Құрастырушы: аға оқытушы Ахметов Д. К


Тақырып Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі



бет9/9
Дата11.07.2016
өлшемі0.96 Mb.
#190690
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11 Тақырып Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Сабақтың мақсаты – студенттерде маркетингтік қызметтің негізі мен маңыздылығы туралы, оның эволюциясы, құрылу принципетрі мен өнеркәсіптік кәсіпорындар шегіндегі жүзеге асырылуы туралы және өндірістік үрдістер туралы, оның негізгі элементтері мен кәсіпорынның қызметінің негізгі экономикалық мақсаттарымен өзара байланысы туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау, рефераттарды қорғау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:

- маркетингтік қызметінің қазіргі заманғы тенденциясы мен өзгеруі;

- маркетингтың түрлері мен жіктелімі;

- маркетингтік зерттеулер мен өндірістік бағдарламаның өзара байланысы;

- маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары;

- кәсіпорынның өндірістік үрдісінің мәні;

- кәсіпорынның өндірістік потенциалы және оның элементтері;

- өндірістін ұйымдастыру әдістері;

- кәсіпорын қызметінің өндірістік циклы және оны оптимизацияландыру жолдары.

12 тақырып Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

Сабақтың мақсаты – баға ролін шығарудағы кәсіпорынның бәсекелестігін жоғарылатудағы ғылыми-техникалық прогестің ролін анықтау.

Сабақты өткізу әдістемесі: тәжірибелік сабақты есептер шешу түрінде өткізген дұрыс.



1 тапсырма

Егер де базалық үлгінің бағасы ББ=120 т., жаңа және ескі үлгінің өнімділігін QЖ =1200 бірлік, QЕ =1000 бірлік, амортизация нормасы НАБ=0,1, НАЖ=0,15, тиімді нормативті коэффициент ЕН=0,25, жаңа және ескі үлгілер бойынша эксплуатациялық шығындар ИЕ=40т., ИЖ=30 т., капиталды салымдар үнемділігі К=10 т., онда бағаның жоғары шегін анықтаңыз.


2 тапсырма

Жылдың 1 тоқсанында кәсіпорын бірлігі үшін 80 т. бағасы бойынша 5000 дана бұйым сатқан болатын, бұл кәсіпорынның шығындарын жапты, бірақ пайда алып келген жоқ. Жалпы тұрақты шығындар 70 000 теңгені, ал меншікті ауыспалы шығындар 60 000 теңгені құрайды. 2 тоқсанда 6000 дана бұйым жасалынды және сатылынды. 3 тоқсанда 2 тоқсанмен салыстырғанда пайданы 10 %-ға жоғарылату жоспарланып отыр.
3 тапсырма

Жалпы капиталы 100+5н млн. теңгені, соның ішінде 80% - меншікті қаражат және 20% - қарызға берілген қаражат, құрайтын кәсіпорын инновациялық қызметті белсендіру мақсатында өз капиталын ұлғайтуды жоспарлайды. Жалпы капиталдың рентабельділігі 10% құрайды.

Қаржыландырудың ең жақсы стратегиясын таңдаңыз.

А стратегиясы ұйғарады:

- меншікті капиталды 60 млн. теңгеге ұлғайту;

- қарызға берілген капиталды 40 млн. теңгеге ұлғайту;

- банк пайызы 8%.

В стратегиясы ұйғарады:

- меншікті капиталды өзгеріссіз қалдыру;

- қарызға берілген капиталды 100 млн. теңгеге ұлғайту;

- банк пайызы 6%.

С стратегиясы ұйғарады:

- меншікті капиталды 80 млн. теңгеге ұлғайту;

- қарызға берілген капиталды 20 млн. теңгеге ұлғайту;

- банк пайызы 10%.

Есепті шығаруға нұсқаулық:

Меншікті капиталдың рентабельділігі максималды болып табылатын стратегия ең жақсы болып саналады.

Әрбір стратегия бойынша меншікті капиталдың рентабельділігі келесі формула бойынша есептелінеді:

мұнда - меншікті капиталдың рентабельділігі;



П- пайда;

КЗ% - қарызға берілген капитал бойынша пайыздар төлеу сомасы;

КС – меншікті капитал.

13 Тақырып Табыс және өндіріс рентабелділігі

Сабақтың мақсаты – өнеркәсіптік кәсіпорынның техникалық – экономикалық көрсеткіштерін анықтау.

Сабақты өткізу әдістемесі: тәжірибелік есептерді шешу.

Тапсырма.

Жоғарыда өтілген есептердің қорытындыларын пайдалана отырып:



  • бұйымдардың кейбір түрлерің бағасын қалыптастыру керек;

  • өндірістіқ пайдасы мен тиімділік көрсеткіштеріп есептеу қажет;

  • кәсіпорын жұмысының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін аңықтау керек.

Кесте 29 – Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіш аттары

Мәні

1.Нақты түрдегі (негізгі тізбегін атау керек) жылдық өнім шығару




2.Тоуар өнімдерінің пақты нарықтық бағамен шаққандағы құны




3.Өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер саны, соның ішінде:

а) жұмысшылар;

б) қызметкерлер





4.Жылдық өнімділік:

а) нақты көрсетілумен:



  • бір жұмыс істеушіге;

  • бір жұмыскерге.

б) ақшалай көрсетілумен:

  • бір жұмыс істеушіге;

  • бір жұмыскерге.




5.Орташа жылдық еңбекақы:

  • бір жұмысістеушіге;

  • бір жұмыскерге.




6.Өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлерінің еңбекақы қоры, соның ішінде жұмысшылардың еңбекақы қоры




7.Өнім бірлігінің өндірістік өзіндік құны




8.Өнім бірлігінің бағасы




9.Тоуар өнімінің толық өзіндік құны




10.Кәсіпорынның жылдық кірісі




11.Негізгі өндірісті қорлардың бағасы, құны




12. Өндіріс тиімділігі




13. Өнімнің тиімділігі




ҚОРЫТЫНДЫСЫ






Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері
Пәнді меңгеру кезінде тақырыптық жоспар және бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес келесідей аудиториядан тыс жұмыстарды орындау қажет:

  • дәріс сабақтарына дайындалу;

  • тәжірибелік сабақтарына дайындалу;

  • дәріс материалдарына кірмеген, бірақ міндетті болып табылатын курс тақырыптарының қысқаша конспектісін жазу;

  • курстық жұмысты жасау.


Студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны
1 БӨЛІМ Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын жүйесі
1 тақырып Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Нарықтың мәні. Нарық механизмі: мәні, құрамдық элементтері. Нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтері.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері: салықтар, бағалар, еңбек ақы, импортты және экспортты лицензиялау, кеден ережелері, қаржы және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2, 3, 8, 14, 15, 16, 17, 18]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау
2 тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Банкрот түсінігі және белгілері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8, 21]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау


3 тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар жэне көрсеткіштер жүйесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау


2 БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГI
4 Тақырып Кәсіпорынның негізгі капиталы

Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Ұдайы өндірістің нысандары және негізгі капиталды жетілдіру. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау


5 Тақырып Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8, 18, 19]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау


6 Тақырып Кәсіпорынның айналым капиталы

Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері.

Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау
7 Тақырып Еңбек ресурстары

Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және енбек қауіпсіздігін қорғау.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау
3 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
8 Тақырып Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу

Еңбек мотивацияның формалары және мәні. Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау
9 Тақырып Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Стратегиясы, оның мақсаты, мазмұны және іскеру шаралары. Мемлекеттік даму институттар. Қазақстанның инвестициялық қоры. Қазақстанның Даму Банкісі. Инновациялық қор. Экспортты сақтандыру корпорациясы. Инвестициялық қорлар.

Инвестицияларды талдау бағыттары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8, 10, 12, 20]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау
10 Тақырып . Өнімді өткізу және өндіріс шығындары.

Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау


11 Тақырып Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Маркетингтік тәсіл және стратегиялық жоспарлау. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8, 9, 11]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау
12 Тақырып Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары.

Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсудегі бағаның рөлі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау


4 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі
13 Тақырып Табыс және өндіріс рентабелділігі

Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша салық салу табысты анықтау кезінде шегерулердің сипаттамасы.

Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 7, 8, 11]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау


14 Тақырып Кәсіпорын қаржысы

Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Заемды қаржыларды алу әдістері. Несиелер, оларды берудегі негізгі қағидалар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-5, 8]

Бақылау түрі: межелік және қорытынды бақылау



«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыстардың мазмұны
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның қызмет ету механизмдерін және оның қызметінің әртүрлі бағыттарын экономикалық негіздеу бойынша тәжірибелік дағдыларды алу. Курстық жұмыстың тақырыбы оқытушымен келісім бойынша таңдалады.


  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнім сапасын басқару (кәсіпорын мысалында);

  2. Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  3. Қазақстан өнеркәсібінде негізгі құралдарды пайдалануын жақсарту жолдары және оларды талдау (кәсіпорын мысалында);

  4. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнімнің жаңа түрлерін игерудің экономикалық тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  5. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өнімді қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі;

  6. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның өнімді өткізу қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  7. Өнеркәсіптік қалдықтар мен екінші қайтара ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  8. Кәсіпоррынның айналым қаржылары және оларды пайдалану тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  9. Нарық экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері (кәсіпорын мысалында);

  10. Нарық экономика жағдайында кәсіпорындағы өндіріс шығындарды төмендету резервтері (кәсіпорын мысалында);

  11. Өндіріс рентабельділік деңгейін талдау және оны көтеру жолдары (кәсіпорын мысалында);

  12. Кәсіпорында өндірістік ұжымдарының әлеуметтік дамуын ұйымдастыру және өндірісті басқаруды жетілдірудегі олардың міндеттері (кәсіпорын мысалында);

  13. Өнімнің материал сыйымдылығы және оны төмендету жолдары (кәсіпорпорын мысалында);

  14. Нарық қалыптасу жағдайдағы өндіріс тиімділігін көтеру жолдары (кәсіпорын мысалында);

  15. Бірлескен кәсіпорын: құру тәжірибесі және өнеркәсіптің әр-түрлі салалардағы олардың ерекшеліктері (кәсіпорын мысалында);

  16. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты: мәні, бағыттары, қолдану тәжірибесі (өнеркәсіп саласының мысалында);

  17. Кәсіпорында табысты бөлуді және қалыптасуды талдау (кәсіпорын мысалында);

  18. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін дамыту (кәсіпорын мысалында);

  19. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау (кәсіпорын мысалында);

  20. Нарық жағдайында кәсіпорындағы еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру;

  21. Өнеркәсіп кәсіпорындарда салық салу (кәсіпорын мысалында);

  22. Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігі және олардың дамуы (кәсіпорын мысалында);

  23. Кәсіпорында жоспарлауды ұйымдастыруды талдау (кәсіпорын мысалында);

  24. Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде кәсіпкерлікті дамыту;

  25. Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы (кәсіпорын мысалында);

  26. Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі (кәсіпорын мысалында);

  27. ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар қалыптасуының тиімділігі және дамуы (кәсіпорын мысалында);

  28. Кәсіпорынның коммерциялық қызметін ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында);

  29. Кәсіпорындардағы инновацияларды басқару (кәсіпорын мысалында);

  30. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы (кәсіпорын мысалында);

  31. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау;

  32. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы ұйымдастырушылық (корпоративтік) мәдениетін қалыптастыру (кәсіпорын мысалында);

  33. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтеру жолдары (кәсіпорын мысалында);

  34. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне жету жолдары (кәсіпорын мысалында);

  35. Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру (кәсіпорын мысалында);

  36. Кәсіпорында шығындарды басқару (кәсіпорын мысалында);

  37. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру (кәсіпорын мысалында);

  38. Кәсіпорынның қаржы тұрақтануына жету жолдары (кәсіпорын мысалында);

  39. Өндірісті әртараптандыру (диверсификациялау) және оның экономикалық тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  40. Кәсіпорынның банкроттықтан сақтану жолдары (кәсіпорын мысалында);

  41. Өнеркәсіптік кәсіпорында запастарды басқару (кәсіпорын мысалында);

  42. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігіне жету жолдары;

  43. Кәсіпорынның тауарлық стратегиясын құру;

  44. Кәсіпорынның амортизациялық саясаты, негізгі құралдарды жаңартуды жеделдетудің мәні және талдауы;

  45. Лизингті дамыту-кәсіпорынның негізгі құралдарды жаңартуды формасы ретінде;

  46. Қазақстан Республикасының экономикасын жедел жаңарту жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына жету жолдары;

  47. Қазақстан Республикасының өнеркәсібін дамытудың кластерлік – перспективалар (кәсіпорын мысалында);

  48. Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары.

Курстық жұмыстың көлемі 30 беттен кем емес. Курстық жұмыс әдістемелік нұсқаулардың негізінде орындалады және стандарттарға сәйкес дайындалады.

Оқытушы тексергеннен кейін курстық жұмысты қорғауға жібереді. Курстық жұмыс қорғаланнан кейін баға қойылады. Курстық жұмыстың қорғалуы бекітілген комиссиямен іске асырылады.

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша 050506 «Экономика», 050509 «Қаржы», 5В050900 «Қаржы» мамандықтары бойынша сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған



бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі

(сынақталусыз)

СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы беру мерзімі

Тапсыру мерзімі

Бақылау түрі

1-сабақта

Барлығы

Дәріске қатысу және дайындалу

2

24

1-сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

3

18

1-сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

Курстық жұмысты орындау




37

Бекіту сессиясында

Негізгі сессияға дейін

Қорғау

СӨЖ тапсырмаларын тапсыру




21

Бекіту сессиясында

Негізгі сессияға дейін

Қорғау

Барлығы




100









СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша 050508 «Есеп және аудит», 5В050600 «Экономика» мамандықтары бойынша сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған



бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі

(сынақталумен)

СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы беру мерзімі

Тапсыру мерзімі

Бақылау түрі

1-сабақта

Барлығы

Дәріске қатысу және дайындалу

2

6

1-сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

3

9

1-сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

Курстық жұмысты орындау




37

Бекіту сессиясында

Негізгі сессияға дейін

Қорғау

СӨЖ тапсырмаларын тапсыру




48

Бекіту сессиясында

Негізгі сессияға дейін

Қорғау

Барлығы




100











6 Курстың саясаты
Семестр уақытында студент барлық оқу кестелерімен және бақылау жұмыстарын тапсыру кестелерімен сәйкес барлық оқу сабақтарына қатысуы тиіс.

Дәрістік және тәжірибелік сабаққа қатысу 1 баллмен бағаланады.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес әр дәрістік және тәжірибелік сабаққа студент дайындалып, қарастырылған мәліметтерге талқылама жасап, белсенді қатысуды қабылдауы тиіс.

Белсенділік қатысу сапасы негізінде бағаланады. Белсенділіктің максималды бағасы әр сабақта хабарланып тұрады.

Студенттің өздік жұмыстары СӨЖО уақытында бағаланады, баллдар бақылау шараларынның күнтізбелік кестесіне сәйкес қойылады. Тапсырмалар оқытушы қойылған мерзімінде орындалады. Қойылған мерзімнен кейін жұмысты тапсырса 5% бағаға төмендетіледі. Барлық жұмыстар жұмыс дәптерлеріне жазбаша түрде ресімделеді. Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Пән бойынша межелік бақылауға ағымдағы үлгерімдері (АҮ) бойынша балдары бар студентер жіберіледі.

Ағымдағы үлгерім және межелік бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән бойынша студенттің рейтингі (Р1) анықталады


Р1=АҮ1*0,7+МБ1*0,3.
Егер де студент межелік бақылау өтпесе немесе межелік бақылау бойынша 50 балдан төмен алса, онда рейтинг анықталмайды.

Семестр үшін пән бойынша студенттің жіберілу рейтингісінің бағасы тең

ЖР=Р1*0,7+КЖ*0,3.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындау және тапсыру) және жіберу рейтингісін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі жіберілу рейтингі мен қорытынды бақылау, олардың үлес салмақтарын (ЖРҮС және ҚБҮС) ескере отырып, бағаларынан тұратын қорытынды бағамен (Қ) анықталады


Қ=ЖР*ЖРҮС+ҚБ*ҚБҮС.
Үлес салмақтар жыл сайын оқу кеңесімен бекітіледі және жіберілу рейтингісі үшін 0,6 кем емес, ал қорытынды бақылау үшін 0,4 көп емес болуы қажет.

Студент жіберілу рейтингі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң бағаларға ие болған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Қорытынды бақылауға негіссіз себеппен келмеу «қанағатанарлықсыз» бағаға теңеледі. Пән бойыша аралық аттестациялау мен емтиханның нәтижелері студенттерге тапсырылған күні немесе, егер жазбаша емтихан күннің екніші жартысында өткізілсе, келесі күні айтылады.


7 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Г.И. Әбдікаримова. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 367с.;

  2. Р.К. Ниязбекова, Б.А. Ахметов, П.Т. Байнеева. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 791с.;

  3. А.К. Мейірбеков, К.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2006 – 251с.;

  4. Г.К. Андабаева. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Павлодар: Торайғыров атындағы ПМУ, 2006 – 156с.;

  5. М. Бейсенова, А.Садынбекова. Кәсіпорын экономикасы: есептер жинағы. Алматы.: Ғылым, 2007 – 84с.;

  6. Д.Я. Куатова Кәсіпорын экономикасы: практикум. Алматы.: Экономика, 2006 – 106с.;

  7. С. Молотов, А.Оганесян. Экономика предприятия: конспект лекций. – М.: ПРИОР, 2008 –112с.

  8. А.М. Белов. Экономика организации (предприятия): практикум.- М.: ИНФРА-М, 2008- 272с.

  9. Магомедов А.М. Экономика предприятия.-2-е изд., доп. – М.Экзамен, 2006 – 350с.

  10. О.И. Волков, О.В. Девяткин. Экономика предпрития (фирмы) 2-е изд., перер. и доп.- М.: ИНФРА-М, 2007- 560с.


Қосымша:

  1. Л.Е. Стровский. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. 2-е изд. перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ, 2001 – 823с.

  2. В.Е. Адамов, С.Д. Ильенкова и др. Экономика и статистика фирм. 3-е изд. перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2001 – 288с.

  3. С. Аникеев Методика разработки плана маркетинга. – М.: Информ-студио, 2002 – 128с.

  4. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. – СПб: Питер, 2004 – 400с

  5. Жилкина А.Н. Финансовое планирование на предприятии. – М.: Благовест, 2004 – 248с

  6. Бизнес-каталог промышленности РК – Алматы: КазИнформ центр, 2003.

  7. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года. - Астана, 2001.

  8. Стратегия развития Казахстана и реформирование национальных производительных сил. - Алматы: Гылым, 2005.

  9. Канатчинова А.К., Оспанов Х.А. Модернизация структуры производства в промышленности РК – Алматы: Гылым, 2006.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет