ҚҰрастырушылар: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. Алматы: аэжБУ, 2013



бет7/18
Дата19.01.2024
өлшемі193.65 Kb.
#489439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
стандартты және арнайы интерфейстер

Түсті қабылдау сипаттамасы.
Түстер реңі, жарықтылығы және қанықтылығына қарай ажыратылады. Жарықтылығы 10 кд/м2 болғандағы түстің спектр бойынша көлеңкелер саны, максимальды қанықтылық жағдайында 150-ге тең. Қанықтылық деңгейін анықтау 4-тен (сары түс үшін) 25-ке (қызыл түс) дейін. Жекеленген жағдайда адам 10-12 түс реңін анықтай алады, ал басқа түстермен аралас 8-ден көп емес болады. Нысанның жарықтылығы осы түсті қабылдауға әсер етеді. Жарықтылық азайған сайын сары және көк түстердің біртіндеп түссізденуі болады, ал спектр үш түсті болады: қызыл-жасыл-күлгін. Түсті қабылдай сонымен қатар нысанның бұрыштық өлшеміне де байланысты: өлшемнің кішіреюіне байланысты көрінетін жарықтылық өзгереді және түсі бұрмаланады. Сары және көк түстер ең көп өзгеріске ұшырайды.
Көп жағдайларда түс гаммаларын таңдауда көру арқылы қабылдау сипаттамаларын, яғни ажырату ұшқырлығын ескерген дұрыс.
Фон түсі мен символ түсінің келесідей мүмкін комбинациялары қабылданған (нақты қабылдауының кему ретімен):
1) Көк – ақ түсте.
2) Қара түс сары түсте.
3) Жасыл – ақ түсте.
4) Қара – ақ түсте.
5) Ақ – көк түсте;
6) Жасыл – қызыл түсте.
7) Қызыл – сары түсте.
8) Қызыл – ақ түсте.
9) Қызыл-сары – қара түсте.
10) Қара – қара-қошқыл түс.
11) Қызыл-сары – ақ түсте.
12) Қызыл – жасыл түсте.
Жарықтық сипаттамалары.
Олар жарық шығаратын нысанның көру аумағының өлшемін, сонымен қатар жылдамдық пен жарықталатын ақпаратты өңдеудің қатесіздігін анықтайды. Жарық шығаратын нысанды көздің қабылдауы 106...105 кандел/м2 жарықтық аралығында болуы мүмкін. Жарық шығаратын нысанінің жарықтығын табу теңдеуі келесідей:
В=К - 0,25∙ln(а) + 0,79;
мұнда, К – шағылысу дәрежесі (егер К = 1...2, оператор ыңғайсыз жағдайда болады; ал К = 3... 8 – ауыртпалық жағдайда болады); а – жарық шығаратын нысанінің бұрыштық өлшемі (градуспен өлшенеді). 15∙106-нен жоғары болатын жарық көруді шағылыстырады.
Пайдаланушының ұзақ уақыт көру жұмысын қамтамасыз ету үшін экрандағы нысанілердің жарығы 64 кд/м2 аспау керек; мұнда жарықтықтардың ауысуы пайдаланушының көру аумағында 1:100-ден аспау қажет. Күрделі нысандардың тез ажырату 3х103 кд/м2 жарығы кезінде болады.
Сонымен қатар қара түстілерге қарағанда ашық түсті нысандарды қабылдау 3-4 есе төмен екенін ескеру керек; ашық түсті нысандарды қарта түсті фонда тез анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет