түсіндім

2. Қызықсыз

2. демалдым

2. Білетінімнен де көп білдім

3. Енжарлық басым

3. Басқаларға көмектестім

3. Түсінбедім


Үйге тапсырма: №4 тапсырма







7-сынып химия оқулығы, 50 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет