Құрастырушы: аға оқытушы Тулебаева Ж



Дата02.07.2016
өлшемі69.09 Kb.
#173272

Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы

«Сұйық және газ механикасы» пәні бойынша

5В071700 "Жылуэнергетика" мамандығының студенттеріне арналған
пәнді зерттеуге
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар




Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

Пфейфер Н.Э.

________________________

2012 ж «___»_____________

Құрастырушы: аға оқытушы ____________ Тулебаева Ж. А

Жылуэнергетика кафедрасы
“ Сұйық және газ механикасы ” пәні бойынша
5В071700 "Жылуэнергетика" мамандығының студенттеріне арналған
пәнді зерттеу бойынша
әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды

20_ж. «___»____________, №_____Хаттама
Кафедра менгерушісі ___________ Глазырин С.А. 20_ж. «___»________
Энергетикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20_ж. «_____»______________№____ Хаттама


ОӘК төрағасы ______________ Кабдуалиева М.М. 20_ж. «___»________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы __________________А.А.Варакута 20_ж. «___»________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
2011 ж. «_____»______________№____ Хаттама


Оқу пәнінің мақсаты мен міндеті, оқу процесіндегі алатын орны
1 Пәннің мақсаты – жылуэнергетикалық және жылумеханикалық жабдықтардың тиімді және сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен жылуэнергетикалық және жылумеханикалық процестер мен қондырғыларды есептік және эксперименталды зерттеу үшін теориялық негізді алу.

Пәннің міндеті – сығылатын және сығылмайтын сұйық қозғалысы мен тепе-теңдігі заңдарын, жылуэнергетикалық жабдықтар гидравликалық және аэродинамикалық есептері әдістемесін, сұйық динамикасы теңдеуін зерттеу; құбырдағы ағым мен денелер ағуын қарастыру үшін ұқсастық пен модельдеу теориясы.

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер міндетті:

Түсінік аліға:

– сұйық қозғалысының негізгі теңдеулері мен теоремалары туралы;

– сұйық теңдесуі мен қозғалысының заңдылықтары туралы;

– әртүрлі арналардағы сұйықтардың ағу сипаттамасы, сұйықағулық кедергілері туралы;

– сұйық ағыстарының ұқсастық және үлгілеу теориясының негіздері туралы;

білуге:

- жылуэнергетикалық жабдықты сұйықағулық және ауа қозғалымдық есептеру;

қолдануға:

– арналардағы сұйық және газдар ағынының сұықағулық кедергісін, әр түрлі үлгідегі арналардағы тегеурін шығынынанықтау туралы;

– арналардағы, саптамалардағы, тежегіштегі және басқа элементтердегі газдар мен сұйықтар ағынын есептеу әдістерін пайдалануға;

игеруге: тегеурін шығынын азайту әдісін.
2 Пререквизиттер: бұл пәнді оқыту «Математика», «Физика», «Механика», «Техникалық термодинамика» пәндерінен алған білімдеріне негізделген .

3 Постреквезиттер: «Сұйық және газ механикасы» курсынан алған білімдерді «Жылумаңызалмасу», «Жылуэнергетикалық жүйелер және энергияпайдалану» және басқа мамаңдық бойынша пәндерді оқығанда қажет болады.

Пәннің тақырыптарының мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе

Сұйық және газ механикасы пәні және оның әдістері. Қысқаша тарихи мәліметтер. Сұйық ұғымының анықтамасы. Тығыздық. Сығылғыштық. Тұтқырлық және сұйықтағы үйкеліс туралы Ньютонның заңы. Тұтқырсыз сұйық. Сұйықта әрекет ететін күштер: массалық және беттік. Қысым.



-білуге: сұйықта әрекет ететін күштердің сұйық және газ механикасы пәнінің спецификасы;

-қолдана білуге: берілген қысым мен ыстықтықта құбырдағы тұтқырлық газдың тығыздығын анықтау.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §1 - §3 ] әдебиетте айтылған.


Тақырып 2. Сұйықтеңдесу

Тыныштықтағы сұйықтағы кернеулер. Сұйықтеңдесудің дифференциалдық теңдеулері. Сығылмайтын сұйықтын ауырлық күш өрісіндегі теңдесуі.

Айналған ыдыстағы сығылмайтын сұйықтың теңдесуі. Сұйықтың беттегі қысым күші.

білуге: Архимед заңын, сұйықтеңдесудің негізгі тендеулерін;

- қолдана білуге: сұйықтеңдесудің негізгі тендеулері бойынша есептерді шығару.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §4 - §12 ] әдебиетте айтылған.


Тақырып 3. Кинематика негізі

Сұйық қозғалысының түрлері мен тәртіптерін жіктеу. Ағын сызығы және түтігі. Сұйық бөлшектің қозғалыс құраушыларын талдау. Коши-Гельмгольц теоремасы. Құйын сызықтары және түтіктері. Құйын түтіктерінің қасиеттері. Жылдамдық айналмасы, Стокс және Томсон теоремалары туралы түсінік. Құйынсыз қозғалыс және оның сипаттамалары туралы түсінік.



- білуге: сұйық қозғалысының түрлері, ламинарлы және турбулентті сұйық ағынның тәртіптерін;

- қолдана білуге: ағын сызығының теңтеулерін жазу.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §19 - §20 ] әдебиетте айтылған.


Тақырып 4. Сұйық және газ қозғалысының негізгі теңдеулері

Ағын түтігі мен бір өлшемді ағын үшін шығыс, үзіксіздік, қайрат (Бернулли) және қозғалыс мөлшерінің теңдеулері. Үзіксіздіктің дифференциалдық теңдеуі. Тұтқыр және тұтқырсыз сұйықтың дифференциалдық қозғалыс теңдеулері. Бастапқы және шекаралық шарттар. Ретсіз қозғалыстың негізгі сипаттамалары. Жылдамдық пен қысымның толқуы. Ретсіз ағынның орташаланған қозғалыс теңдеулері (Рейнольдс теңдеулері). Сұйық ағыстарының ұқсастығы туралы ұғым. Ұқсастық шарттықтары (сандары). Үлгілеу.



- білуге: бip өлшемді ағын үшін шығыс, үзіксіздік, қайрат (Бернулли) және қозғалыс мөлшерінің тендеулерін;

- қолдана білуге: бip өлшемді ағын үшін шығыс, үзіксіздік, қайрат (Бернулли) және қозғалыс мөлшерінің тендеулері бойынша есептеу .

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §15 - §18 ] әдебиетте айтылған.


Тақырып 5. Сұйықтың құбырдағы қозғалысы және құбырларды сұйықағулық есептеу

Құбырдың сұйықағулық кедергісі. Ағын кенет кеңейгенде және тарылғанда қысым шығыны. Дөңгелек құбырдағы ретті және ретсіз қозғалыс. Жылдамдық кескіні. Шығыс және орташа жылдамдық. Бастапқы аумақ. Үйкеліс кедергісінің еселеуіші. Бұдырлықтың құбыр кедергісіне әсері. Қисық сызықты арналардағы ағыстар. Құбырдағы сұйықағулық соққы. Көпіршектену (кавитация) туралы ұғым. Құбырларды жіктеу. Ұзын және қарапайым құбырдың негізгі есептері. Тармақты және қатарлас құбырларды есептеу. Газ құбырын қысым құламасы үлкен болғанда есептеу.



- білуге: ұзын қарапайым құбырдың негізгі eceптерін;

- қолдана білуге: құбырлардың сұйықағулық есептерін шығару.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §36 - §45 ] әдебиетте айтылған.


Тақырып 6. Сұйықтың тесіктерден және саптамалардан ағуы

Сұйықтың тұрақты тегеуірінде кішкене тесіктен ағуы. Саптамалар арқылы ағу.

- білуге: жылдамдық коэффициенттерін есептеу формулаларын;

- қолдана білуге: саптамалардан ағу мезгіліндегі жылдамдықты және шығынды анықтау .

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §79 - §81 ] әдебиетте айтылған.


Тақырып 7. Қатты денелердін ағысталуы. Шекаралық қабат

Маңдайлық кедергі, көтеруші және көлденең күштер туралы ұғым. Шекаралық қабат туралы ұғым және оның теңдеулері. Бойлық ағысталған тақташадағы ретті және ретсіз шекаралық қабаттар. Қанат тәріздікескіннің ағысталуы. Н.Е.Жуковский теоремасы. Кескіндер торы туралы ұғым.



- білуге: Н.Е.Жуковский теоремасын;

- қолдана білуге: қанат тәрізді кескінге әрекет ететін, күш векторын сызу.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §67 - §70, 4, §7 - §6] әдебиетте айтылған.


Тақырып 8. Екі текті ағындар қозғалысы

Екі текті ағындар туралы ұғым және олардың сипаттамалары. Қатты бөлшектерді ағынмен тасымалдау. Қалқыту (шекті) жылдамдығы. Тік құбырдағы бөлшектердің қалқу жылдамдығы. Ауаментасымалдау құбырының кедергісі. Құбырдағы газсұйық қоспаларының құрылымы.

- білуге: екi текті ағындар туралы түсінік;

- қолдана білуге: тік кұбырдағы бөлшектердің қалқу жылдамдығын анықтау .

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §78] әдебиетте айтылған.


Тақырып 9. Батырылған ағыншалар

Ағыншалық шекаралық қабат. Ағыншаларды жіктеу. Еркін ретсіз ағынша. Жылдамдықтың таралу заңы. Бастапқы және негізгі аумақтар. Айналған ағынша.



- білуге: ағыншалық құрылымды;

- қолдана білуге: ағыншалық негізгі бөлімін құру.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §33 ] әдебиетте айтылған.



Тақырып 10. Газқозғалым (газодинамика)

Үлкен жылдамдықпен қозғалғанда газдардың сығылғыштығы. Газдардың бірөлшемді қозғалыстарының негізгі теңдеулері. Газдық ортадағы әлсіз және әлді ұйтқулар. Әлсіз ұйтқулар газ ағынында таралуы. Тығыздалу секірмесі. Секірмелерде газ көрсеткіштерінің өзгеруі.



- білуге: газдардың бip өлшемді қозғалыстарының негізгі теңдеулерін;

- қолдана білуге:. газдардың бip өлшемді қозғалыстарының негізгі теңдеулері бойынша есептеу.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §84 ] әдебиетте айтылған.



Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1 Е. Нұрекен. Сұйық және газ механикасы.- Алматы: АЭЖБИ, 2005, 193б



2 А.К. Қадырбаев Сұйық және газ механикасы, гидропневможетектер.Оқулық. - Алматы.: Бастау, 2008 – 270 б.

Қосымша:

  1. Жылумаңызалмасу. Қысқаша дәрістер конспектісі/ Тулебаева Ж.А. – Павлодар: изд-во «Кереку», 2006 – 57 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет