Құрастырған: Елеусинова Г. М. Қарағанды 2015 Тақырыптың өзекті мәселесі



бет1/6
Дата12.10.2023
өлшемі292.03 Kb.
#480637
  1   2   3   4   5   6
МИкроклимат



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер үшін




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Тақырыбы: Бөлме микроклиматын гигиеналық


бағалау


Кафедра: Жалпы гигиена және экология
Құрастырған: Елеусинова Г.М.

Қарағанды 2015

Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Ауа жер бетіндегі тіршілік үшін ең қажетті орта болып табылады. Ол адам, жануарлар және өсімдіктердің тыныс алуында маңызды роль атқарады. Ауасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін емес. Ауаның адамның өндірістік қызметіндегі де маңызы зор.
Адамның тіршілік қызметіне, денсаулығына және жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін ауаның негізгі физикалық факторларына: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдылығы, атмосфералық қысым, радиоактивтілік жатады.

Сабақтың мақсаты Микроклиматы сипаттайтын физикалық параметрлерді және олардың ауытқуының адам ағзасына әсерін игеру. Температураны, ылғалдылықты, ауаның қозғалыс жылдамыдығын, атмосфералық қысымды анықтау мен бағалау әдістерін

Ақпараттық - дидактикалық блок.

Микроклимат (гигиеналық түсінік бойынша) – шағын ғимараттардың, бөлмелердің, мектептердің, өндірістік орындардың, яғни жабық бөлмелердің метеорологиялық тәртібі.


Микроклиматты сипаттайтын физикалық факторларға температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, барометрлік қысым, ауаның иондануы жатады. Бұл факторлар адам организміне, оның функционалдық жағдайына, көңіл күйіне, денсаулығына әсер етеді. Адам организмі мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу процесінің әртүрлігі де осы факторларға байланысты. Тұрғын үй және қоғамдық бөлмелердің микроклиматы олардың тұрақтылығымен сипатталады.
Бөлмелердегі микроклиматтың қолайсыз жағдайларына байланысты адамның көңіл күйі, хал жағдайы өзгереді және еңбек өнімділігі де кемиді. Тоңазу мен ыстықтаудың әсерінен организмнің көптеген патологиялық жағдайлары байқалады (салқын тию, асқазан ішек аурулары, әсіресе балалардың аурулары). Сондықтан тұрғын үйлер, өндірістік бөлмелер микроклиматының гигиеналық нормативтері сырқаттанушылықтың алдын алуға негізделуі қажет. Қалыпты жағдайда ауаның орташа температурасы тұрғын бөлмелерде –18 – 20 0 С болуы қажет, душ және ванна бөлмелерінде – 25 град. С, ас үйде – 15 град. С, дәретханада - 16 град. С деңгейінде болуы керек. Бұл параметрлер орта деңгейдегі климатқа арналған. Өндірістік орындар үшін ауаның санитарлық нормативтік шамалары көптеген жағдайларға байланысты бекітіледі: ауаның қозғалысына, ылғалдылығына, жұмыс орнын қоршаған заттар мен конструкциялардың температурасына, жыл мезгіліне, орындалатын жұмыстың ауырлығына, киімге және басқа да факторларға байланысты.
Аурухана бөлмелерінде науқастар мен сауығып келе жатқан адамдар үшін барлық комфортты жағдайлар жасалуы тиіс. Ерекше микроклиматтық жағдайлар, физикалық және химиялық факторлардың тұрақтылығын қажет ететін бөлмелерде (операция бөлмесі, жас нәрестелерге, аллергиялық реакциялары бар науқастарға палаталар) ауаны конденционерлеу керек. Ыстық аудандарда микроклиматтың қолайсыз жағдайлары науқастың патологиясын одан әрі күшейтуі мүмкін, сондықтан бөлмені жасанды жолмен салқындату қажет. Палатаның ыстық болуы, әсіресе жүрек – тамыр аурулары бар науқастарға, операциядан кейінгі және пневмониясы бар науқастарға, балаларға диспепсия кезінде қолайсыз әсер етеді. Дене температурасының тез жоғарылау симптомы себеп болатын, ағзаның термореттелу процесінің бұзылыстары гипертермия деп аталады?
Аурухана бөлмелері үшін температураның келесі нормалары қабылданған: ересектерге арналған палаталарда, асханада, емдеу кабинеттерінде 20 град. С, балаларға арналған палаталарда – 22 – 25 град. С, жараны таңу бөлмесінде - 22 град. С, операция және әйелдердің босану бөлмесінде – 25 град. С, тиреотоксикозбен ауыратын науқастар бөлмесінде - 12 – 1 8 град. С, жүрек - тамыр жүйесі ауыратын науқастар палатасында - 18 – 23 град. С (жергілікті жердің биіктігіне байланысты).
Ауаның температурасын өлшеудің қажеттілігімен дәрігер балалар мекемелеріне, өндіріс пен кәсіпорындарға санитарлық бақылау жүргізгенде, сонымен қатар температураны өлшеудің талап ететін санитарлық, физикалық–химиялық зерттеулерде кездеседі. Барометрлік қысымды, ауа ылғалдылығын анықтағанда және тозаңдану мен газдануын зерттегенді міндетті түрде температураны өлшейді.
Бөлме ауасының температурасын санитарлық бағалау нақтылы өлшенген температураны белгіленген нормативтермен салыстыру арқылы іске асырылады. Температураны әртүрлі термометрлермен анықтайды. Олардың құрылысы, аттары әрқалай. Шкаласының градусқа бөлінуіне байланысты: Цельсий, Реомюра, Фаренгейта (біздің елімізде Цельсий шкаласы қабылданған) термометрлері, конструкциясы мен құрылысына байланысты спирттік, сынапты, электрлік термометрлер болып бөлінеді.
Сонымен қатар тұрмыстық, аспирациялық, минимальды, максимальды, медициналық және топырақтың, судың температурасын өлшейтін термометрлер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет