РЕФЕРАТ
Бұқаралық Коммуникацияның Ақпараттық Қоғам Қалыптастырудағы Рөлі
Кiрiспе
Қандай бiр қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтiң, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметi өте зор. Өйткенi қоғамның қалыпты саяси әлеуметтiк өмiрiн күнделiктi ақпарат тарату қызметiнсiз көзге елестету қиын. Әр түрлі ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары — спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.
Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға қажеттiлiгi олардың тiкелей атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты. БАҚ- ның ақпараттық қызметі, яғни қоғам мен оның мүшелерiне күнделiктi ақпараттар таратуы. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.
Өздерi қабылдаған ақпарат негiзiнде адамдарда қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, рухани өмiрi, билiк тармақтарының қызметi т.б жөнiнде белгiлi-бiр пiкiрi қалыптасады.
Екiншiден, қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-экономикалық процестердi мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, қоғам мүшелерiнен басқа да қоғамдық институттармен ара қатынасы т.б күнделiктi ақпарат алмасуынсыз, яғни БАҚ-ның коммуникативтiк қызметiнсiз мүмкiн емес. Аталған қызметтерден барып адамдардың қоғамдағы әлеуметтiк шындыққа табиғи бейiмделуiн қамтамассыз ететiн олардың танымдық қызметі туындайды.
БАҚ-ның билiк пен оның субьектiлерi арасындағы байланысты реттеп, қадағалап отыру қызметінің маңызы бүгiнде тiптен арта түсуде. Бұл әсiресе дамыған демократиялық қоғамдарға тән қасиет. Олардың қадағалаушылық бақылау қызметi өздерi туғызатын қоғамдық пiкiрге арқа сүйенедi. БАҚ-ры мемлекеттiк ресми қадағалау органдары секiлдi әкiмшiлiк экономикалық шара қолдану құқығына ие болмаса да, олар болған оқиғаға оған жауапты адамдарға тек құқықтық тұрғыдан емес моралдық та баға беруге мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |