Құран оқушыға
берілетін 10 сый!
КІТАПША
1
Қиямет күні Құран оны оқығанға шапағатшы
болады. «Құранды оқыңдар, ақиқатында,
Қиямет күні ол оны оқығандарға шапағатшы
болады!» (Мүслим).
«Қиямет күні Құран былай айтады:«Уа, Алла,
Құран оқығанды безендірші!», сонда сол
адамға құрмет тәжі кидіріледі. Сосын Құран
қайтадан: «Уа, Алла, оны киіндірші!», - дейді.
Оған құрмет киімі кидіріледі. Содан кейін Құран:
«Уа, Алла, оған разы болшы!», - дейді, оған
разы болысады. Сосын Құран оқыған адамға:
«Оқы да дәрежеңді көтер», - делініп, оның әрбір
оқыған аятына сый қосылады!» (Тирмизи).
2
Жұмақтағы адамның мәртебесі - оның
Құраннан қанша аят жаттағанына байланысты
болады.
«Құранды білгенге былай айтылады: «Оқы,
көтеріл де бұл өмірде жасағаныңдай сөздерді
анық айт, расында, сенің орның сенің соңғы
оқыған аятыңа сай болады» (Ахмад).
3
Құранның әрбір әрпі үшін он есе сый бар.
«Кімде-кім Құранның бір әрпін оқыса, оған бір
жақсы амал жазылады, ал бір жақсы амал үшін
он есе сауап беріледі, мен «Әлиф, Ләм, Мим» –
бір әріп деп тұрған жоқпын, Әлиф – бір әріп,
Ләм – бір әріп және Мим – бір әріп» (Бұхари).
4
Қателесіп оқығаны үшін – екі сауап.
«Құранды шебер оқуға машықтанған жан
Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі
періштелермен бірге болады. Ал Құранды
оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап
алады» (Мүслим).
5
Құран оқуда Аллаға деген сүйіспеншілік
жатыр.
«Кімде-кімді Алла мен Оның Елшісі жақсы
көреді деген сөз қуантар болса, онда Құранды
мусхаф бойынша оқысын» (Ибн Шахин).
6
Құранды оқушылар – Алланың қалаулылары.
«Ақиқатында, Алланың жаратқандарының
ішінде Оның қалаулылары бар!» «Олар кімдер,
уа, Алла Елшісі?», - деп сұрағанда, ол былай
жауап берген: «Ахлюл-Құран (Құранды оқып-
танушылар)! Міне, солар Алла мен Оның
Елшісінің қалаулылары!» (Ахмад).
7
Құран – шексіз білім көзі.
«Кімде-кім ақиқат ілімді қаласа, Құран оқысын,
өйткені, асылында, онда алғашқылар мен
соңғылардың білімі бар» (Табарани).
8
Құран оқылған үй берекелі болады.
«Ақиқатында, Құран оқылған үй кеңейіп,
періштелер келіп, шайтандар қашып, үйдің
берекесі артады. Ақиқатында, Құран
оқылмаған үй тарылып, періштелер қашып,
шайтандар басып, үйдің берекесі кетеді»
(Дарими).
9
Құранның сүрелері шайтаннан қорғайды.
«Өз үйлеріңде «Бақара» сүресін оқыңдар!
Асылында, «Бақара» сүресі оқылған үйге
шайтандар жоламайды» (Хаким).
10
Құран оқу - садақа бергендей.
«Құранды дауыстап оқушы, садақаны ашық
түрде бергендей, ал Құранды іштей оқушы,
садақаны жасырын бергендей!»
Достарыңызбен бөлісу: |