Расул ғамзатов (1923-2003)



бет1/2
Дата27.03.2023
өлшемі23.97 Kb.
#471190
  1   2
Р.Ғамзатов


РАСУЛ ҒАМЗАТОВ (1923-2003)
Өмірі:

  • Ғамзатов Расул - белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны. Ол 1923 жылы 8 қыркүйекте Дағыстанның Хунзак ауданы, Цада селосында дүниеге келген.



  • 1939 жылы Авар педагогикалық училищесін бітірген. 1941 жылға дейiн орта мектептiң мұғалімі, театр режиссерінің көмекшісі, газеттерде, радиода журналист қызметтерiн атқарған.




  • 1951 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Дағыстан жазушылар ұйымында жетекшілік еткен.



  • Р.Ғамзатов алғашқы өлеңiн он бір жасында жазған. Акынның тұңғыш өлеңдер жинағы «Пламенная любовь и жгучая ненависть» 1943 жылы жарық көрген. Ақынның барлық шығармаларының желiсi - халыққа қызмет ету үлгiсi. Үлкен жауапкершiлiк пен ерлікке бағытталған.


Шығармалары:


  • «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» кітаптары қазақ оқырманына таныс.

  • «Тау қызы» театр сахнасында қойылды.

  • «Менiң атам» бүлдіршіндердің сүйікті шығармасы болды.



  • 1937 жылдан жариялана бастаған «Бiздiң таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердiң сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелiгiн сүйіспеншілікпен жырлаған.




  • «Жарық жұлдыздар», «Менiң атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менiң Дағыстаным» повесi қазақ тiлiнде жарық көрген. Ақын шығармаларында туған өлкесiнiң әдемілігін, достықты, махаббатты, халық даналығын жырлаған.

  • «Горянка» (1958) атты поэмасында Р.Ғамзатов Дағыстанның әлеуметтік өмiрiн, яғни таулықтардың психологиясын, сонымен қатар жастардың ескілiкке қарсылығын, әйел теңсiздiгiн жырлайды.



  • Ол авар тiлiне А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, В.В. Маяковскийдiң және т.б. авторлардың шығармаларын аударған.



  • Р.Ғамзатовтың өз шығармалары әлемнiн 78 тіліне аударылған. Көптеген өлеңдері Дағыстан, Кавказ, Ресей композиторларының назарларына іліккен.






  • Дағыстан, Ресей Әдебиеттегі үздік жетiстiктерi үшін Р.Ғамзатов және әлемдік деңгейдегi көптеген мемлекеттiк сыйлықтар мен атақтарға ие болған.

«Ана тілі» өлеңі
Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешкім молам басында
Жарым қайда, досым қайда кешегі?
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет