Ауызша сөйлеу тілі- дыбыс шығару сөйлеу тілі. Ол есту арқылы қабылданады, ал дыбыстық органдардың іс- әрекеті іске асады.Ауызша сөйлеу тілін меңгеру процессі баланың миына әсерін тиігзе отырып сөздердің дыбыстық және кинезтиялық бейнесімен сөз тіркестері, әртүрлі қабылдаулар арқылы тікелей қарым- өатынасты орнатады. Сөйлеу тілі ол адамның санасының іс- әрекетінің ұйымдастырылған арнаый қиын формасын ұсынады. Қарым- қатынастың негізгі тәсілі бола отырып, ол екі субъектінің қатысуын ұсынады біреуі шығарады, екіншісі қабылдайды. Баланың сөйлеу тілінің ең тиімдісі ауызша сөйлеу ітілі болып табылады. Бәрімізге белгілі болғандай дұрыс жетілген балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру оңай, өйткені ол арнайы оқытусыз өзі тікелей қарым- қатынасқа түсе алады. Дұрыс жетілген баланың сөйлеу тілін қою үшін көптеген совет және шет елдік ғалымдар айналысқан.( Л.С. Выготский, А.Н.Гвоздев, Н.А.Швачкин, Д.Б. Эльконин, А.Н. Соколов,Ж.Пиаже)Интеллектісі бұзылған балалрдың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру баяу және сөйлеу тілін өзінше фонетикалық қатары меңгеру арқылы жүзеге асады, сөздік құрамын меңгеру мен сөйлемді құру кезіндегі диалогтық және монологтық сөйлеу тілі арқылы қалыптасты.
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
6-тақырып. Мәтін психолингвистика объектісі іспетті
1. Сөз – сөйлесім – мәтін.
2. Мәтіннің бейсөйлесім әрекетіне қатысуы.
3. Мәтін құру.
4. Мәтінді қабылдау.
Қазіргі заманғы лингвистика коммуникативтік, когнитивтік мәтінге бағдарланған. Оқырмандардың типологиясын (Г.Г.Молчанова, О.Л.Каменская және т.б.) қоса алғанда, адресат проблемасы (Н.Д.Арутюнова, В.З.Демьянкова, Г.В.Степанов) әзірленуде, коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар (О.С.Иссерс, Е.В.Клюев және т.б.) зерделенуде. Бұл ретте лингвистика өзінің полипарадигмалық сипатын сақтайды. Жаңа өзгерістерге байланысты мәтінді және оның бірліктерін зерттеуде психопоэтика (В.А.Пищальникова, Ю.А.Сорокин), филологиялық герменевтика (Г.И.Богин, Г.П.Щедровицкий және т.б.), лингвосинергетика (В.А.Пищалникова, Г.Г.Москальчук, Н.А.Кузьмина, Н.Е.Сулименко) және тағы басқа жаңа ғылыми бағыттар туындауда. Жаңа үрдістерге орай, көркем сөз стилистикасын қоса алғанда, стилистикада да өзгерістер орын алуда. Қазіргі заманғы стилистика коммуникативтік, мәтінді болып, оның зерттеу нысанасы кеңеюде, жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда, сабақтас білімдер (прагматика, психолингвистика, герменевтика және т.б.) арасындағы байланыс күшейе түсуде. «Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы» деген жаңа ғылыми бағыттың туындауы лингвистикалық және онымен сабақтас ғылымдардың үдемелі дамуы ретінде де, қазіргі заманғы білім беру саласындағы қажеттіліктермен де (орыс тілін зерделеудегі коммуникативтік-қызметтік, функционалдық, мәтінге бағдарланған, этномәденитанымдылық тәрізді жаңа бағыттарды әзірлеумен) айқындалады. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының тамыры тереңде жатыр. Мәселен, осы ғылыми бағытқа тән мәтінге жүйелі-қызметтік көзқарас В.Ф.Гумбольдтың, А.А.Потебняның, В.В.Виноградовтың, М.М.Бахтиннің және т.б. тұжырымдамаларынан көрінеді. Мәтіннің қазіргі заманғы стилистикасында әр түрлі ғылыми бағыттар бар: құрылымдық стилистика (В.В.Одинцов, Г.Я.Солганик және т.б.), декодтау стилистикасы (И.В.Одинцов, Г.Я.Гучинская және т.б.), функционалдық стилистика (М.Н.Кожина, М.П.Котюрова, Т.Б.Трошина, М.Б.Борисова, Н.И.Бахмутова, С.А.Станиславская және т.б.). Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар: құрылымдық стилистика мәтіннің композициялық-стилистикалық нысандарын, оны ұйымдастырудың конструктивтік тәсілдерін зерделейді; декодтау стилистикасы мәтінді оқырмандардың танымдық аспектісі тұрғысынан қарастырады; функционалдық стилистика стилистикалық узусты, әр түрлі стильдегі мәтіндерде тілдік құралдарды пайдаланудың жалпы заңдылықтарын зерделейді. Мәтінді лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде коммуникативтік стилистиканың зерттеу сипатына, мақсатына қарай мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ол кез келген мәтінді жазушы мен қабылдаушы қызметінің ұштасуы негізінде коммуникативтік-қызметтік аспект тұрғысынан зерделейді. Сөздік қызмет теориясына сүйенетін басқа ғылымдардан (прагматикадан, психолингвистикадан, психопоэтикадан, филологиялық герменевтикадан) стилистикалық узус пен автордың идиостилін ескере отырып, олардың нақты мәтіндік өзгеруіндегі сөздік қарым-қатынастың лингвостилистикалық аспектілерін терең зерделеуімен ерекшеленеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы оның мағыналық жайылуына сәйкес қызметтік аспектідегі жүйелік-құрылымдық ұйымдастырылуын талдауды, мәтіннің стилистикалық параметрлерін ескере отырып, олардың негізіндегі коммуникативтік стратегияларға сүйеніп, әр түрлі типтегі мәтіндерді мағыналық жағынан қабылдаудың лингвистикалық заңдылықтарын зерделеуді көздейді. Осы бағыт шеңберінде коммуникативтік эффектіге қол жеткізудің құралдары мен тәсілдері айқындалады, әр түрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерде лингвистикалық негізі бар коммуникативтік универсалийлер (мәтінді ұйымдастырудың заңдары мен принциптері) зерттеледі. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының мақсаты – мәтін қызметінің лингвистикалық тұрғыдағы заңдылықтарын зерделеу, ол автор мен тыңдаушының тиімді диалогын қамтамасыз етеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттары пәнаралық сипаты бар, оның «мәтіндік» жүйелілігін, құрылымдылығын, регулятивтігін зерделеуде жаңа перспективалар ашатын оған қатысты қызметтік көзқараспен байланысты болады. Прагматикамен, психолингвистикамен, герменевтикамен ұштасқан кезде қалыптасатын мұндай жаңа көзқарас мәтін мен оның бірліктерін оқырманның танымдық қызметіне енгізу тұрғысынан зерделеуден туындайды. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының үш бағыты байланысатын мәтіндік құрылымдар, регулятивтік және мәтіннің мағыналық жайылуы теорияларына нақтырақ тоқталайық. Мәтіндік ассоциациялар (құрылымдар) теориясы. Мәтіннің әр түрлі аспектілері және оның оқырман танымындағы мағынасы туралы елестету, соның негізінде қалыптасатын мәтіндік құрылымдардың рөлі айрықша ауқымды. Бұл ретте мынадай негізгі ережелер басшылыққа алынады: Лингвистикалық аспектіде мәтіндік сөз-стимулдарға қатысты құрылымдарды оқырманның танымында өзектілікке айналатын мәтіннің лексикалық құрылымы элементтерінің және солармен арақатынастағы тіршілік құбылыстарының немесе танымның, сондай-ақ басқа да сөздер әлемінің арасындағы байланыс ретінде қарастыру – заңды құбылыс. Ассоциат сөз-стимулға – мәтіннің лексикалық құрылымы элементіне мағыналық коррелят ретінде айқындалады, ол мәтінді қабылдаушы субъектінің танымында нақты әлеммен, таныммен, сондай-ақ басқа да сөздермен корреляцияланушы мәтіндік әлем шындығымен арақатынаста болады. Автордың бастапқы коммуникативтік қызметі аспектісінде туындының лексикалық құрылымы ілгерілеулер мен әрекеттердің (стимулдарға ассоциаттардың), сондай-ақ ілгерілеулерді нақтылайтын тірек сөздердің және құрылым сөз-маркерлерінің ауызша желісі ретінде айқындалады. Мәтінді құру (автордың сөйлеу-ойлау қызметі) тұрғысынан «стимул-реакция» қатынасы тема-рематикалық қатынастармен корреляцияланушы ретінде байқалады: предикацияның әр түрлі нысандары автордың коммуникативтік стратегиясына сәйкес тұжырымдамалы түрде туындаған жаңа тақырыпты репрезентациялай отырып, берілген (автор тақырып ретінде таңдап алған) тақырыпқа құрылымдарды көрсетеді. Мәтінді қабылдау (оқырманның сөйлеу-ойлау қызметі) ағымында мәтіннің лексикалық құрылымының әрбір элементі құрылымдар желісін туындататын ілгерілеу болып табылады, олар мәтінде өзгерістерге ұшырайды немесе имплицитті түрде болады. Автор тарапынан мәтінде бірқатар ілгерілеулер болып, өзгерістерге ұшыраған құрылымдар мәтінді қабылдаушы оқырманның көзқарасы бойынша мәтіннің мағынасына жетудегі маңызды қадам болып табылады, оларды негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік бар. Тыңдаушының танымдық қызмет процесінде мәтіннің құрылымдық жайылуы құрылымдардың күрделі түрде ұйымдастырылған желісі ретінде қарастырылады, оларды жасауға сөздердің құрылымдық-мағыналық жолдары қатысады. Мәтіндік құрылымдық-мағыналық жолдар, негізгі сөздер-ілгерілеулерді, тірек сөздерді және тыңдаушылардың сөз-маркерлерін қоса алғанда, әр түрлі типтегі лексикалық құрылымдармен толықтырылып отырады. Тұжырымдамалы түрде ұйымдастырылған бұл жолдар парадигматикалық (әр түрлі типтегі семантикалық, формальдық, формальды-семантикалық, мәтіндік лексикалық парадигмалар шеңберінде) және синтагматикалық (мәтіндік синтагматика деңгейінде) байланыстағы сөздік және бір сөздік емес бірліктерді біріктіреді. 5) Оқырманның құрылымдық қызметі процесінде мәтін туындатқан және құрылымдар коммуникаттарының танымында айрықша құрылымданған, мәтіннің тақырыптық, пәндік-логикалық, сюжеттік-композициялық, идеялық, эмоционалдық, образдық деңгейлерімен, сондай-ақ және автордың жеке басымен ара-қатынастағы жүйе ретінде мәтіннің құрылымдық жолдары қалыптасады. Құрылымның инварианттық бағыты мәтіннің құрылымдық жолын құрайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мәтіннің құрылымдық жолдарының ауқымды ақпараттық мүмкіндіктері бар. Жалпы бұл бөлімде мәтіннің коммуникациялық теориясы жеке-жеке талданып, нақты түсініктемелер берілген. Мәтіннің ассоциациялық, ретке келтіру және мағынаның жайылу теориясы авторды әр түрлі мәтіндердің мағыналық құрылымын зерттеуге, олардың кешенді әдістемелерін құруға жетелейді және алдағы уақытта мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттарын одан әрі пысықтау қажеттігін ескертеді. Ретке келтіру (регулятивтік) теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты ретке келтіруді оқырманға ықпал ете отырып, оның интерпретациялық қызметін бағыттау арқылы қабілетін көрсететін мәтіннің жүйелік сапасы ретінде қарастыруға негізделген. Осы теорияның негізгі ережелеріне тоқталайық. 1) Автордың «жігерлік міндеттеріне» сәйкес (Л.С.Выготский) әр түрлі коммуникативтік нәтижені ынталандыратын мәтіндік құрылымдар (регулятивтер) байқалады. Ретке келтіретін құрылымдар реттеуші құралдардың байланысын көрсетеді. 2) Автордың идиостилі тыңдаушының танымдық қызметін түрлі жолдармен ұйымдастыратын реттеушілік құралдар мен ретке келтіретін құрылымдарды таңдауда көрініс алады. 3) Жалпы мәтін деңгейінде оның коммуникативтік стратегиясы ескеріле отырып; мәтіннің реттеушілік функциясы, реттеушілік тәсілдері, яғни мәтіндік кіші құрылымдарын ұйымдастыру амалдары, реттеуші доминанттары байқалады. Әр түрлі өлшемдерге сәйкес реттеушілердің типтері айқындалады. Мәтіннің ақпараттық-мағыналық деңгейінің реттеушілік бірліктері (информемнің) мен прагматикалық деңгейі бірліктерінің (прагмемнің) шекараларын анықтау жөніндегі зерттеулер жүргізілген. Ақпарат берушілердің (информанттардың) мәтіннің реттеушілік стратегиясын тану жөніндегі жауаптарындағы ең жоғарғы бірлік әр түрлі реттеуші құралдардың бірнеше мәрте және көп арналы әсер етуі жағдайында байқалатындығы анықталған. Мәтіннің мағыналық жайылу теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты мәтінде берілген ақпараттың негізінде автордың идиостилімен арақатынаста болатын мағыналық қалыптастыру процесін зерделеуге бағытталады. Бастама ретінде мәтіннің мазмұндық жоспары әр түрлі интерпретацияланғанымен (В.В.Виноградов, И.В.Арнольд және т.б.), әрқашан да мәтіндік ұйымдастырудың өзі және ең алдымен мәтіннің лексикалық құрылымы объективті түрде беретін қандай да бір инварианты болады. Мағыналық жайылу теориясының негізгі ережелері бірнеше түрге бөлінеді: Мәтінді пәндік-белгілік құрылым ретінде қабылдай отырып, оқырман объективті факторға – мәтіннің семантикасына сүйеніп, өзінің ақпараттық тезаурусына сәйкес оның мағынасын ой елегінен өткізеді. Мәтіннің семантикасы әр түрлі деңгейдегі элементтердің коммуникативтік бағдарының, сондай-ақ, мәтіндік бірліктердің – алдағы уақытта мәтіннің «көлденеңінен» (парадигмалық деңгей) және «тігінен» (синтагматикалық деңгей) берілген сан алуан байланыстарының негізінде қалыптасады. Жекелеген лексикалық бірліктердің жүйелік сапасын, сондай-ақ, мәтіннің мағыналық жайылуының лексикалық ағымын, жайылмалы мәтін бөлігі иерархиясында қарастырған жөн. Элементтердің мағыналық қатынастарының үш түрі: толықтыру, күшейту және контраст қатынастары осы үрдістегі ең басты мәселе болып табылады. Мәтінде көрініс тапқан (оның жекелеген элементтерінен бастап түрі жағдайларға дейін), мәтінде ауызша түрде кодталған көркемдік әлемнің түрлі шындықтарының ақпараттық сигналдарының әр түрлі сатыдағы элементтері мен жалпылау дәрежесіне сәйкес келетін семантикалық белгілерінің мәртебесі болады. Әр түрлі сатыдағы семантикалық белгілер мен жалпылау дәрежесінің ара-қатынасы оқырманның танымында мағыналық иерархия арқылы сөздердің жекелеген компоненттерінің микромағыналарынан сөздер мағынасына және сөйлеудің жалпылама мағынасына корреляцияланады. Мәтіннің мағыналық жайылуы (яғни онда адресаттың танымында көрініс алатын автор әлемінің тұжырымдамалық суретінің лингвистикалық тұрғыдан айқындалатын фрагментін беру динамикасы) мәтіннің лексикалық құрылымымен байланысты болады. Мағына қалыптастырудағы жетекші рөл соның үлесінде. Мәтінде көрініс тапқан түрлі сатыдағы және ауқымдағы көркемдік әлемнің әр түрлі шындықтарының лингвистикалық репрезентацияланған мағыналық белгілері мәтіннің мағыналық құрылымын құрайды. Мәтіннің мағыналық жайылуының әр түрлі типтерін және мәтіндердің мағыналық құрылымының түрлерін олардың жайылудың коммуникативтік әмбебабы мен жеке ерекшеліктері туралы сөз етуге болады. Жазушының идиостилі оның коммуникативтік бағдарының мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. Қазақ тілі лексикасы аса бай, стильдік көркемдегіш құралдары жетілген тілдердің қатарына жатады. Солай бола тұрса да, қазақ тілінің ойды жеткізу, сөйлем құру ерекшеліктері грамматикалық тұрғыдан толық зерттелінгенімен, стилистикалық жағынан әлі жүйелі тексеріліп біткен жоқ. Соңғы он жыл ішінде қолға алына бастаған стилистика және стиль туралы ғылыми еңбектер оқулық көлемінде және жекелеген ақын-жазушылардың тіліне байланысты жазылды. Қазақ тілінің стилистикасы туралы М.Балақаевтың, Р.Әміровтың, А.Ысқақовтың, Ф.Мұсабекованың, Р.Сыздықованың, Ә.Хасеновтың, т.б. ғалымдар мен бірсыпыра ізденушілердің еңбектерінде, мақалаларында қарастырылады. Стилистика – ең алдымен, қарым-қатынас жасауда сөйлеу жағдайына сай тілдік құралдарды таңдап алу мен қолдану тәсілдерін үйрететін тіл ғылымының саласы. Ал қарым-қатынас ретіндегі тілдік құралдардың ең кіші бөлшегі – мәтін бөлігі. Тіл мамандары мәтін бөлігі (контекст) ұғымын мәтіннің кіші бөлігі (микроконтекст), мәтіннің үлкен бөлігі (макроконтекст) және мәтіндер бөліп қарастырады. Мәтіннің кіші бөлігі бір сөйлемнің көлемінде, мәтіннің үлкен бөлігі азат жол көлемінде, ал мәтін тақырыптың көлемінде анықталады. Контекстің кіші бөлшектері болып сөз тіркестері сөйлемді, сөйлем азат жолды, ал бір немесе бірнеше азат жол мәтінді құрайды. Бұл қағиданы басшылыққа алу стилистиканы оқытудың тиімді әдістері мен тілдік құралдарын таңдауға негіз болады. Тілдің қызметінің ерекшелігін мәтін бөлігі арқылы анықтау мақсат етіледі.
Мәтіннің когнитивтік-дискурстық аспектісі. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасқан мәтін лингвистикасы бүгінгі таңда адамның сөйлеу-ойлау қызметіндегі өте күрделі әрі көп қырлы феномен ретінде мәтінді зерттеу мен сипаттау әдіс-тәсілдерін мейлінше қамтыған деп айтуға болады. Мәтіннің көп қырлы болуы, оның айқын шекараларының болмауы және нақты көрінбеуі ғылымда мұндай жағдайдың табиғи нәрсе екенін көрсетеді, бұл ретте талдау жасалатын объектінің онтологиялық, жүйелі және функционалдық қасиеттерін мәтіндегідей сияқты әр түрлі тұрғыдан, атап айтқанда: семиотикалық, вербальды белгілік жүйе ретінде (Р.Якобсон, Ю.М.Лотман, Б.Я.Успенский және т.б.); дискурстық, білімнің пәнаралық салалары сипаттамаларында (Э.Бенвенист, ван Дейк Т.А., жас Р.Барт және т.б.); лингвистикалық, тіл бірліктері маңыздылығының жүйесінде (В.Виноградов, Г.О.Винокур, В.П.Григорьев, Г.Я.Солганик, Н.А.Кожевников және т.б.); сөйлеу – әрекет ету, прагматикалық жағдай аясында (Дж.Остин, Дж.Серль, М.М.Бахтин, Н.Д.Арутюнова және т.б.); құрылымдаудан кейінгі, философиялық, әдебиеттану, әлеуметтік-лингвистикалық, тарихи білім салаларының біртұтастығында (Ж.Деррида және т.б.); деконструктивтік, «мәдени интермәтін», әдеби, лингвистикалық, философиялық-антропологиялық сипат ұғымдарында мәтінді талдау ретінде (Ж.Делез, Ю.Кристева, Р.Барт және т.б.); нарратологиялық, жазушы мен оқырманның белсенді диалогтық өзара іс-әрекеті ретінде мазмұндау теориясы аясында (В.Пропп, В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, М.Бахтин, Б.Лаббок, Н.Фридман, Э.Лайбфрид, В.Фюгер және т.б.); психолингвистикалық, сөйлем құраудың динамикалық жүйесі ретінде (Л.С.Выготский, Н.И.Жинкин, Т.М.Дридзе, А.А.Леонтьев және т.б.); психофилологиялық, автордың психологиясын тіл құралдары арқылы белгілі бір әдеби нысанда іске асыратын көп қырлы феномен ретінде (Е.И.Диброва, Н.А.Семенова, С.И.Филиппова және т.б.) және басқа да тұрғыдан қарастыруға болады. Осы келтірілген аспектілер мен әдіс-тәсілдер тізбесі – бұл, сайып келгенде, негізгі бағыттар және соларға сай теориялар, олар, қалай болғанда да, ғылыми таным объектісі ретінде мәтіннің онтологиясын түсіндіруге жол ашады. Олардың бірін-бірі жоққа шығармайтыны анық, өйткені мәтін сияқты күрделі құбылысты бір ғана схемамен немесе қандай да бір парадигма аясында сипаттау мүмкін емес. Лингвистиканың қысқа тарихында мәтіннің әр түрлі қырлары «басымдыққа ие» болып отырған, өйткені солардың біреуін ғана ерекше, дербес мәтіндік санат ретінде белгілеуге ынта танытушылық қалыптасқан еді. Осылайша, мәтін дегеніміз адам өзінің когнитивтік және тілдік қабілеттеріне байланысты жүзеге асыратын сөйлеу-ойлау қызметінің қорытындысы және сол ретінде дискурстың нәтижесі болады. Мәтінге когнитивтік-дискурстық көзқарас оның көп жоспарлылығын және көп қырлылығын ескереді, сонымен қатар мәтінді тілдік дерек ретінде шығарумен байланысты күрделі ментальды процестерді нақты елестету мен түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да мынадай нәрсе айқындалады: жаппай қамтитын, әмбебап мәтінді құрастырмас бұрын (бұған әлі қол жеткізіле қойған жоқ, өйткені мұндай кез келген үлгі белгілі бір типтегі және жанрдағы мәтінге ғана тән қасиеттер мен параметрлерді көрсетеді) мәтіннің дербес тілдік негізін зерттеу жөніндегі күрделі жұмысты атқару керек, себебі кез келген мәтін – ең алдымен, нақты табиғи тілдің сөйлеу туындысы.
Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді алдын ала дербес лингвистикалық талдау қажеттігі туралы Е.В.Падучева былай деп жазған: «Әдебиет теориясын және әдеби сынды мәтінге лингвистикалық талдау жасаусыз қарастыру мүмкін емес – мұндайда, егер де оған дейін қарапайым, бірақ анағұрлым негізделген (объективті) лингвистикалық талдау жүргізілмесе, әдебиеттануды талдау толық болмайды. Мәтінді талдай отырып, ең алдымен оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасына назар аудару керек. Содан соң және соның негізінде одан мағына шығаруға болады, олар, атап айтқанда, әлеуметтік, тарихи, әдеби және басқа да бірқатар контекстерден туындайды». Тілдік талдау аясында қарастыра отырып, оны әр түрлі әлеуметтік-мәдени, философиялық-герменевтикалық және басқа да зерттеулермен ауыстырмай, «оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасын» ашуға, түсінуге және сипаттауға мүмкіндік беретін мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын анықтау мәтін лингвистикасының маңызды міндеттерінің бірі болған және әлі де солай болып қалуда. Ең алдымен тілдік құрылымның белгілі бір сатылық иерархиясының схемасы бойынша мәтіннің мағыналық ұйымдастырылуын зерттеу, басқаша айтқанда, мәтіннің соңғы (терминалдық) құрамдас бөліктерінің, яғни сөйлемдердің мазмұндық жағын зерттеудің негізінде және соның көмегімен құрастыру арқылы мәтінді, оның семантикалық құрылымын талдау мүмкіндігі туралы ойдың туындайтыны анық. Алайда мұндай көзқарас көптеген лингвистер тарапынан келіспеушілік туындатқан және әлі де туындатып отыр: «Мәтін – процестің алынып тасталған сәті, онда объектінің дистинктивті белгілері әрқилы дәрежеде белгіленеді. Ең бастысы, оны лингвистикалық зерттеу назарына жуырда ғана енген жаңа объект ретінде қарастыруымыз керек. Яғни зерделеу әдістері ғана емес, осы объектінің шамалары да тек осы объектіге тән бірліктер ретінде қарастырылуға тиіс». Осыған байланысты, Т.В.Булыгинаның «мәтіндегі сөйлемдер үйлесімділігінің кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, мәтін, меніңше, оны құрайтын сөйлемдер қасиеттерінің жиынтығынан асып түсетін ерекше құрылым қалыптастырмайды» деген пікірін қате деп есептеймін» - деп жазған И.Р.Гальперин. Осындай тұжырымды Даскал мен Маргалит те ұстанған. Олар «мәтін теориясын құру қажет емес және сөйлем грамматикасы, егер ол «толық әзірленген болса», мәтіннің барлық құбылыстарын сипаттай алады» деген. Мәтінге қатысты мұндай көзқарас сөйлем құрылымы мен мәтін құрылымының изоморфизміне тоқталады, бұл жөнсіз сияқты, себебі, біртұтас нәрсе және оның бөліктері теңдестірілмейді және мәтін тек сөйлемдер «қасиеттерінің жиынтығы» ғана болмайды. Кез келген байланысқан және тұтас сөйлеу туындысын (ауызша немесе жазбаша) екіжақты (адекватты) түрде қаншалықты дәрежеде сипаттау мәтін санатының таксономиясы туралы мәселені шешіп алмайынша мүмкін емес және ол, әдетте, объектіге байланысты қарастырылады. Зерттеуші оны қорыту және қорытындылар жасау үшін анағұрлым толық әрі презентабельді мәселе ретінде тұжырымдайды. Алайда мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын онда тілдің барлық бірліктерінің өзара байланысты жұмыс істеуіне орай айқындау қиынға түседі. Сол себепті көптеген авторлар мәтінді сипаттау кезінде басқа деңгейлердегі бірліктерге қатыстылығы бойынша пайдаланылатын санаттарға сүйенеді. Мәселен, лингвистердің бір тобы мәтінде вербальды, синтаксистік деңгейлер сияқты өлшемдерді (параметрлерді); басқалары – тақырып, фокус, байланыс сияқты санаттарды; үшінші біреулері – позициялық, темпоральдық өлшемдерді, негізді және тағы басқаларын атап көрсетеді. Алайда, мәтіннің осы және осы сияқты конституэнттері (санаттары) тілден мүлдем шығарылып, оның коммуникативтік өлшемдерін толығымен сипаттайды. Бұл ретте мәтін тіл туралы жаһандық теориялық ілімде пайдаланылатын жалпы лингвистикалық, эпистемологиялық санаттар тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Мәселен, мәтіннің санаттары ретінде мазмұн, мән және мағына ұғымдарының аражігі сияқты белгілі әдіс-тәсілді пайдалануға мүмкіндік туады. «Мазмұн мәтінге қатысты «мағына» және «мән» ұғымдарынан айырмашылығы бар өзінің терминологиялық қолданылуына ие болады. Мазмұнды мәтін грамматикасының термині сияқты жалпы мәтінге енгізілген ақпарат ретінде; мағынаны – сөйлемдегі немесе жоғары фразалық бірліктегі хабарлама ретінде; мәнді морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, синтаксистік құрылымдар ретінде ғана қарастырамыз». Мәтін мазмұнының санаттары мәтін теориясында ғана емес, жалпы лингвистикадағы қарама-қайшылығы басым әрі күрделі санаттар болып табылады. Сонымен қатар бұл санаттар өздерінің мәтінде атқаратын функциялары бойынша әр түрлі болады және мазмұны жағынан нақты емес, олар зерттеуші пайдаланатын таксономиялық аппаратқа байланысты топтастырылуы мүмкін. Мәселен, еске салу, контраст, белгілеу (көрсету), нақтылық/белгісіздік сияқты және басқа да санаттарды айқындау арқылы Т.М.Николаева былай деп жазады: «Сызықтық грамматиканың (мәтіннің грамматикасы – В.Л.) мазмұндық санаттары туралы сөз қозғай отырып, олардың екі топқа бөлінетіні туралы атап көрсеткен жөн, олар: 1) пікірдің жекелеген элементіне, сөз тіркесіне немесе сөзге қатысты мағыналық компоненттер және 2) жалпы пікірге қатысты мағыналық компоненттер». Алайда лингвистер көрсететін мәтіннің мазмұндық санаттарының тізбесі тым ауқымды әрі ең бастысы, оларды бір жүйеге келтіру өте қиын. Бұл жерде Т.М.Николаевамен келісу керек сияқты, ол Р.Харвергтің тұжырымына сүйене отырып, былай деп жазады: «Қазіргі кезде сызықтық грамматиканың ең аз мазмұндық бірліктерінің толық тізбесін жасау мүлдем мүмкін емес сияқты – мәтіннің лингвистикасын құру үшін кемінде жүздеген жылдар қажет деген болжам бекер айтылмаған». Мәтін семантикасының қандай да бір санатын тұжырымдамас бұрын, мәтіннің мазмұндық компоненттерін талдау мен сипаттау кезінде пайдаланылатын бастапқы ұғымдардың ерекшеліктерін анықтау қажет сияқты. Бұл жерде мәтіннің «мазмұны», «мәні», «мағынасы» сияқты санаттар және соларға сай терминдер туралы. И.Р.Гальперин «мән» терминін морфемалар, сөздер және сөз тіркестері үшін, «мағына» терминін сөйлемдер мен сөйлемдер тіркесі, яғни жоғары фразалық бірліктер үшін, ал «мазмұн» терминін бүкіл мәтін немесе оның анағұрлым аяқталған бөлігі үшін қолданса, мәтінге қатысты дискурс өнімі ретінде «мазмұн» термині деп тыңдаушы (оқырман) тарапынан қабылдау мен түсінуге арналған мұндай оқиға қатары туралы ақпаратты беру мақсатында айтушының (жазушының) ойы мен интенциясына сәйкес құрастырылатын оқиға қатарын (нақты, ойдан шығарылған немесе ой қозғайтын) түсіну керек деп есептейміз. Әдебиеттануда бұл терминге қандай да бір дәрежеде фабула, сюжет ұғымдары сай келеді. Мәтін лингвистикасы тұрғысынан мазмұн санаты мәтін семантикасының пропозиционалдық қырын ашып көрсетеді. «Мән» және «мағына» терминдерін мәтінге қатысты компоненттік және жоғары мәтіндік (мәтін алды немесе метамәтіндік) сипаттардың семантикалық санаттары ретінде түсінген жөн. «Мәннің» «мазмұнға» арақатынасы жекенің жалпыға арақатынасы сияқты, бұл ретте жалпыны (тұтасты) жекелердің жиынтығы деп есептемеу керек (салыстыру ретінде – мағыналар жиынтығын емес, жаңа мағыналар беретін мағыналарды қосу ережелері туралы Л.В.Щербаның ережесі) және өз кезегінде, жекені (бөлекті) жалпымен ауыстыруға болмайды. Бұл мәтін мағынасы дегеніміздің реципиент білімінің жалпы фонымен, оның ментальдығымен әрі әлеуметтік-тарихи және мәдени-танымдық көзқарастар (Кубрякова Е.С) корпусымен тікелей байланысты болатын мәтінді түсіну санаты екенін куәландырады: «... мәтін – тіл туралы және әлем туралы қандай да бір қарапайым мәліметтерді білетін адамдардың солардың негізінде мейлінше дұрыс қорытынды жасауы. Сондықтан да қорытынды білімнің инференциясы (ширығуы) процестеріне жүгінусіз ешбір мәтінді және дискурсты зерттеу мүмкін емес. Кез келген тілдік нысан, әсіресе мәтін өз құрамындағы нәрсе жөнінде ғана емес, сондай-ақ семантикалық қорытындылауға – инференттік тип бойынша қорытындыға жататын нәрсе жөнінде белгі береді. Мәтін сәулелену көзі ретінде, біздің сана-сезімімізде көптеген ассоцациялар мен когнитивтік құрылымдардың ширығу көзі ретінде орын алады (қарапайым фреймдерден аса күрделі ментальдық кеңістіктер мен ықтимал әлемдерге дейін)».
Достарыңызбен бөлісу: |