Құрамын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі41.37 Kb.
#25891
түріҚұрамы


ЖОБА

Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы


23 қаңтардағы Заңына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

2. Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының бір пайызы (бір өкілден кем емес) негізінде айқындалады.

3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.





Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс

ХХХVІ сессиясының төрағасы
Ш. ӘБДІРАХМАНОВ




Қызылорда қалалық

мәслихатының хатшысы

И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ


«КЕЛІСІЛДІ»

«КЕЛІСІЛДІ»__Тасбөгет_кентінің_әкімі__Әлиев_Жұмабек_Төлешұлы____________________________2014_жылғы_«27»_қараша'>«КЕЛІСІЛДІ»

Тасбөгет кентінің әкімі

Әлиев Жұмабек Төлешұлы _________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Белкөл кентінің әкімі

Арыстанов Ақылбек Тәжібайұлы _________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі

Ержанов Жақсылық Фазылбекұлы __________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Ақсуат ауылдық округінің әкімі

Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы __________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Ақжарма ауылдық округінің әкімі

Әділбеков Асхар Қалиұлы _________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Қызылөзек ауылдық округінің әкімі

Шоқбаров Абзал Әзизұлы _________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы

__________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі

Сейілов Медет Есдәулетұлы

_________________________

2014 жылғы «27» қараша


«КЕЛІСІЛДІ»

Талсуат ауылдық округінің әкімі

Мусабаев Тастайбек Турикбенович __________________________

2014 жылғы «27» қараша






Қызылорда қалалық мәслихатының

2014 жылғы 27 қарашадағы

36/2 шешімімен бекiтiлген



Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 тармағына, «Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына сәйкес әзiрлендi және Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтері тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi тәртiбiн белгiлейдi.

2. Кент және ауылдық округтерінде бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.


2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi
3. Бөлек жиын кент және ауылдық округтерінің әкімдері шақырады.

Қызылорда қаласы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

5. Кент және ауылдық округтерінде бөлек жиынды өткiзудi кент және ауылдық округтерінің әкiмдерi ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды кент және ауылдық округтері ашудың алдында тиiстi кенттің және ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

7. Бөлек жиынды кент және ауылдық округтері әкiмiмен немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

Кент және ауылдық округтерінің әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент және ауылдық округтері өкiлдерiнiң кандидатураларын Қызылорда қалалық мәслихатының бекiткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.



10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және кент, ауылдық округтері әкiмiнiң аппаратына берiледi.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет