Құрамы Салыстырмалы түрде қою, кілегейлі, су тәрізді емес Қышқылдығы (Тернер градусымен) 13 градус



Дата03.01.2022
өлшемі18.19 Kb.
#450192
түріҚұрамы
1 тапсырма-есеп каз (1)


Есеп №1

Сапасы төмендегідей сүтті тағам мақсатында пайдлану мүмкіндігі туралы қорытынды беріңіз:



  1. Құрамы Салыстырмалы түрде қою, кілегейлі, су тәрізді емес

  2. Қышқылдығы (Тернер градусымен) 13 градус

  3. Қайнату сынамасы ұйымайды

  4. Тығыздығы 1,031

  5. Құрғақ қалдық 12,5 %

  6. Қоспалар (механикалық) болмайды

  7. Крахмалға реакция теріс

  8. Ас содасына реакция оң

  9. 1 мл бактериялардың жалпы саны 3200000


Сүт бойынша сұрақтар:

  1. Сүттің қандай органолептикалық көрсеткіштерін білесіз? Ол жаңа сауылған сүтте қандай болуы керек? Сүттің иісінің, түсінің, дәмінің, консистенциясының өзгерісі нені білдіреді?

  2. Сүттің органолептикалық көрсеткіштерін қалай зерттейді?

  3. Берілген есепте сүттің органолептикалық көрсеткіштері өзгерген бе? Егер өзгерген болса, ол неге байланысты?

  4. Сүттің табиғилығы мен балаусалығы деген не? Оларды анықтау үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады?

  5. Сүттің майсыздандырылғандығын қалай анықтауға болады? Ол үшін қандай көрсеткіштер қажет?

  6. Сүттің қышқылдығы деген не? Балауса, жартылай балауса және тұрып қалған сүттің қышқылдық нормативтері қандай? Қышқылдықтың жоғарылауы нені білдіреді?

  7. «Редуктазаға сынама алу не үшін қажет? Ол жанама немесе абсолютті көрсеткіш болып табыла ма? Балауса және зақымдалған сүттің нормативтері қандай?

  8. Есеп бойынша сүттің құрамының толықтығы мен балаусалығы жөнінде сіз қандай қорытынды бере аласы?

  9. Сүттің фальсификациясы деген не? Фальсификация үшін қандай заттар қолданылады?

  10. Фальсификацияланған өнімдерді пайдалануға бола ма? Жоқ болса, неліктен?

  11. Есепте сүттің фальсификациясы бар ма, қандай негізде қорытындыға келдіңіз?

  12. Сүттің бактериялармен, улы металдармен, пестицидтермен, антибиотиктермен ластануының қандай көздерін білесіз?

  13. Бактериялармен және ксенобиотиктер: қорғасын, кадмий, сынап, мышьяк, ДДТ, гекса хлор цикло гексанмен ластану көздері қандай?

  14. Сүтті пайдалану кезінде пайда болатын аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар өткізіледі.


Есеп №4

Сапасы төмендегідей етті тағамға пайдалану жөнінде қорытынды жасау:

1. Сыртқы түрі – жаңа кесілген бөлігі – қызғылт-қызыл, ылғалды, жабысқақ емес

2.Консистенция – тығыз, қатты басқан кезде қалпына тез келеді

3. Иісі – етке тән

4. Шырын – мөлдір

5. Май – қатты, ақ

6. Сопақша ми - қуысты түгелдей жапқан, жылтыр

7. Сынама қайнату – бульонның иісі – қалыпты, мөлдірлігі – мөлдір

8. Сорпаның күкірт қышқылды мысқа реакциясы – үлпек

9. Аммиакка сынама – теріс

10. Еттің финні– 40 см де 2

11. Трихонеллалар – жоқ

12. L. Monocytogenes – 25 г етте 5

13. Антибиотиктер – жоқ

15. ДДТ және оның метаболиттері – 0,05 мг/кг



16. Кадмий – 0,2 мг/кг

Етті бағалау бойынша сұрақтар:

  1. Қандай етті талдайсыз: суытылған, мұздатылған, еріген немесе қайта мұздатылған?

  2. Ет – жас етпе? Еттің, майдың, жілік майының, сіңірдің және буындардың қандай органолептикалық көрсеткіштері сіздің қортындыңызды .

  3. Еттің, жас ет екенін қандай сынамалар бойынша анықтайды?

  4. Есепте берілген физико-химиялық зерттеулердің нәтижелерінен нені білуге болады?

  5. Гельминтологиялық көрсеткіштерін қалай бағалайсыз? Еттің құрамындағы финн, трихинелла жұмыртқаларының саны қанша болуы керек?

  6. Финна және трихинелла жұмыртқаларының тамаққа жарамды еттегі саны қанша болуы керек? Осы гельминттердің аралық және соңғы иелерін атаңыз?

  7. Шошқа майы трихинеллез дамуының себебі бола ма?

  8. Еттегі финна және трихинелл жұмыртқаларын көзбен қарап анықтауға болады ма? Анықтау әдісін жазыңыз.

  9. Еттің қандай микробиологиялық көрсеткіштері нормаланады? Олар нені анықтайды? Еттің микробиологиялық ластануының салдары және ластанушылық көздері.

  10. Етке улы элементтер, антибиотиктер, пестицидтер, радионуклидтер қалай түседі?

  11. Ксенобиотиктермен (қорғасын, сынап, мырыш, гексахлорциклогексан, радионуклид және ДДТ) ластанған етті тамаққа пайдаланғанда адам денсаулығына, оның қандай салдарлары болуы мүмкін?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет